Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет250/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Следующее задание в посылке
«Рефлексия» 
Подведение итогов.
«Художник и поэты».
От каждой группы по одному человеку необходимо нарисовать листовку, посвященную борьбе с вредными привычками.
В это время остальные должны придумать стихотворение из 4-х строк, посвященные «здоровому образу жизни».
- С каким писателем мы познакомились?
- С каким произведением познакомились?
- Что вам запомнилось?
(выставление оценок)
Домашнее задание выразительное чтение, по желанию выучить «Федорино горе». Творческая работа пословицы « О 
здоровом образе жизни»
Витаминки-баллы. (подсчитать 2-х команд)
Какая команда быстро и верно справилась набирает очки. Устное поощрение «Самые умные и здоровые».
* * * * *
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ТҰРҒЫДАН ТӘРБИЕ БЕРУ
Құлбатырова Баян Наурызғалиевна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды 
мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін 
қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде,
соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр. Заман 
талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара
бастады. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана 
қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-
ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік 
қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін
қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол
бала солай бола алады» деген.
Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым,
әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Балалық шағының қызықты болуын ескергеніміз жөн. Бұл бала бойында 
адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Осыған сәйкес соңғы жылдары «Бөбек» қорының Президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-
рухани білім беру жобасы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолын көрсетуде. Бұл 
бағдарламаның міндеті – баланы рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын құрайтын қайырымдылық, сұлулық, достық, 
бақыт, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарға баулу;
Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелігін, өзіндік орны бар адам екендігін сезіндіру
Баланың бойындағы жақсы әдеттерін сақтап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету;
Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында балалардың бойында өзінің құрбыларымен адамгершілік 
қарым-қатынас жасау, олармен санасу және жанашырлық сезімдерін дамыту;
Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық жанды-жансыз дүниенің өмірлік құндылығын түсіну және сезіну;
185


Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды 
жүйелік принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) 
бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел 
олу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады 
екен. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол –
халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-
өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын 
табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы 
бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға 
бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды
механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен 
ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – 
ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ
.
Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, 
екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан
өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп
қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның 
мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Бүгінгі жас ұрпақты оқыьтып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, 
ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-
адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада 
белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық 
құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, 
адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты 
мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
Ойындар – баланың психикалық үрдістерінің, ойлау, есте сақтау, қабылдау,қиял дамуына көмектеседі. Біз жас өскіндерді 
адамгершілікке бағыттау мақсатында ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде 
барлық күш-жігерін жұмсауға, құрбыларына қолғабыс жасауға тәрбиелейміз. Осы арқылы бала өзіне баға берумен қатар 
белсенділігі де артады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, 
өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам 
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам 
алдындағы борышымыз.
«Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен 
қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» 
деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды 
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына 
сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін 
арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 
бағдарламасының орны ерекше.Осы жобаның авторы Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар 
бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами 
бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына 
жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу 
керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет