Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Міндеттері:-Арман ұғымы туралы түсінік беру. -Балалардың ойын, қиялын дамыту. -Жақсылыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Міндеттері:-Арман ұғымы туралы түсінік беру. -Балалардың ойын, қиялын дамыту.
-Жақсылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Теңіз,балық,дельфин,сызбa «күн   шұғыласы»шаттық шеңбері. 
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында,үй тапсырмасын сұрау.
“Біздің сынып’’тақырыбында құрастырып келген әңгімелерін тыңдау
              Шаттық шеңбері
-Біз бүгін сыныптас достарымызбен  Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің 
арманым".Мөлдіреген  көк теңіздің жағасында,өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Әуелі барлығымыз шаттық  шеңбер құрып амандасайық.
-Армысың ба,сыныптастар!
-Армысың ба, кәрі Каспий!
-Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
-Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)
-Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды).Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы.Таза ауа.Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.
Ой
             
 
 қозғау 
 
 
Теңізде не істей білу керек?-жүзе білу 
-Теңізде немен жүзеді?-қайықпен 
Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.
-Балалар енді бір-біріңнің армандарыңыз орындалуына тілектестік білдіріңдер.
-Арман Ерланға қандай тілек тілейсің?
-Досым,Ерлан,арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!
Мәди:Ержанға:Ержан қанатың талмасын!
(балалар бір-біріне тілек айтады,айтқан бала қуана қайыққа мінеді,тербеледі)
     О улы пен ж мыс
қ
қ
ұ
"Бала арманы" ле ін о ушылар о иды.(о улы та берілген 30бет)
ө ң
қ
қ
қ
қ
лы Абайдай ке  ж рек
Ұ
ң ү
А ын бол ым келеді
қ
ғ
Бауыржандай ер ж рек 
ү
Батыр бол ым келеді.
ғ
  Жа даяттарды талдау.   С ра -жауап.
ғ
ұ қ
-Б л те ізде  андай  айы тар ж зеді?
ұ
ң
қ
қ
қ
ү
(бірлік,татулы ,кешірім,мейірімдлікі  айы )
қ
қ
қ
-Сол    айы тарды те ізге жіберейік.
қ
қ
ң
Бірлік  айы ы
қ
ғ
-Арманны   лкен-кішісі болады деп ойлайсы дар ма?
ң ү
ң
(с ра а жауап алу)
ұ ққ
 Татулы   айы ы 
қ қ
ғ
- здері ні   андай армандары  бар?(с ра а жауап берсе «Татулы   айы ына» мінеді)
Ө
ң ң қ
ң
ұ ққ
қ қ
ғ
Кешірім  айы ы
қ
ғ
Адам а армандау  шін не  ажет деп ойлайсы дар?
ғ
ү
қ
ң
Мейірімділік  айы
қ
қ
Арман а  алай  ол жеткізуге болады?
ғ қ
қ
Балалар,те ізде а ылды адамдарды  к мекшісі
ң
қ
ң ө
-дельфиндер мекен етеді екен.Бізге тапсырмалар дайындапты.Осы тапсырмаларды орындайы .
қ
       Тапсырма      1 тапсырма:
     Д йек с з
ә
ө ."Арман-адам а  анат"дегенді  алай т сінесіздер?
ғ қ
қ
ү
Арман-адам а  анат.Халы  ма алы.Армансыз адам болмайды.О у,білім ар ылы алыс а  анат  а асы . 
ғ қ
қ
қ
қ
қ
қ қ
қ ғ
ң
2 тапсырма   М тінмен ж мыс
ә
ұ
же 
гімесі (о ушылар о иды) 
Ә
әң
қ
қ
- рбір адамны  арманы болады.Арман таусылмайды.
Ә
ң
Бір арманы а  ол жеткізген со ,екінші, шінші арман жал аса береді.
ң қ
ң
ү
ғ
"Арман мен а ыл" 
қ
адыр Мырза  ли    
Қ
Ә
66

-Білімні  арман а  андай  атысы бар?
ң
ғ қ
қ
- ле  неліктен "Арман мен а ыл" деп атал ан?
Ө ң
қ
ғ
3 тапсырма
сиет 
гіме 
Ө
әң
-Арман деген не?-деді жігіт
-Арман-а ыл-ойды  шынды ы
қ
ң
ғ
- стаз ш кіртке  лгі болсам дейді.
Ұ
ә
ү
Арман а адаспа ан жетеді.
ғ
ғ
Адас ан жете алмайды
қ
.
Ойын
О ушылар ше бер  рып,те ізден балы ты аулап  з арманын ж не не  шін соны армандайтынын жо арыда берілген
қ
ң
құ
ң
қ
ө
ә
ү
ғ
 
ле    атарларына салып айтады.
ө ң қ
Айдар:балы ты аулап- "Шіркін-ай басшы болсам,еліме н р сыйлайтын"
қ
ұ
Ердос :-"Шіркін-ай банкир болсам,жайнайды мені  елім"
ң
Ербол:-"Шіркін-ай биші болсам,мы  б рала билейтін"(ойын жал аса береді,жылдам оны не  шін армандайтынын
ң ұ
ғ
ү
 
айтады)
Жа а а парат  
ң қ
"Адам к кейіндегі ізгі ниет болаша тан к тер  міт,ал а  ой ан ма сат ар ылы арманына жете
ө
қ
ү
ү
ғ қ ғ
қ
қ
 
алады.
   Шы армашылы  ж мыс.
ғ
қ ұ
- Арманды адам бойында ы жа сы  асиеттермен  штастыру.
ғ
қ
қ
ұ
- андай баланы «жа сы бала» деп айта аламыз?
Қ
қ
       /К нні  ш ыласына жазып, здері о иды/
ү ң ұғ
ө
қ
Тынышты  с ті.
қ ә К гілдір те ізді елестетеміз. и ула ан ша алаларды  даусы, сем,киелі  с а улар.Айналада ы тіршілік
ө
ң
Қ қ
ғ
ғ
ң
ә
құ ққ
ғ
 
иесі оларды аялап, оршап,барлы ы  ам ор болып жат ан секілді./ 2  минуттай отыру/
қ
ғ қ қ
қ
Д птермен ж мыс
ә
ұ
. Сендерді  армандары  жа сылы тан  рал анына сеніміміз мол. з армандары  туралы  ыс аша
ң
ң
қ
қ
құ
ғ
Ө
ң
қ қ
 
гіме жазы дар./о ыту
әң
ң
қ
/
орытынды.  
Қ
А ыл сана біліммен,Арманыма жетемін
қ
йге тапсырма
Ү
:« мірге»  ле і./о у/
Ө
ө ң қ
      Ж ректен-ж рекке
ү
ү
Арман а бірге жетейік.Балалар бір – біріне арман а жету жолында ы тілектерін арнайды
ғ
ғ
ғ
 Біліммен,ізденумен,е бектенумен жет
ң
-Ал а сам а    -На ыз адам бол  т .б
ғ
ғ
ғ
стаз тілегі:  -Армандары  орындалсын! Біліммен, нермен ал а сам а дар!
Ұ
ң
ө
ғ
ғ ң
 
* * * * *
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің 
№1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті 
пәндерінің мұғалімі  Кельдибаева Айгуль Рымбаевна
Сынып: 6 Пән: орыс сыныптарындағы қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:  Астана-арман қала.
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, 
оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру.
Міндеттері: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу 
дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір 
–біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Жақсы тілек – жылы жүрек» (шаттық шеңбері), «Өрмекшінің торы» 
әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Сиқырлы сандық» әдісі,т.б.  
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер       
Сабақтың барысы:  I .Ұйымдастыру кезеңі: 
Амандасу. Балаларды түгендеу
1.  - Балалар, сабағымызды бастамастан бұрын бәріміз «Жақсы тілек – жылы жүрек» атты шаттық шеңберіне тұрайық! 
Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! (Мұғалім бастап, 
Бәйтеректің макетін береді. «Мен саған осы Астананың бойтұмары секілді бүгін биіктен көрінуіңе тілектеспін» т.б
2.Сандықшадан билет алғызып,  балаларды 3 топқа бөліп отырғызу. 
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын  бағалап отырады.
  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
21.
Өткен сабақта біз өздеріңмен Қазақстанның бас қаласы – Астана жайлы мәтін оқығанбыз. Үйде сол мәтін бойынша 
сұрақтар дайындап, Астана туралы өлең жаттау берілген. Сонымен қоса, грамматикалық тақырыбымыз – септіктерді де еске 
түсіре кетейік.  
 «Өрмекшінің торы» әдісімен тексеру  (бір-біріне сұрақтар қойып, өрмекшінің торын құрайды.)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.  - Балалар, қазір назарларыңды тақтадағы видеороликке  аударып, мұқият тыңдап, қарап отырамыз.
(мақтаныш сезімдерін туғызу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау) 
22.
Видеороликті көре отырып, қандай сезімде болдыңдар? (балалардың жауаптарын тыңдау)
23.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Қандай мақсат қоямыз?
2. Топтарға мәтіндерді таратып, тапсырмалар беру
67

1) Мәтінді әр оқушы іштей оқиды. Тізбектеп оқып, аударады.
2) Әр топ өз мәтіндеріне ментальды карта жасап, қорғайды.
«Астана-Бәйтерек» монументі  Сол жағалауында – на левом берегу Әмбебап ғимараты – универсальное здание
2002 жылы  Астана қаласының сол жағалауында  «Астана-Бәйтерек» монументі  салынды. «Астана-Бәйтерек» 
монументі – дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап  ғимараты. Бұл монументті салу идеясының авторы – Қазақстан 
Республикасының  Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана-
Бәйтерек» монументі – тәуелсіз Қазақстанның нағыз символы.  «Астана-Бәйтерек» монументі - 
Астананың ең көрнекті 
ғимараттарының бірі. 
Бейбітшілік пен келісім Сарайы 
                         Бейбітшілік пен келісім Сарайы – Дворец мира и согласия 
                        Зәулім ғимараттардың бірі –один из высотных здании 
Астана қаласындағы белгілі зәулім ғимараттардың бірі - Бейбітшілік пен келісім Сарайы. Бұл ғимарат  - Қазақстан 
жеріндегі достық, бірлік пен бейбітшіліктің символы. Сарай британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша 
салынды. Оның биіктігі - 62 метр. Пирамидада  конгресстер, концерттер  өткізіледі. Ғимараттың мөлдір қабырғаларында 130 
көгершін бейнеленген. Бұл қазақ еліндегі бейбітшілік және келісімде тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130 ұлт өкілдерін 
білдіреді. 
Сергіту сәті
3) Мәтін бойынша тапсырмалар орындату.
А) «Астана - Бәйтерек» монументі – септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазу.
Б) Бейбітшілік пен келісім Сарайы –  бейбітшілік  сөзін  септеу
В) Хан Шатыры – ғимараттардың, уақыттарын, кітабына сөздерін 
сөз құрамына  қарай талдау
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де келіп жеттік.Бұл кезеңде біз «Сиқырлы сандық» көмегіне 
жүгінейік!
« Cиқырлы сандық»  Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1    2    3    4     5    6      7      8      9    10
1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астана қандай қала?
3.
 
Пирамиданың қабырғаларында бейнеленген 130 көгершін нені білдіреді?
4.”Хан Шатырдың” жоғарғы қабатында не бар?
5.
 
”Астана-Бәйтерек” монументінің биіктігі қанша метр?
6.”Астана-Бәйтерек” монументін салу идеясының авторы кім?
7. Британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша қандай ғимараттар салынды?
8. Астанаға қандай тілек айтасың?
9. ”Гиннестің рекордтар кітабына” қандай ғимарат енгізілген?
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?
Рефлексия
Үй тапсырмасы:   Мәтінді мазмұндау,  «Астана-арман қала» әңгіме жазу. 
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.
Ба алау пара ы.
ғ
ғ
Аты-
ж ні
ө
й
Ү  
тапсырмасы
1-тапсырма
2-
тапсырма
3-
тапсырма
4-
тапсырма
5-
тапсырма
Си ырлы
қ
 
санды
қ
   
Клышбаева Нургуль  Халеловна Учитель русского языка и литературы
КГУ « Средняя школа имени А. Байсалбаева
с дошкольным мини-центром». Карасайского района
Русский  язык  6 класс
 Тема урока: Разноуровневые  задания /повторение и закрепление/. Текст «Пусть всегда будет солнце!» стр.80.
Цели урока: 
образовательные
путем повторения правил и выполнения заданий, закрепить, организация деятельности учащихся по обобщению знаний и 
способов деятельности
развивающие
развитие аналитических умений и самостоятельной деятельности учащихся, развивать устную  и письменную речь, 
выразительное чтение, логическое мышление 
воспитательные
осуществить в учащихся нравственных и общечеловеческих ценностей, последовательность в работе, аккуратность в письме
Тип урока
Обобщение и систематизация знаний и способов деятельности
Метод урока
репродуктивный, частично-поисковый;
68

Приемы аргументировать, рассуждать, находить, выделить, подчеркнуть;
Форма организации урока
Практическое занятие
Дидактическое обеспечение урока
Таблица «Падежи имен существительных», слайды с заданиями: І уровень, ІІ уровень, ІІІ уровень, тестовый 
материал, анаграмма, игры, графопроектор, Текст «Пусть всегда будет солнце!» стр.80.
Ход урока
І. Организационный момент.
а/ поздороваться с учениками;
б/ проверить посещаемость учащихся;
в/ проверить готовность класса к уроку /учебные принадлежности/
 
ІІ. Проверка домашнего задания
а/ ученики называют цели и задачи домашнего задания;
б/ работу учащихся проверяют лидеры подгрупп;
Пока лидеры провереряют д/з, дети рассказывают правило.
ІІІ. Актуализация опорных знаний
Дидактическая игра /слайды/
Сейчас   я  вам  предлагаю  дидактическую  игру «ДА-НЕТ».   Я  буду читать вам  утверждения,  а  после  прочтения  каждого  
утверждения   либо   согласитесь   с   ним   и   ответите   «ДА»,   либо   не   согласитесь   и   напишите   «НЕТ».   Затем   по   ключу  мы  
проверим, насколько хорошо вы усвоили материал предыдущих уроков.
ключ
1
2
3
4
5
баллы
нет
да
да
нет
нет
1.
Изменение окончаний существительных по вопросам называется изменением по падежам или спряжением.
2.
П.п. отечает на вопросы о ком? О чем?
3.
Слово к Родине  стоит в Д.п.
4.
–ом, -ем окончания Р.п.
5.
В русском языке 7 падежей 
Теперь поменяйтесь вашими вашими тетрадями с соседом и проверьте работу по ключу. /ключ на экране/ В оценочный лист 
выстаьте баллы за эту работу. За работу, где нет ни одной ошибки поставьте – 5, за одну-две ошибки – 4, если допущено  
более 2-х ошибок, поставьте 3.
І . 
Ү Обобщение и систематизация знаний 
* Работа с учебником   Текст «Пусть всегда будет солнце!» стр.80.
Задания к тексту:
9)
Выразительное чтение текста учащимися /1,2 группа по одному ученику/
10)
Вопросы: 
1. почему текст так называется?
2. соответствует ли содержание текста названию?
3. как сделать, чтобы обе половинки соединились?
4. что бы вы посоветовали этому мальчику?
5. В каком предложении раскрывается основная мысль текста?  /в последнем/

Уровневые задания по группам. Стр. 81-82
ІІІ уровень
Упр. 7-8, 3
ІІ уровень /слайды/  Упр. 5-6, 3
І уровень  
Упр.2, 3, 4
. Контроль и самопроверка знаний
Ү

Тест соответсвия: /таблица/
В.п.
кого? чего?
И.п.
кому? чему?
Д.п.
кем? чем?
П.п.
кто? что?
Р.п.
кого? что?
Т.п.
о ком? о чем?
Попрошу   детей   показать   только   жестами   и   мимикой   «как 
прошло занятие?»

Анаграмма /слайды/
Вам будут предложены слова. Необходимо переставить буквы 
так, чтобы получилось слово, связанное с русским языком и 
темой   сегоднешнего   урока.   Выигрывает   тот,   кто   угадает 
больше слов.
7.
гаммаратик/грамматика/
8.
волос/слово/
9.
ежидап/падежи/
10.
спорво/вопрос/
11.
ток /кто/
І
Ү . Этап коррекции
Образовательные задачи этапа
69

1. Скорректировать выявленные проблемы в занятиях и способах действий учащихся.
Содержание этапа
1. Организация деятельности учащихся по коррекции своих выявленных недостатков.
Показатели выполнения образовательных задач
1. Динамика перехода учащихся с одного уровня на другой.
Выборочно на графопроектере проверяем вместе с учениками классную работу /уровневые задания/, дети находят 
ошибки и отвечают на вопросы. 
ІІ.Этап информации о домашнем задании
Ү

Повторить правило о падежах имен существительных.

Просклонять следующие существительные: поведение, половинка, человек

Составить анаграмму на тему: «спорт» /10 и более слов/
ІІІ. Подведение итогов занятий
Ү
Даю качественную оценку работы класса и отдельных учеников.
І . Этап рефлексии  
Ү
- игра «Кто больше составит слов-существительных?» 
государство
               
 
 Казахстан
 
 
суд
казах
состав
хан
дар
заказ и т.д.
* * * * *
«ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ СҰРАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ»
Г.С. Мейрбекова. Балқаш қаласының білім бөлімі, әдіскер
 «Оқытудағы жаңа тәсілдер» модулін таңдаған себебіміз – мұғалімдерге диалогтік оқытудың тиімділігін 
көрсете   білу.     Бұл   тақырыптың   біздің   жұмысымызға   маңыздылығы   әріптестеріміздің     сабақтарында 
диалогтік оқытуды дамытудағы түрткі, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сұрақтарының маңызы орасан 
зор   екеніне   ықпал   ету.     Осы   мәселені   ескеріп   оқушылардан   сабақта   мұғалім   қоятын   сұрақтардың  
қаншалықты маңыздылығы бар екенін білу үшін сауалнама жүргізуді ойластыруды көздеп отырмын. 
     Оқыту мен оқудағы 7 модульмен таныса келе диалогтік оқытуды дамытудағы сұрақтардың маңызы зор 
екеніне көз жеткіздім. Жұмысым нәтижесінде әрісптестерім мұғалімнің оқушыға қоятын сұрақтарының 
маңыздылығы жайында ойлары анықталады. Сол себепті бұл тақырыпты алудағы ұстанымым әдіскер ретінде мұғалімдерге  
ашық және жабық сұрақ түрлерінің мәнін және мағынасын ажырату болып табылады. 
            Іс-әрекетті зерттеудегі мaқсaтым - сaбaқтa мұғалімдерге түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сұрақтарын  
қойдыра   отыpып,   оқyшылapдың   сөйлеy   мәдениетiн,   оқушы   шығармашылығын   дaмытyға   ықпал   ету.   Жұмысымның 
нәтижесiн көpy үшiн төменде көрсетілген мiндеттеpдi оpындay кеpек деп шештiм:
1.
Оқыту үдерісінде диалогтік оқытуды қолданудың теориясымен танысу;
2.
Диалогтік оқытудағы қойылатын сұрақтардың маңыздылығы;
3.
Ашық және жабық сұрақтың құрылу жолдарын анықтау;
4.
Оқу үдерісінде диалогтік оқытуды енгізу;
5.
Ұстаздарды   ынтымaқтaсқaн   және   бipлескен   топтapдa   жұмыс   жaсayғa   дaғдылaндыpy   (шығармашылық 
топтар құру); 
6.
Деңгейлік курстан өткен ұстаздарға тәлімалушымен жұмыс түрлерін белсенді жүргізуге ықпал ету.
   Осы міндеттерді атқару барысында күтілетін нәтиже келесідей болмақ:
1.
Диалогтік оқытудағы ашық сұрақтардың мәнін түсінеді;
2.
Ашық және жабық сұрақтардың құрылу жолын біледі;
3.
Мұғалім мен әдіскер арасында кері байланыс орнайды;
4.
Мұғалімдердің кәсіби талқылау мүмкіндіктері қалыптасады;
5.
Сөйлесiм әpекетiнiң түpлеpiне сaй  мұғалімдер диaлогқa түседi;
6.
Мұғалім   оқушыға   қойып   отырған   сұрақтың   құрылымына   назар   аударуға 
икемделеді.
Теориялық білім базасында топта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» үлгісінде болғаны анықталды. Бұл 
модель әңгімеге бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді»   деп  
Мерсер   айтқан   болатын.   Бұл   сұрақтардың   түрі   оқушы   ойын   жетелемейтін,   тиімді   емес   сұрақтар   екенін   практикада 
барысында   айғақталып   жүр.   Сұрақ   қою   маңызды   дағдылардың   бірі   болып   табылғандықтан,   оқушылардың   тақырыпты 
түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі   сұрақтардың тиімді екенін білдік. 
                         Түрткі болу:  түрткі болуға арналған сұрақтар біріншіден жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге 
көмектесу үшін қажет;        
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз 
идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет;
           Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?».  Осы зерттеу 
мазмұнды басшылыққа алып, тәжірибеден өткізуге тырысамын. Ол үшін өзіме «түрткі, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау 
сұрақтарын қоя отырып оқушы тілін диалогтік оқытуда мұғалім қалай әсер ету керек ?» деген іс-әрекетті зерттеудегі зерттеу 
сұрағын қоюға болады. 
        Әрине, бірінші қатысқан мұғалім бойында қорқыныш, сасу сезімі болады, бірақ деңгейлік курстан өткен әріптестерін  
осы арада көмекке шақырамыз.
70


Осы семинарларда мұғалімдерге жоғары дәрежелі сұрақтар қоюдың маңыздылығын үйретемін;

Ұстаздарды бірінің-бірі ойын тыңдап, ортақ шешімге келе білуге қалыптастырамын.
 
Осы арада мұғалімдерге өткізілетін семинар, дөңгелек үстел барысында дәстүpлi оқытyға қарағанда сындapлы 
(констpyктивтi) стилiнiң aйыpмaшылығын айта кеткен жөн. Констpyктивтi оқытy әдiсi бaлaның өздiгiнен оқып үйpенyге, 
өзiн-өзi pеттеyге, жayaпкеpшiлiктi сезiнyге, әрі  мұғaлiм тapaпынaн бaлaны оқyғa қызықтыpып, оқyшының шынaйы бaғaсын  
беpyдi көздейтініне басты назар аудару болып табылады. Ең бaстысы, мұғалім оқyшыны сыни тұpғыдaн ойлayғa үйpетедi. 
Мұғалімдерге   осы  уақытқа  дейін  бaлaлapғa  жaбық   (ия,   жоқ)  сұpaқтap  қойып,   оқушылардың  ойын  дaмытпaғaнын,  оған 
шектеу жасаанын  айта  кетіп,    осыны ескеpе  отыpып  сыни  тұpғыдaн ойлaндыpaтын тaпсыpмaлap  мен  сұpaқтapды   көп 
пaйдaлaнуға   шақырамыз.   Осыдан   барып,   мұғалімнің   кәсіби   деңгейі   дамиды,   ынтымақтастық   қарым-қатынаста   біріккен  
ұжымдық жұмыс жасауға қалыптасады. Сонымен қатар сыныпта формативті бағалаудың негізі қалыптасты.
Мұғалімді оқушысыз елестету мүмкін емес. Осы енгізіліп жатқан жаңашылдықтағы мұғалімнің қызметі оқушыға  
жаңаша көзқарас қалыптастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлай алатын, ашық сұраққа толық жауап беретін, ашық пен жабық 
сұрақтың ара жігін ажырата алатын тұлға қалытастыру болып табылады деп ойлаймын.  Оқуды дамытудағы сұрақтардың 
маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

Оқушылардың шынай қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

Оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;

Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
          Осы түйгенімді қорытындылай келе, болашаққа төменде көрсетілгендей болжам жасаймыз:
8.
Ұстаздармен ынтымақтасқан ортада коучинг және шеберлік сабақтарын өткіземін;
9.
Диалогтік оқытудың деңгейлік бағдарламада белгіленген басқа әдіс-тәсілдерін жұмыс тәжірибеме енгіземін;
10.
 Сұрақтар қою дағдысын балалардың меңгеруіне қол жеткізуі үшін мұғалімдермен жұмыс атқарамын; 
11.
Диалогтік оқытуға арналған ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа алып, мәлімет қорын жинақтаймын;
12.
 Зерттеу әдіс-тәсілдерін тереңірек меңгеруге күш саламын.
           Болашақта осы мәселелерді жүзеге асыру барысында жоспарлы жұмысты жүзеге асыру үшін аянбай  еңбектенемін.
 Әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.  Екінші  (орта) деңгей. Үшінші  басылым  (2014)     Астана«Назарбаев Зияткерлік  
мектебі» ДДБҰ

Мұғалімге арналған үлестірмелі материалдар (ресурс парақтары)  Екінші  (орта) деңгей. Үшінші басылым. (2014) 
* * * * *
Маңғыстау облысы  Қарақия ауданы  «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:   Қощанова К. Ж.
Сабақ: Тіл дамыту.  Тақырыбы: «Қайдан келдің ,бауырсақ?».
Мақсаты: Балаларға нан-ас атасы екендігі туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе 
отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубайхана -нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адам; 
қырман-астықты жинайтын орын.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.
Әдіс-тәсілдер; түсіндіру, қимыл - жаттығуларды көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын.түсіндіру,оқу, әңгімелеу, 
жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Мотиациялық қозғаушы. 
 - Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылды.
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
Құрметті қонақтар!
Жұмбақ шешу:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан-Балалар бүгін біз сендермен 
«Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.
-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.
-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.
-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.
- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».
-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.
-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы 
тышқанға бидайды үгітіп 
беруін сұрайды.
-Ал тышқан болса мен үгіте 
алмаймын дейді. 
-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.
71

-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.
-Илеген қамырдан енді бауырсақ пісір дейді- тышқанға.
-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы дейді
-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пісіреді.
-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді дейді?
-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.
-Сонда тауық:
-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пісіруге де ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарының тіленбей,- 
дейді де  тышқанды үйінен қуып шығады.
-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.
-Балалар ертегі ұнады ма?
- Ия.
-Ертегіде  не туралы айтылған?-
 «бауырсақ»туралы.
- дұрыс
-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.
         Дастарханда шашылып, 
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап;
-Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
Дүкенге келдің қай жақтан? 
-Наубайдан келдім нан жапқан. 
 -Наубайға келдің қай жақтан?
  -Диірменнен келдім ұн тартқан
-Диірменге келдім кең жақтан
Жер- анам менің көсілген,
                        Диқандар мені өсірген. 
Балалар өлең не туралы айтылған?
-Бауырсақ
-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?
-Дүкеннен
-«Дүкенге қалай келеді»?
-Наубайдан.
-«Наубайға қайдан келеді?»
-Диірменнен
-«Диірменге қайдан келеді?»
-Диқаннан
-Дұрыс балалар.
Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын қалай  пісіреді?
-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді.- Дұрыс. 
Сергіту сәті: 
Нәйім-нәйім, бауырсақ!
Ағын суға шомылсақ!
Жаман бала - ойынсақ!
Жақсы бала - малсақ!
Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға 
үйрету.
Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды 
ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.
-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.
-Сендердің алдарыңда  сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.
Өте жақсы балалар дұрыс.
Сөйлем құрай алдыңдар.
-Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?
-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр
-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.
-Дұрыс қазан
-Қазан не үшін керек?
-Жақсы  бауырсақ пісіру үшін
-Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
-Қандай өлеңді тыңдадыңдар?
-«Қайдан келдің бауырсақ?»
-Өте дұрыс
-Ойынды да ынталы  ойнадыңдар.
Қорытынды: Балалар, біз бүгін жазушы Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстық. Нан 
дастарханға оңайлықпен келмейтінін білдік. Көптеген адамның еңбегі арқылы келетінін түсіндік. «Нан-қасиетті тағам», 
«Нан болса, ән де болады». Дастарханымызда нан тағамдары көп болсын. Диқаншылар еңбегін құрметтейік балалар.
 Сабақ аяқталды.
72

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің 
№1 орта мектебі» КММ.  Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі 
Мадениет Гулжаухар
Сынып: 5 «Б»    Пән: өзін-өзі тану   Сабақтың тақырыбы:    Адам мінезімен танылады
Мақсаты: адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
.Жақсы-жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету; 
  Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету. 
Күтілетін нәтиже: 
1   Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып,өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы 
керектігін біледі..
 2. Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп,өз мінезін жетілдіре алатынын түсінеді.
Сабақт
ың 
кезеңде
рі, 
уақыты
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
І 
кіріспе
1 минут
Мұғалім мен 
оқушы 
арасындағы кері 
байланыс. 
Психологиялық 
ахуал 
қалыптастыру. 
Оқушылармен амандасу. 
Сыныпта жағымды эмоция 
қалыптастыруда мақсатында 
«Жарнама» стратегиясын 
қолдану. Бір оқушыны 
ортаға шығарып, артына 
сурет жасыру. 
Амандасу.Ал оқушы 
бейнелеген суретті көрмей, 
оны жарнамалап, сатуға 
тырысу керек. Қалған 
топтағы оқушылар бұл 
заттың қандай пайдасы бар 
екені туралы сұрақтар қояды.
Нәтиже: көңіл-күйлері 
көтеріліп, сабаққа деген 
қызығушылықтары артады.
Ауызша 
кері 
байланыс, 
А4 
форматынд
ағы сурет
ІІ 
тұсауке
сер
6 минут
Оқушыларды 
топқа бөлу. 
Адамның мінез-
құлқына 
байланысты  топқа 
бөлу
Үй жұмысын 
тексеру, бекіту. 
«Конверт сұрақ» 
стратегиясы
«Холерик», «Сангвинник», 
«Меланхолик». 
Проблемалық сұрақтар қою.
Мінез дегеніміз не ?
Адамның мінезі қайда және 
қалай танылады ?
Мінез-құлық адамдардың 
қарым-қатынасына әсер ете 
ме ?
 Қалайша ?
Адам өз мінезін өзгерте ала 
ма ? Қалай ?
Өздерінің алған 
парақшалары бойыншы қай 
топтың
өкілдері екенін табу арқылы 
өз орындарына отырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап 
беріп, ойларын ортаға 
салады, ой бөліседі, 
пікірлерін ортаға сала 
отырып дәлелдейді.
Әр 
оқушының 
жауабын 
сыныптаст
ары 
пікірлерін 
білдіру 
арқылы 
бағалайды. 
мадақтау
парақшала
р
Негізгі 
бөлім
28 
минут
«Сандық бейне». 
Дарынды 
оқушымен жұмыс. 
А деңгейлі 
оқушының 
тұжырымдама 
таныстырылымын 
қорғау. 
Оқушыларға сұрақ 
қоя 
отырып,сабақтың 
тақырыбын, 
мақсатын ашу.
Дарынды оқушының сөз 
саптау, дәлелді сөйлеу, 
келтіріліген мәліметтердің 
нақтылығын қадағалайды.
Түсінгендерін ортаға салады.
Таныстырылымын қорғап, 
жинақтаған мәліметтерімен 
тың жаңалықтарымен 
бөліседі.
Өзін-өзі 
бағалау 
парақшасы
н ұсыну
Презентац
ияинтербе
лсенді 
тақта
«Мағынаны тану»
Кітаппен жұмыс. 
«Ойлан-жұптас-
бөліс» 
стратегиясы 
арқылы 
шығарманың 
мәтінін бөліп 
алып, алдымен өзі 
одан кейін жұпта, 
топта талқылайды.
АВС деңгейлі оқушылардың 
оқудағы іс-әрекетін, ЖАДА-
ң жүзеге асу-аспауын 
бақылайды.  Барлық 
оқушылардың оқу үрдісіне 
тартылуын қадағалайды.
Төрт топ берілген мәтіндер 
бойынша оқып, мазмұнын 
құрдастарына түсіндіреді.
«бас 
бармақ»
оқулық
73

Тыныштық сәті. 
«Нұрға бөлену»
Музыкамен байланыс
Тыныштық сәтінен алған 
әсерлерін ортаға салады.
Интербелс
енді тақта, 
видеролик
«Шешімін тап» 
стратегиясы. 
Интербелсенді 
тақтамен жұмыс. 
Жаңа сабақтың 
мазмұнын аша 
түсу мақсатында 
мәтін құрылысына 
талдау жасау.
 Сюжеттік құрылыс 
бойынша тапсырманы ашу
 ( шығарманың басталуы, 
дамуы, шиеленісуі, 
шарықтау шегі, шешімі)
Қаламның көмегімен 
берілген тапсырманы 
интербелсенді тақтаға жазып 
шығады.
Постермен жұмыс. 
Сұрақтарға берген 
жауаптарын 
басшылыққа ала 
отырып,екі балаға 
мінездеме береді.
 Бұл мінездемелерді 
салыстырып,жақсы-жаман 
мінездің адами қарым-
қатынаста алатын орнын 
анықтауға болады деген 
тұжырым жасауға болады. 
Флипчарт, маркер, түрлі-
түсті қарындаш, стикерлер 
көмегімен ойларын суретпен 
бейнелеп, араларынан спикер 
сайлап, топ алдында 
қорғайды.
  Тапсырманы 
орындағанннан кейін әр топ 
смайликтерді таңдап, өз 
көңіл-күйлерін білдіреді
«Көңілді 
смайликте
р»
смайликте
р
Сабақты бекіту.)
Оқушыларға не білдім? Не 
білгім келеді? Мен үшін 
жаңалық? Мен білмеймін? 
сұрақтары жазылған кестені 
таратып беру,ойларын 
тыңдау.
Бүгінгі сабақтан алған 
білімдерін ортаға салып, 
жинақтайды.
Ауызша 
кері 
байланыс
Қорыты
нды. 
10 
минут
Рефлексия. 
Э.Бононың 
«Ақылдың алты 
қалпағы» 
стратегиясы
Оқушыларға қалпақтарды 
таратып беріп, атқаратын 
қызметтері жайлы бағыт 
береді
Ақ қалпақ. Тек фактілер!
Қара қалпақ. Сары қалпаққа 
қарама-қайшы.Ненің қиын, 
түсініксіз, мәселе тудыратын, 
негативті екенің анықтап 
және себебін түсіндіреді. 
Қызыл қалпақ. Бұл 
сезімталдық қалпағы. Өзінің 
өзгеріс көніл-күйімен бөлісу
Көк қалпақ. Бұл 
философиялық , пысықтау 
қалпағы. Көк арнадағылар 
өзге қалпақтардың 
айтқандарын талдап, 
пысықтап, қорытынды 
шығарады.
Тамаша! 
Жарайсың
!
Түрлі-түсті 
қалпақтар
Бағалау
Оқушыларды бағалау
Топтар бір-бірін ауызша 
бағалап, жетістіктері мен 
кемшіліктері жайлы айтып 
бағалайды.
Топтық 
бағалау
Қорытынды
Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
Мұхаммед Бабырдың
Әрқашанда таза болсын ар - 
ожданың, жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ 
болар білемін.
Зорлық қылсақ өзгелерге - 
өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, 
қорлықпенен өлерсің -, 
дегендей әрқашанда 
қатыгездіктен аулақ 
болайық!
Үйге тапсырма. 
Шығарманы 
оқып,талдап келу
Үй тапсырмасын беру
Күнделіктеріне түртіп алады
күнделік
74

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің 
№1 орта мектебі» КММ  Бастауыш сынып мұғалімі  Маждай Алма
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі (жуан айтылатын сөздер)
Сабақтың мақсаты:Малдың төлін сүюі туралы жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.Ойлау, есте сақтау, сауатты 
жазу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың түрі: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ – жауап, ой қозғау стратегиясы, семантикалық карта,             
                             ізденушілік, ойыншықтар дүкені.
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бөрте лақ» өлеңді жатқа айту. «Ешкі» мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айтқызу.
Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
    39 – жаттығу    Өзіндік жұмыс
24.
Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар.
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
25.
Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?
 Психологиялық  тренинг
Көзге елестету:
Көктем мезгілі. Күн жылынды. Қар еріп, өзенде су ағып жатыр. Өзеннен өту үшін көпір орналасқан. Бір кезде екі лақ 
көпірдің үстінде кездесті. Сен жол бер, жоқ сен жол бер деп ерегеседі. Сол кезде екеуі де суға құлап түсті.
40 – жаттығу. Өлеңді оқыңдар.
Ешкі маған түбітін береді,  –
Қолғап кидім.
Қой маған жүнін береді,  – 
Қалпақ кидім.
Ойыншықтар дүкені.
Ой қозғау   Сендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді?
Мағынаны тану
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «ботам!» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
Сергіту сәті: (Қара жорға)
    Пысықтау.
                                     Оқулықпен жұмыс.                              Семантикалық карта
Қоңырым
момыным
Торпағым
қорқағым
Боташым
тоташым
Лағым
шұнағым
Құлыным
жұрыным
Түйе 
Жылқы
Сиыр
Қой 
Ешкі 
Қорытындылау.«Енесін тап» ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға үй жануарлары олардың пайдасы туралы түсінік беру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері.
Ойын шарты: мұғалім балаларға үй жануарларының суреттерін таратып береді. Суретті алған бала оның төлін және оны 
қалай шақыратынын айтып беруі тиіс. Мысалы: сиырдың суретін алған бала оның төлі бұзау, бұзауды « мө – мө » деп 
шақырады дейді. Ал ешкінің суретін алған бала оның төлі лақ, лақты «шөре – шөре » деп шақырады дейді. Дұрыс 
қателеспей атаған балалар жеңіске жетіп мадақталады.
Үй тапсырмасы: «Малды құрметтеу» тыйым сөздер.
Оқушыларды мадақтап бағалау.
75

БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка  кентінің
 №1 орта мектебі» КММ Маждай Гулмариа 
Бастауыш сынып  мұғалімі
Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, 
ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі 
түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек. Соңғы 
уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген 
зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті 
нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары 
жасалуы әзірленуде. 
Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами 
және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты 
нәтижелер бағалана алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың 
балдық – жинақтау жүйесі болып табылады.
Бағалау
Балдық Рейтингілік 
Балдық жинақтау жүйесі 
Білім алушының оқу іс - әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік – бағдарланған 
шкала нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін 
анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.
•Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі 
білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс - әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын 
жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс - әрекеттерінен күтілетін 
нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
•Өз жетістіктерін бағалау - өзін - өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және 
оларды жоюдың жолдарын табу, сондай – ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс 
- әрекеттерінің нәтижелерін алдын - ала өзіндік бақылауы. 
•Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт ралығында жинақталған балдардың 
қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, 
дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының 
жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата – 
аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын 
тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен 
бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес 
номалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі 
бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. 
                                                                                                     Александер, 2001 
 Бағалау - білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған 
қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен 
шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-
өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау 
дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық 
құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.
Портфолио арқылы бағалау
Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай 
алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.
Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін 
жұмыстарының жиынтығы. Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да 
қатысқаны дұрыс. Мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:
- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс
- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс.
 Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі. Әрбір оқу пәні 
бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ 
білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы 
анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді 
қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Өзін - өзі бағалау
Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды 
міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі 
бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды 
осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік 
бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
76

Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық 
қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі 
жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде 
оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік 
әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан 
алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді 
анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, 
қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы 
Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім 
және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің 
нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да. Іс жүзінде бір мәнге 
ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты 
оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін 
бағалау арасында жүргізіледі.
 Оқыту үшін бағалау –білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай 
мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Оқушылардың 
деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға 
болмайтындығына назар аударту. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және 
мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. 
Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері 
байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және 
ықыласпен әрекет етуді қажет ету.
Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы 
бағалаудың бірнеше түрін қолданамын.Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай 
түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір-бірін «Екі 
жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау 
арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың 
алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Ал оның 
сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым. Бұл – 
оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген 
сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда 
өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін,қандай сұрағы 
бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. ББҮ сызбасын оқушылардың толтыруын ұсындым. Осы 
арқылы олардың автор жөнінде не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма секілді 
нәрселерге баса назар аудардым. 
 Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу 
бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. 
Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып 
келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты 
қамтамасыз етуі керек.
Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені 
оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті 
сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – 
аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз 
етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне 
қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.
Бағалау  арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын 
көрсетеді:
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде 
білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі.
     
  Жалпы қорыта айтқанда, бағалауды  сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін 
арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты 
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы 
артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан 
олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. 
77

Алматы облысы Жамбыл ауданы
               «Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО» кмм 
Химия-биология пәні мұғалімі Максутова Гулзад Ибраимбаевна
Саб №63                               10 сынып (биология)
04.05.2015 ж
Сабақтың тақырыбы:  Өсімдіктер және жануарлар селекциясы.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы генетикалық негіздері туралыбіледі, 
олардың маңызына қызметі ажырата алады.
Күтілетін нәтиже:
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы генетикалық негіздері және олардың маңыздылығын, генетика мен селекцияның 
өзара байланыстарын көрсете алады.  Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру 
кезеңі
Сыныппен амандасу.  
Топқа бөлу
ІІ. Білу 
Алтын балық.
Шарты: топ жетекшілері тақтаға шығып екі сұрақ қойылады, сол сұраққа 1-ші жауап берген оқушыға 
алтын балық беріледі. Алтын балықтың сиқыры ойналады.
1. Жасанды немесе индукциялы мутагенез дегеніміз не?
2. Радиациялық және химиялық мутагенез дегеніміз не?
ІІІ. Түсіну
І топ. «Жас  ыран»
қ
1. Қай ғалым, қай жылы радий сәулелерімен әсер ету арқылы саңырауқұлақтардың жаңа 
мутантты формаларын алды? (1925 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов 
дәлелдеді)
2. Дж. Стадлер қай жылы, қай өсімдікке тәжірибе жүргізді.(1928 жылы жүгері өсімдігінен 
рентген сәулесінің мутагендік әсерін байқады)
3. Формальдегид пен этилениминнің мутагендік қасиетін анықтаған ғалым?(орыс генетигі 
И.А.Рапопорт)
4. Полиплоидия дегеніміз не? (жасанды жолмен хромосома сандарын арттыру арқылы мәдени 
өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандарын шығару)
5. Қырыққабатпен тұрыпқа тәжірибе жүргізген ғалым? (1924 жылы орыс ғалымы 
Г.Д.Карпеченко)
6. Автополиплоидия дегеніміз не? (бұл бір түрге жататын организмдердің хромосома санының 
еселеніп артуы)
7. Н. В. Цициннің жүргізген тәжірибесі қандай? (бидай мен көпжылдық  арамшөп-бидайықты 
будандастырып, дәнді дақылдардың бағалы сорттарын шығарған.)
ІІ топ «Жас т лпар»
ұ
1. Полиплоидия нешеге бөлінеді? (екіге: автополиплоидия және аллополиплоидия)
2. Дж. Миллер қай жылы дрозофила шыбынынан мутацияны анықтады? (1927 жылы)
3. Қыша газының мутагендік әсерін анықтаған қай ғалым? (1946 жылы неміс ғалымдары 
Ш.Ауэрбах пен Д.Рабсон)
4. 1932 ж В. В. Сахаров қандай тәжірибе жасады.(орыс генетигі дрозофила шыбынының аналық 
жыныс жасушаларын йодты калидің 10%-дық ерітіндісімен өңдегенде, оның мутация 
тудыратындығын аңықтады)
5. Аллополиплоидия дегеніміз не? (әр түрге жататын организмдердің хромосомалар жиынтығының 
бірігуі нәтижесінде пайда болады)
6. Қазіргі кезде қанша мутагендік қосылыс бар? (500-ден астам)
7. Химиялық мутагендерді ата? (гендік мутациялар)
ІV.  Қолдану
Өсімдіктер селекциясы
Жануарлар селекциясы
V. Талдау  
Венн 
диаграммасы
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясын салыстыру
VI. Жинақтау
І топ. «Жас қыран»
«Қазақстанның қол жеткен табыстары»
ІІ топ «Жас тұлпар»
«Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері»
VII. Қорытынды
Бағалау 
1. Жануарларға тән көбею түрі?
А) жыныссыз
Ә) жынысты
Б)вегетативті
2. Өсімдіктер селекциясына қарағанда жануарлар селекциясында сирек қолданылатын әдіс?
А) жасанды сұрыптау
Ә) гетерозис
Б) жеке сұрыптау
В) жаппай сұрыптау
3. Өсімдіктер және жануарлар селекциясында қолданатын әдістер?
А) ата-ана белгілерінің сапасы
78

Ә) будандастыру
Б) полиплоидия
В) өздігінен тозаңдану
4. Жануарлар селекциясында әдетте қолданылмайтын әдіс?
А) будандастыру
Ә) жеке сұрыптау
Б) жаппай сұрыптау
В) полиплоидия
5. Арқар - меринос қойының қолтұқымын шығарған ғалымдар?
А) Н.С. Бутарин, А.Е. Есенжолов, А.И. Жандеркин
Ә) Б.М. Мусин, Н.З.Ғалиакбаров, А.Е. Есенжолов
Б) Ю.Н. Барминцев, С.С. Рзабаев, Н.С. Бутарин
Тест жауаптары
1.Ә
2.Ә
3.Ә
4.В
5.А
Оқушыларды бағалау -топ мүшелерінің бір-бірін бағалауға сүйене отырып,мұғалім бағалайды.
VIII. Үй 
тапсырмасына 
нұсқау беру
§ 63 оқу.  В-С тапсырмалар
Карагандинская  облысы, Жанааркинский район
 общеобразовательная школа №132 
Учитель начальных  классов
Малахова   Мария  Владимировна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет