Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

V.Сергіту сәті:
«Көңілді күн» 
Қыздардың берген тапсырмаларын орындадық,ендігі кезекте мысық кімге барады?
-Иә дүкенші апайға барады. Ал дүкенші апай мысыққа қандай тапсырма дайындап қойған екен?
Соны орындап көрейік.
 Дүкеншінің тапсырмасы
 Қайсысы есеп ?Есепті шығар.                              Аулада 5 тауық және одан 2-еуі артық балапан жүр.
5 пен 2 сандарының                                                 Аулада неше балапан жүр?
 қосындысының мәні неге тең?                              -Бұл есеп пе?
-Бұл есеп пе?                                                              -есеп
 Есеп емес,себебі шарты жоқ                                      (шарты,сұрағы,шешуі,жауабы бар)             
Тауық-5                                                   Ш:5+2=7
Балапан-? 2-еуі артық                            Ж: 7 балапан бвар.
Өте жақсы дүкеншінің де тапсырмасын орындадық.Енді мысық қайда барады?
Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар ,дүкенші апай мысыққа жұмыртқа алып кел,-деді.Ал жұмыртқаны неге барып сұрайды? (тауыққа)
Сонымен тауық мысыққа қандай тапсырма дайындаған екен,көрелік.
 VI .Тауықтың тапсырмасы (активойтпен ) жұмыс
Тест жұмысы
1.Санды өрнекті тап
А.а-4
В.6+4
2.Әріпті өрнекті тап
А.с-5
В.5+5
3.Тура теңдікті тап
А.5=4
В. 9=9
VII. «Көбелектер аула» ойыны. Балалар,сенднр білесіңдер тауық жұмыртқа беру үшін оған не керек? (тары,бидай)
Мысық бидай іздеп келе жатқанда алдынан не шығады?
Тышқан. Тышқан қандай тапсырма берер екен?
Тышқанның тапсырмасы. №5 Қай үйде тұрады?
57

 Санды өрнек 3+3  Әріпті өрнек
                        4-а
                        6+с
                        5+5
Өрнектерді тиісті үйлерге апарып орналастырады. Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол 
сұқпа,үлкендердің тілін ал,әдепті болып жүр,-деп ақылын айтып екеуі дос болыпты.
-Ал біз қандай болуымыз керек?
-Біз де әдепті ,алған затымызды уақытында қайтаратын,үлкенді сыйлайтын адал болайық. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп 
бекер айтылмаған
VIII. Рефлексия
       -Сабақ ұнады ма?
       -Ертегідегі кейіпкерлердің тапсырмалары қиын болды ма?
     -Қандай өрнектермен таныстық?
     -Әріпті өрнекпен есеп шығара аламыз ба?
     -Әріпті өрнек пен санды өрнектің арасында айырмашылық бар ма?
   IX.Үйге тапсырма : №6 ,170 бет
   X.Бағалау : Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын және мысықтың сыйлықтарын беру.
* * * * *
  Қарағанды  облысы, Жаңаарқа  ауданы «№132  жалпы  орта  білім  беретін  
мектебі» КММ.  Технология , бейнелеу өнері  және сызу 
 пәндерінің  мұғалімі Жаппарова Кулаш Кумашевна
Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме өнерінің жанрлары
Сабақтың мақсаты:  Кескіндеме өнері мен жанрларын оқушыларға жүйелі түрде түсіндіре отырып, меңгерту. Осы жанрға 
сурет салған суретшілердің шығармаларымен таныстыру.  
Дамытушылығы: Көру, ойлау, қызығып жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бейнелі, көркем етіп сурет салуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиелей отырып, сурет салуға баулу. Ұқыптылыққа, 
тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойларын, түсінігін айту,сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видео көрсету, суретшілердің еңбектері бейнеленген кітаптар.
Сабақтың барысы                                                                                                            I. йымдастыру кезе і
Ұ
ң
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жоқ оқушыларды түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
 II. й тапсырмасын тексеру 
Ү
1.Кескіндеме  дегеніміз не? (Кескіндеме-бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі. Кескіндеме өмірдің таңғажайып сырларын, 
өзімізді қоршаған әлемге дұрыс қарап,оның мәнін түсінуге көмектеседі)
2.Қолданылатын орнына, орындалу түрлеріне қарай кескіндеме қалай бөлінеді? (монументтік, сәндік, қондырғылы, 
декорация, миниатюра болып бөлінеді)
3.Кескіндеме өзінің орындалу техникасына, әдіс-тәсілдеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді? (майлы бояу, фреска, 
құрғақ темпера, желім, балауыз және шыңылтыр (эмаль) кескіндемесі болып бірнеше топқа бөлінеді)
4.Қазақстанның атақты суретшісі, кескіндеме өнерінің шебері кім? (Ә.Қастеев)
III. Жа а саба
ң
қ (интерактивті тақта арқылы түсіндіру)
Сабақты бастамас бұрын Ә.Қастеев шығармашылығынан видео көрсету.              Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-
бірінен ажырататын ерекше белгілер. Кескіндеме өнрінде жанрдың бірнеше түрі бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс 
тақырыбы,жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және 
табиғатты бейнелеу (пейзаж). Біз натюрморт, пейзаж және тарихи жанрларды толығырақ меңгереміз. 
    Натюрморт – күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс-жидектер, гүлдер, түз құстары мен теңіз байлығын бейнелейтін 
кескіндеме өнері жанрларының бірі. 
    Суретші натюрморттық жұмыс жасағанда басты назарын бұйымдар мен олардың көркем формаларын бейнелеуге 
жұмылдыра алады. Суретшіні бірде материалды, заттардың фактурасын беру толғандырса, екінші жағдайда пішіндердің 
үйлесімінберу қатты ойландырады. Натюрморт жанрына салынған суретшілердің туындыларымен интерактивті тақта 
арқылы көрсету.                                                                                        Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі 
суретші А.Ғалымбаева «Дастарқан» атты натюрмортында әсерлі берген. Күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары 
қымыз,шақпақ қант пен үгіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан, дастарқан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсындағы аяққап 
бір-бірімен жараса астасып, ел дәулетінің, қазақ дастарқанының бір көрінісі тартымды бейнеленген. Күн сайын көріп 
жүрген қарапайым бұйымдар біздің көз алдымызда бұрын-соңды байқалмай келген өзгеше жарастық тауып тоғысқан.
      Пейзаж – қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған 
ортаны, шыныдық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілер де табиғатты ғажайып, әсем әрі 
шынайы бере білген.(интерактивті тақтадан көрсету).Суретші И.Левитанның «Ағаштар гүлдегенде» шығармасына назар 
салып қараңдаршы. Суретші онда өзінің бақылауын және алған әсерін нағыз табиғилықпен көрсетіп, әр түрлі түс пен 
жарықтың түрлерін шебер пайдаланған. Бұл суретке қарап тұрып, суреттің жазықтық бетінде орындалғанын ұмытамыз да, 
өзімізді кәдімгі бақ ішінде жүргендей сезінеміз.
     Тарихи жанр – маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді, қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған 
бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі. Бұл жанр жойқын шайқастар мен ұрыстарды бейнелегенде соғыс жанрымен 
астасып, көркем туынды дүниеге келеді. 
      Өз шығармашылығын осы тақырыпқа арнаған көптеген суретшілер бар. Атап айтқанда, орыс суретшілерінің ішінде 
И.Репин, В.Суриков, В.Верещагин, қазақ суретшілерінен А.Дүзелханов, Қ.Әжібекұлы және т.б. Осы тақырыпқа салған 
58

суретшілердің туынддыларымен  таныстыру (интерактивті тақтадан).
IV.Сарамандық жұмыс
     Натюрморт саламыз. Әр түрлі заттардың, бұйымдардың тобын бейнелегенде, олардың бір-біріне қатысты мөлшерін 
дұрыс бере білу керек. Ол үшін бұйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.(оқулықтағы 
бейнеленген натюрморт суретін тақтаға салып көрсету)
1.Заттар бір-бірінен алшақ орналасқан
2.Кейбір заттар бір-біріне жақын, кейбірі жекеленіп, оқшау орналасқан                  
Барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған 
Бұл суреттерден бұйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні, көлемі, фактурасында ғана емес, сондай-ақ олардың өзара 
орналасу жағдайына да байланысты екендігін байқаймыз. Сондықтан да сурет салғанда ең алдымен қағазды тік немесе 
көлденең қалпында пайдалану керектігін шешу керек.
V.Сабақты қорытындылау 
Тақтадан суретшілер шығармаларын қарап шығып, олардың кескіндеме өнері жанрының қай түріне жататынын айтып бер.
VI.Бағалау. 
VII.Үйге тапсырма. Мектеп құрал-жабдықтарынан тұратын натюрморт салып келу.
* * * * *
   Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
   «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
   Жексенова Райхан Дарибаевна.   Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 7-сынып.                                                                              
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:      
 а) Оқушыларға сілтеу есімдігінің түрленуі туралы  жан жақты мәлімет беру.           ә)  Есімдіктің морфологиялық 
заңдылықтарын түсіндіре отырып,ұжымдық,деңгейлік  тапсырмалар арқылы оқушылардың  достық,адамгершілік 
қасиеттерін дамыту.  
 б ) Оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандыру,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау,талдау,сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: ұжымдық талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:  
а\ Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,сабаққа қатыстарын журнал бойынша түгелдеу. Сынып іші тазалығына 
көңіл бөлу.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ә\  Үй тапсырмасын пысықтау: Өткен тақырып бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Өткен тақырып 
бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып еске түсіру.
1:Есімдік дегеніміз не?неге оларды орынбасар сөз табы дейміз?
2:Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3: Есімдіктер қалай түрленеді?
Деңгейлік сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.
                                  
           б\   Жаңа сабақты түсіндіру:
Сілтеу  есімдігі нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімше 
тәуелденеді және септеледі. Септелгенде олардың ерекшелігі:
а\ ілік,табыс,шығыс септіктерде түбірдегі -л дыбысы түсіп қалады.
ә\ жатыс септікте түбірдегі –л дыбысы -н-ға айналады.
б\ көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы дәнекері пайда болады.
в\ барыс септік жалғауы соңғы «л»дыбысы түсіп қалған түбірге «ған»түрінде жалғанады.
Оқушыларға жалпы  тапсырма беру: Ауызша мысал келтіру. (бұл,сол,ол)
Топтық жұмыс: Балалар мынау сендерге арналған сый қалта.Осы сый қалта ішінде үш түрлі сөз жазылған парақ бар.Оларда 
«бұл», «сол», «ол»сөздері жазылған. «бұл»деген парақты алғандар бір топ, «сол»деген жазуы бар парақты алғандар екінші 
топ, «ол»жазуын алғандар үшінші топ болып бөлініп отырамыз.Енді  ортамыздағы хат қалтаны ашып ішінде жасырылған 
сұрақтарға жауап береміз.Жауабын алдымыздағы ақ парақ бетіне әрқайсың  өз ойларыңмен жазып шығыңдар.Жәнеде осы 
жазған жауапты топтан екі оқушы қорғап,дәлелдеп шығады. 1-ші топтың сұрағы:   Есімдіктің септелуін мысал арқылы 
дәлелдеу.Екінші топтың сұрағы: Жіктеу есімдіктерінің септелуін жаз.Үшінші топтың сұрағы:сілтеу есімдіктерінің 
тәуелденуін мысал арқылы көрсет,дәлелде.                           
2-тапсырма: Кеспе қағаздармен жұмыс жүргізу.
Білімді бекіту: Оқушыларға өтілген тапсырма бойынша сұрақтар қоямын. Қиын,түсінбеген сұрақтарына жауап 
беріп,түсіндіремін.
а\Сілтеу есімдігі қандай мағына береді?
ә\ Сілтеу есімдігі қалай түрленеді?
б\ септелгендегі ерекшелігі қандай?
Сабақты бекіту:берілген сұрақтарға алынған жауаптар арқылы сабақты бекітемін.
Бағалау: Әр топ басшысы өз тобындағы баланы бағалайды,содан кейін қортынды бағасын қоямын.
Үйге тапсырма: 81-жаттығуды көшіріп жазып,сілтеу есімдіктердің астын сызып,түрленіп тұр ма,түрленбей тұр ма 
дәлелдеңдер.
59

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ 
ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ ДЕМАЛУЫН
 ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы С. Қожанов атындағы 
жалпы орта мектебінің Әлеуметтік педагогы  Жорабеков Лес  Жорабекұлы
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. 
Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу,  
шығармашылық   және   қоғамшылдық   белсенділігін   арттыруға,   балалардың   өзін   өзі   ұйымдастыру 
қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және 
басқа   да   танымдық   қызмет   түрлеріндегі   білім   мен   іскерліктерін   арттыруғаТұрмысы   төмен 
отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы       лагерьлерде демалуын 
ұйыдастыруға  жағдай   жасау.       Жазғы   каникул   балалардың   жылдық   бос   уақытының   айтарлықтай   бөлігін   алады.Ол 
мектептегі  сабақтан гөрі  баланың еркіндікке,  өзі  үшін қызықты істерді  жасау  және  өз  мүдделерінің  еркін  дамуы  үшін  
қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
       Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық  әлеуетін дамытуға,олардың жеке  басына  тән байланыстарын жетілдіру, 
әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс 
жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған 
күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік 
береді.Бұл   кезеңді   жеке   басының   жақсы   жақтарын   ашып   көрсетуге   жағдай   жасауға,балалар   арасында   рухани   және  
эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
    Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ  
оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?
        Жыл   сайын   елімізде   әр   түрлі   үлгідегі   10   мыңнан   астам   лагерлер   жұмыс   істеп,   1   миллионнан   астам   балалар  
демалады.Балалардың   жазғы   кезде   демалуы   үшін   лагерлердің   екі   типі   болады:   мектептегі   және   қала   сыртындағы.Ал 
республикада барлық типтегі 11 мың лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 296 –қала сыртындағы,6-жыл бойы істейтін,85-
санаторий   типіндегі,620-бейіндік,30-скауттық,   130-палаталық   және   10   мыңнан   астам-мектеп   жанындағы 
лагерлер.Сауықтыру ұйымдарында 7 мыңдай педагогтер, оның ішінде 2 мың тәрбиешілер,1,5 жетекшілер жұмыс жасайды.
       Өкінішке орай,көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні  
анық..Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары  
белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толымсыз отбасы  
балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады.Ал жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп 
алаңдамайды,мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.
     Мектеп лагері-белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық  
мәні бар бос уақытты өткізу орны.Лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің  
жоғары   деңгейіне   жақындау   мүмкіндігін   береді.   Оқушылардың   күндізгі   уақытын   өткізуге   арналған   лагерде   олардың  
демалысын   барынша   оңтайлы   өткізуге   барлық   жағдай   жасалған.Балалардың   сауықтыру   лагерлері     балалар   өз 
мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік  
ортаның   бір   бөлігі.Бір   жағынан,   жазғы   лагерь-жасы,   жынысы   және   даму   деңгейі   әр   түрлі   балалардың   бос   уақытын 
ұйымдастыру   формасы,   екінші   жағынан-бұл   сауықтыру,   көркемдік,   техникалық,   әлеуметтік   шығармашылықты   дамыту 
кеңістігі.Жыл   сайын   оқушылар   үшін   күндізгі   уақыттағы   сауықтыру   лагері   жұмыс   жасайды.Онда   бастауыш   сынып 
оқушылары ,оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.
      Жазғы сауықтыру маусымында балалар лагерьлерінің қабылдау дайындығын, өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналақ  
талаптардың бақылауы мен сақталуын қамтамасыз етіледі. 
Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлаумақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.
Каникул-тек демалыс уақыты ғана болатын үлкен әлем.Балалардың жазғы демалысын өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін 
мынандай   шаралар   жүзеге   асырылуы   тиіс.   Атап   айтқанда,   ең   әуелі,   балалар   мен   жасөспірімдердің   жаз   мезгіліндегі 
демалысын өткізу, денсаулығын түзеу, еңбекпен қамту..
    Сондай-ақ   балалар   лагерьлерін   пайдалануға   қабылдау  дайындығы,   барлық   қала   сыртындағы   лагерьлер   мен   демалыс 
аймақтарын есепке алу, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялары бар лагерлерге қамту, ата-
аналарының   қамқорлығынсыз   қалған   балаларды,   мемлекеттік   қолдауға   мұқтаж   көп   балалы,   толық   емес,   аз   қамтылған 
отбасының  балаларын,  өмірдің  қиын  жағдайында  қалған  “тәуекел”   топтың  балаларын,  экологиялық   жайсыз   аудандарда 
тұратын балаларды, мүгедек балаларды және дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазғы кезеңде жергілікті бюджет  
қаражаты, жалпыға міндетті білім қоры есебінен есебінен тегін жолдамамен қамтамасыз ету, еңбек заңдарына сәйкес жазғы  
каникул кезінде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жасөспірімдерді жұмыспен қамту қажет;
   Сауықтыру лагерьлеріне аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылары балаларының қолжетімділігі проблемалық мәселе  
болып отыр – республика бойынша жазғы балалар лагерьлеріне жолдаманың қымбаттығы салдарынан, балалардың санаулы  
тобы ғана болмаса, көпшілігі лагерьлерде демалу мүмкіндігіне ие бола алмай отырғандығын басып айтуға болады.
Лагердің жұмыс мақсаты-жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру.
Міндеттері:
-уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;
-ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты 
азайту;
-оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру;
-оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
-оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
-балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
60

-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.
Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер-бұлар:
-барлық шаралардың сөзсіз қауіпсіздігі;
-әрбір адамның ерекшеліктерін ескеру;
-лагердегі барлық адамдардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әркетте өз қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі;
-күн бойында эмоциялық және дене жүктемелерінің бөлінуі;
-тәрбиешілер мен жетекшілер және лагерде демалушы балалар арасында да міндеттер мен уақыттардың нақты бөлінуі;
-әр санаттағы балалар мен ересектер қарым-қатынасында табысқа жету жағдайын үлгілеу және жасау.
Бағыттары:көркемдік шығармашылық, эстетикалық, білімдік.
Әрекет түрлері:еңбектік, дене шынықтыру-сауықтыру, бос уақытты өткізу, үйірмелік.
Лагерь  бағдарламасының  мазмұны  әрекет бағыттарының  кең  спектрін  ұсынады  және   әрбір  балаға  еркін  таңдау  мен 
қызығушылық негізінде өзінің даралығын, әртүрлі істерде бірегейлігін ашып, көрсете білуге мүмкіндік жасайды. 
      Оқушылардың міндеттері мен әрекет түрлерінің қарқынды өзгеріп отыруы олардың шығармашылығы мен дербестігіне  
әсерін тигізеді.Үйірмелер мен шығармашылық шеберханалардың жұмыс істеуі де балалардың өзін-өзі таба білуіне, кәсіби 
негізін   іздестіру   қажеттіліктерін   қанағаттандыруға   көмектеседі.Шығармашылық   шеберханалар   қызметі   жазғы   мектеп 
лагерінде қосымша білім беру жүйесін қажет етеді.Балалардың аздығынан педагогтың олармен жеке жұмыс жасау, сабақтан  
сабаққа баланың ілгері жылжу барысын бақылауға мүмкіндігі болады.Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға  
өзін бағдарлық жағынан сынап көруге мүмкіндік береді.Нақ осы сынақ балаға ақпарат беріп қоймай, белгілі бір әрекет түрін 
үлгілеуге, өзінің осы әрекет түрін меңгеруге даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Сондықтан психологиялық –
педагогикалық сипаттағы ең үлкен мағыналық жүктеме екінші жартысында болатын –шығармашылық жүктеме.оның үш 
құрамы   бар,   олардың   реті   өзгеріп   отырады,   бірақ   құрамының   өзі   өзгермейді:бірінші   тестілеу,   ол   балалардың 
қабілеттіліктерін,   бейімділіктерін   анықтауға   арналған,екіншісі-балалардың   шығармашылық   шеберханаларындағы   жұмыс 
бастылығы; үшінші-әрбір сабақтың аяқталғандығы.
     Бала ұйымдастыру кезеңінде бірнеше шеберханалар жұмысына қатысып,өзіне ең ұнағанын таңдап алады да ,ауысым 
бойынша сонымен айналысады.
  Әрбір күн ертеңгілік гимнастикадан басталады, ол 10-15 минут жүргізіледі:күн ашық күндері-далада,жауынды-шашынды  
болғанда-желдетілген бөлмеде.Бұл режимдік сәттің негізгі міндеті (денесін шынықтыру мен дамытудан басқа)-күні бойына 
жақсы эмоциялық көңіл күй және мықты дене тонусын сыйлау.Қимыл-қозғалыс ойындарына дене шынықтырудың барлық  
элементтері:   жүру,жүгіру,секіру   кіреді.Олар   балалардың   көңіл   күйін   көтереді,   ептілігі   мен   шапшаңдығын,   төзімділігін 
дамытады,ал ұжымдық ойындар оған қоса достыққа тәрбиелейді. 
Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі:  табиғатта да, қоғамда да және адамдар арасындағы қарым-қатынаста да.Тек 
оны көре білу, сезіне білу, түсіне білу қажет.Осындай білік өскіні әрбір адамның бойында бар.Оларды дамыту –эстетикалық  
тәрбиелеу.Сондықтан да эстетикалық тәрбие әрқашанда балалардың сауықтыру лагерінде педагогикалық әрекеттің маңызды  
бөлігі болып табылады.Лагерде рухани-адамгершілік,эстетикалық тәрбие шеңберінде көп нәрсе жасауға болады. Бұл жерде  
бірнеше бағыттарда қарым-қатынас жасалады.
Шығармашылық   әрекет-   бұл   адам   белсенділігінің   ерекше   саласы,   онда   жеке   адам   өзінің   рухани   және   дене   күші 
көрінісінен   ләззат   алудан   басқа   мақсат   көзделмейді.Лагердегі   шығармашылық   әрекеттің   негізгі   міндеті   –балалар   мен 
жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту болып табылады.
Сурет салу  лагерде балалардың көркемдік қабілеттерін дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді.Сурет сала отырып,балалар  
көркемдеу   әрекетінің   бірқатар   дағдыларын   меңгереді,   көру   жадын   бекітеді,   түстер   мен   қоршаған   орта   формаларын 
аңғарып,айыра білуге үйренеді.Өз суреттерінде олар өзінің әлемді қабылдауын, өз қиялын қағаз бетіне түсіреді.
Еңбек тәрбиесі  балаларды әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектің педагогикалық ұйымдастырылған түрлеріне тарту үрдісі,  
оларға аздаған еңбек біліктерін, дағдыларын беру, еңбексүйгіштіктерін, басқа да адамгершілік сапаларын, еңбек мақсаты,  
процесі мен нәтижесіне эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.
   Тұрмыстық өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі балалардың жеке еңбек әрекеттері есебінен оның тұрмыстық қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды қарастырады.Оған төсегін жинау, киімі мен аяқ киімін күтіп ұстау,өзі отырған ортаны таза ұқыпты ұстау 
кіреді.
   Балалардың лагердегі өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне лагерь бойынша, асханадағы кезекшілік те жатады.
   Жазғы демалыс жағдайында балалардың жаңаны, бейтанысты танып- білу тілегі жоғалмайды, тек бұл ұмтылыс мектептегі  
сабақтан басқа формада жүзеге асырылады.Бір жағынан балалар өздеріне мектептен, қоршаған ортадан берілген білімдерін 
жүзеге асыруға тырысады.Мысалы, саяхаттар, танымжорықтарға шығу, концерт, спектакльдер көру,психологиялық тестілер 
балаларға өзін жаңа бір қырынан көруге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет