Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет268/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІГІ
ОҚО, Мақтарал ауданы, «Жаңа жол» жалпы орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абубакирова Сауле Нурбергеновна
Сабақтың тақырыбы: 
Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен өзгешелігі
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік:
Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесінен көрініс 
тапқан мақал-мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі екені, сонымен бірге олардың ұқсастығы мен 
өзгешелігі туралы түсінік беру
ІІ. Дамытушылық:
ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан- жақта 
дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік:
 
Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға,сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды 
пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің қадірін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың әдісі
: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, ауыз әдебиеті, тарих
І
.
 Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сынып тазалығына көңіл бөлу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Психологиялық дайындық:
«Жақсы сөз – жарым ырыс» (тренинг). Оқушылар қол ұстасып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін бір-біріне
жақсы сөздермен тілектер тілейді. 
4. Топтастыру
. «Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру» мәтелдер тобы.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» мақалдар тобы. (Оқушылар қима қағаздардағы мақал-мәтелдерді құрастыра 
отырып, топтасады).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 
1. Үйге берілген 129- жаттығудың орындалу барысын тексеру.
2. «Зымыран сұрақтар» арқылы лексика саласы бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау.
3. «Қызықты сұрақтар» ойыны арқылы мақал-мәтелдер тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет