Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет74/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
ІV.Білдік.
/сабақты пысықтау/ 
-
“Кім жылдам “ топтық жұмыс
/өлең құрылысына талдау/
І топ
Түбінде баянды еңбек-егін салған
Жасынан оқу оқып,білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. ,қара өлең ұйқасы
ІІ топ 
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын,сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б
Ұқпасынба сөзді тез. А аралас ұйқас
ІІІ топ
11
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара өлең 
2.Дәптермен жұмыс. 
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу. 
3. “Сен маған, мен саған” /даналық толғамдарының жалғасын табу/.
4.Тест.
5.Үй тапсырмасы : Елбасымыз Абай туралы былай деген екен: 
«.....Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»
Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? 
Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. / 
әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөзі
жазылған қағаз тарату . 
* * * * *
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ (БАЯНДАМА)
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті 
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Информатика 
пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, 
өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың
қолында» Н.Ә.Назарбаев 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі -
мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба 
білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға 
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге
қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы 
шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және
тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу
қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.
Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ)
пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы
заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың
жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты
таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық,
программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ-ға жататындар: ЭЕМ, дербес
49


компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық 
ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды 
бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік 
деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

Интерактивті тақта;

Мультимедия;

Интернет кеңістігі;

Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып 
отыру;

Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан 
негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты 
ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа
білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны 
коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс-әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. 
Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде
дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ,
саяхат-сабақ және т.б. жатқызуға болады. 
Жаңа АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

Ақыл-ойын дамытады;

Шығармашылық белсендігін арттырады;

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны 
пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды 
және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік 
береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім 
алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу
тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу 
қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген 
тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс
істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс 
істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы 
орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-
карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі 
ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға 
жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы 
болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.
Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар,
компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану 
ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және 
анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызығушылық
тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру жеңіл әрі 
қызықты. Сонымен бірге қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Видео-
сабақтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін
салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, 
атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке
қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу»
дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді. Оқушы әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қамтамасыз ететін түрлі
суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялықкарталарды, көркем экпонаттарды және тағы да 
басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. 
АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесіне тоқталар болсам. Үй тапсырмасын тексеру келесі түрде
болуы мүмкін. Мұғалім алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар
дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпарттық 
объектілерді кірістіреді. Мұғалім сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен бірге оқушының 
50


білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді және үй тапсырмасын тексеруді
жүзеге асыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен 
танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып
тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:

Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

Блок – схем, графиктер, диаграмма, карта т.б.

Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

Ойын арқылы оқыту.

Сөзжұмбақ, ребустар.

Логикалық есептер.

Тестілеу және бақылау.
Жаңа сабақты түсіндіруді Power Point презентациясы немесе электронды оқулық көмегімен беруге болады. 
Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер және графиктер
болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады 
және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалдар есте сақталып, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. 
Сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Мысалы 7-сыныпта «Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды АКТ 
көмегімен көркем әрі ықшам етіп көрсетуге мүмкіндік алдым: үй тапсырмасын «Көңілді батырмалар» ойынының көмегі 
арқылы тексердім. Интерактивті тақтада түрлі-түсті батырмалар беріледі. Оқушылар қалаған түстегі батырмаларын 
таңдайды және батырмаларды басқан кезде сол батырманың сұрағы шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет