Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет95/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

3.Сергіту сәті 
Дәптермен жұмыс: Ас қорыту мүшелеріне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатады
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 
Жұптық жұмыс:
«Кім зерек» ойынында әр жұпқа сұрақтар беріледі.
1. Ауыз қуысының атқаратын қызметі.
2. Қорытылған астың нәрі барлық ағзаға қалай тарайды?
3. Жұтылған ас қандай жолдардан өтеді?
4. Қорытылмаған ас қайда кетеді?
VII. Бекіту кезеңі: Жеке жұмыс:
«Ойлан тап» ойыны
Ас қорыту мүшелеріне байланысты оқулықта берілген суреттер әрбір балаға таратылып, ас қорыту мүшелерінің аттарын 
жазады. 
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 
1.Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі мәтінін оқу.
2.Ас қорыту мүшелерінің суретін салып келу 
ІХ. Бағалау. 
* * * * *
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сейтова Гүлзада Пернебекқызы. Педагог-психолог
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, 
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер. Сократ
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі 
орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалып-тасуында шешуші рөл атқарады. 
Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбие-леу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың
жан-жақты болып өсуін қа-дағалау. Міне, осы орайда балалардың бойындағы жағымды 
қасиеттерді оя-тып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне
байланысты.
Бала мектепке келгеннен кейін, оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала өзіне қызық емес, бірақ 
болашағына маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына кел-ген 
балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға 
деген қызығушылығы-ның төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі. Оған қоса мектепте оқи бастауы- тек өмірдің 
жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа бай-ланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі 
өзгереді, бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте ма-ңызды кезең Мектеп алғашқы күннен бастап 
оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім 
беретін мектептердің барлығында мектеп алды даярлық топтары бар.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін 
айқындау және дамыту, қа-рым-қатынас білігін қалыптастыру болып отыр. Оқушы мінезімен пара-пар мұғалімнің жеке 
басының үлгісі мен жүріс-тұрысының балаларға әсер ете-тіндігі белгілі. Мұғалім баланың байсалды, сабырлы болуына баса 
назар ау-дарып, оларға қай жағынан болса да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс.
Мектепке дейінгі баланың өмірі- әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қызықты кезең. 
Бұл кезеңде мектеп өмірі-мен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп, оқушының көпшілік ортамен ара-ласуы, көзқарасы, 
дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен және мұғалім көмегімен ізденіп, танымдық дүниесі кеңейеді. Бүгінгі күнде «мектептегі 
оқуға да-йындық» ұғымы бүтін бір комплексті және баланың барлық өмірінің сфе-расын қамтиды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу 
тапсырмаларын тү-сінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-
өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, мате-риалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді 
атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, 
әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, 
қоршаған дүниенің заңды-лықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана 
алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұра-това, Қ.Сейсенбаев, Н.Айғабылов, Б.Дабылова 
еңбектерінде біршама зерт-телгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әлі де өзекті мә-селелердің бірі 
болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. Ал Е.Е. Кравцова 
мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құры-лымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді 
зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1].
Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерт-теп жүрген психологтер (В.В. Холмовский, Л.А. 
Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:
1. Ақыл-ойының даярлығы
66


Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең 
маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі, баланың сөйлеу тілінде кемістіктің 
болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет
Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері
Бейнелі компонент
Вербалді компонент
1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі.
2. Бейнелі негіздегі көру есі.
3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау 
біліктілігі.
4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т.б.) дамуы.
5. Белсенділік, тапқырлық.
1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу 
қабілеттілігі.
2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.
3. Бір текті ұғымдарды,заттарды жалпылау қабілеттілігі.
4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.
5. Қисынды ойлау
2. Биологиялық кемелденуі. Баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар 
баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру,есту,моторикасының дамуы және жүйке жүйесінің 
физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
Бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім 
алуына мүмкіндік жасайды. Оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қа-тынас жасай 
алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар 
туғызады. Мектеп та-балдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, Осыдан келе 
нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік 
фак-торға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын 
жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген 
қорқынышпен жүреді», - дейді.
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағ-дайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орын-дату мақсатымен қорқынышты үйде 
қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың 
пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтарды айтып, баланың мектепке деген 
жағымды қатынас және се-німділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен 
қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың 
кеңістікті және уа-қытты бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілі-гінің қалыптасуы»,- деген. 
Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңіл-
детеді.
Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың 
саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы 
тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгі-ріп, секіріп допты лақтырып 
және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қай-шымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы 
керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, 
ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі 
болмайды. Осы тұрғыда баланың саусақ қозғалысын яғни фи-зикалық даму мүмкіндігі мен логикалық даму мүмкіндігін 
анықтау мақ-сатында әр балаға жұмыс қағазын және керекті құралдарды таратып беріп, өз ойларынан сурет салғызу арқылы 
анықтау қажет.
1.Әдістеме атауы: «Бір нәрсені сал». Балаға бір бет қағаз беріледі, фломастерлер және сонымен сурет салуды ұсы-ну 
қажет. Тапсырманы орындауға 4 минут беріледі. Соңында баланың қия-лын байқауға болады. 
Әдістеме бойынша келесі критерийлермен бағаланады: 
10 ұпай- бала суретке өз ойынан бір ғажайып нәрсені салса, онда оның қия-лының бай екенін көрсетеді. Бөлшектерінің бәрі 
соңына дейін жасалу мін-детті. 10 ұпай- өте жоғары.
8-9 ұпай- егер бала суретті фантазиямен салса, онда түрлі-түсті бояу көп бол-са, онда баланың қиялын «жаман емес» деп 
санауға болады.8-9 ұпай жоғары.
5-7 ұпай- бала суретте жаңа бір нәрсені салмаса, онда түрлі-түсті бояу көп болғанымен, ретсіз боялса, онда оның ішкі 
фантазиясы толығымен дамы-маған, орташа деңгейде. 5-7 ұпай –орташа деңгей.
3-4 ұпай- бала көшірме сурет салса, онда фантазиясы соңына дейін дамы-маған. 3-4 ұпай төмен.
0-2 ұпай- бала ешқандай сурет салмаса, онда тек сызықтар мен штрихтар са-лынса қойылады. 0-2 ұпай өте төмен.
Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құ-растыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, 
кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адам-дардың аты кім? 
Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кі-тапқа қызығушылығын байқауға болады.
Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып 
баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті жә-не уақытты 
қабылдай алуы маңызды рөл атқарады.
67


Баланың ойлауын анықтау мен дамытуда керемет шараның бірі құ-растыру іс-әрекетін ұйымдастыру. Құрастыру іс-әрекеті 
баланың ұзақ ойла-нып бір шешімге келуін және белгілі бір нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді. Балалардың танымдық 
қызығушылықтарын қалыптастыруға тәрбиеші мен балалар арасындағы жағымды-эмоционалды өзара қарым-қатынас көп 
себін тигізеді. Құлшынысы төмен, үндемейтін балалардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыруда ойлау мен 
қиялды дамытуға арналған төмен-дегі тренингтердің маңызы зор.
2.«Керісінше» тренингі. Ойын мақсаты: Балада ойлау жылдамдығын, ой ұшқырлығын,ептілігін анық-тау және дамыту. 
Тренинг барысы: Балалар мен психолог орындықтарға шеңбер бойына оты-рады. Психолог бір сөзді айтып, бір бір балаға 
допты лақтырады, бала допты қағып алып, керісінше, қарама-қарсы сөз айтады. Егер де допты қағып алған бала сөзді 
қапелімде айтуға қиналса, керек сөзді басқа бала рұқсатпен айтуға болады.
3. «Сиқырлы жұмыртқа» тренингі
Ойын мақсаты: Мектепке даярлық, ересектер тобы және бастауыш мектеп оқушыларының қиялын дамыту.
Тренинг барысы: Әрбір балаға жұмыртқа формасындағы шаблон. Беріледі. Ол оны қағаз бетіне қойып 3-4 жұмыртқаның 
бейнесін салады. Кейін ол, сол дөңес фигураны жаңа бір зат шығатындай етіп сурет салуы керек. Ол сурет-терді салу 
арқылы түрлі суреттер салып шығаруға болады әрі шығармашы-лығы арқылы баланың ой-өрісін анықтауға болады.
4. «Болады, болмайды» тренингі
Тренинг мақсаты: Бала қиялын дамыту
Тренинг барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болу мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай 
болмаса- онда аяқпен то-пылдайды. Мысалы: Қасқыр орманда кезіп жүреді- алақанын шапалақтатады, қасқыр ағаш басында 
отыр- аяқтарын топылдатады, кастрюльде кесе қайнап жатыр- аяқтарын топылдатады.
Қиял ойында басталып, әрі қалыптасып өзге де іс-әрекет түрлерінде көрініс тауып байқалады. Қиял, ойлау сурет салу мен 
ертегі, өлең құрастыруда өте айқын байқалады.Мектепке дайындық тобы кезеңінде қиял өте айқын әрі қарқынды байқалады, 
сондықтан да мұны психологтар әуел бастан берілген қабілет деп атаған қиял мәселесі қазіргі таңда психологияда кеңінен 
қарас-тыруды қажет ететін мәселе болып отыр.
5. «Ән салайық, қанекей!» тренингі
Мақсаты: Балалардың көпшілік алдында өзін-өзі ұстауын, еркіндігін, батыл-дығын, есте сақтауын, қарым-қатынас әрекетін 
байқау.
Тренинг барысында балалар өздерінің білетін өлеңдерін ортаға шығып айта-ды, осы кезде балалардың ішінен көпшілік 
алдында еркін, ашық қарым-қа-тынас жасай алатын балалармен қатар көпшілік арасына еркін шыға ал-майтын балалар да 
анықталады. 
Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді.
Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты 
тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдала-нуы, танымдық 
әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілуі тиіс.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тә-жірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, 
мұғалімдер және мектеп психо-логтері.
Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диаг-ностикасын психология саласындағы маман өз 
мойнына алады. Өйткені пси-хо-диагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізудің қыр-сырын тек психолог 
қана біледі. Психологтың міндеті психодиагности-каның әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 
6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды 
жасалынып, оқуға дайын емес ба-лалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар 
ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұ-мыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал 
педагогтарды оқу жыл-дың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға пси-хологиялық зерттеуде 
алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектеп-тегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, 
қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігі жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін 
өз бетімен немесе психологтың кө-мегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушы-ларды жиі 
мадақтап, оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек..
Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір ай-ларында анықтап отыруға болады.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәр-биелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен 
қиыншылықтарды бастарынан өт-кізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты даму 
дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайын-дауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-
әрекеттің мазмұны өз-герген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына 
аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі 
жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың 
туғаннан бастап, тәнімен қатар, ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»-деген психологиялық мәні бар ой тұжырымын 
басшылыққа алып, балалардың ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлауы, сөйлеуі, шығармашылық мүмкіндіктерінің 
толықтай ашылуына, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздес-тіру, ата-аналарды 
психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты, терең зерттеу- 
психологтардың бірден бір міндеті.
Қорыта келгенде, баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті 
жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан 
өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың 
мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың 
білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы 
және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін 
жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
68




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет