ЕМБІ ҚАЛАСЫ № 1 ОРТА МЕКТЕБІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
МЕН ӘДЕБИЕТІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
Әдістеме бірлестіктің өзекті мәселесі: «Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың
шығармашылық ойлау мен білімдік іскерліктерін дамыту».
Әдістеме бірлестігінде 4 мұғалім жұмыс жасайды.
№ Мұғалімнің аты-
жөні
Бітірген оқу орны,
бітірген жылы
Диплом
бойынша
мамандығы
Еңбек
өтілі
Санаты
Курстар
1
Дошниязова
Гульназия
Адилгереевна
АПУ-1996 жоғары
қазақ тілі мен
әдебиет
23 жыл 8
ай
Жоғары
16.04.2011
№456
2010
№0198829
2007
2
Шарафиева
Динара
Хасеновна
АПИ-2011
Жоғары
Қазақ тілі мен
әдебиеті
2
санатсыз
3
Саркулова
Айгулжан
Калихановна
АПИ- 2008 жоғары
қазақ тілі мен
әдебиет
8 жыл 1
ай
I26.06.2013
№1-386
№505
2011
№0263081
Кембридж
-2012
ІІІ -
№0006022
4
Бактигалиева
Назгуль
Набидуллаевна
Х.Досмухаммедов
ат.Атырау
мем.универ
Жоғары-2006ж
Қазақ тілі мен
әдебиеті
7 жыл 2
ай
санатсыз
18-23.04.11 -
№8085
Арнаулы курс:
Г.Ә. Дошниязова 10 класы үшін «Абайтану» курсын жүргізуде. Эстетикалық талғамы жоғары білім, білік,
дағдыларын қаруланған тұлға тәрбиелеу мақсатында құрылған бағдарламада оқушылар қазақтың сөз өнеріндегі
Абайдың орны мен ақындық болмысын тануға дамыту.
Байқауларға қатысу:
•22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай «Тілі басқа - тірегі бір, жүзі басқа - жүрегі
бір» аудандық сайысында топ құрамындағы 8 орыс сыныбының оқушысы Шерстиченко Альбина І орынға ие
болды.
•Ағайынды Жұбановтар мұражайының ұйымдастыруымен қалааралық интеллектуалды сайыста 9 «Б» класс
оқушысы Айбулова Ботагөз I орынды иеленді.
Баспамен жұмыс:
•Д.Х. Шарафиева 2014 жылдың 2 қазан күні шыққан № 39 (7579) «Мұғалжар» газетіне «Белсенді өмір – жүз
жасты тойлауға кепіл» атты мақаласы жарияланды.
Сырттай олимпиада:
•Облыстық «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірбиелік қосымша білім беруорталығы педагогтардың кәсіби
білімдерін, іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық педагогикалық
олимпиадаға А.К. Саркулова, Н.Н. Бақтығалиева қатысты. Бірінші тур бойынша портфолио тапсырды, екінші
турда тест тапсырды.
6 «б» сыныбында Төлегенов Мирланның бағасы «4» тен «3» - ке түсті. Спорттық жарыстарға қатысуына
байланысты сабақтан көп қалып қойды. Қосымша жұмыстар жүргілуде.
7а класында әдебиет пәнінен -5%-ға төмендеуі бала санының өзгеруіне байланысты (Мизаш Артур – Ақтөбе
қаласындағы мектепке ауысуына байланысты, бұл оқушы үздіктер қатарында болды)
7 бкласында қазақ тілі пәнінен -12% -ға,әдебиеттен -6% төмендеуі, Өмірзақ Г, Русланов Б «3»-ке шықты.
Аталған оқушылар көбіне талдаудан қиналады.Сұрақтарға жауап беру барысында сөз табы тарауы бойынша
білімдері орташа.Ата-аналарымен сөйлесті, бірақ нәтиже қанағаттанарлық. Алдағы уақытта қосымша
сабақтарда жіберілген қателер бойынша жұмыс жасаймыз.
8 а класындағы -6% бала санының өзгеруіне байланысты(Әбжамиева Ә – мекенжайын өзгертіп, қоныс
аударуына байланысты, бұл оқушы екпінділер қатарында болды)
43
8 «б» сыныбында +13% болу себебі, Мажитова Жазираның бағасы «4»- ке көтерілді. Өйткені оқушының
сабаққа ынтасы жақсарып, берілген тапсырмаларды уақтылы орындады.
9 б класы бойынша -17% көрсетіп тұрған себебім: 2013-20104 оқу жылында I тоқсанда бала саны -17 болды,
биыл 15, екі оқушы Дамирова А мен Кенжебаева А басқа мектепке ауысты, бұл оқушылар менің пәнімнен озат
және екпінді қатарында болды. Қияс Ә пен Лұқпан Ә «4» бағадан «3»-ке түсті.Осы екі оқушы жөніде класс
жетекшісімен, ата-анасымен сөйлесіп, ескертілді. Қосымша сабаққа келген жоқ. Әлде де осы екі оқушымен
қосымша жұмыстар ұйымдастырылады.
9 орыс класындағы -3% бала санының өзгеруіне байланысты (Наурызбаев С– мекенжайын өзгертіп, қоныс
аударуына байланысты, бұл оқушы үздіктер қатарында болды)
10 орыс класында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білім сапасының өзгеруі бала санының азаюына байланысты.
* * * * *
Қ. ЖҰБАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЯССАУИ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ
Профессор Қ. Жұбанов Қожа Ахмет Яссауидің тарихи тұлғасы хақында
Дошниязова Г.Ә. қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Қ.Жұбановтың Хикметтегі бүгінгі ұрпақ үшін зор танымдық мәні "Ясси суының аралығында асыл
гаухардың бір бөлшегі жатыр. Ол машаихтардың бастығы болған менім шайхым Ахмет... Ахметтің тұрған жері
Түркістан қаласының біріндегі Ясси, атты қышлақ "-деген жолдарға ерекше көңіл аударады. Бұған қарағанда, –
дейді зерттеуші ,- "Ясси" судың аты болған болады болады. Мүмкін, қазіргі Сырдарияның ескі аты болса да
ғажап емес... Ахметтің туған, өскен мекені Түркістан жерінде Яссы деген судың немесе қышлақтың аты болып
шығады. Әрине, қазіргі тарих ғылымының ілгерілі зерттеуі арқасында жалпы ғылым дамуы жоғарыдағы
байламды дұрысқа немесе бұрысқа шығарар. Алайда, Қ.Жұбановтың ой қисынындағы зор танымдық бағытты,
үздік үлгіні жоққа шығару мүмкін емес.
Ғалымның "Қожа" сөзінің төркінін талдауы да әлеуметтік- философиялық танымға ұласуымен құнды.
Қ.Жұбанов ол Ахметтің нәсілдік тегі (сүйегі) туралы айта келіп былай дейді: "Ахметтің сүйегі – Қожа."Қожа"
парсы сөзі, араб тілі бойынша төре – сүйек деген мағынаға келеді... Ол кездерде"қожа" деген атақ қауымдар
арасында беделді, мақтанышты лауазым болып келген сияқты . Қожа сүйекті адамдардың, әлеуметтік топтардың
басқа бұқара халыққа қарағанда артықшылығы, бірқатар жасанды праволары да болғанға ұқсайды" .
Гуманист, ұстаз – тәлімгер, өнегелілік пен кішіпейілділік үлгісі Құдайберген Қуанұлы, жұртшылыққа
Ахметтің қожа тегінен екенін түсіндіре отырып, хан бол, қожа бол, ақсүйек бол адамгершіліктен аттама,
өйткені басқа қонған бақ та, отырған тақ та күндікшеме, білімділік деңгейі де салыстырмалы, ендеше "бармын
деп таспа, көп білемін деп өзіңді өзгеден жоғары ұстама " деп ой тастайды."Хикметтегі" "Ахмет, сен" мен
Қожамын – ақсүйекпін – деп лепірме,мақтанба, бұл дүние – тиянақсыз нәрсе , бүгінгі Қожа ертең құл, істің
соңы белгісіз. Сен "мен білімдімін " – деп мақтанба, мүмкін сенің білдім деп жүргенің шын білік емес, ұсақ–
түйек шірік нәрселердің жинағы шығар" – деген жолдарды оқырман назарына ұсынады. Зертеуші, бұл
жолдарды бүкіл түрік дүниесі әулие санаған ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің беделін түсіру үшін емес, керісінше
басқаларға, кейінгі ұрпаққа,бүгінгі басындағы күндікше бағы мен астындағы тағының арқасында кеуделеріне
нан пісіп,"өзім білділікке" салынып жүргендер мен солардың көлеңкелеріндегілерге ескертпе ретінде
келтіргендей.
Қожа Ахмет Яссауидің тұлғасының қалыптасуына өзінің зор үлесін тигізген Ахметтің пірі болған, ұлы
ұстазы Арыстан Баб болатын.Арыстан Баб есімі Отырар, Сайрам, Йасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы
ретінде кеңінен жайылған. Ел арасында "Арыстан Бабқа түне,Қожа Ахметтен тіле, деген ұлағатты сөз бар.
Арыстан Баб есімі Қожа Ахметтің "Диуани хикметінде" жиі аталады.Өлең жолдарынан Арыстан Бабтың
ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірінші хикметте "жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем"деп ұстазымен
алғаш кезіккен уақытын көрсетеді және бұл кездесу ақын өмірінде шешуші болғанын екінші хикметтегі мына
жолдар байқатады:
"Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп таптым,
Көре сала пердемен бүркеп жаптым.
Биһамди–л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді,
Сол себептен алпыс үште жерге кірдім".
Филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықовтың Қожа Ахмет Яссауи туралы жазған
эссесінде мынадай деректер келтіріледі:" Арыстан–баб и Ахмед Яссави из одного рода,шейхов , ведущих свою
родословную от хазрета Али, сподвижника и зятя пророка Мухаммеда.В мусульманских странах бытует до сих
пор легенда о том, что умирая,пророк передал дочери,Фатиме, хурму со словами,что этот плод должен быть
отдан святому по имени Ахмед, который когда-нибудь объявится на Востоке. Народ считает,что это было
сделано шейхом Арстан-бабом. Многие мусульмане также считают, что об Ахмеде предсказывал и Иисус. На
родном языке Иисуса (арамейском), Утешитель должно звучать как Ахмад".
Аталмыш шығарманы оқи отырып, профессор, ғалым Қ.Жұбановтың жалпы дін тарихына жетіктігін, оның
ішінде ислам дінінде кездесетін
44
айтулы тұлғалар тарихы туралы терең білетіндігі мен мұсылман қауымының бас кітабы – құраннан мол
хабардарлығына мұсылман әлемінің әдет – ғұрып, салт – сана дәстүрлеріне де жетіктігіне тәнті боласың.
Профессор Қ.Жұбановтың ирандықтарға алғаш дін үйретушілердің – иран тілін білетін араб халықтарынан
болса, біздің түркістандықтарға дін үйретушілер түрік тілін білетін көрші ирандықтардан болды деген пікірі де
зиялы қауымды елең еткізері анық. "Сонымен, автор ойынша қожалар жергілікті халықтардан абыздар,
молдалар шыққанға дейін, тіпті одан кейін де ұзақ ғасырлар бойы ислам дінін үйренуші жасақ болып қала
берді. "Қожа" аталғандар жергілікті халық арасында ерекше құрметке ие болып, олардың балаларын "Қожа"
атымен байланыстырып, Қожамберді, Қожағұл, Қожалепес, Қожамжар, Қожамсейіт, т.б қоюларының мәнісі де
осы себепті"- деп профессор А.Тайжанов өзінің пікірін білдіреді.
Осындай талдау мен таным методологиясын басшылыққа ала отырып, профессор Қ.Жұбанов Шыңғыстың
шығу тегі мен үрім бұтақтарының жалғастығын, бізге жеткен ұрпақтарын сөз етеді. "Тарих, әдебиет
кітаптарының мағлұматтарына қарағанда – дейді зерттеуші – Шыңғысханның, оның немере, шөберелерінің
маңғұл екендігі аталады да, бірақ кейінгі ұрпақтарының маңғұл екендігі айтылмайды". Осыдан кейін ол: сонда
Шыңғыс ұрпақтары құрып кеткен бе?- деген риторикалық сұрақ қояды да, жауапты өзі береді. Шындығында
олар көтеріле көшіп, бір жаққа ауып та кеткен жоқ. Қайта Шыңғыс тұқымының қаулап өсуіне өз кезінде
қолайлы жағдай болды. Бірақ олар да жоғарыдағы "қожалар" сияқты бірер ғасырдың ішінде-ақ өздерінің әуел
бастағы нәсілдік белгілерін жоғалтып, жергілікті көпшілік қауымға сіңісіп кетті.
Ғалым мұндай жағдайлардың мұсылман әлемінен түркі жұртшылығына ғана тән емес, бүкіл дүйім жұртқа,
ұлттарға тән екендігін түсіндіреді."Мәселен,- дейді ол, - А.С.Пушкиннің әке жағынан үлкен атасы "Даниял"
деген кісі орыс нәсілді емес, араб нәсілді адам еді. Бірақ осы күні А.С.Пушкинді ешкім "ол орыс емес" еді – деп
айта алмайды, айтуға мүмкіндігі де жоқ. Өйткені Пушкиннің өскен өнген қоғамдық ортасы, оның тілі мен салт –
санасы – бәрі де қалың орыс халқының болмысында жасалды"
Ғалымның Қожа Ахмет Яссауидің туған және өлген жылдарын зерделеуі де ғылыми-тарихи тұрғыдан
нанымды деректер мен сенімді сипаттарға толы. Әсіресе Қожа Ахмет Яссауидің туылған және өмірден өткен
уақыты, қанша жас жасағандығы тұрғысындағы ой түйіндері өзінің аналитикалық ерекшелігімен құнды.
Қ.Жұбановтың Яссауи ақынның әйелге көзқарасын талдауы
Профессор Қ.Жұбановтың ерекше мән берген бұл саласы ғалым азаматтың әдеби-мәдени мұраға деген үлкен
жауапкершілігін көрсетеді. Өйткені әдеби мұра көркем әдебиеттің, көркем ойдың, сөз өнерінің өткен дәуірден
қазіргі заманға жеткен туындылары. Ол халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өрісінің, әлеуметтік хал-
жайының, тілдік, эстетикалық талғамның айғағы.
«Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» очеркі кеңес өкіметі тұсында жарық көрмеу себептері:
•әдеби мұраға көзқарас әр қилы болды;
•түркі халықтарының бай әдеби мұраларына тұрпайы социологиялық жолмен қарап, оларға біржақты баға
берілді;
•мұралардың көпшілігі «халықтық емес» деген тұжырымдар жасалды;
•Қожа Ахмет Яссауиді «бұқарашыл» деді;
•оған суфизм жолындағы діндар, пессимист, елді өмірден түңілдіруді мақсат тұтқан «сары уайымшыл адам»
деп ат қойып, айдар тағылды;
•тоталитарлық мемлекет тұсында олардың атын ататпауға күш салып бақты.
Қазақта «Ештен кеш жақсы дейтін мақал бар», сол сияқты Құдайберген Жұбановтың осы еңбегі соншама
жылдар өтсе де, еліміздің егемендік алғанының арқасында ғана баспа бетін көріп, халықтың назарына ұсынуға
мүмкіндік алды.
Ендігі жерде ғалым Яссауи шығармасын зерттеу, аудару маңыздылығын немен, қалай дәлелдейміз деген
сұраққа жауап іздейміз. Ғалым Яссауи шығармасын зерттеу, аудару маңызын немен, қалай дәлелдейді?
Ең алдымен түркі әдебиет тілі қарастырылмас бұрын Ахмет Яссауидің өзі туралы тың деректер айтылады. Қожа
Ахмет Яссауидің қоспасыз шын аты «Ахмет» екенін айтады да, Қожа-нәсілдік лақап аты (тегі), ал Яссауи деген
сөз - Қожа Ахметтің тұрақты мекенінің аты деп түсіндіреді. Сол сияқты «Диуани Хикмәттің» беташар сөзіндегі
«Ахметтің туған жері Түркістан қалаларының біріндегі «Ясси» деген «қышлақ» деген сөзді негізге ала отырып,
Қ.Жұбанов Ахметтің туған, өскен мекені өзіне аты-жөні ретінде берілген дейді. Сонда бұл сөздің түбірі «Ясса»
болса, -у, -и жұрнақтары араб-парсы тілінде меншіктілік мағына беретін жұрнақ, яғни тіркестегі мағынасы
Яссауилік Ахмет дегенді білдіреді.
Ал енді Ахметің нәсілдік тегіне (сүйегіне) келейік. Ғалымның түсіндіруі бойынша Ахметтің сүйегі - Қожа.
«Қожа»- парсы сөзі, қазақ тілі бойынша төре – «сүйек» деген мағынаны береді. Бұрынғы кезде танымаған біреу
туралы «оның сүйегі кім екен?» деп сұраған. Сонда бұл сұраққа «сүйегі қырғыз екен», «өзбек екен» деп жауап
берген. Сонда «Қожа Ахмет Яссауи» деген атаудағы «Қожа» деген сөз нәсілдік текті білдіретін айқындауыш деп
түсіндіреді.
Біздің Қазақстан халықтарының ескіден келе жатқан жазба әдебиет мұраларына аса мән берген Қ.Жұбанов
Қожа Ахмет Яссауи жазып қалдырған, осы күнге дейін көпшілік арасында тарихи бағасы мен сүйкімділік
беделін жоймай келе жатқан «Диуани Хикметін» ескіден қалған жазба әдебиет мұрасы деген. Себебі сол
замандағы бірқатар оқығандар біздің жазба әдебиетіміз Бұқар жырау толғауларынан бастау алады деп, қазіргі
45
қазақ атанып отырған халқымыздың қазақ атанудан бұрын да өмір тіршілігінің болғанын білмейді. Бірқатары
біле тұрса да, ескі әдебиетті керексінбеген, сондықтан да Қ.Жұбанов қазақтың данышпан Абайы:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек,- дегендей,
Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикметін» тауып оқып, ең соңғы шегіне шейін, егжей-тегжейіне дейін
қалдырмай тексерген. «Диуани Хикмет» діни үгіт жырлар болумен бірге, сол кездегі өмірдің түрлі кезеңдерін
қамтыған. Соның ішінде, әсіресе, ғалымның көңілін аударған 95-толғауы болды. Бұл толғау жауға шабылған
елдің жай-күйін суреттеуге арналған. Осылардан мысал келтірейік:
Әй, достар, заман ақыр болды,көрің,
Кәпірлер дүние-әлемге толды, көрің!
Балық жаннан ізгілік ниет қашты-
Сол үшін тәңірім ашу қылды, көрің!
Ғалымдар ғылымдарын малға сатты,
Өздерін көре-біле оққа атты,
Сондайдың арам пейіл кесірінен
Тұтқынға балаларым салды, көрің!- деген жолдарда түркістандық елдердің ауызбіршілігі болмаған,
себебі қара халыққа хан-сұлтандардың қамқорлығы, ғалым-ғұламалардың мейірімі түспеген тәрізді. Соның
салдарынан жергілікті халықтың шеттен келген басқыншыға күресі әлсіз, бытыраңқы болғанға ұқсайды.
Сонымен қатар, сол кездің өзінде-ақ жергілікті халықтың әлеуметтік, саяси тағдыры хан-сұлтандардың, ғалым-
ғұламалардың қолында болғандығы көрінеді.
Пейілімізден (жасаған) бізге ашу қылды, халық
Масқара ауыр жаза бұл қаншалық
Сұлтандар хайыр есігін байлап қойды,
Сол үшін жүз мың бәле келді, көрің,-деген жолдар да осының дәлелі.
Аналар не қыларын білмей қайран,
Запырандай қызыл жүзін дерт сарғайтқан
Әй, ботам! Әй,құлыным! деп еңіресіп,
Жағасын жыртып, шашын жұлды, көрің, - деген жерлерде түркістандық халықтардың бірқатар әдет-
ғұрыптары да көрініс береді. Намыс қысқан қайғының үстінде ерлер өз жағаларын өздері жыртып, әйелдері
қара жамылып, өз шашын өздері жұлады екен. Сонымен қатар « Әй,ботам! Әй, құлыным!» деген тіркестерден
сол кезде елдің күн көрісі негізінен ауыл шаруашылығы, мал өсіру болғандығы байқалады.
Толғаудағы «Ардақталып өскен есіл ғана сәулелерім-ай! Қайтейін, жаудан қорыққыннан жүректерің ұшып
кеттің-ау!» деген сөздер мен «Жанымнан артық көрінген жан сәулелерім-ай! Қайтейін, дінсіздердің қолына
түсіп қор болдыңдар-ау!» деген тіркестерден іші-бауыры елжіреп, ұлдардан айрықша, жаулардың қолына түскен
қыз бен әйелдерді шын жүрегімен есіркеуі – сол кездегі адамдардың әйелге деген көзқарасының қандай
дәрежеде екенін көрсетеді. Құдайберген Жұбановтың ойынша, Қожа Ахметтің,оның тұсында болған
түркістандық халықтардың әйелге көзқарасы Октябрь революциясынан бұрынғы қазақ ерлерінің әйелге деген
көзқарасынын да, Бұқар жыраудың тұсындағы қазақ ер-азаматтарының әйелге көзқарасынан да басқаша тәрізді.
Қожа Ахмет әйелді өте ардақтаған. Ол әйел затын ардақтауды адамгершілік, ұждан, сезімшілдік белгісі деп
түсінген. Құдайберген Жұбановтың 95-толғаудағы 12-ғасыр кезіндегі түркістандық азаматтардың әйелге деген
бірден-бір көзқарастарын жалаң айтып қоймай,осы жырды 15-ғасырдағы Бұхар жыраудың «Тілек» деген
толғауымен және революцияның алдында 20-ғасыр басында жазылған Сұлтанмахмұдтың «Қамар сұлу»
романындағы жас жігіттің әйел-қыздарға жазатын ғашықтық арнауымен салыстырған. Енді ғалымның осы
пікірлеріне тоқталайық.
Қожа Ахметтен 600 жыл шамасынан кейін өткен Бұқар жырау:
Бесінші тілек тілеңіз,
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Хош иісі аңқыған
Дуалы қудай шалқыған.
Хұлқыменен күйдірген,
Назыменен сүйдірген
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа,-деген жырында, аз да болса, ерлердің әйелге деген жыныстық көзқарасы туралы
пікір жоқ емес. Мұнда: «ердің өзінің өлгенінен де,әйелінің соңында жылап қалғаны ауыр,»-деген пікір бар.
Бұқар тұсындағы қазақ ерлерінің әйел туралы бұл пікірі Яссауи тұсындағы түркістандық ерлердің әйел хақында
түйген пікірлерімен ұқсас. Ал енді бірде Бұқар жырау: «Әйел ерді хұлқыменен күйдірген, назы-бояуымен
сүйдіретін болсын»-дейді. «Мұнысы Октябрь революциясының алдындағы қазақ ерлерінің әйел затына деген
көзқарасына бір табан жақындай түседі»-дейді Құдайберген Жұбанов.Бұған дәлел ретінде Сұлтанмахмұдтың
«Қамар сұлу» романындағы Ахметтің Қамарға ғашықтық хатынан мысал келтіреді:
Сұлу Қамар,ақын Қамар,жаным Қамар!
46
Қамаржан,сені ойласам,ішім жанар.
Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең,
Ішкендей кәусар суын мейірім қанар.
Қорыта келгенде, әйелдер туралы халқымыздың тарихының үш кезеңінде айтылған бұл үш өлеңнің
мазмұнының бір-бірінен азды-көпті басқалығын айтқан. Санамалап айтқанда, Қожа Ахмет әйелге өмірлік
жолдас ретінде қараса, Октябрь революциясының алдындағы қазақ ер-азаматтары әйелдерге тән құмарлық-
нәпсі ләззатының көзі деп қараған. Ал Бұқар жырау тұсында қазақ ерлері әйелдерге екі жақты көзқараспен
қараған.
Ертедегі ата-бабаларымыз ескі салт,көне дәстүр ойынша әйелдерге кемсітушілік көзбен қарамаған. Ата-
бабамызда «әйелдердің жолы үлкен», «қыздың жолы жіңішке» деген үлгілі сөздер бар. Мысалы бұрынғы кезде
әйел мен еркек бір көлікке мінгесу керек болғанда, «әйелдің жолы үлкен» деп ескіден келе жатқан дәстүр
бойынша көліктің алдына әйелді отырғызытын заң да сақталып келген. Міне, осылардың бәрі қазақ халқының
ежелгі салтының жұрнағы еді.
«Ал енді әйелдерді ерлерден кем көрушілік,»-дейді Құдайберген Жұбанов – ислам дінінің күш алуымен бірге
келіп, бірте-бірте қазақ халқының салт-дәстүріне айналған. Алайда Қожа Ахмет Яссауи ислам дінін қаншама
қуаттайтын болғанмен, «әйелдерді құрметтеу» жөнінде ата-бабалардың ескі салт-дәстүрін қастерлеп,одан аттап
өте алмаған тәрізді. Тіпті, онымен де қоймай, Қожа Ахмет діни суфылық жиналыстарға ерлермен бірге жас
әйелдер мен қыздарды да қатынастыратын болған. Сол үшін ол Баба Мәшіннен 500 қамшы жеген болатын.
Міне, сондықтан да «біз қазақ тарихының үш дәуіріндегі үш кісінің аузымен әйелдер туралы айтылған өлеңнің
бір-бірінен азды-көпті басқалығына таңырқарлық ешнәрсе жоқ»-деді Құдайберген Жұбанов.
* * * * *
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Саркулова А.К. қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Класы:
9
«орыс»
Тақырыбы:
Ә.Қастеев. Қалау рай
Мақсаты
Қалау райдың жасалу жолдарын игеру, мәтін мазмұнын өз бетінше
меңгеру, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы ауызша, жазбаша тіл
мәдениеті қалыптасу, шығармашылық қабілеті шыңдалу
Күтілетін нәтиже
Сөйлем ішінде қалау райды ажырата алады;
Мәтінді өз бетінше меңгереді;
Өзіндік пікірі қалыптасады;
Өз бетімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады;
Түйінді идеялар (кілтті сөздер)
«Біле бер қанша білсең тағы білесің. Жетерсің мақсатыңа біле-
біле» /Жүсіп Баласағұн
Сабақ кезеңдері:
Сабақ барысы
Бағалау
ресур
стар
1.
Кіріспе
1. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа
назарын аудару
2. Психологиялық дайындық
3.Үй тапсырмасы
I топ Қазақ бейнелеу өнеріндегі
тарихи тұлғалар
II топ Өз өлкеміздегі суретшілер
туралы
4. Топқа бөліну (мозаика
құрастыру арқылы)
Үш шапалақ
Топбасшысын сайлау,
бағалау парақшасын тарату
Оқул
ық,
презе
нтаци
я
Суре
ттер
топта
масы
2.
Тұсаукесер
1.Ой шақыру 2.Ә.Қастеев суретін
көрсете отырып, оқушылардың
пікірін тыңдау
2. Ә.Қастеевтің өмірбаяны туралы
бейнебаян ұсыну
Слай
д
бейне
баян
3.
Негізгі
бөлім
1. Мысалы:
Ол суретші болғысы келді.
Қалау рай--------- Жасалу жолдары
Негізгі етістік+ -ғы, -гі, -қы, -кі
Сызб
а
47
+ тәуелдік жалғауы + кел
(төменгі сыныпта өткен
білімдерін еске түсіру);
2.Мәтінмен жұмыс
“Жеделдете оқу” әдісі
Жұппен, топпен талқылау
Жоспар құру
Суреттер сөйлейді;
(Оқушыларға Ш.Уалиханов,
Алматы, Түрксіб теміржол,
Мәскеу, көрме суреттерін
көрсетемін. Оқушылар мәтін
бойынша түсінгендерін айтады.)
3. “Ойлан, тап” Мәтіннен
берілген етістіктерді қалау райға
айналдырады.
І топ ІІ топ
Жазады Білім
алады
Сабақ алады Сурет
салады
Қатысты Үйренеді
Ұйымдастырды
Таңғалдырады
4.«Қалам үстел ортасында» әдісі
Етістіктен қалау рай жасап,
сөйлем құрап, ортаға қаламдарын
тастайды. Кез келген оқушы өзіне
ұнаған қаламды алады, сол қалам
иесінің сөйлемі оқылады.
Біл, айт, бар
5.Сергіту сәті
(Оқушылар мақал – мәтелдегі
сөзге сурет салады.)
Туған жерге туың тік
Күш - білімде, білім – кітапта.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Ай жарқырап күн болмас,
Өтірік жарқырап шын болмас.
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды
6.Поэзия минуты
Өлеңді оқу,қалау райлы
етістікті табу
Гүлі сұлу орманды,
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды,
Құшақтағым келеді.
Қызыл, көк, жасыл түстер
арқылы
Смайлик арқылы
Оқул
ық,
плака
т,
марке
р
4.
Қорытынд
ы
1.Эссе «Мен таңдаған мамандық»
(қалау райлы етістіктерді
қатытыру арқылы)
Оқушылар жазған эсселерін
жұпта, топта талқылап,
аудиторияға үздігін ұсынады
Топб
асшы
сы
бағал
ау
Қосымша оқу
Үйге тапсырма
Мәнжазба
Деңгейлік тапсырмалар
Рефлексия
Түсінікті болды, белсенді қатыстым, мен үшін жаңалық, қызықты өтті
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: М.МАҚАТАЕВ «ҚАРА ӨЛЕҢ»
48
Бақтығалиева Назгүл Набидуллаевна
қазақ тлі және әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Қара өлең»
|Мақсаты
1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу;
оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны
дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін,
тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.
3. Тәрбиелік: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін
қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер, арнайы дайындалған слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : Занков «Дамыта оқыту әдісі», Қараеев «Деңгейлеп оқыту әдісі»
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі ( шешендік өнер)
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру
Оқушыларды үш топқа өз таңдаулары бойынша тең бөлу.
Психологиялық тренинг.( оқушыларды бір-біріне қаратып,бір-бірінің қолынан ұстап сәттілік тілету)
Қызығушылықты ояту( электронды оқулықтан М. Мақатаевтың «Поэзия» өлеңін тыңдату) .
Поэзия!
Менімен егіз бе едің!
сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан тауларлан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Балалар, бұл әннің авторы кім деп ойлайсыңдар? Бұл әнді кім орындайды?
Поэзия аспанында ән болып қалықтап, халықтың жүрегінен орын алған ақиық ақын, халықтың сүйіктісі- М.
Мақатаев.
І.Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары
Туған жерің?
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Шыққан тегің?
Шаруамын. Бар тірілктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің ше?
Қазақща қысылғанда орысша, немісше де тағы бар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиған Мәскеуге.
Мекен-жайың?
Мекен-жайым – жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
49
1.Мұқағали Мақатаев қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
қайталанбас дарын иесі 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы қасиетті Қарасаз ауылында
туған.
2. Мұқағали ақынның отбасы туралы не білесіздер?
Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,
әйелі-Лашын.
3. Мұқағали ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Ақынның үш бақыты не?Өлең қалай аталады?
1. Халқы 2. Тілі 3. Отаны
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев.
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» Расында да, Мұқағали өлеңдері бәріміздің сүйіп оқитын жырларымыз
болды.
Ақын өмірі мен шығармашылығынан 5-кластан бері таныспыз. «Үш бақытым», «Фантазия» өлеңдерімен
танысқан болатынбыз.
Олай болса оқушылар « Мұқағали кім?» тақырыбында мен ұсынған плакаттарға өз ойларыңызды
суреттеп,топтастырыңдар.
Топтастыру стратегиясы
Тума талант ақиық ақын
сазгер жазушы
Публицист ұстаз
Драматург үлкен суреткер
Оқушыларды шабыттандыру мақсатында « Үш шапалақ» әдісімен белсендіру.
ІІ.Жаңа сабақ
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
... Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек
ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екендігін танып отыр.
Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік
өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені.Соры өз қоғамы мен
өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта
өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны.
Бүгінде Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35
мың жолға жуық өлеңіпоэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдерінің 100-ден
астамын әндер жазылды. Соның ішінде 30-дан астам жауһар жырларына Нұрғиса Тілендиев ән жазып берген
екен.
Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге
бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең»
ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген
мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы.Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі, авторы -
халық.Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т.б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау-
халқымыздың қанына сіңген қасиет.
Оқулықпен жұмыс
1)Өлеңді тыңдату
2)Оқушылар топта жұппен,топпен талқылап бір оқушы қысқаша түсінген мазмұнын айттыру.
ІІІ.Сатылай кешенді талдау
І топ
1. Авторы -М.Мақатаев (1931-1976) Қазақтың ақиық ақыны. Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз
ауылында дүниеге келген..
2. Тақырыбы – Тіл өнері, өлең - жыр құдіреті.
Тақырып - автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.
3. Жанр түрі -поэзия (өлең)
Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы - халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару.
Идея-тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.
ІІ топ
5. Шумақ саны-4
50
6. Тармақ саны- 16 тармақты
7. Бунақ саны-3 бунақты
8. Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
ІІІ топ
9. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитет-сұмдық сыр, жат жер, қара көз;
Метафора- құдіретім, дәл өзіндей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне
қайтарамын.
Ауыспалы мағынадағы сөздер:
Қазақтың қара өлеңі қаза болса,
Көзден неге қара қан ағызбайын.
10. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні. . Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді.Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық
құндылығымызды дәріптеуге үйретіп, патриоттық сезімді оятады.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»- дегендей, ол өлген жоқ, халқымен бірге
жасайды. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Ақын сөзі кез- келген адамға –үлгі, өнеге,
өсиет.Ақын Оразақын Асқар айтқандай «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан
шығады».Өйткені, халықтың жыры да, пірі де – Мұқағали.
IV. Сергіту сәті - Балалар, келесі тапсырмаға көшпес бұрын, ойымызды, бойымызды сергітіп алайық.
-Мұқағали ағамыздың қандай әнін ұнатып тыңдайсыздар немесе өлеңін сүйіп оқисыздар.
1. « Бақыт деген...»
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
2. « Сарыжайлау»
Жазира, жасыл кілем өрнектелген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ-балдай дәрім,
Салқын самал-баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым!
V. Үш топқа тапсырмалар беріледі.
« Бес жолды өлең»
1.Зат есім-
2.Сын есім-
3.Етістік-
4.Сөзді сөйлем-
5.Синоним-
Салыстыру
Мұқағали «Қара өлең»-Мағжан «Қазақ тілі»
«Сөз өнері», тіл
туралы мақал -
мәтел
VI. Шығармашылық жұмыс.
Білемін,
Керемет бір күн келеді!
Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін!
Болашағым, сенімен бірге өсемін- деп жырлаған Мұқағали ағамыз болашаққа сенді, өлеңінің өміршеңдігіне
сенді. Олай болса оқушылар ақын ағамызға деген сырымызды,ойымызды, тілегімізді әр топ өзінше жеткізуге
мүмкіндік беріледі.
Эссе « Мұқағали атаға сыр...»
51
І топ
.
Мұқағали атаға сыр
Мұқағали Мақатаев... Осы есімді естігенде көз алдымда өр тұлғалы, кең иықты, көздері мейірім мен нұрға
толы ақын бейнесі келеді. Сіздің өлеңдеріңіздіоқыған әрбір адам кең әлемді, халқын, туған жерін сізше сүйіп,
сізше құрметтейтін болар.
Мұқағали ата өте жас кезінде дүниеден өтті, дегенмен де артына көптеген өлең шығармалар қалдырып кетті.
Шіркін, Мұқағали ата қазір тірі болғанда өзі қалдырған қазыналарынан да өте көп жазбалар қалдырар еді. Неге
ол менің сүйікті ақыным? Себебі, Мұқағали атаның жазған өлеңі мен шығармаларында терең ой, терең сыр
бар. Ақын аузынан шыққан бір сөзінің өзі киелі, тәрбиеге үйрететін сөз. .
Мұқағали мәңгі менің жүрегімде
ІІ топ
Өздері шығарған өлеңдерін ұсынды
Мейірімді көздерің
Ұлағатты сөздерің
Қазақтың нағыз ақыны
Алабұртқан жүздерің
Ғашықтықты жырлаған
Ақиық ақын атанған
Лашын атты жарыңмен
Игі істер бастаған
Мұқағали атты ақын мәңгі бізбенен!
ІІІ топ
« Мұқағали» есіміне арнаған лебіздері:
М – Мұқағалидың
Ұ – ұрпаққа
Қ – қалдырған
А – аманатын
Ғ – ғасырлар
А – арнасына
Л – лайық
И – иіліп, бас иеміз.- барлығы бірге.
Бағалау;
№
Бағалау өлшемдері
Өзін-өзі
бағалауы
Көршісінің
бағалауы
Мұғалімнің
бағалауы
1
Сабаққа қатыстым
2
Жеке жұмыс жасадым
3
Жұппен жұмыс жасадым
4
Түйінді ой айттым
5
Үштік жұмысқа қатыстым
Сабақтан алаған әсерлерін аты – жөндері жазылған жерге смайликтерді ілдіру арқылы білемін.
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Қара өлең»
Ұнады, керемет Түсінбедім. Ұнамады, ішім пысты.
Үйге тапсырма І. Міндетті деңгей. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Шарафиева Д.Х. қазақ тлі және әдебиет пән мұғалімі
Пәні : қазақ тілі Сыныбы: 7 қазақ класы
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
52
Міндеті: А) Білімділігі: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін еске түсіре отырып,сөйлемде атқаратын
қызметі туралы түсінік беру, деңгейлік тапсырмаларды орындату.
В) Дамытушылығы: білім алушыларды бір- бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге,
негізгі ойды табуға дағдыландыру
В) Тәрбиелігі: оқушыларды жылдамдылыққа, іскерлікке , белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: кеспе қағаздары
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгелдеу,сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 70-72 жаттығулар, ережеден сұрақ.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Сан есім заттың санын, мөлшерін,ретін білдіретіндіктен,әдетте, сөйлемде анықтауыш болады.
Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
2.Сан есімнің жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш болады.
Атадан – алтау, анадан - төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.Біз екеу едік.
3.Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы, Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса,
төбедегі келер.
4.Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістің алдында келіп, пысықтауыш болады.
Кездесіп жетпіс үште іздегенім.
Біз екі-екіден бөліндік.
5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш болады.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
6.Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады.
Біз үш түрлі кедергіден өттік. Гектарынан он бес центнер бидай орылды.
Оқулықпен жұмыс.
73- жатттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдер қай сөйлем мүшесінің қызметін
атқарып тұрғанын астын сызу арқылы көрсетіңдер.
74- жаттығу. Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып,қай мүше екенін, қандай сөзбен
тіркескенін айтыңдар.
Білімді бекіту. Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ деңгей. Сан есімдерді тауып, түрлеріне қарай ажырату.
Он, жиырма, тоқсан, жүз,
Тойлаймыз ата тойын біз.
Ғабит ата өзіңдей,
Біз жазушы боламыз.
Жазған аңыз, ертегіңді,
Ынта қоя оқимыз.
Ойымызға тоқып, біз,
Ер жетеміз, өсеміз.
Жұмбақтарды шешіп, ішіндегі сан есімдерді тауып, қай мүше екенін анықтаңыз. Асты сызылған сөздерге
грамматикалық талдау жасаңыз.
•Бір ағаштың он екі бұтасы бар,
Әр бұтағында отыз жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.( жыл,ай,күн мен түн)
•Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей, адам соқса. (домбыра)
•Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көркем, маған артық- кемі жоқ. (оң қол мен сол қол)
Шығармашылық диктант. Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, сан есімдерді сөзбен жазып,
мағыналық түрлеріне қарай ажырату.
30дан, 40 қа,5 класс, 3 қатар,32 мектеп, ХХІ ғасыр,4 тен1, 20 том, 7сәуір, 2006 жыл, 40таған, 50лерде, 40тан
астам, 10дарда,10,5.
Қорытынды: Сан есім туралы сұрақтармен қорытындылаймын.
Үйге: 75- жаттығу. Жаттығуды шартына сай орындау. Сынақ тапсырмасы.
Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
* * * * *
ЕМБІ ҚАЛАСЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛІ
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
Өзекті мәселесі:
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялық әдіс-тісәлдерән қолдана отырып ,
олардың оқу танымдық ірекеттерін жетілдіру.
Міндеті:
53
•
Барлық типтердегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.
•
Жас мамандырын кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
•
Әдістемелік бірлестік мүшелерін кәсіби білік біліктілігін көтеру.
•
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды еңгізу.
•
Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Мақсаты:
Жеке тұлғаның қабілетің дамытуда жүйелі білім беру ортасын құру және ақпараттық технологияларды
тәжірибеге еңгізу, көптілдікті үйренудің тиімді әдістерін практикада қолдану.
№
Мұғалімнің аты-
жөні
Бітірген оқу
орны,
бітірген
жылы
Диплом
бойынша
мамандығы
Пед стаж
Санаты
Курстар
1
Кушербаева
Гүлимжан
Элебаевна
Орынбор
ПИ-1979
жоғары
орыс тілі
мен әдебиет
33 жыл 6 ай
І-
05.05.2009
№225
2007 - №1098
03-14.02.14 №0007412
2
Айтмамбетова
Балжан
Умирзаковна
Атырау ПИ-
1994
жоғары
орыс тілі
мен әдебиет
23 жыл 3 ай
Жоғары
27.05.2014
№644
2011 - СТО №0363011
3
Сартаева
Айнагуль
Чукановна
АГУ
жоғары
1998
жоғары
орыс тілі
мен әдебиет
23 жыл 4 ай
І-31.05.12
№185
2010 - №0202166
2011 СТО №0362803
Модуль-2008
4
Оспанова
Гульжанат
Сериковна
Ақтөбе
гуман
колледж-
2006
Арнаулы
орта
Бастауыш
класстың
орыс тілін
оқыту
8
Санатсыз
2013 -№0044457
№
Мұғалімнің аты-жөні
Бітірген оқу орны, бітірген жылы
Диплом бойынша
мамандығы
Пед
стаж
1
Айтмаганбетова Эльмира
Кенжебековна
Ө.А.атындағы Жезқазған универ
2003 жоғары
Неміс және шет тілі
2 жыл 4
ай
2
Кенжалиева Альфия
Бериковна
Орталық Азия Университеті
-2006
Аудармашы
3 жыл
3
Кәден Ақнұр Дәуренбекқызы
С.Бәйішев ат.Ақтөбе
Университетінің колледжі -2013
Аудармашы
1 жыл
Пән мұғалімдерінің педагогикалық өтілі, санаты, өзекті мәселелері:
1. Кушербаева Г.Э. «Активизация мыслительной и интеллектуальной деятельности учащихся»
2. Сартаева А.Ч. «Развитие устной и письменной речи путем индивидуального подхода с применением
инновационных технологий»
3. Айтмамбетова Б.У. «Повышение общей и профессиональной культуры учащихся, развитие
мышления,развитие и совершенствование навыков устной и письменной речи.»
4. Оспанова Г.О. « Развивать познавательную деятельность учащихся, формировать критическое мышление
учеников в процессе творческого поиска.»
5. Айтмаганбетова Э.К. «Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, ой-қабілетін дамыту»
6. Каден А.Д «Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге үйрету»
7. Кенжалиева А.Б «Жаңа технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілін оқыту барысында дамыту»
Жүргізілген жұмыстар :
Курстан өткен мұғалімдер:
Сартаева А.Ч- «Орлеу» Ақтөбе қ. - «Развитие функциональной грамотности
учащихся по чтению в рамках проведения международного исследования PISA» - 29.09-10.10.2014ж.
№ 0022762
Оқушылармен өткізген жұмыстар: Халқаралық «infourok» олимпиадаға 7 оқушы қатысып – 1 орын- 3 оқушы,
3орын-3 оқушы, сертификат-1 оқушы ие болды.
54
Мұғалімнің жұмысы:
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сартаева А.Ч- «www.metodist.kz» халқаралық интернет
ресурсына ғылыми методикалық жинақ шығарды.
-Жинақ- энциклопедия(электрондық орта)- Республикалық«45minut.kz» баспасында басылған
- «Болашакты бірге жасаймыз» атты «Сымбат» жеке мектепте өткен ғылыми практикалық семинарға қатысып
сертификатқа ие болды.
-«infourok.ru» Рессейлік сайтында «Разноуровневые задания» атты методикалық әдістімелік құрал шығарды.
- «так то ЕНТ» Рессейлік сайтында Методикалық жинақ жарияланды.
Оқушылармен өткізген жұмыстар:
“Infourok. ru” сайтында өткізілген ағылшын тілінен сырттай олимпиадаға 5 оқушы қатысып, төмендегі
жетістіктерге жетті:
1.Ерсайын Ақгүл – 3 орын, марапаттау қағазы
2.Кудайбергенова Айшат – сертификат
3.Мукатова Айнура – сертификат
4.Айбулова Ботагөз – сертификат
5.Ағылман Айсана – сертификат
Мұғалімнің жұмысы:
1.metodist.kz сайтында “Let`s speak about Canada” ашық сабағының жоспары мен презентациясы жарияланып,
халықаралық сертификат берілді.
2.Қазан айында Ақтөбе-Дарын ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “Үздік педагог” сырттай
кәсіби сайысына қатысып жүлдері орынға ие болды.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |