Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру, оқушы ережесі туралы әңгімелесу



Pdf көрінісі
бет36/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
Баланы білім шыңына көтеру үшін ата-ана мен мұғалім бірлесе қолдау көрсете жұмылғанда ғана еңбектері күткен нәтижеге 
22


қол жетері хақ. Сондықтан да ендігі кезекте ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты (яғни жаңағы кесте де көрсетілген 
үзік сызықты қалай жалғаймыз) қалай нығайтамыз? Ол үшін алдымен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, оқушы 
ережесін еске түсіріп өтейік.
Жағдаяттар. 
Құрметті ата-аналар, сіздерде бала тәрбиесінде күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі. Сондықтан кейбір 
кездесетін жағдаяттарды қалай шешесіздер, соны білгім келеді.
Сіз үйде тығыз бір жүмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көніл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
Қызыңыз немесе ұлыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз. Өзіңіз темекі тартар ма едіңіз?
Бүгін балаңыздың досының туған күні еді. Соған достары жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа машинамен алып 
шықпақшы болып достарына уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не істер едіңіз?
Телефон шырылдайды. Анасы немесе әкесі баласына “Мені жоқ дей салшы ” деді. Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?
Сіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер үнемі келіспей қаласыздар. Сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс-керіс 
туындайды. Үлкен кісіге қатты-қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне әсер етеді деп ойлайсыз ба?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен құрметті ата-аналар, бүгінгі кезекте жиналысымызда мектеп пен отбасымыздың ынтымағын арттыра отырып, 
баланы қалай азамат етіп тәрбиелейміз деген мәселені шешуге тырыстық. Бірлесе отырып осындай тығырықтан шығудың 
жолын іздедік. Сондықтан бұдан әрі де осы істерімізді аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырамыз деп ойлаймын. 
Балалырымыздың жарқын болашағынының мәнді болуына атсалысайық.Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы 
білім алуларына күш салайық. Ұлағатты ата-ана,әже, асқар таудай әке, парасатты ана бола білейік.“Ел болу үшін бесігіңді 
түзе” деген, ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты ұрпақ 
тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет