Шытырманда ( отрывок из романа, «Путь Абая»)
В сокращении (текст№1)
Абай «Қош келдіңіз нағашы» деп қол қусырып, тағызмен қарсы алған. Барлық мол үйлерден мынау он үй өзгеше, оқшау
тұрғанын қонақ атаулы аттынан түспей тұрып, ерте таныған еді. Бұл үйлерге өздері түспей, баска жерлерге орналасқан
қонақтар: «Анау бөлек үйлер кімге арналған? Онда кім қабылдайды екен?» десіп, сұраса бастаған-ды. Сол ретте ол үйлер
Ққнанбай баласы тіккізген, Бөжейдің нағашы жұртына арнап тіктірген үйлер екенін де білісіп ғалған.
Ақсақал нағашыны қасындагы үлкенрек кісілермен іріктеп отырып, Абайлар дәл ортага, ең жасаулы үйге кіргізді. Өзге
топтарын да дамыл көрмей қарсы алып, қатар үйлерге кіргізіп жатқан. Нағашылар бәйгеге қосқалы бір баран, екі қылаң
жүйріктерін әкепті. Құйрық-жалы сүзулі, үстеріне бала мінгізген, үкілі-түмарлы аттар оқшау байланды.
Алыс-жақынан келген калың топтардың бәр-бәрі де әзірше осылай бәйгілерін жұтындырып, көлбек қақтырып, келіп
жатыр.
Алғашқы топ келісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ. Көз байланғанша он үйдің алтауы толып қалды. Әзірге Жетісудың
алыс руының бәрі аталып жатыр.Енді ымырт жабылар кезде, Қазбалаға төгіліп жптқан топтардың киім үлгілерін болжау
қиын. Қай рулар екендері мәлім емес. Тек қана кейбірінің қылан аттысы көп кейбірінің баран аттылары көп үлкен шоғып
боп көрінеді. Сам жаққа қарай бұрылса, күміс ер-тұрман жарқылайды. Өлкедегі қалын нөпірді көргелі, жаңада мінілген
үйрсек аттар кісінейді. Абай үйлеріне түсетін келушілер саябырлап, аз ғана толас болды. «Ендігі кісілер ертең келер»
десіп, Абайлар алдыңғы үйлерге қымыз тарта бастаған. Осы уақытта Ербол Абайға келіп: - Тағы бір қалың топ келді! –
деп, ақырын хабар береді.Бұл жиын Найманның Тобықтыға жақын отыратын руы – Сыбан екен. Арғы шеті – Аягөз,
Қоңыршәулі, Ақшәулі де, бергі жағы осы Шыңғыстың сілемінде болады. Тобықтымен сырмінез.
Бірақ бәсекесі де көп, тайталас ру.