Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Аққурай ауылы



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Аққурай ауылы
Аққурай бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кереева Тоқжан Табылдықызы
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар
Білімділік міндеті: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік 
беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: оқушылардың сана-сезімін, ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: айнала қоршаған табиғаттың қыр-сырын танып білуге, есте сақтауға, өмірде пайдалана білуге баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап әдісі, картамен саяхатқа шығу, Венн диаграммасы, 
мәтелдің мағынасын ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу;
- оқу құралдарын дайындауы;
2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жауын-шашын.Жер асты суы.Құдық
- Тест тапсырмалары арқылы тексеру:
1. Судың 3 түрлі күйі:
А) мөлдір, сұйық, түссіз;
Ә) сұйық, қатты, бу;
Б) ерігіш, қатты, жылы
2. Су өткізбейтін жер асты қабаты:
А) құм
Ә) қиыршықтас
Б) саз
4. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
А) шарбы бұлт
Ә)будақ бұлт
Б)қабат бұлт
5.Құдықтың тереңдігі:
А)Жер бедеріне байланысты;
Ә)Жануарлар қажетіне байланысты;
Б)Су қабатының орналасуына байланысты
- Оқушылардың бірін-бірі тексеріп, бағалауы
- Жауын-шашын бұлт өзен, көлдердің булануы
ІІІ.Жаңа материал:
А)Жұмбақтар шешу:
Келеді алыстан Ауыл сыртында сайда,
Ашулы арыстан.
(Өзен)
Жатыр үлкен айна. (Көл)
Ә) Өзендер (слайдтан көрсету)
- Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға;
- Жазық жердегі өзендер;
- Таулы жердегі өзендер;
- Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.
Б)Көлдер және тоғандар (слайдтан көрсету)
- Көлдердің көлеміне қарай түрлері;
- Көлдің анықтамасы;
- Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;
- Жасанды көлдер;
В)Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.
- Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.
- Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.
- Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.
Г) –Ал, енді өзіміздің облыс орталығы Ақтөбе қаласының ортасынан қандай өзен ағып жатыр?
- Елек өзені туралы жазған мәліметін оқыту.
- Ал, Шалқар қаласында қандай көл бар?
- Шалқар көлі туралы жазған мәліметін оқыту.
ІV.Сабақты қорытындылау: - Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.
- «Су анасы - бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру.
V.Оқушылардың білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: Өзендер.Көлдер және тоғандар.
VII. Үйге тапсырма
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
139

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Саралжын ауылы
Саралжын бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қуаншаева Райхан Сейсенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: "Жануарлар қалай өсіп - өнеді?"
Сабақтың мақсаты:
1. Жануарлардың өсіп - өнуі туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Сызба бойынша салыстыру, қорытындылау, білімдері мен біліктерін дамыту;
3. Жануарларға ұқыпты қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Жұмыс түрлері: жұппен жұмыс, концептуалды сызба, оза оқыту тапсырмасы, шығармашылық тапсырма, өзіндік 
жұмыс.
Қажетті құралдар: жұмыс жасауға арналған карточкалар, концептуалды тапсырманы орындауға арналған сызбаға 
керекті қағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, ермексаз, бояулар.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, бейнелеу өнері
Проблемалық сұрақ: Көктемде неге аң, балық аулауға тыйым салынады?
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
- Бүгін біз өте құпияға толы тақырыпты зерттейміз. Алдымен өздеріңнің әп - әдемі бала кездеріңді еске түсіріңдер. Ғ 
дүниеге келген сәбилер әр уақытта өздерінің ата - аналарына ұқсай ма?
Адамдарда – бала
Түлкіде – түлкішек
Мысықта – марғау
Үйректе – балапан
Ал көлбақаның баласы не? Дельфинде ше? Жыланда ше?
ІІ. Тірек білім арқылы топпен жұмыс істеу.
Оқушылары бірнеше топқа бөлінеді? Әр топқа жануарлардың даму ретін тауып құрастыруды керек ететін үлестірмелі 
карточкалары бар хатқалта беріледі.
шабақ уылдырық құс
балапан түлкі түлкішек
көбелек дернәсіл құрт
жұмыртқа балық жұмыртқа
уылдырық - шабақ - балық
жұмыртқа - балапан - құс
жұмыртқа - құрт - дернәсіл - көбелек
түлкішек - түлкі
- Бұл тізбені сабақ соңында қайталаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Оқулықпен жұмыс:
- Жануарлардың баласы қай кезде дүниеге келеді?
- Жануарлар балаларына қандай қамқорлық жасайды?
Проблемалық сұрақ: Көктемде неге аң, балық аулауға тыйым салынады?
Тұжырымдамалық сызба.
Оқулықпен жұмыс істеу және талқылау барысында сызба толтырылады.
Жануарлар тобы Өсіп - өнуі Дамуы
Жәндіктер Жұмыртқа салады Жұмыртқа - құрт - дернәсіл - жәндіктер
Сүтқоректілер Балалайды Баласы - жануар
Құстар Жұмыртқа салады Жұмыртқа - балапан - құс
Қосмекенділер Уылдырық шашады Уылдырық - итшабақ - бақа
Балық Уылдырық шашады Уылдырық - шабақ - балық
Жорғалаушылар Жұмыртқа салады Жұмыртқа - жорғалаушы
Оза оқыту тапсырмасы: Оқушыға тапсырма беріледі. Б өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен сөйлеуге дайындалады.
Табиғатта қызықтар аз емес. Қазір оқушылар қызықты жануарлар туралы айтып береді.
1 - оқушы: Сендер мына жануарды білесіңдер ме? ( Үйректұмсықтың суретін көрсетеді.) Бұл – үйректұмсық. Үлкендігі 
көжектей ғана, тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Еуропа ғалымдары алғаш рет оны көргенде, біреу басқа бір 
жануарға үйректің тұмсығын жапсырған екен деп ойлапты. А үйректұмсықтың жұмыртқа салып, оны басып 
шығаратынын көргенде, тіпті таң – тамаша қалыпты.
- Бұл үйректұмсық, құс па, әлде сүтқоректі ме?
Үйректұмсық сүтқоректі, себебі: баласы жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін оны сүтпен қоректендіреді.
2 - оқушы. Мынау тікенекті кішкентай ғана балық, ұзындығы 11 - 12 см. Қызығы, осы балықтың аталығы балдырдан ұя 
жасайды. Аналық ұяға уылдырығын салғаннан кейін шабақтарды қорғайды.
Топпен жұмыс: Ермексазбен жұмыс. Қағаздарды жапсырмалау.
Бояумен сурет салу. Ертегі, әңгіме ( өлең) құрастыру
Жұмыстарын қорғау.
Дәптермен жұмыс: Алдымен үй жануарларының суреттерін олардың балаларының суреттерімен сәйкестендіреді. Сонан 
140

соң жануарлардың балаларының аттарын жазады.
ІҮ. Білімді бекіту. Тест тапсырмалары.
1. Балаларын тірі туып, сүтпен қоректендіретін қандай жануарлар?
а) құстар ә) сүтқоректілер б) балықтар
2. Түсіп қалған сөзді орнына қой: уылдырық -.....- балық
а) құрт ә) итшабақ б) шабақ
3. Түсіп қалған сөзді орнына қой: жұмыртқа – құрт -.... - көбелек
а) дернәсіл ә) шабақ б) балапан
4. Жылдың қай мезгілінде аң, балық аулауға тыйым салынады?
а) қыста ә) көктемде б) жазда
Ү. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия
1. Мен үйрендім:.....
2. Мені таңқалдырды:....
3. Мен білгім және үйренгім келеді:.....
- Сабақта маған.... ұнады.
- Маған.... қызықты болды.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақта жасаған жұмы қайталап қарап, тиянақты түсіну.
ҮІІ. Бағалау.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Хайруш ауылы
Хайруш бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мұқанова Жазира Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: Жануарлар топтарын ажырату және олардың өзіндік ерекшеліктерін ажырату.
Міндеттері: - Жануарлардың мекен ететін ортасы туралы түсініктер алу;
- Қоректену жолдарын анықтау;
- Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындық жасау. Ол үшін мына қанатты сөзді оқыту және 
талдату:
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғаттың адам өміріндегі маңызына қысқаша тоқталып өту.
2. Жаңа сабақ жоспары • Миға шабуыл. «Табиғат» (Ой шақыру)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)
- Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, су, т. б.)
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)
- Ендеше, тірі табиғаттың бір тобы жануарлар әлемі жөнінде әңгімелесейік. Балалар, сіздер қандай жануарларды 
білесіңдер? Олар туралы қай сабақта өткен болатынбыз? (Әліппеде)
- Жақсы, ендеше, бізге көмекке сүйікті «Әліппеміз» келсін. (Әліппедегі жануарлар суреттерін қарап, еске түсіру)
3. «Жануарлар әлеміне» қысқаша шолу жасау:
Жануарлар әлемі
Табиғат жағдайы жер шарының барлық бөлігінде бірдей емес. Осыған байланысты жан – жануарлар тіршілік етуге 
бейімделіп отырады. Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік 
ете береді. Олар бір - бірінен ұқсастығына, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
4. Мәтінмен жұмыс.
- Электронды оқулық арқылы мәтінді таныстыру;
- Іштей оқыту;
- Тізбектей оқыту;
5. Мәтіннің мазмұны бойынша талдау - жинақтау жұмысын жүргізу:
1) Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз. өзің білетін жабайы аңдарды ата.
2) Жабайы аңдардың пайдасы туралы айт.
3) Үй жануарлары туралы әңгімеле.
4) Олардың пайдасы туралы өлең - тақпақтар оқып беру:
Сүт
Май алады сүттен,
Қүрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
Ірімшік
Атамның да тісі жоқ,
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.
Қымыз
Жеңгем бие сауады,
Ағам саба піседі.
«Денсаулыққа дауалы»,
Деп үлкендер ішеді.
Шұбат
Іркіт түстес түрі,
Дәмі сүттің бірі.
Бойға қуат,
Ішкенге ем шұбат.
141

Қазы
Ет төресі қазыны,
Апам тұздап баптайды.
Ұнға илеп жаз күні,
Күзге дейін сақтайды.
Ет
Майлы ет,
Майсыз ет.
Жесең көп,
Зиян тек.
5) – Бұлар малдан алынатын тағам өнімдері. Ал, «жабайы аңдардан» осындай өнімдер ала аламыз ба? Неліктен?
6. *Бүгінгі өткен тақырып бойынша жануарларды топтау:
- жабайы аңдар
- дала жануарлары
- үй жануарлары
* Олар қайда мекендейді және немен қоректенеді?
*Олардың қандай ортақ белгілері бар, сен соны байқадың ба?
(Ойлануға уақыт беру)
*Олар «сүтқоректілер» деген қорытынды жасау.
7. Дәптермен жұмыс. «Сүтқоректі жануарлар» ұғымын жаздыру.
Қосымша мәліметтер беру.  Сүтқоректі жануарлар
Баласын тірі туып, сүтпен асырайтын жануарларды сүтқоректілер дейді. Қазір дүние жүзінде 4500 – жуық, ал 
Қазақстанда 150 – ден астам сүтқоректі жануарлардың түрлері тіршілік етеді. Әр түрлі тышқандардан бастап маймылға 
дейін сүтқоректілер қатарына жатады. Сүтқоректілердің еті, сүті, күші, терісі, жүні, түбіті адам үшін пайдалы. Оларға үй 
малдары және жабайы аңдар: піл, құлан, түлкі. Қоян т. б. жатады. Зиянды сүтқоректілер де бар. Саршұнақ, суыр, тышқан 
тұқымдас жануарлар түрлі аурулар таратады.
8. Жаңа сабақты бекіту үшін жұмбақтар жасыру. 
Жұмбақтың шешімін суреттерден табу.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.
Жазда сұрғылт.
Қыста аппақ.
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.
Қайда болсын баратын,
Мінсең – ұшқыр қанатың.
Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.
Адамға серік,
Күзетке берік.
9. Қорытындылау.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Хайруш ауылы
Хайруш бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сисенгалиев Дамир Темірұлы
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық 
талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, көгершін макеті, үнтаспа, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау( 2 - 3 оқушы)
1. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
2. Баспа түрінен және жазба түрінен кім көрсетеді?
3. Ү дыбысының жазба түріндегі бас әрпін, кіші әрпін кім көрсетеді?
4. Үкі деген сөзді кім жазып көрсетеді?
5. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
6. Үкі деген сөз бе, сөйлем бе?
7. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
142

- Барлығың гүл деп айтып көрейікші. Гүл деген сөз бе, сөйлем бе?
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
3. Жаңа сабақ
Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» 
әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.
Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Оқулықпен жұмыс кезеңі
«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту.
«Ақ көгершін»өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Мағынасына тоқталып өту.
Дәптермен жұмыс кезеңі
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету. - Тақтаға үлгі көрсету.
4. Сабақты қорыту 
1 - қатар «Жоқ буынды тап» ойыны Ше..., өшір..., іл..., ір..., бәй.... 2 - қатар «Сөздерде неше буын бар» ойыны Шегіртке, 
бәйге, Құлагер, ілгіш, гүл.
3 - қатар «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө.
«Ақ көгершін» әнін айтып сабақты қорыту
Оқушыларды мадақтау. Үйге тапсырма: «Г дыбысы мен әрпін оқу».
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Никонор  бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің шағын орталық тәрбиешісі
Бекенгалиева Ұлболсын Бақтыгерейқызы
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.
Амандасу рәсімі:
«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі 
барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында 
қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.
Кіріспе бөлім:
Қыс туралы әңгімелеу.
- Балалр, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.
- Балалар, енді мен сендерге М. Солтағазинаның «Құстар қалай қыстайды»? ертегісін айтып берейін.
Ертегіні талдау.
-
 Балалар , ертегі не туралы? 
-Құстардың қысқы тіршілігі туралы.
-Құстар қалай қыстайды екен? 
-Балалар жемшарға жем шашады,орманда Тоқылдақ 
ағаштың діңін тұмсығымен ұрып құрттарды жерге түсіреді.
(Осы кезде есік қағылады)
- Балалар, біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік, кім 
келді екен? Балалар, бізге Ақшақар қонаққа келіпті.
Ақшақар:
- Мен орманнан келдім. Қыс апаларың сендерге құстарым 
орманнан ұшып кетті, соларды ұстауға көмектесіңдер деп 
сәлем айтып жіберді.
- Балалар, біз Қыс апамызға көмектесейік. Апамыздың 
орманында қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.
- Ол үшін ойын ойнайық.
Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз 
(Торғай, үкі, тоқылдақ туралы)
Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына 
жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаным саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге 
неге ұшып келді?
- Олар жем іздеп келді.
- Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз 
керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы 
суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала 
дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.
Табиғат тілашарынан
«Қыс ұясын қарайла, бұзылмасын абайла» тіркесін 
жаттайық.
- Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Мүмкін ол біздің 
143

құстарға келген Қыс апамыз шығар.
Есік ашылып, Қыс кіреді.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.
- Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.
- Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым 
бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қарасу ауылы
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологі
Даулеталиева Әсел Иманалиевна
«Бала  міріні   ауіпсіздігі ма ызды»
ө
ң қ
ң
        Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, 
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, 
жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала 
қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. 
    Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол 
көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс 
оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны 
толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін.         
     Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, 
асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, 
өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде 
ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке 
шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, 
жеткіліксіз.
      Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына 
жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын 
оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс 
білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн. 
      Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-
жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы 
тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің 
арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып 
оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек. 
        Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек: 
-         Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе; 
-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүр; 
-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме; 
-         Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір. 
    Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге 
уақытысында келуін қадағалағаны абзал. 
    Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде 
қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, 
бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, 
т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет. 
    Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін 
және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, 
терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с.    
   Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ 
болатыны шындық. 
      Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі 
болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бостандық ауылы
Бостандық  орта жалпы білім беретін
мектебінің педагог-психологі
Ахметова Жұлдыз Бекболқызы
Та ырыбы:
қ
  "Мен  ажайыппын"
ғ
 Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың  алдын алу,топтасып жұмыс 
істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет