Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


§44.Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#7537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§44.Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы.
Мақсаты:
Батыс Қазақстанның шаруашылық даму жағдайымен көлік географиясын оқып үйрену. 
Күтілетін нәтиже:
а/Батыс Қазақстан облысының өнеркәсібінің  дамыған салаларымен танысады.
б/Көлік жүйесінің дамуына Ресей мемлекетінің көршілес жатқан аудандарының елеулі әсерін
және басты көлік түрлерін ажыратады.
в/Батыс Қазақстан облысының шаруашылығының дамуына әсер ететін факторларды 
анықтап, мысалдар келтіріп дәлеледейді. 
Керекті құрал- 
жабдықтар
Маркер, жіп, постер, интерактивті тақта, ноутбук,интернет ресурстары, оқулық, 
Қазақстанның экономикалық географиялық картасы, Атластар,қосымша оқулықтар.
Қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Өрмекшінің торы,зерттеушілік әңгіме, кеңейтілген тапсырмалар, тыңдап отырған 
үштік,кезбе тілші.
Сабақ кезеңдері.
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті.
89

Кіріспе
Оқушылармен амандасу
Сергіту. сәті. 
Үй тапсырмасы 
 «Өрмекшінің торы» арқылы 
оқушылардың  үй тапсырмасына 
қатысты  ойын тыңдау.
Оқушылар амандасады.
Оқушылар шеңбер жасап тұрып, оратылған жіпті 
бір-біріне лақтырып,  сұрақ қояды,білмесе келесісі 
жалғастырады.Менің ойымша немесе сенікі дұрыс, 
мен келісемін  т/б  
Тұсаукесер.
Интерактивті тақтадан Батыс 
Қазақстан облысының  соңғы 20 
жылда шаруашылығының дамуы 
жөнінде қысқаша бейнефильм 
көрсетіледі.
Яғни балалар біздер бүгінгі 
тақырыбымызды  өз облысымыздың 
шаруашылық географиясы мен көлік 
географиясына арнаймыз.
Оқушылар бейнефильмді қарай отырып, талдап, өз 
ойларын айтады. Бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, 
ой бөліседі. Бүгінгі  өтетін тақырыптың мақсаты 
ашылады. Оқушылар сабақтың мақсаты мен 
міндетімен танысады. 
Негізгі бөлім.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі 
арқылы.
1-ші топтағы үш оқушыға Батыс 
Қазақстанның өнеркәсібі мәтіні 
беріледі.
Ал 2-ші топтағы үш оқушыға ауыл 
шаруашылығы мен көлік кешенінің 
жағдайы мәтіні беріледі.Тақырыпты 
оқушылар өздігінен меңгеруге және 
постер қорғауға, мәтінге сай интернет
ресурстарын пайдалануға 
дағдыланады.
Оқушылар мәтінмен жұмыстанып 
болғасын  әр топқа флипчарт таратып,
тақырып бойынша түсінгендерін  
қорғау мақсатында тапсырмаларды 
орындау берілді.
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі
сәл алшақта –  сөйлесуге қатыспайды, бірақ 
бақылайды. Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр 
оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы 
рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, 
сұрақты түсіндіреді  немесе пікірін білдіреді. Сұрақ
қоюшы көмектесіп айтып отырады және  түсінтеме 
беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін 
түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды 
береді.Келесі жолы рөлдер ауысады. 
1-ші топ оқушылары флипчартқа Батыс Қазақстан 
экономикалық ауданының картасын түсіреді және 
картаға ірі мұнай газ ,ірі қара металургия 
өнеркәсібінің кен орынын  белгілеп  және ауыл 
шаруашылығының негізгі бағыттарын түсіреді. 
2-ші топ оқушылары интернеттен алған  Орал 
облысының  тарихы, әсем табиғаты,  ірі мұнай кен 
орындары Теңіз, Қашаған  туралы мәлімет алып, 
өзара топ мүшелері бір-бірінің жұмыстарымен 
танысып,  бір-бірін  бағалайды.  
Топ жұмыстарын «Екі жұлдыз бір тілек»  және 
өздерінің түсінгенін «Басбармақ» арқылы 
бағалайды.
Қорытынды.
Кеңейтілген тапсырма яғни Батыс 
Қазақстанның зауыттары, өнеркәсіп 
орталықтары жөнінде сөзжұмбақ   
береді. Мұғалім қосымша қызықты
сандық мәліметтер деректер береді. 
Мысалы: 
Батыс аймағының  ірі кен орындары: 
Теңіз мұнайы- бастапқы қоры – 721,9 
млн т. Бұл мұнай кен орны 1979 жы 
іске қосылды.Зерттелген қоры 3млрд 
т артық.
Қазақстанда  ең бірінші  мұнай 1899ж 
Орал-Ембі алабындағы 
Қарашүңгілден  игерілді.
Қашаған мұнай кенішінің  
геологиялық  қоры 4,8 мрд т.  Каспий 
теңізінің  солтүстігінде  Қазақстанның
тарихында бұрын соңды болмаған 
Солтүстік Каспий  жобасы  іске 
асырылуда. Негізгі мақсаты  мұнай 
мен  газ кеніштерін  барлау және 
Қашағанды игеру.Теңіз 
акваториясының  барланатын ауданы 
5600км
2
.
Оқушылар  интерактивті тақтада жасалған 
флипчартқа түсірілген сөзжұмбақты шешеді.
Бір оқушы интерактивті тақта арқылы слайд жасап, 
қосымша аймақтағы ірі өнеркәсіп тораптары: 
Атырау-Ембі, Маңғыстау өнеркәсіп торабы, Ақтөбе
өнеркәсіп торабы, Орал  өнеркәсіп тораптары 
жайында қосымша мәлімет береді.
1-оқушы:  Тілші ретінде 45 минут  бойы орын алған
оқиғалар туралы хабарлайды. (Бірік орта жалпы 
білім беретін мектебінде география пәнінен 
9сыныпта «Батыс Қазақстанның шаруашылық 
географиясы» тақырыбындағы сабақ өтті.)
2-оқушы:  Телестудиядағы диктор; жиынтық 
ақпарат береді. Біз бүгінгі сабақтан Батыс 
Қазақстанның шаруашылық географиясы 
тақырыбына қатысты көптеген  пікір 
алмастық.Постер қорғадық, интернет  ресурстарын 
қолдандық.
90

«Кезбе тілші» арқылы оқушылардың 
сабаққа қатысты ойын тыңдау. 
Тілші  сұрақ қоя отырып, 
оқушылардың бүгінгі сабақ жөнінде 
пікірлерін айтып, кері байланыс 
орнайды.
Үйге: §44.Батыс Қазақстанның 
шаруашылық географиясы.
Географиялық тұрғыдан Ақтау және 
Орал  қалаларын салыстыру.
Топтарында талдап айтады,ойтүйін жасайды.
Оқушыларды қортынды өзін-өзі және  басқаны  
бағалауын  тыңдау.
Сабақ талдауы
Оқушылар сабақа белсенділікпен қатысты. 
Тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдірді. Сондай-
ақ  3 оқушыдан тұратын топ мүшелері жұмыс 
істеді. Бір-бірін толықтырып, бір-біріне қолдау 
көрсетті. Әсіресе бақылаушы  яғни бағалаушы  
ролін атқарғанда әр оқушыда өзін-өзін сараптауға  
ықпал жасады.сыныпта ынтымақтастық атмосфера 
жақсы қалыптасқан.
БҚО Казталов ауданы Әбіш ауылы
 Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің
физика  пәнінің мұғалімі  Сабырова Эльвира  Құрманғазықызы
«Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. Қыздыру шамдары»
Сабақ тақырыбыЭлектр тогының жылулық әсері. 
Джоуль-Ленц заңы. Қыздырушамдары. §42,43 
Сабақ мақсаты:

Электр  тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, 
Джоуль-Ленц заңы  туралы түсінік беру. Оқушыларға қыздыру шамының құрамдас бөліктері,
қыздырғыш элементтер, қауіпсіздік ережелері  туралы түсінік беру
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабағы
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: компьютер, слайдтар, электрондық оқулық,карточкалар,бағалау парағы
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын тексеру:
     а)сұрақ-жауап       ә)кім жүйірік?  (деңгейлік тапсырма)       б)Ойлан-тап
 3.Жаңа сабақ
4.Сабақты бекіту( есептер шығару)
5.Қорытындылау (оқушылардың білімін  бағалау)
6. Үйге  тапсырма. 
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау. 
б) оқушыларды екі топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест).
Сұрақ-жауап
1 топ

Электр тоғы деген не?( электр зарядтарының реттелген қозғалысы)

Ток күші деген не?(өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын 
электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы)

Ток күшінің өлшем бірлігі?(Ампер)

Ток күшін өлшейтін құрал?(амперметр)

Электр тоғының әсерлері?( жылулық,химиялық,магниттік,физиологиялық)

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы (I=U/R)

Электр тогының жұмысы неге тең? (ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне 
тең)
2 топ “Кернеу”
91


Кернеу деген не? (тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған 
жұмысының осы зарядқа қатынасы)

Кернеудің өлшем бірлігі?(Вольт)

Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?U=IR)

Кернеуді өлшейтін құрал?(вольтметр)

Қуаттың өлшем бірлігі? (ватт)

Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап? (ваттметр)

Амперметрді қалай қосады?( тізбектей)
Кім жүйрік?
1 топ 
1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, тоқ күші неге 
тең? (3А)
2. Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін не қолданады?(реостат)
 (Кедергі)
2 топ 
1. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі 
кернеуді тап. (1,8В)
2. Тоқ күшін өлшейтін құрал қалай жалғанады?
(кернеу)
Ойлан тап
1 топ
Электр тогына сипаттама жазыңдар
2 топ
Тұрақты токтың жұмысын,қуатын анықтайтын формулаларды жазыңдар
Жаңа  сабақ 
Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол 
соғұрлым қатты қызады
Джоуль-Ленц заңы: 
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшеріток күшінің 
квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады: 
Қыздыру шамы: 
1-вольфрам қыл
2-металл шығыс
3-шыны тірек
4-түтікше
5-металл цоколь
6-контакт

Қыздыру шамдарының қылдарына балқу температурасы 3370
0
С болатын 
вольфрам сымдарын қолданады.Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары 
болса,соғұрлым шығатын энергияның көп бөлігі жарық түрінде таралады. Ток көзінің 
кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп аталады.
Сақтандырғыштардың міндетті –ток көзі рұқсат етілген шамадан кенет артып 
кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу.
Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.

Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар 
тексеріп отыруы тиіс.
92


Ток көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.
Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.
Сабақты бекіту:
Есептер шығару
1 топ 1.Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы  3с жұмыс істегенде, ондағы 5,5А токтың 
атқаратын жұмысын анықтаңдар? (108,9Дж)2. Электрплита 120В-тық кернеумен жұмыс жасайды?Плита сымның кедергісі 
80 Ом болса,онда 10мин ішінде одан қанша жылу мөлшері бөлінетінін есептеңдер? (108Дж)
2 топ 1.Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300 Кл мөлшерінде электр өтеді. Берілген уақыт мезетіндегі токтың 
жұмысын есептеңдер?(6кДж)
2. Әрқайсысы 6В кернеуге,0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2мин жанды.Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі 
шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар (432Дж)
Физикалық диктант
1.Тәжірибе жүзінде  токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы                     мен орыс ғалымы                  зерттеді. 
(Дж.Джоуль мен Э.Ленц)
2.Джоул-Ленц заңы                  қалай жазылады?   
3.Ең алғашқы қыздыру шамын ойлап тапқан                  орыстың өнертапқышы (А.Н Лодьгин)
4.Қазіргі қыздыру шамдарының қылдарына балқу температурасы                   болатын вольфрам  сындарын қолданады  
(3370С)
Қорытынды Бағалау
Үйге тапсырма:  Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. Қыздырушамдары. §42,43 21 жаттығу (2,7.9)
 ******
БҚО Казталов ауданы Әбіш ауылы
Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 Орынғалиев Үміткер Жұмакелдіұлы
Сабақтың  тақырыбы:  Ахмет Йасауи  « Хикметтері»  
Сабақтың мақсаты : а)  Ақынның өмірі мен шығармашылығын, «Хикметтерін» өлеңін,
мағынасын  меңгерту;
ә) Тақырыптан білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
б) Жаңа материал бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетімен орындауға
дағдыландыру. 
Сабақтың түрі :                                  аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, баяндау ,іздендіру 
Сабақтың көрнекілігі :                    оқулық, презентация, топшамалар
Пәнаралық байланыс :                    тарих
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың 
зейінін сабаққа аудару.
ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б)  Жаңа сабақты түсіндіру.
Ахмед Ясауи өзінің  «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды,тұрмыс-тіршіліке тартымды кеңестер 
береді,байлыққа құмар болмауға шақырады,әділеттілікті жақтайды.
 Жеті жаста Арыстанбаб келді маған, 
Хақ Мұстафа аманатын берді маған. 
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян, 
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.
                 Құрма беріп, мейірлене назар салды, 
                 Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды. 
                  Еркелете шақырып қасына алды, 
                   Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.
   Оқулықпен  жұмыс:   Ахмет Йасауи     өлеңдерін    мәнерлеп оқиды. 
Білімді бекіту :   1-тапсырма. 
Топтастыру стратегиясы 
А.Йассауи кім? 
2-тапсырма. 
Берілген шумақты талда.   
93

Жеті жаста Арыстанбаб келді маған, 
Хақ Мұстафа аманатын берді маған. 
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян, 
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де. 
       Тармақты 
       Бунақты 
          Буынды 
       Ұйқасты 
 3 – тапсырма 
Сөздікпен жұмыс 
Нәпсі –                                                                       Дауа – 
Замат –                                                                      Мақшар – 
Бек қуанып –                                                           Менмендер – 
Әзәзіл –                   
                                                   Тәуба – 
4 – тапсырма
INSERT КЕСТЕСІ 
     Білемін 
    Мен үшін жаңалық 
   Ізденемін 
 
Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :    1. Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармышылығы;
  2.  Өлеңнен үзінді жаттау; 
 3. Қожа Ахмет Йасауи туралы қосымша мәлімет әкелу.
 ******
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Киров ауылы
М.Жүнісов атындағы НЖББМ
ІІ санатты технология пәнінің мұғалімі
Такеева Гүлдәурен Қобландықызы
8-сынып
Сабақтың  тақырыбы: Кәсіпкерлік іс-әректтің  қызметі мен мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушының бойында өмірдің әлеуметтік экономикалық сұраныстары туралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларға қызықты экономикалық тапсырмалар арқылы кәсіптік бағдар беру.
Тәрбиелік: іскерлікке, жауапкершілікке және тапқырлық , белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, әдебиет, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, жоспар түрлері, сызбалар.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Берілген тақырып бойынша мәтінге сүйеніп, сол мәтіннің толық мағынасын ашып бере алатын, үлкен ойды білдіретін 6 
сөзді жазу.
Оқушылар сөздерді оқиды. Осы сөздің айналасындағы үлкен бір пікірді қамтитын 4-5 сөйлемнің айналасын жұпө жұмыр 
етіп, ғылыми тілмен айтып береді.
Солай жалғасып, 6 сөздің де мағынасы ашылады.
1Еңбек қорлары
2Экономика
3Құнды қағаздар
4Қызмет көрсету персоналдары
5 Отбасылық қаржы
6 Кәсіпкерлік қызмет

Үй тапсырмасы тексеріледі.
Тірек сөздермен әңгіме құрау әдісі бойынша кәсіпкерлік қабілеттілік, бәсекелестік және тағы басқа сөздерді алып, соған 
әңгіме құрау.
ІІІ. Мағынаны ашу.
Базарға қарап тұрсам , әркім барар,
Іздегені не болса сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өз іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына өлшеп алар,
94

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар
34
Түртіп алу әдісі.
35
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын айтып, осы тақырып бойынша не білетіндерін жаздыру.
Әр топ бібір сөйлемнен (ойын жинақтап) тақтаға жазады. Оқушыларға 
мәтін беріледі. Мәтінді оқып отырып, шартты белгілерді қойып отырады. Белгі қойып болған соң барлығы мәтіннен 
түйгенін ой елегінен өткізеді.
Шартты белгілер:
«Ү» -білемін
«+»-жаңа білдім
«-«-мен ойлағаннан басқа
«?»-көбірек білгім келеді
Топта талқылау.
1.Топ ішінде мәтінен не оқығандарын , білгендерін бір-біріне айтып талқылау.Талқылап болған соң белгілер кестесімен 
жұмыс жасау.
             «Ү»
            «+»
          «-«
           «?»
Кестені толтырып болғасын топ ішіндегі екі оқушы бір-бірімен жұмыыстарын алмасады. 
Сол арқылы өз білмейтіндерін оқып, өз біліміне ой қосады.
2.Бір  айлық  отбасы  бюджетін құру.
           Табыс
          
Сомасы
            Шығын
      Сомасы
24
Айлық жалақы
1.Тамаққа
25
Жалпы фондтан , жеңілдіктер мен 
төлемдер
 2.Ұзақ мерзімдік пайдалану  
тауарлары
26
Зейнетақы , шәкіртақы
3 .Көлік, киім, аяқ киім жөндеу 
қызметкерге
27
Ұй жанындағы үлескіден түскен  
табыс
4.Коммуналдық қызмет
28
Жеке еңбек қызметінен түскен 
табыс
5.Мәдени -тұрмыстық  қажеттілік
29
Табыс табудың басқа көздері
6.Медициналық қажеттілік
30
Бағалы қағаздардан түсетін табыс 
7.Ойламаған шығындар
Барлығы:
Барлығы:
Қорытынды:
ІҮ. Ой толғаныс  кезеңі.
Үш қадамды сұхбат әдісі:
а) сұрақ  беруші
б) жауап беруші
в) жинақтаушы
Жаңа сабақ төңірегінде 1 оқушы сұрақ береді, 2-оқушы жауап береді 3-оқушы жинап айтады.Мысалы: Тұрмыстық тұтастық
дегеніміз не? Қаржыны жоспарлы түрде жұмсауды  қалай түсінесің ?
Ү. Үйге  тапсырма.Үй экономикасы және кәсіпкерлік туралы 5 жолды өлең жазу.
Шығу парағын толтыру.
ҮІ.Қорытындылау: Бүгін сен үшін маңыздысы не болды. Сұрақтарың бар ма? Талап-тілектерің  қандай?
 ******
"БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ВАРИАТИВТІ КОМПОНЕНТІНДЕГІ 
ТАҢДАУ КУРСТАРЫНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ"
Темиргалиева Шынар Бактыгереевна -
 Қазталов аудандық білім беру бөлімінің
 жоғары санатты бастауыш сынып әдіскері
               Бастауыш сыныптың вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата- аналардың және балалардың мүмкіндіктері мен
күшіне   сай   қажетін   ескере   отырып   мектеп   қарастырады.   Оқу   жүктемесінің   ішкі   құрылысы   баланың   жасына
тәуелді.Бастауыш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.
      Жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды 
көздейтін бағдарлы оқу процесінде маңызды орын алатын қолданбалы және таңдау курстарын 
ұйымдастырудыңәдістемелікерекшеліктеріне соңғы уақытта үлкен мән берілуде. Аталғанкурстарбағдарлы оқытуды жүзеге 
асырудың басты құралы ретінде қарастырылады.
       Жұмыстың оқу жоспары дегеніміз – базистік және типтік оқу жоспарлары негізінде нақты оқыту тілі (1-9 сыныптар), 
оқыту бағыты (10-11 сыныптар) ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.
     Оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар
оқыту тіліне қарамастан барлық оқушылардың меңгеруі міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының 
құрамдас компоненті.  Оқу жүктемесінің вариативті компоненті – оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне қарай меншік 
нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының
құрамдас компоненті;
     Таңдау курстары дегеніміз – оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. 
95

Бағдарламаны бекітудің екі түрлі жолы бар:
Бейімделген бағдарлама 
1. Түсініктеме хатының негізінде мектептегі мұғалімдердің бірлестігінде қаралады.
2. Әдістемелік бірлестіктердің ұсынысы бойынша педагогикалық кеңесте бекітіледі.
3. Аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерге ұсынылады.
Авторлық бағдарлама
1.Түсініктеме хатының негізінде мұғалімдердің бірлестіктерінде қаралады.
2.Әдістемелік бірлестіктің ұсынысы бойынша педагогикалық кеңесте бекітіледі.
3.Педагогикалық кеңес ұсынысы бойынша аудандық, қалалық әдістемелік кабинетке жіберіледі.
4.Бағдарлама білім жетілдіру институттарына пікір алуға жіберіледі немесе мамандар пікірі алынады.
5.Оқу үрдісіне енгізіледі.
6.Бағдарлама аудандық, қалалық қорға енгізіліп оқу үрдісіне енгізіледі.
Таңдаукурстарына қойылатын негізгі талаптар   
      Бастауыш сыныптың қу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны, яғни таңдау курстардың бағдарламаларына 
енгізілетін білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:
-толымдылық,  -жалпылық   - ғылымилығы   -сараланған  -практикалық бағыттылығы
-жүйелілік   -уақыт қорына лайықтылық
     Осы талаптарға тоқталсақ:
1.   Мазмұнының   толымдылығы.   Бағдарламаны   дайындау   кезіндегі   білімнің   толымдылығы   бағдарламада   қойылған
мақсаттарға  жету  үшін  қажетті   және   жеткілікті  білімдерді  анықтауда   болып  табылады.   Бағдарлама   онда  жоспарланған
оқытудың барлық мақсаттарына жетуге қажетті білімдерді қамтуы керек. Бағдарламаға оқушылардың бойында практикалық
іс-әрекеттің түрлі тәсілдерін қалыптастыратындай білімдермен қатар, бағалау бойынша білімдерді де енгізу қажет. Мысалы,
оқушыға есеп шығаруға және оның шешімінің дұрыстығын тексеруге, шығарма жазу мен оның шешімінің дұрыстығын
тексеруге, шығарма жазу мен оның жазылу сапасын бағалауға және т. б үйрету керек.
2. Оқушылар үшін жаңалық дәрежесі. Іс-әректтің тиімділігі және оқушыларды ынталандыру берілетін білімнің бұдан бұрын
игерген білімге қарағанда жаңалық дәрежесімен анықталады,
3.   Мазмұнның   жалпылық   дәрежесі.   Білімнің   жалпылығының   қажеттігі   оқушыларда   жалпы   іс-әрекет   тәсілдерін
қалыптастырудың қажеттігінен туындайды. Бағдарламаға енгізілген білімнің жалпылық деңгейі ондағы қойылған оқыту
мақсаттарына және оқушылардың абстрактілі ойлауының даму деңгейіне сәйкес болуы керек. Бағдарламаға енген материал
оқушылардың әртүрлі категориясы үшін қолданылуы мүмкін, оған бағдарламаға енгізілген білімдердің жалпылығы арқылы,
оқушылардың барлығына ортақ мәселелерді таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады.
4. Мазмұнның ғылымилығы. Бағдарламаға алдыңғы қатарлы ғылыми білімдер мен адамның практикалық іс-әрекетіндегі
неғұрлым құнды тәжірибелер енгізілуі керек.
5. Білім мазмұнының сараланғандық сипаты. Бағдарламада білімнің әр-түрлі деңгейі мен түрлері сараланып берілуі керек.
6. Курстың практикалық бағыттылығы. Бағдарламада білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқушылардың алған
білімін практикада әртүрлі мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін қалыптастыратындай материалдарды қамтуы
қажет.
7. Оқу материалдарының өзара байланыстылығы мен жүйелілігі.
Бағдарламадағы білім мазмұны барлық келесі тақырыптарды оқу өткен тақырыптарға сүйене отырып жүргізілетіндей, ал
жеке және жалпы білімдер арасында байланыс болатындай болып жүйелі түрде құрылуы тиіс.
8. Уақыт қорына лайықтылығы. Бағдарламадағы материалдар оны зерделеуге бөлінген уақыт қоры ескеріле отырып бөлінуі
керек.
Таңдау курстарының рәсімделуі:
Курстың тақырыбын белгілеу.
Білім мазмұнындағы орнын анықтау.
Бағдарламаның түсінік хатын жазу.
Түсінікхаттакурстыңмақсаты,міндеттері, пәнаралық байланысты жүзеге асыру бағыттары көрсетіледі.
Таңдау курстардың тақырыптарын сағаттарға бөлу.
Таңдау курстарды ұйымдастырудың формаларын анықтау.
Таңдау курстардың оқуын аяқтау формаларын (реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар, сынақ,жәнет.б) анықтау.
Ұсынылған әдебиеттердің тізімін беру (мұғалім үшінжәне оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жекелей беріліуі керек).
 Курс бағдарламасының құрылымы:
1.Титул парағы.
2. Кіріспе.
3. Түсінік хат.
4. Оқу-әдістемелік жоспар.
5. Курс мазмұны.
6.Әдістемелік нұсқаулар.
7. Мұғалімдер мен оқушыларға ұсынылатын әдебиеттердің тізімі.
8. Оқушының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Курсты бітіру есеп берумен: реферат жазып қорғау; баяндама оқу; жоба 
қорғау т.б аяқталады.
Әдебиеттер тізімі —бағдарламаның қорытынды бөлімі. Әдебиеттер тізімін құрудың бірнешеережесі:
- автордың фамилиясы мен кітаптың аты алфавитбойынша келтіріледі;
- автор инициалы фамилиядан кейін орналасады;
- автордың аты-жөні, кітаптың атауынан басқа баспаның орны, басылымның жылы жазылады;
 Бағдарламаның ерекшеліктеріне қарай әдебиеттер тізімін педагогтар, оқушылар, ата-аналар үшін бірнеше бөлікке бөлуге 
болады.   Авторлық бағдарлама ішіндегі қолданылатын педагогикалық технология мен оқыту әдістері апробация мен 
экспертизадан өткізілуді қажет етеді.Экспертизаға ұсынылған авторлық оқыту  бағдарламасына осы салабойынша жетік 
96

білетін мамандар мен ұйымдардыңрецензиясы қоса беріледі.Білім басқару ұйымдары апробация мен экспертиза өткізу 
барысында авторлық бағдарламаныңталаптарғасайкелу-  келмеуін, оның оқу процесіне жіберілу мүмкіндігі турасында 
шешім қабылдайды. 
      Қорыта келгенде, мектептің бастауыш сатысындағы оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны осы айтылған
теориялық   негіздерге   сүйене   отырып   дайындалған   жағдайда   ғана   ұсынылатын   таңдау   курстар   өзінінің   негізгі   мақсат
міндеттері   мен   атқаратын   қызметін   дұрыс   орындап,   бастауыш   сынып   оқушыларын   өз   бетімен   ізденіп   білім   алуға
талпындырып, олады алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді деп есептеймін.
      Вариативті компоненттің таңдау курстарын оқытуда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мүмкін нұсқаларына да
үлкен шығармашылықпен қарау керек.
 ******
Темирова  Д.К. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі
Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Дата
14.10.15
7 класс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет