Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын 
                  ойнамағандықтан қартаямыз."
                                                                                                                          Бернард шоу
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.
                                                                    Жоспар:
144

1.Жаттығу "Хор"
2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)
3.Оқушы көзімен
4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
5.Жаттығу "Комплимент"
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау. 
Жүргізуші:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. 
Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің  бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап 
көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына 
сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.
Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең 
жоғарғы дәрежедегі қасиет".  Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң 
қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, 
бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
             Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады.  Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған 
қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген 
нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.
Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.
           Келесі  жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. 
Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен,яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып 
көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ -  бастауыш оқушылары, екінші топ -  жоғары класс оқушылары. Жайлы, 
жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып,көз 
алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара 
келісіп, шешімге келіп мұғалімнің  төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.
Қорытынды: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.
"жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу 
керек.
 Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге 
берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа 
шыншыл,қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл,осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
                 Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір 
ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. 
Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп  кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген 
мұғалімнің бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, 
«ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.
               Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың 
мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.
              Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік  бір нәрсенің біткенін, 
болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа 
жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.
             Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!                                                   
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жаңатаң ауылы
Мирон орта жалпы білім беретін
мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Нугманова Гулнара Ғалиматқызы
                                         «Өзін-өзі тану»-бағдарламасы-тәрбие көзі.
            Қай ғасырда болсын тәрбие негізгі мәселе болып саналады. «бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті» деген 
сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Әр қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған 
жоқ.Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақтарға жауап 
беру қиындап барады. Қазіргі заманда қылмыстың асқынып, аурудың көбеюі, адамгершілік қасиетіміздің жүдеу тартуы, 
кісі өлтіру, маскүнемдік пен нашақорлық сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатыгез адамдар көбейді. Қазіргі 
жастардың арасында мұндай жағымсыз іс-әрекеттердің жаппай етек алуының себебі мынада:
Біріншіден, батыс мәдениетінің бізді жаулап алуы тұтастай алғанда жалпы қоғамға, әсіресе, жастарға теріс ықпал етеді. 
Екіншіден, жастар бойындағы ұлттық рухани байлығымызды жоғалтып алғандығымыз.  Себебі, рухани бай адам 
елікпейді де, желікпейді, бәрін ақылмен ойлап, жүз толғанып өзіне қажеттісін ғана бойына дарытады. Жастарымыздың 
көпшілігі осындай кері жағдайлардың әсерінен өз мүмкіндіктерін заман талабына сай толық көрсете алмауда. Жастар 
арасында араққа үйірлік басым. Уақытша сыйлау, әйелді, ананы құрметтеуде олқылықтар көп.
Ұрпақ тағдыры дегеніміз- ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы- оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, 
адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтардың қолында. Біреулер жастардың жағымсыз 
әрекеттермен айналысуын жұмыстың жоқтығынан, күн көрудің қиындығынан, тұрмыстың нашарлығынан деп ойлайды.
      Қиындықтар мен қайшылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне, мұратына, рухани деңгейіне 
байланысты. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін 
байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» курсының орны ерекше. 
Өйткені «өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жандүниесіне 
үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әулетін көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты 
145

мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру 
арқылы ізгілікке, шабыттылыққа, парасаттылыққа үйрету. 
      Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді 
бүгінгі ұрапқтың меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды.
Ендеше әлемдік өркениетке өзіміздің төл құндылығымызбен олжа салуға мүмкіндігіміз мол екендігін, ұлттық 
рухымыздың сыбағалы үлесі бар екендігін ескеру керек. Олай болса адамгершілік рухани тәрбие беру кілтін-имандылық 
деуге болады.
          Адамгершілік-рухани тәрбиелеудің қажеттілігін қазірден-ақ байқауға болады. Бүгінгі құдылықтар бойынша жаңа 
білім беру бағдарламаларын іздеу үстінде. 
     2002 жылы Сара Алпысқызы Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік-рухани тұрғыда дамыту бойынша 
«Өзін-өзі тану» атты кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсындаы. Автордың ойынша даналықтың шыңы,ол-
махаббат, ал бақыт құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы.
    «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында біздің балалар үйінде 2009 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» клубы жұмыс 
жасайды. Клубтың президенті, көмекшісі сайланады балалар арасынан. Жетекші болып мен, тәрбиеші А.Оракбаева, 
жұмыс атқарамын. Балалар үйінің барлық балалары клуб мүшелері. Жас ерекшеліктеріне қарай балалар үш буынға 
бөлінген. Биыл 2012-2013 оқу жылын біз қуанышты хабардан бастадық. «Өзін-өзі тану» клубы және «Тіл-тірегім» 
үйірмесі өз бөлмесін ашты. Бұл біздің балалар үшін қуанышты хабар болды. 
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жаңатаң ауылы
Мирон орта жалпы білім беретін
мектебінің педагог-психологі
Хафизова Меңсұлу Кумаргалиевна
 « зі  та да ан  мір»
Ө ң
ң ғ ө
Ұсынылып отырған сабақ 7-9 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналады. Бұл жұмыстың бағыты осы жас 
аралығындағы балалардың тұлғалық өсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балаларды 
түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ, барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді. Жұмыс барысында 
алғашқы күннен бастап, қатысушылардың қызығушы-лығын қанағаттандыратын топ ережелері қабылданады. 
Сабақта қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді:
Сабақтың негізгі тапсырмалары:

қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;

оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;

өзін-өзі іштей бақылауға  және тежеуге үйрету;

негативті импульсті шығару, жою.
Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.
Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, гуаш, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін 
жазуға бейдж таратылады. 
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді 
тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз. 
1. Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»
Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді 
жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір 
қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі 
қадам артқа қадымда. Рахмет. 
2. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», 
себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік 
сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет 
етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар 
пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы 
жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. 
Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке 
бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер 
(отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының 
бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз. 
15 минут уақыт беріледі.
146

Қатысушылар қалаулары бойын-ша өз жұмыстарын көрсетеді.
Жүргізуші: Біз дайындаған жұ-мыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек:
- ішің пысқан кезде өзің істей алатын 
жұмысты еске түсіру;
жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді 
түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш 
сөзді дауыстап айт. 
IV. Жаттығу: «Әрі қарай не?»
Жүргізуші: Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл 
сөздер қалай естіледі?
Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің 
керек. Рахмет.
Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады. 
бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?
Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?
осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?
Жүргізуші: Шынымен, бұл сөзді өзің туралы естігің келсе, өзіңді түсініп, жұмыс істеуің қажет. Мысалы, денсаулық 
туралы ойлауға болады. Тағы бір ұсыныс, массаж. Бір-біріңнің артыңнан шеңберге тұрыңдар. Алдында тұрған адамның 
басына қолыңды жайлап қойып, массаж жаса, иығын уқала. Енді арқаны шымшып, алақанмен сыйпа. 
Мен сендердің жақсы көңіл-күйде екендеріңді көріп тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі. 
Қолдарыңнан ұстап, ақырын сөйлесіп көріңдер, көздеріңді жұмыңдар, қол ұстасыңдар. Енді естіген дауыстарды тануға 
тырысыңдар. Көздеріңді ашпай, оң және сол жақтағы алақанға көңіл бөліңдер. Ал, енді денелеріңде бір кішкентай өте 
мейірімді бөлік бар деп елестетіңдер. Ол бөлік өте бақытты. Бұл бөлікті өздерің деп елестетіңдер. Тағы да қол 
ұстасыңдар. Бір-бірлеріңнің сезімдеріңді түсінуге тырысыңдар. Көздеріңді ашпаңдар. Рахмет.
V. Рефлекция.
1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?
VІ. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Жүргізуші: Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі 
күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран 
бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай 
таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін. 
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫ
№8 Н. ОҢДАСЫНОВ АТЫНДАҒЫ 
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 
ҚАЗА ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ СЕЙТІМ  ГҮЛЖАН
Тақырыбы:  Қосарлама қос сөздер
Мақсаты: оқушылардың қосарлама қос сөздердің анықтамасын, мысал арқылы өздеріне таптырып, жатқа айтуын 
қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік-қосарлама қос сөздер туралы білімін тереңдету.
Дамытушылық-ой өрісін, танымын арттыру, өздігінен талдауға, ой қорытуға жаттықтыру. 
Тәрбиелігі-аңғарымпаздыққа,  өз-өзіне деген сенімін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыта үйрету.
Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, талдау, ойын (Кембридж тәсілдерінің элементтері), дәлелдеу.
Көрнекілігі:кесте, кеспе сөздер, жұмбақ, тапсырма парақтары, сурет.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география.
С
абақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу. Түгелдеу.
Сабаққа назарын аудару.
Топ ережесін құру.
13.
Достық
14.
Татулық
15.
Бірлік
16.
Сыйластық
Сынып оқушыларын геометриялық пішіндер арқылы 4 
топқа бөлу. 
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Доп беру» ойыны
Әр топ мүшелері бір-біріне допты кезектесіп беру арқылы 
үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қояды. 
Мысалы: 1-топ 2-топқа:
3
Күрделі сөз дегеніміз не?
4
Жұрнақтың түрлерін ата?
5
Біріккен сөз дегеніміз не?
Жаттығу жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Блум таксономиясы
Білу           Түсіну           Ұғу
1-тапсырма:
Қосарлама қос сөздерді оқушылар өз бетімен оқып, 
меңгереді. Әр топ қос сөздердің ережесін айтып, 
мысалдармен дәлелдейді.
2 - тапсырма   «Кубик» ойыны
Оқушылардың әр топтағы түсінігін, қосарлама қос сөз 
туралы пікірін білу мақсатында сұрақ парақшаларын 
үлестіру.
147

4.
Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-
қарсы сөздер қосар
5.
лана ма?
6.
Ырың-жырың, дел-сал, тасыр-тұсыр сөздерінің  мағынасы бар ма?
7.
Ғылыми-әдістемелік, үгіт-насихат, қазақша-ағылшынша қай кезде қалыптасқан сөздерге жатады?
8.
Кіп-кішкентай, сап-сары, жып-жылы сөздері қос сөздердің қай түріне жатады?
3-тапсырма
Жаттығу жұмысы  82-жаттығу. Сыңарларын тауып жазыңдар.
                1-топ              2-топ                3-топ               4-топ
Мысалы:  дос-              жігіт-                қора-                  әмпей-
                   сана-            қыз-                 тым-                  апалы-
4-тапсырма
1-топ                 2-топ                   3-топ                  4-топ
83-жаттығу      84-жаттығу         85-жаттығу           86-жаттығу
5-тапсырма
Тапсырмаларды топ болып орындау, орындаған тапсырманы қорғау.Жақсы 
орындаған топ жұлдызшаға ие болады
ІV.Сергіту сәті «Мақта теру»
6-тапсырма
Жұмбақтар шешу

Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді.    (көз)

Таудан керуен құлап келеді, Ағыл-тегіл жылап келеді.  (Бұлт)

Қатар-қатар тас қойдым, Жирен атты бос қойдым.  (Тіс пен тіл)

Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі. (Су)
 V. Сабақты қорыту  Әр топтан бір-бір оқушы ортаға шығады. Әр түрлі сұрақтар қойылады.
«Ыстық орындық» ойыны
VІ. Бағалау критериі
Оқушылар бірін-бірі өздері бағалайды.
Кері байланыс
Сабақ қалай өтті?
Не ұнады?
 Не ұнамады?
Үйге тапсырма: 82-жаттығу
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Казақстан облысы   Мақтарал ауданы
«№8 Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Информатика   пәні мұғалімі
Сламбекова   Динара Айнамовна
Пәні: Информатика
Сыныбы:  7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау
Сабақтың мақсаты:оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталай 
отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру машығын қалыптастыру;
Міндеттері:
17.
Оқушыларды Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары
туралы мағлұматтар қалыптастыру.
18.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды
қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже;
6
Сызықтық программалаудың  мағынасын түсінеді.
7
Енгізу-шығару операторларын салыстырып талдайды.
8
Сызықтық алгоритмдерді программалау тілінде жазады.
Қолданылатын модульдер;Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Әдіс-тәсілдер: «Ақ тілек»,Топтастыру,  «Венн диаграммасы» , «Топтық жұмыс», Сергіту сәті, «Жұбыңды тексер, 
бағала», «Білемін, білдім, білгім келеді...»
Сабақ 
уақыты
Кезең, оның 
мазмұны
Мұғалімнің 
іс-әрекеті
Оқушының 
іс-әрекеті
Оқыту үшін 
бағалау, оқу 
үшін бағалау
Ресурстар
148

5 мин
Кіріспе
Ұйымдастыру 
сәті
Психологиялы
қ дайындау 
«Ақтілек»
Топқа бөліну
Гүлдер арқылы 
оқушыларды 
топқа бөлу. 
Топқа ат қою 
және топ 
басшыларын 
сайлау.
Алтын ережені 
еске түсіру
- Көңіл - күйлеріңіз қалай ?
- Сабаққа дайынсыңдар ма ?
- Ендеше бастайық.
Біз бүгін екі топқа бөлініп, 
жарысамыз.
Оқушылардың топтарға 
орналасуын қадағалап 
отырады.
Алтын ережені  еске алу
Керемет 
(қолдарын көтеру)
Тамаша (шапалақ)
О – о – о (бас 
бармақтарын 
көрсету)
Топқа ат қойып , 
топ басшыларын 
сайлайды.
Алтын ережені 
еске түсіру, 
қорытынды жасау. 
Бірлесе жұмыс 
атқару.
Жарайсыңдар!
Тамаша!
Әр түрлі 
гүлдер
«Алтын 
ереже»
10 мин
Тұсаукесер
Миға шабуыл.
«Венн 
диаграммасы»
(Үй 
тапсырмасы)
Енгізу және шығару 
операторларының ұқсастығы 
мен айырмашылығын Венн 
диаграммасы арқылы 
салыстыру.
«Математикалық өрнектерді 
аудару» презентацияда 
берілген тапсырманы 
орындауды ұсынады
«Есептің мәнін тап» 
тапсырмасын орындайық
Сабақтың бағалау 
критериясымен таныстыру.
Бағалау критерийі:
1. Тақырыпты толық аша 
білуі
2. Өз ойын анық жеткізуі
3.Топ жұмысында 
белсенділігі
4. Уақытпен жұмыс жасауы
Венн 
диаграммасын 
толтырады
математикалық 
өрнектерді 
Паскаль 
програмалау 
тіліне аударады
оқушылар 
сандардың бүтін 
және бөлшек 
бөлімдерінің 
мәнін табу 
арқылы 
білімдерін 
шыңдайды.
Бағалау критерийі 
бойынша белгілеп 
отырады.
Смайликпен 
бағалау
Интербелсен
ді тақта
Смайликтер 
20 мин
Негізгі бөлім
Сабақтың 
тақырыбы мен 
мақсатымен 
таныстыру
Сергіту сәті
Жаттығуды 
орындарында 
отырып орындау
«Жұбыңды 
тексер, бағала» 
әдісі
Мақсаты: 
Бағалау 
өлшемдерін 
негізге ала 
отырып, бірін-
бірі бағалау іс 
әрекетін жүзеге 
асыру.
Бекіту 
тапсырмасы
Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты 
меңгерудеекі топқа ортақ 
тапсырма беріледі: Сызықтақ 
алгоритмді программалау
І топ: Алгоритм
ІІ топ: Блок-схема

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет