Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Пәні: Қазақстан тарихы. Класс:7 класс



Pdf көрінісі
бет224/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Пәні: Қазақстан тарихы. Класс:7 класс
Сабақтың тақырыбы:
ХV-ХVІІІ ғ. Қазақ хандығының мәдени әдет-ғұрыптары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ХV-ХVІІІ ғ. Қазақ халқының мәдени әдет-ғұрыптарымен, олардың ерекшеліктерімен 
таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
ХV-ХVІІІ ғ. Халқымыздың әдет-ғұрыптарымен, рухани және материалдық мұралармен 
таныстыру. Әдет-ғұрыптарды сақтау, оны күнделікті өмірмен ұштастыру. Қазақтың ұмыт – болған салт дәстүрімен 
таныстырып, оларды оқушылардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік:
Өз елінің, жерінің, әдет-ғұрыптарын сақтауға, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде
өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың өз халқына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көркемдікке, сұлулыққа
деген құштарлығын ояту, эстетикалық тәрбие беру. 
Дамытушылық
: оқушылардың ойлау, сөйлеу, дағдысын дамыту. Өз ойы мәдениетті түрде жеткізуді үйрету. Сұрақ-жауап 
әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру. Жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарастарын ашық та, жүйелі 
дәлелдеуге жетелей отырып, оқушылардың шешендік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі:
ой талқы, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі: 
жаңа білімді меңгеру
Оқытудың әдістері:
әңгімелеу, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын әдістері, деңгейлік әдіс.
Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, әдебиет, музыка, дене шынықтыру.
Көрнекті құралдары:
буклеттер, парақшылар, суреттер, тірек-кестелер, слайд.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды сабаққа дайындау. Бұл жерде оқушыларды бүгінгі сабақтың 
жоспарымен, оның мақсатымен таныстыру. Сабақтың басталғандығын айтып, үй тапсырмасын сұрауға көшу. Сабақты 
бастау үшін оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа ат беру.
1-топ «Өнер» тобы 2- топ «Сәулет».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : Үй тапсырмасы бойынша әр топ өз тобын таныстырды.
1.
Топ Х-ХІУ ғасырлардағы өнерге тоқталып кетеді. Сол арқылы өздерін таныстырды.
2.
Топ Х-ХІУ ғасырлардағы сәулет өнеріне тоқталып кетеді.
Оқушылар алдын-ала дайындалған сұрақтарды сандақтан алып жауап берді.
-
Архитектура деген қандай мағына береді?
-
Ақыртас ғимаратының екінші атауы.
-
Діни сәулет өнеріне қандай ескерткіштер жатады?
-
Қыштан жасалған зат?
157


-
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
-
Рухани мәдениетке не жатады?
-
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалар?
-
Абат-Байтақ мазары туралы не білесіңдер?
«Кім жылдам?» екі топқа кезекпен кезек сұрақ қойылады. 
-
«Тарихи Рашиди» шығармасының авторы?
-
Қазақтарда астрономиялық сағат болған жұлдыз?
-
Құнды аң терісінен тігілген тон?
-
Сопылық түркі дәстүрін таратушы?
-
Ортағасырлық қала неше бөліктен тұрды?
-
Талгар деген не?
ІІІ. Жаңа білімді игерту.
Қазір біз ХV-ХVІІІ ғасырдағы қазақтың көшпелі мәдениетіне саяхатқа барамыз. Саяхаттың бірнеше аялдамасы бар.

«Сөздер» аялдамасы.
А) Бата.
Бата беру, ақ тілеу – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі, бұл сөз арқылы адам тағдырына, дүниеге ықпал
еткен ниетпен жамандықтың бетін қайтару мақсатымен туған. Адам өмірі торқалы тойсыз, топырақты өлімсіз болмайды. 
Тойда, қонаққа, шілдехана үстінде, дәм сонында бата айтқан.
-
Жасың құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле-жала жерге енсін!
Ә) Мағыналы сөздер.
Cәбилерге өтірік айтпа алдама , қорқытпа . Оларды жаман әдетке үйретпе
Тамақ жеп отырып сөйлеме .
Тамақты өз алдыңнан алып же , кісі алдындағы қол созба 
Егін ішінде дәретке отырма.
Сұйық тамақты сораптай іш .
Дастарқан үстінде әдемі отыр , әдепті сөйле
Дініне сеніммен , құрметпен қара 
Танитын адамдардың қуаныш ортақтасуды немесе қайғысына көңіл айтуды ұмытпа 
Туған жерінде ұмытпа . Ол жерге жиі барып тұр .Бір топырағын үйінде қастерлеп сақта
Абай өлендерін жатта . Абай өлеңі - білім , ғылым ,үлгі , өнерге , тәлім, тәрбие, адамдық кілті
Б) Тыйым сөздер 
Ата-ана , ұстазына , жетекшіңе ажырайып қарама , қатты сөйлеме 
Құран , намаз оқылып жатқанда сөйлеме ,қозғалма , тұрып кетпе \
Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе 
Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба , жолын кеспе . 
Жақсы және жақсылық туралы айтуға әдетпен .
Баланы ойыммен , үлкенді шындықпен жеңесің
2 . «Мейрамды» аялдамасы 
А) Діни мейрамдар 
Ә) Наурыз мейрамы 
Наурыз тойы , көже , наурыз төл , наурыз шешек , наурызша .
Б) Мейрамдарда ойналатын ойындар 
3. «Сандар» аялдамасы 
Төрт түлік , бес дұшпан , үш арсыз , мүшел жас , жетті ата , төрт ана т.б 
4 ) «Салт – дәстүрлер» аялдамасы .
Салт – дәстүрлер – ұлыттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып ,бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс .
Адамның жары дүниеге келген күніне бастап , оның есейіп , қартайып , о дүниеге келгенде де»н өмірі мен іс-әрекеті салт –
дәстүрден өзекті орындалады адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі 
А)Тұрмыс салттар 
Ә)Балаға байланысты салттар 
Б)Құдалыққа байланысты салттар 
5. Әдет – ғұрыптар 
ІV. Сабақты бекіту : Қазақ халқының көшпелі өмірімен байланысты әдет-ғұрып , салт – дәстүр жетік меңгеру үшін
«Аптының жеті күні » ойының ойнаймыз . Аптаның 1 – күні «Дүйсенбі – Базарға бару күні»
Бұл күні қай базарға жол тартар екенбіз?! Әуелі соны анықтап алайық 
1.Ұлттық ойындар базары 
2 Дәстүрлер базары 
3Діни – ғұрыптар базары 
158


4 Күнтізбе 
(бұл жерде 10,20,30 ұпайлық сұрақтар жазылып ілінеді)
Аптаның 2-күні «сейсенбі – сандар әлемінде»
Әдет-ғұрыптарда қандай сандар кездеседі ?
Аптаның 3-күні «сәрсенбі –қонаққа бару»
«Елі байдың - ________________»
«Өзге тілдің сұлтаны болғанша –_____________»
«Жақсы сөз ________________»
Аптаның 4-ші күні «Домино ойыны»
Сүтақы - қалыңдықтың анасына берілетін сый 
Бесік құда - бала бесікте жатқанда уәделесу 
Тұлым қою –кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей шекесіне шаш кою
Аманат – бір адамның екінші біреуге берген заттары 
Ерулік – үлкендер үйден кеткенде жастардың бас қосып ойын сауық құруы 
Аптаның 5-күні «Топтастыру стратегиясы»
Әр сөзге балама сөздер жазылады .
Құда түсу Бала мерекелері Діни мерекелер 
Сырға салу Бесік жыры Құрбан айт 
Үкі тағу Тұсау кесу Рамазан 
Құйрық, бауыр жегізу Шілдехана тойы Наурыз мейрамы 
Аптаның 6-күні « Сенбі» Қорытындылау , бағалау күні 
Бұл күні аптаның да аяқталар , біздің тақырыбымыздың да қорытындыланатын күні. Сондықтан бұл күндер бізге не берді , 
бұл аптада қандай нәтижеге қол жеткіздік , осы пікірлеріңді жинақтай отырып 10 сөйлемнен тұратын графикалық диктант 
жазып жіберейік .
Ал енді оқушылар , жалпы бұл апта сендерге не берді , бұл сабақтан қандай ой түйдіңдер ? Осы сұрақтар 
Не білемін ? Не білдім ? Не білгім келеді ?
Ү Бағалау .
ҮІ Сабақты қорытындылау :
Алдағы күндерде , барлық өмірлеріне сәттілік , мол рухани байлық тілей отырып ХҮІ ғасырда өмір сүрген от тілі орақ 
ауызды бабамыз Ақтамбердінің жыр өсиетімен аяқтасақ .
Ақтамберді Сарыұлы 
Балаларыма өсиет 
Қалмаңыздар келиет ,
Бірлігінен айырылма 
Бірлікте бар қасиет ,
Татулық бар береке 
Қылмасын жұрт келеке ,
Араз болсаң алты ауыз ,
Еліне кірер әреке!
Міне , құрметті оқушылар ,осы бабалар өсиетін есте сақтап ұлттық қасиеттерімізді әрдайым биік ұсталық.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет