ІІІ. Жаңа сабақ Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның
ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің немесе материялық
нүктенің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын
бағытталған кесіндіні айтады.
Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,
ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес
қозғалыс деп атайды.
ІҮ. Бекіту. 1-тапсырма 2-тапсырма 3 – тапсырма
Ү. Бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма. Физика оқулығы, 75 бет,10 тапсырма.
* * * * *
LESSON STUDY ТӘСІЛІ – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗДЕ
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ
Бастауыш сыныптар мұғалімі Байхазан Алмагул
Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам
басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа
деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Соның алғашқы
баспалдағы ретінде еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін» меңгертетін үш деңгейлі курстардан өтіп
жатыр. Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы теориялық оқыту тәсіліне басымдылық
берілген. Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін
дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей
байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа
әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны
ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге
ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын
дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану
икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік
оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға
ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі
саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту,
қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер
тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,
кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, өткізуді ұйымдастырдым.
Мұнда Самыратова Қ.А (әдебиет пәнінен), Соволева Н.В (орыс тілі ), Сейтова Ж.Ж (ағылшын тілі) және тәлім алушы
Садвакасова К.А сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса
келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 4 «б» сыныбында Lesson Study жүргізуді
жоспарладық. Мұндағымақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік
атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру,
қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою
арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту
түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр. Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана
отырып, зерттеу сабақтарының кестесі жоспарланды.
Lesson Studyтобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды
анықтау міндеттелді. Айталық,
- осы сыныптағы зерттелетін үш оқушыны анықтау;
-Lesson Studyбағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтау;
-Lesson Study-діңаяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да нұсқа жазу.
Бірінші Lesson Study циклі ағылшын тілі пәнінен басталды. Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен
дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес
бұрын өткен тақырып бойынша ауызша орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін
қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз
деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге
сай жұмыстанғандары байқалды.
24
Бірінші Lesson Study-ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін, екінші Lesson Study орыс тілі пәнінің жоспары
құрылды. Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі мен
сергіту сәтін ұйымдастыру жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз
түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған болатын. Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар «Мозаика» әдісі
бойынша жұмыстанды. Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін өз
топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық
оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ, әрқайсысы
өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда
оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі
оқушылар күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады,
бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ
соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге «Мозаика» әдісінің тиімді
болғанын айтты.
Үшінші Lesson Study кезеңінде әдебиеттік оқу пәні болды.Сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру,
жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Осы бағытты ұстана отырып, зерттеушілік
әңгімені (Александер 2004) енгізуді жөн көрдік. Өйткені зерттеушілік әңгіме қарым-қатынас жасаудың барысында идеялар
екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда
жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу
дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны
байқалды.
Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі
бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді
және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ,үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға
ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке
тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу
деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың
оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді
қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған
жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-
жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей
сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады.
* * * * *
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЯТУ
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі
бастауыш класс мұғалімі Кажей З
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан
бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана
қоймай, оны жалпы дамыту, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен
оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияларды ендіру міндеттерін шешуді
талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор
екендігін айғақтайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының
осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім-білік дағдыны
қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу
әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға
бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны
қалыптастыратын тапсырмалар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысаны болады. Осы
жерде шығаршашылық ұғымына тоқтала кетер болсақ, «Шығармашылық» дегеніміз - өзінің жаңашылдығымен,
өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің,
түрткінің болуы. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үдеріс.
Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу кезінде пайда болады. Егер шығармашылық
оқушының бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда оның болашақта да қалыптасуы екіталай. Сондықтан да оқушының
шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Өнімді әрекет – педагогикалық үдеріс, яғни оған жүйелілік
тән. Өнімділік оқытудың тек белгілі кезеңіне ғана сай емес, бүкіл кезеңге тән белгі болып табылады.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты , ізденпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай
тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу т.б.кезеңдермен жүзеге асады.
Мұғалім оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыра түсу
үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:
•
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
•
Арнаулы бір тақырыпта пікір-талас тудыру;
•
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
25
•
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру; Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге
бөліп оқыту, т.б.
Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, өмірлік белсенді ұстаным,
еңбекқорлық сияқты көптеген қасиеттерді талап етеді. Ал мұғалім танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін
дамытуы қажет.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық
тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз; пән бойынша дербес
шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ – ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей белсенділік
көрсете бермейді; танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмалар орындауда
мұғалім көмегін қажет етеді.
Үшінші топ – шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; жұмысты орындауда
жұмысты қажет етеді, оны орныдауда көмекті қажетсінеді.
Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық, әрісі әлемдік педагогика мектептері мен бағыттарының жаңашыл ізденістерге толы
тың үрдістерінен оқып үйренеміз.
Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті.
Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дамыта оқыту
технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете,
қарқынды барлық салалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған. Деңгейлеп оқыту (Ж.А.Қараев). Мектептің
бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетімен, мұғалім мен оқушының өзара қарым-
қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыру болып табылады. Бұл технологияның
ерекшелігі оқушылар өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын
логикалық түрде дәлелдейді.
•
тіл байлығын жетілдіреді; жан-жақты ізденеді; өз ойын жеткізеді; ұжымдық іс-әрекетте тәрбиеленеді.
Міне, шығармашыл тұлға қалыптастыруда мұғалім жаңашыл, сабақ беру барысында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана білетін
кәсіби шебер болуы керек. Қоғамның дамуының басты шарты – шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл
тұлғаны тек шығармашыл мұғалім ғана тәрбиелей алады.
Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға»-деген өлең шумағын шығармашыл тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің шеберлігін
айқындай келе, қазіргі таңдағы мұғалімдердің ұраны етіп тастағым келеді.
* * * * *
БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы, Талдыкөл мектеп-балабақша
кешені бастауыш класс мұғалімі Әбіш Светлана Айтқалиқызы
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгеруге кепілдік бермейтіндігін
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру
қажеттігі туады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан – жақты дамуының бірден – бір жолы
білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген
көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен
ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті
ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім
беру. Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті
мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды
дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның
ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез бейімделуіне
ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану
міндеті қойылған.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада
қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық
білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының өз бетімен жұмысы; Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
Шығармашылық есептер шығару және түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
26
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық
оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді.
Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы
өмір қажетіне айналып отыр.
Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқушылардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере
отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты
интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.
Демек, қазіргі оқулықтарымыздың бағдарламалары, оқулық мазмұны, әдістемелік жүйе қайта қарастыруды, жетілдіруді
қажет етеді. Мектеп қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы
мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту
әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ.
Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы
тиіс.
Осыған орай оқыту технологиялары жаңартылып, педагогика мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау
жасалуда. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін
білімдерімен анықталады.. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Оқыту технологиясы оқу үдерісіне педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.
Ендеше, біз педагогикалық технологияны оқушыны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз
байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім мазмұнын жетілдіру ісіндегі
басты бағыт – оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үдеріс болып табылады.
Сондықтан да педагогикалық технологияға бет бұрыс әлемдік білім кеңістігіне енген қазақстандық әдіснамалық жүйені
мазмұны жағынан байытып, бағыты жағынан жетілдіре түседі.
Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері, оның кәсіби жетілуінің басты
тетігі болып табылады.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары мынадай: - оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады; -танымдық
қабілетін арттырады; - оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; - оқытушының уақытын үнемдейді;- қосымша
мәліметтер береді. Жаңашыл педагогтар оқушылардың көкірек көзін ашатын зердесіне, біліміне біліктілік қосатын оқу –
әдістемелік технологиялар ұсынуда. Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан
– жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Барлық инновациялық технологияларды
меңгеріп, оны сабаққа бірдей қолдану мүмкін емес, сондықтан оқытушы өзіне ұнаған, дұрыс нәтиже беретін технологияны
білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, сабақтың нәтижелігі тиімді болмақ.
Дегенмен, әр педагогтың өзіндік технологиясын құруға жағдай жасай отырып, олардың өзіндік бағыт-бағдарын
айқындаудың нақты жолдарын көрсетіп отыруымыз тиіс.
Орта білім берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани
әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың артықшылықтары өте көп. Оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі.
Білімді есте сақтауға жақсы әсер етеді. Оқыту үрдісінде оқушының өзіндік қатысуы, оның ойлау қабілетімен оқуға деген
ынтасын арттырады. Оқушы өзіне туындаған кейбір мәселелерді компьютер арқылы өзі іздеп, өзге сайттар арқылы ой –
өрісін, білімін әрқашан жетілдіріп отырады.
Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: -кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға
сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және
арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |