Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


* * * * * 89 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

* * * * *
89

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы Абай атындағы № 4 лицей мектебі
 Бастауыш сынып мұғалімі   Назарбекова Аяжан Тлеукабыловна
         Бастауыш - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны  
дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
         Қазіргі заманғы   ғылыми - техникалық  үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына  үлкен мақсаттар мен жаңа  
міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп  
тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. 
         Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бағдарламасы негізінде құрылған курстан оқып 
келген әріптестерімнің жеті модуль бойынша өткізген  сабақтарынан осы курстың маңызды екенін , оқушы өзін еркін ұстап  
ойын жеткізе алатын сын тұрғысынан ойлайтын, оқушы қалыптасуына ықпалын тигізетінін байқадым. 
     Мектеп –үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Ізденімпаз, шығармашыл, білімді, жаңашыл ұстаз ғана,  жеке тұлғаның  
жүрегінен жол таба біледі  деп түсінемін. Жақсы ұстаз өзінің алдына мақсат қойғанда ғана соған жетудің жолдарын іздейді. 
Мен   де   ұстаз   ретінде,   алдыма   мақсат   қойдым.     Білімімді   жетілдіріп,   жаңаша   әдіс-тәсілдерді   сабақта   пайдаланып, 
жаңашылдыққа ұмтылу -   менің   де арманым болды.     Осы мақсатта мен білімімді жетілдіру үшін   «Өрлеу» біліктілікті  
арттыру орталығында  үш ай курста оқып, білімімді жетілдірдім. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс -  
әрекеттер жоспарланған.     Бағдарламның  негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқудағы өзгерістер,  
оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, туралы айтылған.   Курс барысында оқыған бағдарлама жеті  
модульді қамтыды.
             Бұл бағдарламада оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған,  
ынталы,   білімге   құштарлы,   мақсат   қоя   білетін   тұлға   қалыптасады.   Бұл   бағдарламаның   басым   бөлігі,   түрлі   тәсілдер  
қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту 
олардың   бұрынғы   алған   білімдері   мен   жаңа   немесе   сыныптағы   түрлі   дерек   көздерінен,   мұғалімнен,   оқулықтан   және  
достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (Мұғалімге арналған нұқаулық 9- 
бет)   Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында   жеті модульді оқып үйрендім. Осы жеті  
модульді   өз   сабақтарымда   пайдаланып   жүрмін.   Тәжірибемде   оқытуды   жаңаша   ұйымдастырып,   оқушылардың 
қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізіп келемін. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде 
меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс- тәсілдердің маңызды екеніне көзім жетті. Курста алған 
алған   теориялық   білімімді   пайдалана   отырып   оқытудағы   жаңа   өзгерістерді,   әдіс-тәсілдермен   танысып,   тәжірибемде  
пайдаланудамын.
   Осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін өзгерттім. Бұрынғы  оқушы  тыңдаушы, орындаушы   болса,  ал енді  
қазіргі   оқушы – өздігінен   білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  тұлға екеніне мән беруім керек болды.   Осы  
бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыда ойлай  
алатын   бірін- бірі бағалай алатын тұлға болып қалыптасады. Себебі бұл әдіс- тәсілдер оқушылардың шығармашылық  
қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге , жүйелі білім алуға жетелейді. Конфуцийдің «Естігенімді ұмытармын, 
көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолыммен жасағанда түсінемін» деген ой-тұжырымын басты ұстанымым ете отырып,  
бағдарламаның 7  модулінің бір  «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауға » тоқталғым келеді.
            Оқытудағы   бұл   өзгеріс   бағалау   әрекетіне   оқушылардың   өздерінің   қатынасуы.   Бүгінгі   күні   оқушылардың   оқу  
жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады.     Сол  себептен,  зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен 
қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет.
       
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың  
негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,  
түсінігін   немесе   тіртібін   мұқият   бақылауы   болып   табылады.       (Мұғалімге   арналған   нұсқаулық   105   –  б)      Бұл   модуль 
мұғалімдерге: бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге, бағалау түрлерінің бара - бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге,  
бағалаудың   формалды   емес   жүйелерін   анықтауға   немесе   бағалауға,   әрбір   мұғалім   оқыту   мен   оқу   сапасын   жақсарта  
алатынын немесе жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.  Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін 
және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет .
       Бұрын дәстүрлі оқытуда оқушыларды тек мұғалім ғана бағалайтын. Тіпті оқушыларды мадақтауымызда аз болды. Ал  
қазір оқушылардың жетістіктерін бүгінігі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі  орын алды.
    Осы курсқа келмей тұрғанда ,бұрынғы дәстүрлі оқытуда оқушыларды өзім бағалайтынмын. Осы курстан кейін , бір айғы  
іс-тәжірибеде сабақ беру кезінде оқушыларға бағалау жайында түсінік бере отырып, сабақ барысында бірін- бірі бағалауға  
үйреттім. Формативті бағалауды қолдана отырып оқу үрдісін жақсартуға болатындығын көз жеткіздім. Формативті бағалау 
оқушының сабақтағы іс –әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігін, өз ойын еркін білдіре алуы, 
сыныптастарына   көмектесуі,   бірлесіп   жұмыс   жасауы   (   топтық   ,жұптық)   оған   баға   беруі.   Сабақ   барысында   формативті 
бағалаудың мынандай түрлерін қолданамын:
Мақтау , мадақтау    Жылы шырай таныту   Қолдау көрсету   Ынталандыру
          Ал   формативті   бағалауда:   жоспарлау,   оқыту   және   бағалау     -   біртұтас   үдеріс,   бағалау   идеялары   айқын   болады,  
оқушыларды өзін – өзі   және өзара бағалауға қатыстыру, оқушылардың жастарына қарай тақырыпты меңгерту деңгейін  
бағалау,   кері   байланыс   орнату,   оқушылар   өздігінен   оқу   нәтижесін   жақсартуға   ықпалының   маңызды   екенін   түсінеді. 
Алғашқыда   оқушылардың  бірін-бірі  бағалауы   сәтті   шықпады.   Себебі  оқушылар  топ  ішінде   артық   бағалап,   бір-  бірінің 
көңіліне   қарады.  Бағалау   барысында   баланы   мақтап,   мадақтап,   көтермелеп   отырудың   да   маңызы   зор   екенін   түсіндім. 
Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап, сол мақтауға лайық болуға тырысады деп ойлаймын. Сондықтан баланы мақтап, 
содан соң жасаған жұмысының дұрыс жерлеріне бірінші тоқталып және атап көрсетіп, соңынан қателік кеткен тұстарына  
ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ, онда балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігін түсіндім.   Мен 
оқушылардың жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегенін бағдаршам арқылы бағалауды қолданған ыңғайлы деп таптым. Әр 
оқушыда үш түс болады. Мұғалім оқушының түсінгенін, не түсінбегенін осы түстермен көрсетуді сұрайды. Түсіндім-жасыл,  
90

сенімді емеспін – сары, түсінбедім – қызыл белгілерімен көрсетіледі. Осыдан оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін, 
түсінбеген оқушылардан «сендерге не түсініксіз болды? Енді оны қалай түсініп аласың?»- деп жетелеу сұрақтарын қою  
арқылы   оқушылардың   алға   қарай   жылжуына   ықпал   жасадым.   Бағдаршам   арқылы   бағалауда   оқушы   бойына   сенімділік 
ұялатады және әр сабақта белсенді, ықыласпен қатысады деп ойлаймын. Өткізген сабақтарымда күнделікті қорытынды  
бағалау немесе мадақтау арқылы және сабақ соңында жиынтық бағалау үрдісі жүріп отырды. Сабақта  өз –өздерін , жұптық , 
топтық бағалау түрлерін пайдалана отырып отырып, түйгенім әр оқушының оқуға деген қарым қатынасын тек қана бағамен 
ғана шектемей, үнемі ынталандырып отыру керек екен. Сабақтарда өз білімдерін бағалауда олардан басқа әділ сарапшы 
кездеспейді екен. Өзін- өзі бағалауда адамның өзін –өзі жүйелеп, ісін ретке келтірінің құралы болып табылады. Өзін- өзі 
бағалау оқушыларда өз нәтижесін сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін 
қалыптастыратынын байқадым. Білім дәрежесін бағалауда  өзін-өзі бағалау,  топтық бағалау,  бірін- бірі бағалау әдістерін 
пайдаланамын. Сонымен бірге әр сабағымда әр топ бір- бірінің жұмысына екі жетістік , бір ұсыныс айту арқылы формативті  
баға береді. Талпынғандар ғана білім алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан  
оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан  
түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін  
өте маңызды да , өзекті.   (Мұғалімге арналған нұсқаулық 106 – б) 
         «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес , ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов  
мұғалімге   білім   мен   тәрбие   берудің   тиімді   жолын   қарастыруды   негіздеп   отыр.   Сондықтан   мен   алдағы   уақыттарда   өз  
білімімімді жетілдіріп, жаңа технологиялардың тиімді жолдарын біліп, жұмыс істеймін. Бағдарламаның 7 модулі негізінде  
жүйелі жұмысты жалғастырамын. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін жаңа бағытта дамытудағы негізгі тұлға – 
мұғалім.
* * * * *
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№9 «Әлия» балабақшасы «Күншуақ» ересек топ тәрбиешісі
Назымбаева Айжан Сабитовна
                                                            
Тәрбиеші: Назымбаева Айжан Сабитовна
Білім беру саласы: Қатынас. Әлуметтік орта
Бөлімі: «Көркем әдебиет»  Тақырыбы : « Ғарыш- ғажайып әлемі»,  «Мен ғарышкер боламын» (өлеңді оқу).
Мақсаты :  өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағынасын ашып түсіндіруғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген 
қызығушылықтарын ояту; ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту; көркем шығарма арқылы сөздік қорын 
молайту;ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, жақсы азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:  атрибуттар, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар, слайд.
Сөздік жұмыс: зымыран, ғарыш.
Билингвальді компонет: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, зымыран-ракета.
Оқу іс- 
әрекеттердің 
кезеңдері 
Педагогтың іс – әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
  Мотивациялық- 
қозғаушылық
Ұйымдастырушы
лық - ізденістік
Шатты  ше бері
қ
ң
Кел балалар к лейік,
ү
К лкіменен т лейік.
ү
ү
аба  т йіп не керек,
Қ
қ ү
К
ілді боп ж рейік
өң
ү
Кіріспе 
гіме.
әң
26.
Балалар, сендер көліктердің қандай түрлерін білесіңдер ?
Ал, ендеше мына жұмбақтың шешімін табыңдаршы:
Аспанда бір алып  с
құ
Ыз ып  шып барады,
ғ
ұ
арап т рса   ажайып 
Қ
ұ
ң ғ
Со ында бір із  алады.
ң
қ
Дұрыс айтасыңдар, бұның жауабы Зымыран.
27.
Зымыранмен қайда жетуге болады?
28.
арыш а кім  шады?
Ғ
қ
ұ
29.
 
30.
31.
Қазір біз «Зымыранды құрастыр» атты ойынды 
ойнаймыз
32.
Шарты: үстел үстінде жатырған геометриялық пішіндерден 
зымыран құроастыру керек. Дайын болған соң пішіндердің атын, 
түстерін ату керек. 
33.
Ал енді мына ғажайып тақтадан ғарыш әлемін 
тамашалайық.
34.
Педагог слайд бойынша аспан әлемін  және алғаш 
ғарышкерлерді көрсетеді, ғаламшарлармен таныстырады.
35.
Та па тар
қ қ
Балалар шаттық шеңберіне 
тұрып,бір-біріне деген жылы 
лебіздерін білдіреді.
Балалардың жауаптары.
Көліктердің түрлерін атайды. 
Жұмбақты шешеді.
Ол ғарышқа апарады.
Ғарышкер ұшады.
Тақтаға шығып зымыран 
құрастырады.
Балалар қайталап отырады.
Орындарынан тұрып ғарыш, 
ғарышкерлер туралы білетін 
тақпақтарын айтады
91

С здік ж мыс:
ө
ұ
 зымыран- тез, ғарыш-алыс.
Билингвальді  компонент:
ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, зымыран-ракета.
Сергіту с ті
ә
 
Біз кішкентай баламыз,
сіп- ніп толамыз.
Ө
ө
К нге  арай талпынып
ү
қ
К кке  олды созамыз.
ө
қ
анат  а ып  шамыз,
Қ
қ ғ
ұ
арлы аштай сам аймыз.
Қ
ғ
ғ
Бүгін біз Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын»  деген 
өлеңімен танысамыз.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жие қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Сұрақ- жауап
36.
Өлең қалай  Аталады?
37.
Сендердің армандарың барма?
38.
Кім ғарышкер болғысы келеді?
Қ/ойын:  «Күн мен Түн»
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі  берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке ж мыс ж ргізу.
ұ
ү
н
Ә  «Мен  арышкер боламын»
ғ
Сөздерді қайталайды.
Балалар қимылмен 
орындайды.
Өлеңді қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қимылдық ойынды 
қызығушылықпен ойнайды.
Балалар жұмыс дәптеріндегі 
тапсырманы орындайды.
Орындарынан тұрып әнді 
орындайды.
Рефлексиялық - 
түзетушілік
-Балалар,  бүгін біз қандай мереке деп отырмыз?
-Ғарышкерлерді атаңдаршы
-Соның ішінде ең алғаш ғарыш есігін  ашқан кім? 
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:  Орындайды:  ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкерлерін еске түсіреді.
Түсінеді: ғарыш әлемі және оның құпия сырлары туралы түсінеді.
Қолданады: «Мен ғарышкер боламын» өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.
* * * * *
Батыс Қазақстан облысы,  Теректі ауданы
№1 Подстепный ЖОББМ-нің 1санатты мұғалімі 
Науризбаева Гулмира Елеусінқызы  
Саба ты  та ырыбы:
қ
ң
қ
 Нуклеин қышқылдары
Мақсатыа) білімділік: Биология  пәні бойынша алған білімдерін түрлі дидактикалық ойындар арқылы қайталап, еске 
түсіру, «Нуклеин қышқылдары» жөнінде түсінік алу,  түрлерін, химиялық құрамын, нуклеотидтің құрылысын, ДНК мен 
РНК-ның құрамын, құрылысын салыстыру, РНК-ның түрлерін және олардың қызметтерін түсіндіру.
) Дамытушылы
ә
қ: Ойлау, есте сақтау, жүйелеу, салыстыру қабілеттерін дамыту, тілдік қорларын 
жетілдіру,дүниетанымдарын кеңейту,білгендерін өмірде пайдалана алуға баулу.
б) Т рбиелік
ә
: Салауатты өмір салтына баулу, шапшаңдыққа, белсенділікке, тапқырлыққа, халықтың салт-дәстүрін сыйлай 
білуге үйрету, экологиялық мәселеге көңіл аудару.
Саба та  олданылатын педагогикалы
қ
қ
қ технология:  Студенттердің іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі 
технологиялар: ойын, тірек-сигналдар арқылы оқыту, оқумен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Саба ты  т рі
қ
ң ү : дәстүрлі емес, ойын сабақ
Саба ты  типі:
қ
ң
 Білім мен дағдыны қолдану, жаңа сабақты меңгеру
Саба ты   дісі:
қ
ң ә
 сөздік, көрнекілік, практикалық түсіндірмелі- иллюстративті.
П наралы  байланыс
ә
қ
: Биология, қазақ тілі, математика, медицина, халықтық педагогика,тарих
Саба ты  к рнекілігі
қ
ң ө
: Интерактивтік тақта, слаидтар, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар.
Саба ты  барысы:
қ
ң
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз  «Уақыт және біз» деп аталатын ойын түрінде өткелі отыр. Өздеріңізге белгілі, уақыт 
көші бір орында тұрмайды, ол ұдайы қозғалыста, өзгерісте болады. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан дәуірде біз өмір сүріп 
жатқан және сендердің ата-аналарың көрген, солардан естіп білген  кеңестік кезең, одан кейін 90-шы жылдарға таманғы 
хақымыздың тілін-дінін салт- дәстүріне мойын бұра бастаған, яғни еліміздің егемендік алған қайта-құру кезеңі және  сіздер 
мен біздер өмір сүріп отырған, жаңа технологияның небір ғажайыптары салтанат  құрған қазіргі  кезең, яғни осындай 
негізгі 3-кезеңді айқын бөліп қарауға болады. Біз бүгінгі сабағымызда осы кезеңдерде ойналған ойын түрлерін 
пайдаланамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз да 3кезеңнен тұрады яғни 1-кезе
ң биология пәні бойынша  қыркүйектің 
басынан бері алған білімімізді кеңестік дәуірде жиі ойналған ойындар арқылы еске түсіріп пысықтаймыз, 
92

сабағымыздың 2-ші кезе і
ң  үйге берілген «Белоктар» тақырыбы бойынша алған білімдеріңді  ұлттық ойындар 
арқылы көрсетесіңдер. Ал сабақтың 3-ші кезе і
ң  «Нуклеин қышқылдары»  деп аталатын жаңа тақырыпты заманауи 
ойындар арқылы бекітесіңдер.
Алдымен, бүгінгі сабақта ойналған ойындарды сараптап, оқушылардың білімін бағалап отыратын орталарыңнан 
әділ, байқампаз біреуді төреші етіп сайлап алайық, алайда сабақтың соңында сіздер төрешінің өзіне сұрақтар қойып, 
оны сіздер бағалайсыздар.
Сонымен, іске сәт деп ойын сабағымызды бастаймыз. 
1 –ші «Май ұту» ойыны. Бұл ойында еске түсіреттін болсақ шамамен 10 – 15 қадам арақашықтықта 2 адам бір – біріне доп 
лақтырады. Ал ортадағы 1 -  топ адамның міндеті допты жібермей май ұтып алу. Қазір староста екеуміз екі жақтан кезек –
кезек қайталау сұрақтарын қоямыз, ал сендердің міндеттерің сол сұрақтарға жауап беру арқылы май ұту. Кім көп сұраққа 
жауап берсе сол көп май ұтқан болып есептеледі.
1-ойын «Май ұту»
1,Биология ғылымы нені зерттейді?
2.Жасуша туралы ғылым.
3.Ең алғашқы өте қарапайым микроскопты құрастырған кім?
4.Ең алғаш «жасуша» деген терминді қолданған кім?
5Өсімдік жасушасының ядросын ашқан?
6Жасуша теориясының негізін қалаған кімдер?
7.Су жасшаның органикалық заты ма, бейорганикалық заты 
ма?
8.Көмірсу 
9.Минералды заттар
10Май
11Белок
12Құрамына С,Н,О кіретін заттар?
13.Жасушаның 3 құрамдас бөлігі?
 14. Жасушаның құрамына кіретін негізгі элементтерді ата?
 15 Ион түрінде кездесетін элементтерді ата.
 16.Көмірсулардың биологиялық ролі?
 17Пластид өсімдіктерде болама, әлде жануарларда ма?
18.Жасыл пластид
19Қызыл, сары, қоңыр пластидтер
20Түссіз пластидтер
2-ойын   «Мак ойыны»
1
0,02
2
80
 3
17,6
4
38,9
5
98
6
20
Осы сандарға қатысты өткен тақырыптар бойынша сөйлем құрастыру
3- ойын. «Конструктор» ойыны
                    
2-кезең. Ұлттық ойындар. Ойыншылар  ұраны: «Үй тапсырмасы-үлкен жауапкершілік»
Үйге берілген тапсырма «Ақуыздар»
«Бәйге» 1.Адам тәулігіне қанша г белок қабылдауы қажет
2Ақуыздың мономері
3.Табиғаттағы 200-ден аса аминқышқылдарының нешеуі ақуыздарды құрауға қатысады
4.Белоктар күрделілік дәрежесіне қарай қалай жіктеледі
5.Молекула пішініне қарай қарай қалай жіктеледі
6Белоктың қандай молекулалық құрылымдары болады
11.Белоктың екінші және үшінші реттік құрылымдарының үзілуі қалай аталады
12.Денатурацияның қандай 2түрі болады
13.Жұмыртқаның пісуі, сүттің ашуы
14.Шашты бұйралау денатурацияның қай түрі
15.Белок молекуласындағы аминқышқылдары өзара қандай байланыспен байланысады
«Арқан тартыс» Бұл ойын белоктардың ағзада атқаратын негізгі 7 қызметін атап, сипаттауға арналады. Қарама-қарсы 
тұрған екі топ бір-біріне белоктың атқаратын қызметіне байланысты сұрақ қояды, жауап бере алмаған оқушы қарсы бағытқа 
ауысады. Қай топта оқушы саны көп жиналса, сол топ жеңген болып есептеледі.
«Химиялық жұмбақ» Бұл ойын белоктардың атауларына байланысты ойналады. Мен оларға тірі организмдерге қатысты 
жұмбақ жасырамын, олар жұмбақтың жауабын тауып, соның белогы қалай аталатынын айтады.
1-жұмбақ.
Тарам-тарам боп келеді
Айналады денені
Бостан-босқа айналмай
Тірлік нәрін береді            ( ан-гемоглобин)
қ
 2-жұмбақ
Ұлыңда да, қызыңда
Қысқа да болар ұзында
Бояуға оны болады
Сарыға қара қызылға      (шаш-кератин)
 3-жұмбақАйдалада ақ отау  Аузы мұрны жоқ отау     (ж мырт а-альбумин
ұ
қ
)
4-жұмбақ  Түлкінің тезегін теріс оқы     (с т-казеин)
ү
5-жұмбақ
Сүйекпен бірге
Айрылмас ірге
Жан біткен, онымен
Қозғалған жүрген       (б лшы ет-миозин)
ұ
қ
3-кезең. Заманауй ойындар. Ойыншылардың ұраны: «Жаңа тақырып-жаңа тыныс»
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: «Нуклеин қышқылдары»
93

Нуклеин қышқылдары –тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін 
күрделі құрылысты молекула.
Біздің ата-бабаларымыз тұқым қуалау заңдылықтарын білмей тұрып-ақ, оны өз өмірінде пайдаланған. Мысалы, малдардың 
жүндерінің түстерінің олардың ұрпақтарында қайталанатынын байқаған. Олар малдардың, құстардың т.б жануарлардың 
пайдалы қасиеттерін таңдап алған. Сөйтіп, үй жануарларының көптеген тұқымдарын, сүтті сиырларды, ешкі, қойларды және 
жүйрік жылқыларды сұрыптап шығарған.
Кейіннен, яғни XX ғасырдың 30-40 жылдары организм өсіп-өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі 
нуклеин қышқылдарының ролі ғылыми тұрғыда дәлелденді. 
1868 жылы швейцариялық биохимик Ф.Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. 
Оны алғаш рет ядродан бөліп алғандықтан нуклеин қышқылдары деп атаған.
Нуклеи қышқылдарының 2 түрі бар 1.ДНК дезоксорибонуклеин қышқылы
                                                               2.РНК рибонуклеин қышқылы
Нуклеин кышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесІнде нуклеотидтер, түзіледі, яғни нуклеин қышқылдарының 
мономері нуклеотидтер.
Ал нуклеотидтің өзі азотты негіздерден (пуриндік. пиримидиндік) , көмірсудан (рибоза және дезоксорибоза) және 
ортафосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Пуриндік негіздер –аденин және гуанин, пиримидиндік негіздер цитозин, 
тимин және урацил.
Ал полинуклеотидтік тізбекте нуклеотидтер өзара бір-бірімен қалай байланысады?
Нуклеотидтің әр тізбегі өзара ұқсас буындары –бір нуклеотидтің көмірсуы және келесі нуклеотидтің ортафосфор қышқылы 
арқылы байланысады.
Енді ДНК-ның қосарлы сақинасының қалай түзілетінін қарастырайық.
Мұнда бір тізбектің азотты негіздері  екінші тізбектің азотты негіздерімен сутектік байланыс арқылы қосылысады. Азотты 
негіздердің бір-бірімен түйісуі белгілі бір заңдылыққа бағынады. Атап айтқанда, бір тізбекте А орналасса, екінші оған 
қарама-қарсы тізбекте Т орналасады. Ал егер бір тізбекте Цорналасса оған қарама-қарсы  Г орналасады. Мұны 
комплементарлық принцип деп атайды.
РНК-ның 3 түрі бар:
Тасымалдаушы РНК жасуша яросындағы мөлшері 10 %,  молекулалық массасы 25000-ға дейін, қызметі ақуыз синтезделетін 
жерге аминқышқылдарын тасымалдау.
Ақпарттық РНК жасушада 5% мөлшерінде, молекулалық массасы 2-4 млн-ға дейін.аРНК ДНК молекуласынан көшіріп алған 
тұқым қуалау ақпаратын р РНКөға жеткізеді.
Рибосомалық РНК-жасушадағы мөлшері 85% молекулалық массасы 700000-300000. Қызметі: құрылымдық рибосома түзуге 
қатысады, белок биосинтезіне қатысады. 
ДНК мен РНК-ны салыстыру
Ұқсастықтары:
1ДНК да, РНК да жоғары молекулалы биополимер
2.Екеуінің де мономері 4 нуклеотидтен тұрады
3.ДНК да, РНК да ядрода болады
4.ДНК да, РНк да 3 құрылымды (бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік)
5.ДНК-ның да, РНК-ның да құрамына азотты негіздер аденин, гуанин және цитозин кіреді.
6.ДНК-ның да.РНК-ның да құрамына ортафосфор қышқылының қалдығы кіреді.
Айырмашылықтары:
1.ДНК-ның молекуласы қос тізбекті, ал РНК-ның молекуласы бір тізбекті бол
ып келеді.
2.ДНК-ның молекуласында көмірсу дезоксирибоза, сондықтан дезоксирибонуклеин қышқылы,  ал РНК-да көмірсу рибоза 
болады, сондықтан рибонуклеин қышқылы деп аталады.
3.ДНК-ның құрамына азотты негіздер аденин, гуанин, цитозин және тимин кіреді, ал РНК-ның құрамына тиминнің орнында 
урацил болады 
ДНК жасушаның ядросында, ал РНК цитоплазмада және ядрода болады.
4.ДНК жасушадағы тұқым қуалау ақпаратын сақтайды, ал РНК ДНК-ның берген ақпаратының негізінде нәруыз 
молекуласын синтездеуге қатысады.
Нуклеин қышқылдарының маңызы. Нуклеин қышқылдары биологиялык түрғыдан маңызды рөл аткарады. Олар тірі 
организмдердегі генетикалык ақпаратты сақтайтын ж\е тасымалдайтын клетканын (жасушаның) маңызды құрам бөліктері 
болып табылады. Нуклеин қышқылдары белок биосинтезіне катысады және тірі организмдерде тұқым куалаушылыкты 
сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді..
 Заманауи ойындар.    №1-ойын  «Озон»  
Қазіргі таңдағы дүние жүзін алаңдатып отырған маңызды экологиялық мәселелердің бірі  жер бетіндегі тіршілік иелерін 
күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын озон қабатының бүлінуі, яғни лас химиялық қосылыстардың әсерінен 
тесіктердің пайда болуы.
Алдарыңдағы экранды озон қабаты деп есептейміз, онда жаңа тақырыпқа қатысты сөйлемдер жазылған, бірақ сөйлемнің 
кейбір жерлері бос, сол бос жерлерді толтыру арқылы біз озон қабатының қалпына келуіне ат салысамыз.
1.Нуклеин    0    жасушаның  0  болады.  
 2.Нуклеин қышқылдарының 0 түрі бар, дезоксирибонуклеин қышқылы және  0.   3. Нуклеин қышқылдарының мономерлері 
4. Әр нуклеотид 0 бөліктен тұрады:  0, 0,0.    
5.Азотты негіздерге:0,0,0,0 және 0 жатады. 
6.Нуклеотидтер бір-бірімен бір нуклеотидтәң  0   және келесі нуклеотидтің  0 арқылы байланысады.
7. ДНК ның құрамына көмірсу 0   кіреді.
8. РНК-ның құрамына көмірсу   0 кіреді.
9.  ДНК ның да. РНК ның да құрамына  0   қалдығы кіреді.
10.ДНК жасушаның  0,   ал РНК жасушаның 0 және 0  болады.
94

11.ДНК  0  қызмет атқарады.
12. РНК      0  синтезіне қатысады.
№ 2 –ойын. Бес жолды тұжырым
1.Зат есім. Нуклеин қышқылдары
2. Сан есім.Нуклеин қышқылдарының 2 түрі бар,  нуклеотид 3 бөліктен тұрады т.б
3. Сын есім. жүйрік жылқы, сүтті сиыр, суыққа төзімді өсімдік т.б
4.Етістік 
 Нуклеин қышқылдары белок биосинтезіне катысады және тірі организмдерде тұқым куалаушылыкты сақтап, 
оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді..
5.Тақырыптың синонимі ядро қышқылдары, тұқымқуалаушылық заттар т.б
     №3-ойын. «Белсенді желі» Мұнда оқытушы бір оқушының атын атап, жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды, ал ол 
оқушы сұраққа жауап береді де, келесі оқушының атын атап оған сұрақ қояды ойын осылай жалғаса береді.
     Қорытынды. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.  Венн диаграммасын құруДНК мен РНК-ның 
ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
* * * * *
Қарағанды  облысы, Жаңаарқа  ауданы
«№132  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі» КММ
                                                                                    бастауыш сынып мұғалімі Наурызбаева Гульнур Маратовн
Сыныбы: 2  Пәні:  Қазақ тілі Тақырыбы : Зат есім, оның сұрақтары
Мақсаты :  Білімділік: Оқушылардың зат есім  жөнінде алған білімдерін тиянақтау, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын 
молайту; 
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, 
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жасампаздыққа, өз бетінше жұмыс істеуге , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, көркем жазу мәдениетін 
дамыту.                                                               
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: бекіту
Көрнекілігі: слайдтар,сюжетті суреттер, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері: ойландыру,сұрақ-жауап,проблемалық түсіндіру,талдау-көрнекілік.
Б а р ы с ы
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын аудару.
                                                        Кел,балалар,ойлайық,
                                                        Ойлайық та бойлайық.
                                                        Қандай сабақ болса да, 
                                                        Мақсатқа жетпей қоймайық.
 К ркем жазу минуты
ө
 . ҮҮҮ үүүү  - дыбысы келетін сөздерді тақтаға жазу.
               (Оқушылар өздері мысал келтіріп отырып жазады,дауысты,жіңішке.) 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 327 –жаттығу. «Ұста» тақырыбында әңгіме құрау.
 ІІІ .Ми а шабуыл
ғ
.– Сонымен ,балалар, ағаштан түйін түйетін адамды кім дейді? (Ұста)
- Темірден,металлдан неше түрлі бұйым жасайтын адамды кім дейді? (Зергер)
-Матадан неше түрлі киім тігетін адамды кім дейді? (Тігінші)
Осы сөздерге қандай сұрақ қойдық?
- Не себепті ?
Ендеше, осыған байланысты қандай ереже білесіңдер?
ІҮ.Түсіну. Суретпен жұмыс: Суреттегі заттарды атай отырып,сұрақ қою.Қорытынды жасау.
 
             
            
                                                                                                                                                 
Ү.  олдану:
Қ
 1-тапсырма.Көп нүктенің орнына кім? сұрағына жауап беретін сөздер жазу.Ережені қорыту.
1 қатар                                      2 қатар                                  3 қатар
....
....
....
....
лер
....
дер
....
тар
....
....
....
(Дәрігерлер,бишілер,сәбилер)(мұғалімдер,әйелдер)(бастықтар,ұшқыштар,қазақтар)
2-тапсырма.Суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құрау.Пайдасын айтып өту.
Сергіту сәті. Тырс-тырс-тырс!                           Жапырақ жылайды,
Жаңбыр кеп жауады.                                           Жардан су құлайды.
Тамшылар тамады.
Тырс-тырс-тырс!
ҮІ.Бекіту. 1. Дидактикалық ойын.
Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) 
дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен қайшы , бор , телефон , алма, ермексаз, кілт  т. б  заттарды 
оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.Мысалы:
-Мынау не? Кім берді?
95

- Бұл бор.Сабина берді.
2.Есте сақтау диктанты: Мақалды жатқа жазып,мағынасын ашу,зат есімді табу. Дос сөзіне дыбыстық талдау жасау. 
Досы к пті жау алмайды,
ө
Білімі к пті дау алмайды.
ө
3. Семантикалы  картаны белгілеу:
қ
С здер
ө
               кім?не?
не                 істеді?
          анша?
қ
          андай?
қ
О улы
қ
қ
+
Ж зді
ү
+
Жиырма
+
Бес
+
С лу
ұ
+
Барды
+
стаз
Ұ
+
депті
Ә
+
ҮІІ.Қорытындылау. – Сонымен бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
37.
Не білдіңдер?
38.
Зат есім деген не екен?
ҮІІІ. Бағалау
ІХ.Үйге тапсырма: 1.122 бет.332 жаттығу.  Зат есімге байл.мақалдар жаттап келу.
* * * * *
«ОТБАСЫ МЕН  МЕКТЕП  ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»
Ақтөбе қаласы, Сазды орта мектебінің  мектеп алды
 даярлық  тобының мұғалімі  Наванова Гулзира Аязбайқызы.
   Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын бір   шарт  —   жас   күнде   көрген   өнеге. ( Жүсіпбек   Аймауытов.)
           Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  —  қыздардың   дені   сау,   рухани 
бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  —   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар 
бастауы   отбасы.  Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға 
болмайды.   Балаға   ата —  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  Отбасы  —   өмірге    сәби 
әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  Отбасының    балаға 
тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  —  балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін 
ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие 
төмендегі   міндеттерді  шешеді.   
— Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,   тазалықты   қалыптастыру.
— Еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  —  өзі   қызмет 
етуге   үйрету.
— Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  —  қатынас   жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге 
үйрету .
— Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер   жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен 
бастап   отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  —  тәрбие  беріледі. « Баланы  жастан »,  « Ұяда  не   көрсең, 
ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс 
мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  « Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын, 
өзіңіздің   мінез  —  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал 
туады. Ұлы   педагог   А. С. Макаренко : «  Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ 
қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап 
тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың 
санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген. Отбасы  —   барлығының   басы,   жан —  жақты   даумуының  негізі 
болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата —  ана  мен   баланың   қарым  —  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік, 
эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  —   баланың  алғашқы 
тәрбиешілері. Ата —  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс . Бала  бақыты  —  білімде.   « Білім   бір 
құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды », —  дейді  А.  Байтұрсынов. 
Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланысты   ұстаздар   мен   ата —   аналардың   бала 
тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай 
отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата —  аналармен   қарым  —  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді, 
қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата —  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс 
жасаса,   ата —   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.
Ата —  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:
* Ата —  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;
* Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына  үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;
* Ата  — аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу;
Ал  міндеттері:
* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.
* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата —  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін 
нығайтады.
96

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының 
күнделікті   ісіне   айналуда   тәрбиешілердің   практикасында  ата —  аналармен  және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс 
істеудің   әр  түрлі   формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата —  аналармен   жекелеп   және 
ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.
Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата —  аналардың   пеадгогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда 
тәрбие  жұмысын  жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын 
табу  үшін   ата —  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті .
Ата —  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай   ұйымдастыруға   болады?
Ол  үшін  біз  ата —  аналармен   жақынырақ   танысып,   отбасының   әлеуметтік   жағдайын,   отбасы   мүшелерінің   бала 
тәрбиелеудегі   ролін   анықтау   үшін,   ата —  аналардың  ұсыныс  —  пікірлерін,   ойын   бөлісу   мақсатында 
сауалнамалар,   анкеталық   сұрақтар   алуымызға   болады.   Сонымен   бірге   жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін 
ата   —   аналармен   бірлесе   отырып   жасаған   тиімді.   Себебі,  ата —  аналар   заман   талабына   сай   өзекті 
мәселелерді,   отбасы   тәрбиесіне   байланысты   тақырыптарды   өздері   ұсына   алады.   Сонымен   қатар   ата — 
аналардың   ұсыныс  —  пікірлермен  санаса   отырып   ата —   аналарға   арналған   әңгімелер  мен   лекциялар, 
консультациялар,   сұрақ —   жауап   кештері,   тәрбие   жұмысын   алмасу   жөніндегі   конференциялар,   ата —  аналарды 
педагогикалық   әдебиеттермен   таныстыру   әдіс  —  тәсілдері   қарастырылады.  М. Әуезов  « Қай   істің   болсын   өнуіне 
үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен   әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек » .  өмірлік 
тәжірибе  ұлы   жазушымыздың       сөзінің   құдіреттілігін   байқатады. Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты 
күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс —  шараларға,  ата —  аналар  және   топ 
жиналыстарына   ата —  аналарды  тартудың   қажеттілігі:
* Балаларда  іс  —  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;
* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;
* Ұнайды;
* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;
* Ересектер   мұғалім   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай   біледі;
* Ата – аналар   және   басқа да ересектер   мектепке   оқыту   философиясымен   және   оқу   жоспарларымен   танысады;
* Ата – аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала   тәрбиелеуге,   оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді,
Тәрбиешілер   ата —  аналарға   ақыл  —  кеңес  беріп,   ұсынылатын   тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым   — 
қатынас   ережелерін   есте   сақтауы   керек;
◾Бір – біріне  көңіл  бөлу
◾Тыңдау
◾Сыйлау
◾Көзбе – көз  қарау
◾Тиімді   орынды  таңдау
◾әзілді  сезіну
◾ұрыс – керістен  сақтану  сияқты
Сонымен   қатар   ата —  аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,   отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп 
толық  тыңдату  үшін;
◾Сиқырлы  сөздер   айту;
◾Баласының   жетістігін   айту
◾Сенімді   болу
◾Көңіл  —  күйіне   қарау
◾Намысына   тимеу
◾Материал   арқылы  сөйлесу  ( анкета,  тест,  т.б)
◾Қарапайымдылық
◾Пікірін  сыйлау
Ата —  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары
* Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы   ата  —  ана  болғысы   келеді;
* Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының   нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады;
* Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата —  ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның 
қиыншылықтарды   жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;
* Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата —   аналарға   бала  тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;
* Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі   жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;
* Тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   жолдарын   түсіндіреді;
* Ата —  анамен  баланың   ортақ  қарым —  қатынастары   жөнінде   кеңес   беру;
« Таным »  ата – аналар   мектебінің     жұмысымен   танысу
« Таным »  ата – аналар   мектебі
Ата – аналар  клубы
« Балабақшадағы,  отбасындағы   топтағы  кездесетін  қайшылықты  жағдайларды  шешуге   арналады»
Тақырыптық  кеңес
« ата – аналарды   психологиялық  педагогикалық  білім   және  тәжірибе  жаңалықтарымен  таныстыру,  кеңес  беру,  ой 
қозғау, ой  қорыту »
Педагогикалық   семинар
« Отбасылық  тәрбиенің   әдіс —  тәсілдеріне   арналады.  Семинарға  тәрбиешілер де,  ата – аналар да  жан  жақты 
дайындықпен  қатысуы  қажет»
Шығармашылық   кештер
« Балабақшаішілік  және   топішілік   болып,   озық   қабілетті,   танымал  ата —  аналарды   үлгі  тұту,  насихаттау 
мақсатында   ұйымдастырылады»
97

Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі
*  Балаларда   іс  — әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады
* балаларға   маңызды   жетістіктерге  жете  алады
* балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды
* тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады  жекелеп   оқыту   мүмкіндігі   туады
* ата —  аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   балаларының    оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді
* ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  —   тәрбие   жоспарларымен   танысады
Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс
Жұмыс түрлері :
◾топішілік  ата —  аналар  жиналысы
◾балабақша    ішілік  ата – аналар   жиналысы
◾ата – аналармен  жеке  кездесу
◾ата – аналар  үшін  ашық  есік күн
◾мерекелік  кештерге  шақыру
◾ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру
◾отбасылық  жарыстарға  қатыстыру
Негізгі   міндеттері  :
* тәрбиешінің   топ  ата —  аналармен  құрамын   зерттеуі
* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату
* ата – аналар   ұжымын   құру
* ата —  аналардың  педагогикалық  білім   дәрежесі   мен   мәдениетін   үнемі   арттырып   отыру
* үштік  одақ  ( бала, ата – ана,  тәрбиеші )  жұмысын   жандандыру
Атқаратын   қызметі  :
* ата —  аналарды   топтағы   оқу  —  тәрбие   процесінің    мазмұны   және   әдістемесімен   таныстыру
* ата – аналармен   педагогикалық   және   психологиялық  ағарту   жұмыстарын   ұйымдастыру
*   отбасы   тәрбиесі   туралы   ата —  аналарға   педагогикалық   және   психологиялық   кеңес   беру
ата —  аналар   белсенділерімен   жұмыс   жүргізу   және    әр   түрлі қоғамдық   ұйымдармен, жұртшылықпен   өзара 
әрекеттесуін қауымдастыру.
* * * * *
Подстепный №1 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі 
Нургалиева Жазира Ныгметоллаевна
Әдебиеттік оқу    3 сынып Тақырыбы : Абай Құнанбаев.Қыс.
Мақсаты : 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен 
идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие 
беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті,слайд,қыс мезгілі слайд,шырша бейнесі,бұтақтары,сызба ,үнтаспа. 
Сабақ түрі:кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,топпен жұмыс. 
Сабақ барысы:  1.Ұйымдастыру  кезеңі. -Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
-Жыл мезгілдерін ата. -Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?
(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы,неге ұнайтыны туралы әңгімелейді. )
-Ал,сендер қыс мезгілін қалай суреттейсіңдер?
Жапалақтап қар жауады.Күн суытады,аяз болады.Боран соғады.
-Жақсы,балалар, қыс мезгілі жайлы ұғымдарың баршылық екен.   
2.Жаңа сабақ. -Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс тралы ұғымымызды кеңейтейік.
Абай туралы слайд.
Абай туралы білетінімізді күн шұғыласына топтастырайық. Тақтада сызбаны толтыру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. 
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылғанекен.Қыста жауған қар 
сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
 Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған. 
3.Іштей оқу.Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4.Сөздік жұмысы.
Соқыр,мылқау-ештеңені көрмейді,естімейді.
Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.
Шидем-қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
5.Дәптермен жұмыс. Қиын сөздерді дәптерге талдауымен қоса жазып алу.
3.Сергіту сәті.Қимыл қозғалыс жаттығуы.
6.Өлеңнің мазмұнын ашу.Сұрақ-жауап.
1.Автор қысты кімге теңейді?
98

2.Шалдың киімдері қандай?
3.Киім деп отырғаны не?
4.Малшы туралы не делінген? 
5.Балалар туралы не делінген?
6.Қыс несімен көңілді?
-Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілі ызғарлы суық қана емес көңілдде,қызықты екен.Ал қане сол қысты көңілді ету сендердің 
қолдарыңда.
Тауып оқу.
-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып  оқиды?
-Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?
Балалар туралы айтылған тұсты кім  тауып оқиды?
-Жақсы.
Бекіту.Топтық жұмыс.
1топ.Өлеңнің мағынасына сай сурет салу.
2топ.Бес жолды өлең
3топ.Семантикалық карта
4.Сабақты қортындылау.
-Ақын қысты кімге теңейді?Сипатта.
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Қыста қандай мерекені күтесіңдер?
-Өлеңде малшы туралы не делінген?
-Қыс мезгілі несімен көңілді?
-Жаңа жылда қандай тілектер тілер едің?
5.Бағалау.
Үйге тапсырма. Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.
* * * * *
Подстепновская № 1 ОСОШ
  Подговила : Нуриева Гульнара Асылбековна
Краткосрочное планирование во 2 «Б» классе по литературному чтению
Неделя 3 
День 4
Урок
По разделу 1
По расписанию 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет