Ертегі кейіпкері
Ертегінің кейіпкері қандай?
«Мақта қыз бен мысық» тобы: мына үзіндіні мәнерлеп оқындар. Ертегінің атын, кейіпкерін атаңдар.
Тышқан үйіне барып бір уыс тары әкеліп береді;мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді,
жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды
апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып
Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Ертегінің аты
Ертегі кейіпкері
Ертегінің кейіпкері қандай?
«Түлкі мен ешкі» тобы:мына үзіндіні рөлге бөліп оқыңдар. Ертегідегі түлкі қандай? Ешкі қандай?
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі
апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әлі сусап, әрі ыстықтан өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-
тұнық суы бар екен, - депті.
Мұны естіп ешкі : « Менде салқындайын, әрі су ішейін»,- деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп, ешкінің
үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар»
деген осыдан қалыпты.
Ертегінің аты
Ертегі кейіпкері
Ертегінің кейіпкері қандай?
3 – тапсырма. Ертегі кейіпкерлерін қатыстыра отырып, сөйлем құрастырыңдар
Оқушылар құрастырған сөйлемдерін тақтада жазады. Жалқы есім мен жалпы есімді еске түсіру.
Мұғалім: Жалқы есім дегеніміз не? Жалпы есім дегеніміз не:
«Кімнің заты?» ойыны. Алдайтын таяқ Бағалы сақа Көк есек пен ескі шапан
IV. Қорытындылау. Ертегі кейіпкерлерін сызба бойынша толтыру.
V. Үйге тапсырма:
1.
«Ертегі кейіпкерлері» мәтінінің мазмұнын айтыңдар.
2.
Жаңа сөздерді жаттаңдар
3.
Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырып, жазып келіңдер.
VI.
Бағалау.
* * * * *
VII.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп
МДШО КММ Тәрбиешісі: Атеева С.Қ.
Сыныбы
Мектепалды даярлық тобы
Пәні
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы
Наурыз мейрамы
Негізгі мақсаты
Наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптасады. Наурыз жыл басы екенін біледі.
Күтілетін нәтиже
Наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптасады. Наурыз көженің жасалуы туралы біледі.
Наурызда күн мен түннің теңелетінін, наурыз ұлыстың ұлы күні екенін ұғынады.
Типі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдістер
Ойындар,
Көренкілігі
Плакат, тірек схема, оқулық, қима қағаздар,
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Модуль
түрлері
18
Кіріспе бөлім
2 мин
2мин
Балалар мен сендерді көргеніме
қуаныштымын. Қане, бәріміз бірге
шаттық шеңберін құрайық.
Топқа суреттермен бөлу
Өлең жолдарын бірге айтады
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта
ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз.
Топқа суреттермен бөлінеді.
Өткен сабақта не өттік?
Қандай үй құстарын білесіңдер?
Олар қандай құстар?
Олар немен қоректенеді?
Олардың қандай пайдасы бар?
Оларға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Өз ойларын білдіреді.
Жас
ерекшелік
Білу
Суретпен жұмыс
5 мин
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Адамдардың көңіл күйлері қандай?
-Не істеп жатыр?
-Ауа-райы кандай?
-Жылдың қай мезгілі ?
АКТ-ны
қолдану
Түсіну
5 мин
Көктем айларын ата.
Наурыз айында қандай мерекелер бар?
Наурыз қандай мейрам?
Өз ойларын білдіреді.
СТО
Қолдану
5 мин
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз.
«Көгерсін» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Хормен 1-2 рет қайталап, жатқа
айтады.
Талдау
5 мин
1-топ
Қандай ұлттық тойларды білесіңдер?
2-топ
Ұлттық киімдерді атаңдар.
3-топ
Ұлттық тағамдарды атаңдар.
Бесікке салу, шілдехана,тұсаукесер,
сүндет той,
Қамзол, такия сәукеле , бешпет т. б.
Бауырсак,ет, қазы ,карта, қымыз,
шұбат, наурыз көже
Жинақтау
3 мин
. Наурыз күні не пісіріледі.
Наурыз көжеге қосылатын
тағамдарды топтастырайық.
АКТ-ны
қолдану
Бағалау
2 мин
Салт-дәстүрмізді сақтауымыз керек пе?
Өз ойларын білдіреді.
Үйге тапсырма
Наурыз туралы таппақ жаттап келу.
1 мин
Астана қаласы №77 мектеп –гимназияның
Бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Жулдыз Толегеновна
Математика 3 сынып БжС технологиясы
Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Мақсаты: үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту, шапшаң есептеуге үйрету, есептердің шешуі табуға
үйрету
Міндеттері. Білімділік: оқушылардың жүздіктер, ондықтар бірліктер көлеміндегі сандарды менгергені білімдерін
жүйелеу. Жазбаша көбейту тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін дамыту; Ауызша жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа әдемілікке,
әсемдікке баулып эстетикалық тәрбие беру.
Тақтада:
У1 = _____ - ______
У2= _____ - ______
У3 =_____ - _____
ТКШ – Жылд. -
АКШ – Зейін -
ЖКШ – Қате -
Түсін. –
І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
19
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейтуді үйрену және тақырыпқа сай берілген тапсырманы
63%оқушы қатесіз орындауы керек.
Рухтандыру: Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
ІІІ Өткенді қайталау:
1.
-Көптаңбалы сан дегеніміз қандай сан?
Математикалық диктант. Айтылған сандардың ішінен тек көптаңбалы сандарды жазу. Бірінің дәптерін бірі тексеріп,
нәтижесі матрицаға түсіріледі
ІV Жаңа сабқ түсіндіру 10 мин. АСУТ бойынша жұмыс. Байқау (1 шапалақ)
ТКШ
АКШ
ЖКШ
№1 111 ‘ 2 = 222
153 ˣ 4 =612
556 ˣ 6 = 3336
1.
ТКШ кімде дұрыс?
2.
АКШ кімде дұрыс?
3.
ЖКШ кімде дұрыс?
4.
Кімге жылдамдық жетіспеді?
5.
Кім зейін қойып оқымады тапсырманы?
6.
Кім қате жіберді?
7.
Кім түсінбеді?
8.
Кім үшеуін де дұрыс шығарды? (матрицаға)
9.
Кім екі көбейтіндіні дұрыс шығарды? (матрицаға)
10.
Кім бір ған өрнектің мәнін дұрыс тапты? (матрицаға)
11.
Қалғандарына 0
ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС
У2 түсіндіру (5 мин)
Бекіту (2шапалақ)
ТКШ
АКШ
ЖКШ
№2 121 ˣ 3 = 363
224ˣ 5 =1120
679 ˣ 8 =5432
Немесе АКШ
АКШ
ЖКШ
224ˣ 5 =1120
651 ˣ 3 = 1953
679 ˣ 8 =5432
12.
ТКШ кімде дұрыс?
13.
АКШ кімде дұрыс?
14.
ЖКШ кімде дұрыс?
15.
Кімге жылдамдық жетіспеді?
16.
Кім зейін қойып оқымады тапсырманы?
17.
Кім қате жіберді?
18.
Кім түсінбеді?
19.
Кім үшеуін де дұрыс шығарды? (матрицаға)
20.
Кім екі көбейтіндіні дұрыс шығарды? (матрицаға)
21.
Кім бір ған өрнектің мәнін дұрыс тапты? (матрицаға)
22.
Қалғандарына 0 ұпай
ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС
У3 түсіндіру (2-3 мин)
Есте сақтау
№ 3
ТКШ
АКШ
ЖКШ
212 ˣ 3 =636
651 ˣ 3 = 1953
688 ˣ 9 = 6192
Немесе ЖКШ
ЖКШ
ЖКШ
688 ˣ 9 = 6192
599 ˣ 9 = 5391
677 ˣ 7 = 4739
23.
ТКШ кімде дұрыс?
24.
АКШ кімде дұрыс?
25.
ЖКШ кімде дұрыс?
26.
Кімге жылдамдық жетіспеді?
27.
Кім зейін қойып оқымады тапсырманы?
28.
Кім қате жіберді?
29.
Кім түсінбеді?
30.
Кім үшеуін де дұрыс шығарды? (матрицаға)
31.
Кім екі көбейтіндіні дұрыс шығарды? (матрицаға)
32.
Кім бір ған өрнектің мәнін дұрыс тапты? (матрицаға)
33.
Қалғандарына 0 ұпай
Қорытындылау. Рефлексия. Бағалау кезеңі. Матрицадағы ұпай сандарын шығару, бағалау:
9-10 ұпай – «5» 7-8 ұпай – «4» 6 ұпай – «3» Сапасын шығару.
Үйге тапсырма: ОӘЖА (АСУТ) сызбасы бойынша көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту жолдарын айтып
беруге жаттығу.
20
Орал қаласы. Подстепный №1 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Аяпбергенова Мөлдір Жұмагереевна
Сауат ашу. 1-сынып. Сабақтың тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Мм дыбысы мен әрпін таныту. М дыбысының үнді дауыссыз дыбыс екенін және сөз ішінде келетін
орнын, буын, сөз соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.
2. Мм дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз, сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін
қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұжымдық сыйластыққа, бір - бірін қадірлеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, адамгершілік қағидаларды
ұстана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мм әрпінің баспа, жазба түрі, әріптер кассасы, суреттер, шығармашылық тапсырмалар үлестірме материалдары,
слайд, кесте т, б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Ана тілі Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту әдістері
Сабақтың жүру барысы: Психологиялық даярлық: « Мен тілеймін»
-Балалар, бір – бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
- 5 ал! - Бақытты бол! - Көңілді жүр! - Қуан! - Шаттан! - Әдемі бол! – Үлгілі бол!
- Шыншыл бол! - Ақылды бол! - Ізетті бол! - Әдепті бол!
II. Өткен сабақты пысықтау:
-. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. Тау,тас,таба,төбе,ата,түйе,түлкі
- Оқулықта берілген сөз, сөйлемдерді тізбектеп оқыту.
А) Т әрпінен басталатын сөздер айтып,балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді.Ол бір сөз айтып,келесі балаға
береді.Ойын осы ретпен жалғаса бареді.
Ә) «Әріптер еліне саяхат»
Қызыл үйшік...... Көк үйшік......... (Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд)
Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!
Б) Жаттамақты жатқа айт! - Жазу құралын ата? - Дәп - тер
- Өткен сабақта дәптер өлеңін жаттап едік, қайталайық:
Дәптер
Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы,
Дәптеріңе қонады.
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте,
Дәптеріңді күт бала,
Дәптеріңді құрметте!
III. Мағынаны тану:
А) Сөз жұмбақ шешейік:
1. Қыздар алқасы (м) оншақ
2. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз? (м) ал
3. Көйлек неден тігіледі? (м) ата
4. Киім тоқылатын ақ ұлпа? (м) ақта
Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ - та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.
Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.
Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс.
Мм әрпін баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу
Ә) Сурет бойынша жұмыс: (Оқушыларға әңгімелету)
Моншақ. Бұл - моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.
Комбайн. Бұл - комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орды.
Мақта. Бұл - мақта. Мақтадан киім тоқылады.
Оймақ. Бұл - оймақ. Оймақты іс тіккенде қолданады.
Б) Оқулықпен жұмыс:
- Бағанда берілген сөздерді оқыту - Мәтінмен жұмыс: «Тамақ» Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру.
В) Сөздік жұмыс: Мол – көп Мақал - нақыл сөз Оймақ - іс тіккенде саусаққа киетін бұйым. Қармақ - балықшы құралы
Г) Дәптермен жұмыс: Мм әрпін жазу
IV. Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар:
А) Бір сөзден көп сөз ойла:
1 топ: ----------------------------- 2 топ: -------------------------- 3 топ:
Моншақ ----------------------------- Оймақ ------------------------- Мақта
(Он, шақ, ошақ, монша) ------------(ақ, ой, май, қой, ай) ---------- (Мата, ақ, ақта, тамақ)
Ә) Пирамида құрастыру:
---- 1. Бүгін танысқан әріп (М)
-------- 2. Бастағы негізгі мүше (Ми)
------------ 3. Тамақ (Май)
----------------- 4. Киім тоқылатын бұйым (Мата)
Б) Дүкеннен азық - түлік алу: Мына жұмбақсөз шешімін тауып, кәрзеңкеге салайық:
21
1. Ас атасы -(нан) 2. Өзі тәтті, тез еріген Шәйдің дәмін келтірген. (қант)
3. Нанмен бірге жағылған. Барлық бала дәм алған - (май)
4. Домалақ оның пішіні. Ол да бір нанның үлгісі –(тоқаш)
5. Сүттің де бір түрі бар ұйытылған ішуге арнайылап қойытылған -(айран)
Кәрзеңкедегі суреттерді бір сөзбен не дейміз?
- Тамақ дейміз. - Тамақ не үшін қажет? - Адам өмірі үшін тағы да нелер қажет?
- Тамақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
В) «Біз не үйрендік?» Әріп, дыбыс. М – дауыссыз, үнді, сөздің барлық буынында келеді
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жазу Бағалау: Оқушыларды марапаттау
* * * * *
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Әлдешова Милят
Тақырып: Біз осындай баламыз
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық
Мұғалiм: Әлдешова Милят Сынып «2а» Оқушылар саны
Мақсаты: «Өзін-өзі тану»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері: -2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру; -ізгілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Ресурстар:
Үнтаспа
I. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем
гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздіңқауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға
тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да
жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2)Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ
барысын
талқылау:
Оқушылардың
емін – еркін
дұрыс отыруын
қадағалау
ІІ. Дәйек сөз. А.Пивен «Өзіңді тыңдағанда ғана өзгені білесің»
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйы. Данышпан диқан
Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір диқанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған: -
Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұлаға шеккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп
жатырсыз ғой?- дейді. Диқан былай деп жауап береді:
- Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы
ағаштардың жемістерін жейді. Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлер де патшаның
бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян
алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан:
- Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр,- дейді.
Бұл жауап та патшаға ұнап, тағыда «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті
жібермеуге тырысып, бұл жолы: - Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір
рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді,- дейді.
Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағыда «Бәрекелді!» дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады.
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап,
дереу патшаны бір сылтаулармен ол жерден алып кетеді.
Оқушылардың, өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып, оларды танып білуге баулу
мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.
•
Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
•
Өзіңе,өзгеге,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
•
Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
22
Жаңа ақпарат Оқушылар оқулықтан «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды және
қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық,достық,бақыт,білім сияқты
құндылықтармен танысады» деген жаңа ақпаратты оқу.
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлең
оқылады. «Мен қандаймын?», «Жақсы болу- өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы ойларды айқындай
түсу үшін сұрақ қоюға болады.
Өзіңді тану. Ө. Ақыпбеков
Тапсырма. Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан
үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді.
Жаңа ақпарат. «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани
алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық ,достық,бақыт,білім сияқты ең асыл құндылықтармен
танысады»
Мәтінмен жұмыс. «Өзіңді тану »
Тапсырма. Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары
туралы түсіәніктерін айтып береді.Олар әдептілік,білім,қайырымдылық
т.б.
IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын
түсіндіру.
Тапсырма: Кіші шеңберлердің ішінднгі әріптерден мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рахмет,
кешіріңіз деген сөздерді құрап жазу.
Оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу
мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.
-Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
-Өзіңе,өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
V. Топпен ән айту.
Жас дәуірдің түлегіміз
Сөзі: Е. Өтетілеуов Әні: И. Нүсіпбаев
Бау,бақша,белдер, Көңілді ауыл,қаламыз.
Орман,тау,көлдер- Қайырмасы:
Көрікті шексіз даламыз. Жадырап күндей,
Дәулеті тасқан, Жайнаған гүлдей-
Сәулеті асқан- Бақытты біздер баламыз!(2 рет)
Өзіміз туған, Жалықпай оқып,
Көбелек қуған- Көңілге тоқып-
Өлкеде өсіп,толамыз. Білімді аджам боламыз.
VI. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға суреттерге қарап «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру.
VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылы «Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика-информатика пәнінің мұғалімі Бажанова Сауле Омерханқызы
Пәні: физика Сыныбы: 7ә Сабақтың тақырыбы: Жол, орын ауыстыру. Бірқылыпты қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жол, орын ауыстыру, бірқалыпты қозғалыс туралы тусінік беру;
Дамытушылық: Білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту;
Тәрбиелік: Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, тақта, суреттер Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ байланысы: қоршаған ортамен байланыстыру. Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы (жүрісі, құрылымы):
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру. ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдісі. Сәйкестендіру тесті.
Табиғаттағы кез келген өзгерістер Тәжірибе
Гипотеза түзусызықты,қисықсызықты
Табиғатты зерттеудің негізгі әдісі Табиғат құбылыстары
Атом Болжам
Бір заттың молекулаларының
екінші заттың молекулааралық бос Меркурий, Шолпан
орындарға өзара өтуі
Төменгі планеталар Химиялық қасиеттерін
бойына сақтаған ең кіші
бөлшек
Қозғалыстың өлшемдерін елемеуге болатын дене Диффузия
Траекторияның түрлері Материялық нүкте
23
|