САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІГІ ОҚО, Мақтарал ауданы, «Жаңа жол» жалпы орта мектебі КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абубакирова Сауле Нурбергеновна Сабақтың тақырыбы: Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен өзгешелігі
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесінен көрініс
тапқан мақал-мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі екені, сонымен бірге олардың ұқсастығы мен
өзгешелігі туралы түсінік беру
ІІ. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан- жақта
дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік: Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға,сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды
пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің қадірін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың әдісі : оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ауыз әдебиеті, тарих
І .
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сынып тазалығына көңіл бөлу 2. Оқушыларды түгелдеу 3. Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз – жарым ырыс» (тренинг). Оқушылар қол ұстасып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін бір-біріне
жақсы сөздермен тілектер тілейді.
4. Топтастыру . «Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру» мәтелдер тобы.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» мақалдар тобы. (Оқушылар қима қағаздардағы мақал-мәтелдерді құрастыра
отырып, топтасады).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 1. Үйге берілген 129- жаттығудың орындалу барысын тексеру.
2. «Зымыран сұрақтар» арқылы лексика саласы бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау.
3. «Қызықты сұрақтар» ойыны арқылы мақал-мәтелдер тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.