Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет264/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

К
езеңдері:
8)
Қызығушылықты ояту
9)
Мағынаны ашу (ажырату)
10)
Ой толғаныс
Әдістері:
17.
Топтастыру
18.
Ассоциация
19.
Ой қозғау
20.
Джик-Со
21.
Инсерт
22.
Венн диаграммасы
23.
Кубизм
24.
Бес жолды өлең
25.
Ой толғау
Ой қозғау әдісі:
6)
дамытушы;
7)
сұрақтар арқылы ой салу;
8)
жауап талап ету.
Топтастыру әдісі:
19.
тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтастыру.
Ассоциация әдісі:
III.
зат жайлы жалпы мәлімет жинау.
Инсерт әдісі:

сөздің көп мағынасын ашу;

синонимдер;

антонимдік сөздік қорларын кеңейту;

сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.
Венн диаграммасы әдісі:
10.
екі затты салыстыру;
11.
ортақ белгісін табу;
12.
берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.
Кубизм әдісі:
7.
балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;
8.
ерекшелік;
9.
мен үйрендім;
10.
суреттер;
11.
қолдан сұрақтар арқылы айқындау.
Бес жол өлең:
3.
балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;
4.
Не? Қандай? Не істейді?
5.
Түйінді сөз.
Күтілетін нәтиже:
Сын тұрғысынан ойлау

Белсенділіктері артады

Тәжірибелік іс-әрекетте болады

Қарым-қатынас жасауға үйренеді

Құрбыларын тыңдай біледі

Ортаға шығып өз ойын айтуға үйренеді

Өз ойын тұжырымдай біледі
* * * * *
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Махамбетияр Жайнагүл Данағұлқызы
 Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті
бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі
«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны Абай 
Құнанбаев. Біз қадам басқан 21-ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, 
отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және 
алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың
жаңарған технологияларына көшу талабы орындалып, мектептерде барлық ұстаздар оқытудың түрлі технологияларын
пайдаланып, сабақтарын пәрменді өткізіп келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге 
кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің 
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Жаңа педагогикалық технологияларды
қолданудың негізінде үйренушінің дербес белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету;
Қазіргі таңдағы қоғам алдындағы ең басты міндет-оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игілікті сақтай отырып, оқушылардың 
зияткерлік ойын, дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасау. 
196


Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл
процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі 
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл 
міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта 
құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да 
қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа 
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-
оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық 
негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. 
Жалпы білім беретін мектептердегі ұстаздардың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, 
оқушылардың білімге деген қызығуын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін 
немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Осындай жолмен
педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер 
жүйесі ретінде ұстанымдар мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады. Қазіргі кез келген педагогикалық технологиялар 
педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибе деп құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің 
жетістіктерін, қоғамдағы ізгілендіру мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Бір технологияның өзі әр орындаушыда
әртүрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық құзыреттілігі оқушылар контингенті. Сыныптағы психологиялық 
ахуал, көңіл күй әртүрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әртүрлі болғанымен, бір-
бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады. Педагогикалық технология М Клариннің анықтауында:
«Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдарын
қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді». Ғалым-академик В. Монахов оқыту технологияларының тәжірибедегі 
қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы мен 
ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті 
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі
».
Ал В. Беспалько «Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, 
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп көрсетеді». Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы 
ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер
 
жиынтығын айтып отыр.Сонымен технология деп 
белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру үрдістері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін,
кешенді бірлігін айтуға болады. 
Инновациялық технологияның мақсаты: Технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, 
кәсіптік, адамгершілік рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруына көмек көрсету. 
Инновациялық технологиялардың міндеттері:

білім беру мазмұнын жаңарту мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

ғылымның рөліне мән беру, оқытудық озық технологиясын меңгеру;

оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу, баланың жеке қасиеттерін аша білу, білімді тереңдетуге жағдай туғызу, 
шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Оқушы – өз ойын ашық айтады, тұлға ретінде қалыптасады, өзін-өзі бағалай біледі, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, 
ортақ шешімге келеді, еңбекке араласады, бірін-бірі сыйлайды, санасады.
 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп,
ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін 
бақылау жатады. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы 
формасы, оның мақсаты-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін
сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.
Қазіргі күнгі педагогикадағы жаңа технологияның оқытудың дәстүрлі әдістердің тиімділігі:

Қызығушылығы жоғары, мәлімет көздерін оқушылар өздері іздейді.

Оқушы мен мұғалім тең құқылы. Оқушы – басты тұлға. Мұғалім – бағыт беруші. Оқушы ойына еркіндік беріледі. Ой 
мен айтылған пікірге дәлел мен факт тауып қорғайды.

Мұғалім бағыттаушы, бақылаушы, қорғаушы.

Бір-бірімен ақылдасып, мәдениетті сөйлеуге үйренеді.

Өзі үшін көп мәселені шеше алады. Білімін ары қарай жетілдіруге дайын. Кез-келген нәрсеге жан-жақты қарай алады.

Топтық жұмыс ұнайды. Сыныпта белсенділік пен ұйымшылдық пайда бола бастайды. Топтық жұмыстарда топтастыру
ойды жинақтайды.

Ойлауға үйрету, жеке тұлға болып қалыптастыруға көмектесу, тілін, айтылған ойды дәлелдеу қабілетін дамыту.
Басқалардың ойымен санасуға үйретеді.

Бақылау арқылы ой-өрісінің өсу деңгейіне, жеткен жетістіктеріне қарай бағаланады. Бағалау бірнеше критерийлер 
арқылы жүргізіледі.

Заман талабына сай кез-келген ақпарат.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларын меңгермейінше, 
сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену,
ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Ғылыми негізделген технология 
197


педагог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теориясы мен әдістерінің проекциясы болып табылады. Жалпы алғанда, оқу-
тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын дұрыс қолдана білсе, инновациялық
технологияның берері мол. Оқытудың инновациялық технологиялары оқыту үрдісін жандандырып, әрбір оқушының білімге, 
ғылымға деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, қоршаған ортаға 
байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады. 
Жаңа технологияларды
меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін 
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын 
болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше 
жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл
педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалануы керек, өйткені сабақ сапасының 
жақсаратыны байқалады.
Елімізде қозғалып отырған өзекті мәселе - білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруде
ақпараттық технологияларды қолдану, жеке тұлғаны қалыптастыру және қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті 
жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне
енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, ұстаздар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Жаңа технологияларды пайдалана білген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді:

уақытты үнемдейді;

оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай алады;

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады;

сабақты ақпараттық техникамен жұмыс істеуді үйренеді;
Сонымен оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа 
өнімді әдістермен байытуды, білім алуды оқушының өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды талап етеді.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін 
дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Ұстаз 
еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет