Мектеп кітапханасы білім мен мәдениеттің кәусар көзі. Әртүрлі тақырыптағы кештер, сайыстар мен оқырман сайысы,
әдеби шолулар мен дөңгелек столдар , кітап көрмелері өткізіледі .Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен
бүлдіршіндерді рухани байыту –кітапхананың төл ісі . Сондықтан біздің кітапхана өзіне мынадай міндеттерді жүктейді:
-жан –жақты дамыған баланы тәрбиелеуге ат салысу
-оқушылардың ой- өрісін кеңейту, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
-мектептің педогог қызметкерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектесу.
Кітап –бір бүтін сырға толы әлем ,оқыған сайын өзіне баурап алады.Сондықтан болар кітапханада ешқашан тыныш
болмайды.Әсіресе қоңырауда шулы болады.Осында балалар кітап пен журнал алуға ғана емес,өздерін қызықтыратын
сұрақтарға жауап табу үшін және кітап туралы әңгімелесуге де келеді.
Оқушыларды кітап оқуға тартуда ең үлкен рөл атқаратын жұмыс көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру.Сондай іс-
шаралар өткізу арқылы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға,білімін,ой-өрісін байытуға үлкен үлес
қосамыз.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады,насихаттау
жұмыстары жүргізіледі.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іс-шараларға арнайы мамандар мен пән
мұғалімдерін қатыстыра отырып дайындалады.
Мектеп кітапханасының қазіргі талаптарға сәйкес жабдықтау,кітап қорын молайтып оқушылардың,мұғалімдердің
кітапханамен байланысын арттыру ісін қолға алып,шығармашылық бағытта көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына байланысты әр түрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар,оқу семинарлары
ұйымдастырылады. Пән мұғалімдермен тығыз байланыста болып,дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен күнделікті
жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар арасында<<Кітапқұмарлар>> атты сайыс өткізіліп, соңы әдеби кешке ұласады.
Біздің алға қойған міндетіміз – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру жолында аянбай еңбек ету.
Сол бағытта кітапхана жұмысын жандандыру ісін жолға қою жолында жұмыс жасап келемін. Тұжырымдай келе,
казіргі қоғамымыздың дауына орай ақпаратты аудио, видео, интернет арқылы алу мүмкіндігі жоғары болғанымен
кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім мен тәрбиенің орны бөлек. Ұлы ұстаз
Достарыңызбен бөлісу: