Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата10.01.2017
өлшемі1,15 Mb.
#1578
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТІЛІКТІ 
АРТТЫРУДЫҢ  ЖОЛЫ»
45MINUT.ORG ТОПТАМАСЫ
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №1 орта мектеп
ұстаздарының шығармашылық еңбектерінің топтамасы
Редактор: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы
Алматы, 2014
1

УДК 37. 011. 31-051
ББК 74.202
Б 32
«Бәсекеге қабiлеттілікті арттырудың  жолы» Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы 
Б 32       Ембі  қалалық №1 орта мектеп ұстаздарының шығармашылық еңбектерінің
               топтамасы.   /Редактор І. Б Нағиев. – Алматы, 2014. – 120 б.
ISBN 978-601-275-424-7
Біз білім беру мазмұнында, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмірі
мен қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске ұшырап отырған кезеңінде өмір
сүрудеміз.
Мектеп   өміріне   еніп   жатқан   өзгерістер   жаңа   педагогикалық   ойлаумен   тығыз
байланысты. Жаңа педагогикалық ойлау, ең алдымен, оқушыға деген қарым -қатынаспен
анықталады.
Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша
қарауды,   қол   жеткен   табыстарды   саралауды,   жастардың   шығармашылық   мүмкіндігін
дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
УДК 37.011.31-051
ББК 74.202
ISBN 978-601-275-424-7
© Нагиев И.Б., 2014
2

Құрметті  зерделі де зергек, зейінді оқырман!
Мінекей,   2014     жылды   аяқталып,   жаңа   2015   жылы   да   басталып   кетті.
Әдеттегідей 2014-2015 оқу жылына жаңа жоба, жоспарлар жасап, мектебіміздің даму
деңгейін, жұмыс межелерін белгіледік. 
2013-2014   оқу   жылы   мектебімізде   көптеген   жақсы   жетістіктерге   жетті.
Мектебіміздің   ҰБТ   бойынша   да   қорытындысы   жақсы   көрсеткішті   көрсетті,   білім
сапасы   да   жақсы.   Бұндай   жұмыстар   оқушылардан   да,   оқытушылардан   да   терең
ізденісті, күнделікті оқу, оқыту іс-әрекетінің түрлілігін талап етеді. Алдағы уақытта да
әрбір оқушының шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін шыңдай түсуге жан-жақты
жағдай жасауға бағытталған жұмыстар өз жалғасын таппақ.
«Шыдамды,   сабырлы   адам-   бастаған   ісінің   нәтижесін   көреді,   білімге   құштар
адам-   іздегенін   табады»   деген   екен   бір   ғұлама.   Ал       топтама   беттерінен   жақсы
бастамаларымыздың нәтижесі, іздену арқылы жеткен жетістіктеріміз туралы оқиық !
Жаңа жыл  баршамызға табысты жыл болғай !
                                           
  Ізгі тілекпен: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы 
Ембі қалалық №1 орта мектеп директоры 
Серік Жумағұлұлы Агленкин
3

«БӘСЕКЕГЕ ҚАБЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ  ЖОЛЫ»
Мектебі : Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №1 орта мектебі
Аты-жөні:   Аменова Шолпан Сагитжановна
Білімі : жоғары
Бітірген оқу орны: А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты
Диплом бойынша мамандығы: математика-физика
Атқаратын қызметі: мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Жалпы өтілі:     36 жыл   Педагогикалық өтілі:   28 жыл
     Біз білім беру мазмұнында , мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына , олардың өмірі мен қызметіне деген
көзқарастардың  түбегейлі  өзгеріске ұшырап  отырған кезеңінде өмір сүрудеміз. Мектеп өміріне еніп жатқан
өзгерістер жаңа педагогикалық ойлаумен тығыз байланысты. Жаңа педагогикалық ойлау, ең алдымен, оқушыға
деген қарым -қатынаспен анықталады.
Қоғамдағы   болып   жатқан   түрлі   бағыттағы   өзгерістер   білім   беру   қызметіне   жаңаша   қарауды,   қол   жеткен
табыстарды саралауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыруды талап етеді.
      Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»   Заңында:   «Қазіргі   мектептердің,   біріншіден,   практикалық
қызметінде   жинақталған   барлық   игіліктердің   сақталуы;   екіншіден,   қоғамның   интеллектуалдық   қуатын
жетілдіру,   еліміздің   материалдық-қаржылық   ресурстарын   әрі   қарай   дамытатын   адам   тәрбиелеу,   орта   білім
жүйесін одан әрі  дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр
мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
практика , жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», -деп атап көрсетілуі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа
бағыт сілтейді.
Жалпы білім беретін мектеп- бұл оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі дамытуының жүзеге
асуына   жағдай   жасайтын   білім   мекемесі.   Сондықтан   мектепте   тұтас   педагогикалық   үрдіс   қазіргі   заман
қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп ұйымдастырылуы және басқарылуы керек.
Мектебіміздің   өзекті мәселесі: «Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушының бойындағы ішкі
мүмкіндіктерін аша отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу» .
   Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағытталған. Жалпы білімнің
басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін , оң шешім
қабылдай алатын тұлға даярлау.
  Елбасымыздың   Қазақстан   халқына   жолдауында:     “Ұлттың   бәсекелестік   қабілеті     бірінші   кезекте   оның
білімділік деңгейімен анықталады”  деп тұжырымдаса ,  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында
алынған   терең   білімнің   кәсіби   дағдылары   негізінде   еркін   бағдарлай   білуге,   өзін-өзі   іске   асыруға,   өзін-өзі
дамытуға және өз бетінше дұрыс , адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру” деп атап көрсетілген. Міне , мұғалім қауымының бірінші мақсаты-осыған жету.
    Бес жылдық оқу кезеңіне байланыстырылған мектептің білім жүйесінің өзекті мәселесіне дайындық.  
І кезең: 2010-2011 оқу жылы.
1. Мектептің өзекті мәселесін педагогикалық кеңесте талдау, бекіту.
2. Педагогикалық ұжымда қолайлы микроклимат құру
3. Зерттеу бойынша білім беруді  жүйеге келтіру:
     ә) Мектептің даму деңгейі
     а) Жеке тұлғаның даму деңгейі
     б) Оқушының жеке тұлғасының сыныптағы топтармен, педагогикалық ұжыммен өзара қарым-қатынасы, 
оның әлеуметтік статусын анықтау
4. Ұсынған бөліктер бойынша мұғалімдерге кеңес беру
5. Оқу процесінде оқытудың белсенді түрлерін енгізу
6.  Мектеп ортасының жағдайын, оқушыны психологиялық-педагогикалық зерттеу
7.  Оқу үрдісін жетілдіру
8.  Оқушының таңдауы бойынша оқу үрдісіне қосымша пәндерді, арнаулы курстарды енгізу
ІІ кезең: 2011-2012 оқу жылы
Білім беру мониторингін жетілдіру бағытындағы жұмысты жалғастыру
2.Білім берудің  педагогикалық және ақпараттық технологиялары бойынша мұғалімдерді оқыту
3.Пән бойынша оқыту әдісін құрастырып, берілген технологияны тәжірибеден өткізу
4.Оқушының жеке тұлғасын зерттеу картасын жасау
5.Оқушылардың жеке тұлғасын дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бағытында, жаңа 
ақпараттық- педагогикалық технологияларды пайдалану.
ІІІ кезең: 2012-2013 оқу жылы.
Мектептегі білім беру үрдісін басқару жүйесін құру
4

Білім беру үрдісі мониторингісінің нәтижелілігін анықтау
Сынып жетекшілерінің іс-әректінің сапасын көтеру
Қызығушылығы бойынша үйірмелердің іс-әрекетін дамыту
Қалауы бойынша бағдарламадан тыс пәндерді оқуға жағдай туғызу
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруі
Мұғалімдер мен оқушының шығармашылық потенциалын дамыту
Мұғалім мен оқушының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру
І –ІІ  кезеңді қорытындылау , сараптама.
ІV кезең: 2013-2014 оқу жылы.
Бейіндік оқыту барысында таңдауға мүмкіндік беру
Қалауы бойынша ағылшын тілін тереңдетіп оқуға жағдай жасау
Мұғалімдердің ӘБ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу
Білікті жұмысшы, техникалық және қызмет көрсету мамандықтарына алғашқы кәсіби бағдар беруді жүзеге 
асыру
Оқушылардың қалауы бойынша интелектуалды қабілетін дамытуға арналған курстар енгізу
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, оқушылардың , жеткіншек ұрпақтың 
функционалдық сауаттылығын арттыру.
12 жылдық оқуға көшу жағдайындағы жұмыстарды жүзеге асыру.
V кезең: 2014-2015 оқу жылы.
Оқушылардың құзырлылығын, өмірлік дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың ғылым негіздерін өз бетімен меңгеруге, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру
Дамыта оқытудың жаңа мазмұнын жасай отырып, педагогикалық шығармашылықта жетілдіру
Бағдарламадан тыс пәндерді оқуға жағдай жасау
Білім берудің онлайн  жүйелерін дамыту. 
І-V кезеңдік қорытынды, сараптама.
Бес жылдық өзекті мәселенің бағдарлы дамуын жоспарлау.  
Мектептегі басты тұлға қашан да –мұғалім. Қазіргі білім берудің басты мәселесі де –мұғалім тұлғасы. Мемлекет
немесе мектеп басшысы қандай жақсы реформаны қабылдамасын , егер мұғалім оны жете түсінбесе , реформа 
іске аспайтыны белгілі. Яғни , мектепті реформалайтын да , «реформаламайтын» да мұғалім.Ал осы таңда 
мектепте  68 мұғалім қызмет етеді , жоғары санатты 8 мұғалім, бірінші санатты-26, екінші санатты -19 , 42 
мұғалім жоғары білімді -81 пайыз. Облыс әкімінің  «Ең үздік мұғалім» грант иегерлері қазақ тілі мен әдебиет 
пәні мұғалімдері С.У.Ақтілеуова , Г.А.Дошниязова, математика пәні мұғалімі Ш.С.Аменова.
Мектептегі қызмет етуші мұғалімдердің 30 жасқа дейінгі жас мамандар 30 пайыз, ал 31-51- ден жоғары - 70 
пайыз . Мұғалімдердің  еңбек өтілі бойынша 11 жылдан  жоғары 58 пайыз  .
Директордың ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын жоспарлау қызметінің 
басты бағыты 
Оқу - тәрбиелеу үдерісін жоспарлау: 
1. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасауға қатысу. 
 2. Педагогикалық кеңестің тақырыптарын талқылау және бекітуге қатысу. 
 3. Жұмыс жоспарларын жасауда әдістемелік бірлестіктер басшыларына көмек көрсету; 
 4. Ғылыми – әдістемелік жұмыстың бағдарламасын жасау.
 5. Ғылыми – әдістемелік жұмыстың жоспарын жасау.
Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
1.Оқу үрдісін нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету.
 2.Оқу үрдісін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету.
 3.Пед. кеңестерді дайындауға, өткізуге қатысу. 
 4.Жас мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету.
 5.Әдістемелік бірлестіктер басшыларының жұмысына басшылық жасау.
 6.Педагогтарды бағдарламалармен, оқу –жоспарлау құжаттарымен , әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз 
ету.
 7.Меженді оқытуды ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
 8.Қалалық білім бөлімінің, біліктілікті дамытудың облыстық институтының әдістемелік қызметімен байланыс.
 9.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарына басшылық жасау.
Оқу тәрбие үрдісіне бақылау жасау:
1.Сабақ өткізу сапасына бақылау жасау.
 2.Оқу жұмыстары мен бағдарламалардың орындалуына бақылау.
 3.Оқу құжаттары жағдайына бақылау жасау.
 4.Пед. кеңестер, әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізу. 
 5.Өз құзырлығы шеңберінде мекеме бойынша шыққан бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау.
 6.Мемлекеттік Стандарт талаптарының жүзеге асуына, факультативтік және элективтік курстардың 
бағдарламаларының орындалуына бақылау жүргізу.
5

Ғылыми – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру: 
1. Әдістемелік бірлестіктер басшыларының жұмысына көмек пен басшылық жасау.
 2. Оқу үрдісін нормативтік – құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 
 3. Оқу үрдісін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 
 4. Педагогикалық ұжыммен әдістемелік мәжілістер өткізу. 
 5. Өз мәселелерін пед. кеңес отырыстарына дайындау.
 6. Пед. ұжым жұмысын бірыңғай әдістемелік мәселелер бағытына ұйымдастыру. 
 7. Пед. оқулар, маслихаттар, семинарларды дайындау, өткізу. 
 8. Озық педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді 
зерделеу және жинақтау жұмыстарына басшылық жасау.
Педагогикалық кадрлардың іскерлік біліктіліктерін көтеру жөніндегі жұмыстар:
1.«Жас маман  мектебі» жұмысын, жас мамандардың біліктіліктерін көтеру сабақтарын ұйымдастыру. 
 2. Мекеменің эксперттік кеңесінің жұмыстарына қатысу. 
 3.Аттестаттау комиссиясына басшылық ету, педагогтарды аттестаттауға қатысу.
 4.Педагогтарды курстық дайындауды ұйымдастыру.
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және 
міндеттері :
•Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық iс-әрекет базасын, 
жаңа ұйымдастырушылық құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар, эксперименттiк топтар құруға, 
инновациялық үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.
•Бiлiм берудегi әлеуметтiк тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейдi, мектептегi 
оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйiн, оның нәтижелiгiн талдайды.
•Мектептiң кешендi-мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттiк жұмыстардың 
жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделi мен оның құрамдас жүйесiн жасауға қатысады.
•Тереңдетiп бiлiм беретiн сыныптардың оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын 
үйлестiрудi, орындалуын қамтамасыз етедi. Тереңдетiп оқыту, жеделдетiп оқыту топтарына оқушыларды 
iрiктейтiн комиссия құрамына кiредi.
•Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етедi: зерттеу 
мәселесi және өз бетiмен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер бередi.
•Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етедi, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық 
бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, 
мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады 
және жетекшiлiк етедi.    
•Бiрлестiк жетекшiлерi мен кiтапхана қызметкерлерiнiң әрекетiне жетекшiлiк етедi. Оқушылардың ғылыми 
қоғамының жұмысына бағыт-бағдар және кеңес бередi.
•Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелiк құралдарды 
сараптауға қатысады.
•Талдау-диагностикалау әрекетiн жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтiк тапсырысқа, мектептiң даму
тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң 
ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң 
қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады. 
•Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие үрдiсiне қазiргi заманға сай 
түзетулер енгiзедi.
•Басқа бiлiм, ғылым мекемелерiмен өзара шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi ғылыми әдiстемелiк 
жұмыстарға қатысты құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын қадағалайды. 
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының жұмыс папкалары:
•Мектеп жарғысы мен бiлiмдiк бағдарламалар. Нормативтiк-құқықтық құжаттар (республикалық, қалалық, 
мектепiшiлiк бұйрықтар) 
•Жоспарлы-болжамдық әрекет (даму бағдарламасының «әдiстемелiк жұмыс» бөлiмi, әдiстемелiк жұмыстың 
перспективалық, күнтiзбектiк жоспарлары, әдiстеме және пән апталық жоспарлары) 
•Ақпараттық-аналитикалық материалдар (әдiстемелiк анықтамалар)
•Мектептiң кадрлық құрамы (мұғалiмдер туралы мәлiметтер банкi: сандық және сапалық құрамы).
•Ережелер (әдiстемелiк бiрлестiк, мектептегi әдiстемелiк кеңес, өзiн-өзi басқару ұйымы, оқушылардың ғылыми 
қоғамы туралы, олимпиада, байқаулар өткiзу, iшкi тәртiп ережелерi, қоңырау, кiтапхана, әдiстемелiк кабинет 
кестелерi).
•Қызметтiк мiндеттер (мұғалiмнiң, бiрлестiк жетекшiсiнiң, сынып жетекшiсiнiң, тәрбиешiлердiң). Аттестация 
материалдары (аттестациялық комиссия құру туралы бұйрық, құрамы, жұмыс кестесi мен жоспары, 
аттестацияланушылар тiзiмi, құжаттары).
•Бiлiктiлiк көтеру жұмысы (формалары, кестесi, жоспары, күтiлетiн нәтижелерi). Шығармашылық топтар 
жұмысы. 
6

•Жас және жаңадан келген мамандармен жұмыс ( тiзiмi, тәлiмгерлер мен жас мамандар жоспарлары, 
сауалнамалар мен анықтамалар, «Жас мамандар мектебi» оқуының жұмыс кестесi).
•Мұғалімдердің эксперименттiк-зерттеушiлiк әрекеттері. Оқушылардың жобалау-зерттеушiлiк әрекеттерi 
•Баспа әрекетi. Оқу - әдiстемелiк қамтамасыз ету.
•Күнтiзбектiк тақырыптық жоспарлау (оқу пәндерi, факультативтер, үйiрмелер мен қоғамдар бойынша).
•Есептер мен қорытындылар (өзiнiң, факультатив, тәлiмгер, бiрлестiк жетекшiсiнiң, мұғалiмдердiң ғылыми-
әдiстемелiк жұмыстар бойынша).
•Әр деңгейдегi байқаулар (байқаулар туралы ережелер, қатысушылар туралы мәлiметтер мен толық 
материалдары).
Дәптерлерi: 
1.Директор алдындағы әдістемелік кеңес.
2. Қоғамдастықпен бiрлескен жұмыс. 
3.Әдiстемелiк бiрлестiк жетекшiлерiмен бiрлескен кеңес. 
4.Әдiстемелiк жұмыс бойынша сынып жетекшiлерi мен мұғалiмдердiң бiрлескен жиналысы туралы.
5.Сабаққа қатысу. 
6.Пән бойынша сабақтан тыс шараларға қатысу. 
7.Мұғалiмдермен, сынып жетекшiлерiмен жеке жұмыс. 
8.Әдiстемелiк жұмыс бойынша құжаттарды тексеру және т.б.
Жаппай
                                                                                       
•Тақырыптық педкеңестер 
•Әдістемелік кеңестер 
•Топтамалық (пәндік) әдістемелік комиссиялар 
•Педагогикалық оқулар 
•Жас ұстаз мектебі 
•Педагогикалық және ғылыми-зерттеулік шеберханалар 
•Конференциялар  
•Кәсіби шеберлік байқаулары 
•Әдістемелік апталықтары
Жеке 
•Жаңашыл әдістерді жүзеге асыру 
•Дидактикалық материалды жүйелендіру 
•Өздігінен білімін жетілдіру тақырыптарымен оқытушылардың жұмысы 
•Ашық сабақтар өткізу 
•Шығармашыл микротоптардың жұмысы және есебі 
•Жұмысты жаңа бастаушы оқытушылармен жұмыс 
•Семинарлар-практикумдар 
•Дөңгелек үстелдер
Кабинеттің ғылыми-әдістемелік жұмысының түрлері 
1. Сынау жұмысы және ғылыми зерттеулер: 
•Жаңалық еңгізуші технологияларды және жобаларды енгізу 
•Қазіргі заманның ғылыми-техникалық бағыттағы саласын зерттеу 
•Авторлық, вариативтік бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу құралдарын бейімдеп көру 
•Түйіндеме беру, сараптама жасау 
•Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысу 
2.Әдістемелік құжаттарды жасау:  
•Ашық сабақтар мен іс-шаралардың зерттемелері 
•Әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулықтарын, электронды оқу құралдарын жасау. 
3. Оқытушылардың біліктілігін арттыру: 
•Біліктілік арттыру курстары 
•Қиын мәселелер семинары 
•Кәсіпорындардағы қайта дайындау 
•Педагогикалық оқулар 
•Жеке кеңестер 
•Ашық сабақтар және іс-шаралар 
•Тәлімгерлік 
•Қалалық әдістемелік бірлестіктеріне қатысу
4. Педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату: 
•Оқытушыларды аттестаттау 
•Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушылардың материалдарын жүйелендіру және жалпылау 
•Зерттеу нәтижелерін безендіру (журналға мақала, баяндама, көрнекі құрал) 
•Білім беру барысына жаңалық енгізуші зерттемелерді енгізу және тарату 
7

Мектептегі оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты негізгі іс-шаралар:
Іс-шаралар 
Мерзімі 
Қаралатын 
сұрақтардың 
шектеулі саны 
Жұмсалатын
уақыт саны 
Әдістемелік кеңес отырысы 
Тоқсанына 1 рет 

2-2,5 
Әдістемелік жұмыс тәжірибесін қорытындылау 
бойынша ғылыми-әдістемелік конференциялар 
2-3 жылда 1 рет 
2-3 
3-4 
“Жыл мұғалімі”, “Ең үздік бірлестік жетекшісі” 
байқаулары 
Жылына 1 рет 
“Ең үздік дидактикалық материалдар кешені” 
байқауы 
Жылына 1 рет 
“Ең үздік кабинет” байқауы 
Жыл аяғында 
Шағын кеңестер 
Айына 2 рет 
Бірлестік отырыстары 
Жылына 5 рет 
Ашық және үлгі сағаттары 
ӘБ жоспары бойынша  Тоқсанына 1-2 сабақ 
Әдістемелік апталықтар 
1-2 рет айына 
2-3 
5-6 (1 
аптада) 
Мұғалімдер сабағына қатысу, әңгімелесу, кеңестер 
беру 
5-8 сағат аптасына 
Жас мамандар мектебі сабақтары 
Айына 1-2 рет 
1-2 
2-2,5 
Педагогикалық шеберлік сыныптары сабақтары 
Айына 1 рет 
1-2 
2-2,5 
Әдістемелік кабинеттің өзекті мәселесі:  «Жаңа дамытушылық технологияларды енгізіп және жүзеге асыру , 
дарынды тұлға  тәрбиелеу» 
Мақсаты мен міндеттері: 
1.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне жетілдіру: 
•әдістемелік кабинет, мектеп және қалалық білім бөлімі жанындағы семинарлар жұмысына белсенді атсалысу; 
8

•мұғалімдер біліктілігін көтеру курсы жұмысына белсенді қатысу; 
•мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу үшін өзара сабақтарға қатысу 
•оқушылардың білім, білік, дағды сапасын жақсарту, олардың ойлау қабілетін дамыту, алуан түрлі білім бақылау
түрлерін өткізу. 
2.Жаңа педагогикалық технологиялармен танысу және енгізу. 
3.Жаңа оқулықтарды талқылау және талдап қорыту. 
4.Оқушыларды түрлі пәндер бойынша мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадаларға дайындау. 
5.Пәндер бойынша мұғалімдерді аттестациядан өткізу. 
6.Оқушыларды көшіру, бітіру емтихандарын сәтті тапсыруға дайындау. 
7.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жалғастыру. 
8.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты әрі қарай жалғастыру. 
9.Пәндер бойынша ғылыми жұмыстарды әрі қарай жалғастыру. 
Қазіргі уақытта мектептің даму процесін зерттейтін , Білім берудің жаңа тәжірибесін жасаумен  байланысты 
ғылым саласына  педагогикалық инноватика кең тарап үлгерді. Инновациялық процесс дегеніміз білім 
мекемесінің жаңалықты жасау, игеру, қолдау  және тарату бойынша кешенді іс-әрекеті болып табылады. 
Сондықтан инновация білім беру ортасына жаңа тұрақты элементтер ендіруші, жүйенің бір жүйеден екінші 
жүйеге ауысуын қамтамасыз ететін «жаңалық ендіру» деп те түсініледі.
Бір нәрсе түсінікті, ол инновациялық процесс жүрмейінше, мектептің дамуы жүзеге аспайтындығы.
Мектеп басқарудағы инновация  оның барлық қызметтерін, дербес жағдайда, ұйымдастыру қызметін де 
қамтиды.
Тұтас педагогикалық процесті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады.
Педагогикалық талдау жүйесі мынадай мақсаттарды көздейді:
Мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу;
Оқыту қызметіндегі позитивті тенденцияларды дамыту;
Кемшіліктерді біртіндеп жою;
Озат педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау  және тарату;
Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
Оқу –тәрбие процесін жектілдіру;
Оқушылардың мүмкіндіктерін зерттеу.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп
шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай 
білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы!» Жоғарыда айтылған мақсатқа  сүйене отырып,  
мектеп туралы   ақпараттық анықтама айтқым келеді.
Оқушылар саны-555  оқушы, оның ішінде- озат оқушылар 110/79 , екпінділер саны-158/87.  «Алтын белгі »  
иегері-2 . «Үздік аттестат»-3. Мектеп қабырғасында жүргенде «Дарын» бағыты бойынша  жұмыс істеп 
халықаралық жарыстарға қатысқан 1 үйден 2 үздік оқушы болды.  Нұртаева Акгул Грецияда өткен халықаралық
ғылыми жобалар олимпиадасында географиядан ІІ орынды иеленсе,  Нұртаева Әйгерім  Швейцарияның  Цюрих
қаласында  өткен  халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасында биология пәнінен «Яровая пшеница и 
методы повышение  ее урожайности» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.     
17 ел қатысқан білім додасында  47 қатысушының ішінен      II орынды жеңіп алды.
Спорт саласында айтулы жетістікке жеткен оқушымыз – Кенжебай Самалбек. Самалбек – дзюдодан спорт 
шеберлігіне үміткер, қазақша күрестен 1 разряд иегері атанып, 2011 жылы республикалық біріншілікте топ 
жарып Қазақстан чемпионы атанды.
   Білім сапасы   2010-2011 оқу жылында-40% ,    2011-2012 оқу жылында -45%, 2012-2013 оқу жылында -61%.  
2013-2014 оқу жылында -61%. Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасы мен үлгерімін электронды  күнделік 
жүйесіне көшіру мүмкіндіктері қарастырылса.
Ембі қаласы №1 орта мектебінің ұлттық бірыңғай тест бойынша сапа көрсеткіші
ҰБТ-да 2010-2011 оқу жылында-92 , 2011-2012 оқу жылында-82  болса 2012-2013 оқу жылында -86. 2013-2014 
оқу жылында -79,4.
Кластан тыс тәрбие жұмысының сипаттамасы. Оқу –тәрбие жұмысында оқушылардың сабақтан тыс уақытын 
тиімді және пайдалы етіп ұйымдастырылуына аса мән беріледі. Оның дәлелі  ретінде мектептегі    тоғызқұмалақ
, волейбол , «Шебер қолдар» , «Қыл қалам шебері» , «Бояу сырлары» және «Мүсін өнері» , «Жас тілші-
әдебиетші» үйірмелерін айтуға болады. Мектеп оқушыларының 58% -ы түрлі үйірмелерге қатысады.
Мектептегі қалыптасқан дәстүрлер туралы қысқаша ақпарат:
М.Әлімбаев: «Барлық қуанышты жинасаң – той, барлық озық ойды жинасаң - жаңалық»-демекші, ұжымдағы 
жұмысты жаңа бағыттағы басқарудағы мақсат – шығармашылық ізденістегі мұғалімдер қатарын толықтыру, 
білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі заман талабына сай жүргізу. Мектепте білім беру мен тәрбиені жаңаша 
жүргізуде төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Мектепте  «Шаңырақ» шығармашылық тобы құрылған. Топ үшке бөлінеді: «Зерттеуші», «Ізденіс», 
«Шығармашылық». Осы топтардың жұмыс жоспарлары жасалып, нақты іс- шаралар  ұйымдастырылған. 
Оқушылардың бойындағы дарындылықты, таланттылығын ғылыми тұрғыдан анықтау мақсатында құрылған 
9

«Зерттеуші» тобында 15 мұғалім, үйрену, үйрету, тәжірибе алмасу, озат тәжірибесін насихаттау үшін құрылған 
«Ізденіс» тобында  28, дамытудың  жаңа сатысына бағытталған мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен 
білімділігін анықтау мақсатымен жұмыс жасайтын  «Шығармашылық» топта 23 мұғалім бар.
Нәтижеге бағытталған  білім берудің жаңа мазмұны жағдайында инновациялық , ақпараттық технологиялар 
негізінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың іс-тәжірибесін тарату, тәжірибе алмасу 
мақсатында семинарлар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ,  2009-2010 жылы  «Математика,  физика  пәнін  оқытуда сапалы білім беруді  қамтамасыз ету 
мәселелері және оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың жолдары»  атты  Алға,  Мұғалжар  аймақтары бірлескен 
ауданаралық семинар – практикум,  «Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану» 
тақырыбымен  бастауыш  класс  арасында  қалалық семинар,  2011-2012 оқу жылы «Бәсекеге қабілетті жеке 
тұлғаның белсенділігін арттыру – мұғалімнің шеберлігі»  атты  қазақ  тілі  мұғалімдеріне  арналған аудандық 
семинар өтті.
2011-2012 оқу жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қасиет 
тұнған ұлы ұғым» атты қоғамдық ғылымдар пәні мұғалімдерінің бірлестік сайысына қаланың 6 мектебі 
қатысты.
Педагогикалық  ұжымның өзара тәжірибе алмасу әрекетін,  өзін – өзі бағалау, өз білімін көтеру,  кәсіби 
шеберлігін арттыру  мақсатында «Кәсіби жетістік – ізденімпаздық пен жауапкершілік нәтижесі» тақырыбында 
тоқсан сайын өтетін онкүндік мектебіміздің дәстүріне  айналған. Мұғалімдермен жұмыстар көптеп саналады.
Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс: 
    Бүгінгі жаhандану заманындағы білім басты нысанамыз-өркениет деңгейіндегі тәуелсіз мемлекеттің рухани 
өсуі тұрғысынан тәуелсіз , озық білім үлгілерімен қаруланған жастарын тәрбиелей отырып , оқу- тәрбие 
үрдісінде   шығармашылық ізденіске  баули  отырып,  инновациялық белсенділік танытушы мұғалім тұлғасын 
қалыптастыру. 
Жұмыстын мақсаты: Педагогикалық ұжымдағы жас мамандарды бүгінгі мектеп дамуындағы оқу-тәрбие 
процесінің жүргізілу жүйесімен таныстыра отырып, жас маманның теориялық білімін практикамен 
ұштастыруға және кәсіби біліктілігінің дамуына жағдай жасау, оқытудың жаңа  технологияларын тәжірибесіне 
тиімді қолдануға үйрету мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде.
Оқушылар ғылыми қоғамы:
Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар-еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. «Бұлақ 
көрсең көзін аш деген » ұлағатты сөзге сүйеніп , бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін , дарынын ашу
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Мектебімізде құрылған «Тұлға» атты оқушылардың ғылыми қоғамы –өз 
білімін жетілдіруге арналған , өз интелектісін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық 
бірлестігі.
«Тұлға» ғылыми қоғамының эмблемасы, девизі , дәстүрі бар. Оқушылар өз қызметін талқылап қабылданған  
Ережеге сәйкес жүргізеді. Ғылыми қоғамның белсенді жұмыс істеуі оқушылар арасында талантты балаларды 
табуға , оларды шығармашылық сипаттағы пайдалы , қызықты істерге жұмылдыруға және мектеп оқу-тәрбие 
үрдісінің деңгейін көтеруге игі ықпал ететіне іс барысында көз жеткізудеміз.(Көрнекіліктермен көрсетіледі , 
көрме (методика жағынан), папкалар т.б.)
Кіші Ғылым Академиясы мен «Зерде» шығармашылық жобалар сайысындағы жеткен жетістіктер:
11 қазақ класс оқушысының Нұрғазина Дина мен Оразалина Айым әдебиет пәнінен – «Мақтау қағазы»;
Шынтемирова Айдана облыстық кезеңнен II орын, республикалық кезеңнен I орын;
Математика бағыты бойынша Таубаева Айым облыстық кезеңнен II орын, республикалық кезеңнен «Құрмет 
грамотасын» жеңіп алды;
Орыс тілі пәнінен Рахманова Роза облыстық кезеңнен II орын, республикадан III орын;
Математика пәнінен 5 класс оқушысы Елпаш Әлия аудандық I – орын, облыстық кезеңде II орын иеленді;
7 класс оқушысы 7 класс оқушысы Нұртуған Сабыржан мен Аяжан аудандық кезеңнен II орын иеленді; 
Орыс тілі пәнінен 5 «а» класс оқушысы Бердіғали Ғасырбек аудандық кезеңде I – орын, облыстық – III орын;
10 класс оқушысы Ержанова Гүлназ психология пәнінен  облыстық III орын, республикалық II орын иеленді;
Ажимбаева Айжан тарих пәнінен «Мақтау қағазымен»;
Айбулова Диана тарих пәнінен аудандық I орын;
Мақсат Айболат, Ғайнел Диана – аудандық II орын, облыстық II орын; т.б.
 2011-2012 оқу жылында республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жүлдегерлері
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 9 класс оқушысы Шапавалова Анастасия аудандық кезеңнен  I  орын , облыстық 
кезеңнен  III орынды иеленді. 
2012-2013 оқу жылында республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жүлдегерлері
Аудандық кезең нәтижесі бойынша 9 класс оқушылары Тлеген Нұрсәуле орыс тілі мен әдебиетінен, Ағылман 
Айсана құқық пәнінен, 8 класс оқушысы Куанышкалиева Динара химия пәнінен жүлделі  I орындарға ие болды.
II орынды 5 оқушы; III орын 12 оқушы иеленді.  Облыстық кезеңге 2 оқушы қатысып Тлеген Нұрсәуле мен 
Ағылман Айсана III орынға ие болды.
     Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты- ол біздің тәуелсіздігіміз.
Оның іргетасының мықты болып қалануы ұрпаққа берілетін білім мен тәлімді тәрбиеде. Ал ол –ұстазға 
10

жүктелетін ауыр міндет. «Басқадан кем болмау үшін біз білімді , бай hәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға 
оқу керек .Бай болуға кәсіп керек . Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек,»-
деп айтқан Ахмет Байтұрсыновтың сөзі өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Біз ақпараттар ағынының 
тасқыны қарқынды дамып жатқан кезеңде өмір сүрудеміз. Заман ағынына ілесу үшін біз өзімізді –өзіміз үнемі 
жетілдіру үстінде болуымыз қажет. Ұлттың болашағы –ұрпағында болса , ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында.  
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет