Қазақстан-ресей казахстанско-российский


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет7/7
Дата10.04.2023
өлшемі60,16 Kb.
#81197
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Акушерия қай тілден енген және не деген мағынаны білдіреді?
2. Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты не болып табылады?
3.Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету үшін не жасауымыз қажет?
4. Акушерлік-гинекологиялық мекемелердің түрлері?
5.Акушерлік стационарға гигиеналық шараларды орындауда қойылатын талаптар?
6. Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы туралы не білесіз?
7. Неонатология дегеніміз не?

Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Акушерия ғылымы-
а) Босанған әйелдерге және нәрестеге көмек көрсететін медицина саласы.
б) Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету.
в) Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы.
г) Босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету.
2. Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
а) Жүктілікпен шақырылған гипертензия
б) Экстрагениталды патология
в) Жатырдың жыртылуы
г) Қан кету
3. Әйелдер кеңесі– бұл:
а) Әйелдерге амбулаторлық акушерлік- гинекологиялық көмек көрсету мекемесі
б) Жүкті әйелдерге стационарлық көмек көрсету
в) Гинекологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсету
г) Науқастарға амбулаторлық көмек көрсету
4. Босану үйінде ылғалды тазалау және желдету,бактериялық шамдарды күніне қанша рет қолданылады?
а) 3 рет
б) 2 рет
в) 4 рет
г) 1 рет
5. Ылғалды тазалау босануға дейін, босану және босанудан кейінгі палаталарда күніне қанша рет жүргізіледі?
а) 3 рет
б) 1 рет
в) 2 рет
г) 4 рет
6. Нәрестелер бөлмесінде ылғалды тазалау қанша рет жүргізіледі?
а) 4-5 рет
б) 2-3 рет
в) 5-6 рет
г) 1-2 рет
7. Ылғалды тазалаудан кейін палатаны қанша уақыт желдендіреді?
а) 30 мин
б) 60 мин
в) 2 сағат
г) 20 мин
8. Күрделі тазалаудан кейін кварц шамы қанша уақытқа қосылады?
а) 30 мин
б) 60 мин
в) 2 сағат
г) 40 мин
9. Қай жылдан бастап ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатымен емдеу профилактикалық мекеме ашылды?
а) 1907-1920
б) 1910-1930
в) 1915-1935
г) 1845-1860
10. Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия-гинекология көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру неше сатыға бөледі:
а) Бір саты
б) Екі саты
в) Үш саты
г) Бес саты


Тест сұрақтарының жауаптары:
1. в 6. в
2. г 7. а
3. а 8. в
4. б 9. а
5. а 10. г




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет