Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ


* * * * * САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КІМГЕ ҚАРЫЗДАРМЫЗ?



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КІМГЕ ҚАРЫЗДАРМЫЗ?
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті 
Жәйрем №10 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Айжан Токтагуловна
Пәні: Әдебиеттік оқу   Сабақ : № 21 – 1   Сыныбы:  2 «Г»  Мерзімі:  08.10.2013                            
Мақсаты: Диалогтік оқыту әдісі бойынша оқушының сындарлы сөйлеу тілін дамыту, ойын еркін жеткізе білуге 
үйрету.
Міндеттер: Алған  білімін өмірде пайдалану,өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге , тапсырманы 
ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу .
 Ресурс: 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы ,интербелсенді тақта, тапсырма жазылған таратпа қағаз, 
флипчарт, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер, көңіл-күйді білдіретін стикер.
Модуль:Білім беруде АКТ-ны пайдалану, « Білім берудегі басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау 
және оқуды бағалау», « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар:  «Серпілген сауалдар» стратегиясы , «Миға шабуыл» 
стратегиясы, «Болжау» стратегиясы,  «Ойлан, Бірік, Бөліс» стратегиясы, Ментальді карта,  Кластер қорғау, 
Сергіту сәті, өзін- өзі бағалау,  Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
Уақыты
Сабақ 
кезеңдері
Жоспар 
мазмұны
Мұғалім іс - 
әрекеті
Оқушы іс – әректі
Бағалау
Ресурстар
Кіріспе 
3 минут
Психологиял
ық ахуал
Шаттық шеңбер 
құру.
Оқушылардың 
топқа бөлінуі
Шаттық шеңберін құру 
арқылы бір – біріне  тілек 
тілеу.
Оқушылар Мазайка 
ойынының желісі 
бойынша  топқа бөліну
Өте жақсы!
Тұсаукесер 
бөлімі
10 минут
Өткен 
сабаққа 
шолу
«Серпілген 
сауалдар» 
стратегиясы
«Серпілген 
сауалдар» 
стратегиясы.
1)Сырым Датұлы 
кім болған?
2) Ата – анасы 
қандай адамдар 
болған?
3)Сырым неше 
жасынан Бала би 
атанды?
4)Хиуа ханның 
Сырымға қойған 
сұрағы қандай?
Ашық сұрақ
1)Сырым Датұлы батыр, 
шешен әрі би болған.
2)Әкесі момын, есті кісі 
болған. Анасы бір 
ауылды сөзімен, ісімен 
билеген ақылды адам.
3)7-8 жасынан «бала би» 
атанған.
4)Қазақта «ас –мас», 
«жігіт - мігіт», «ат - мат» 
деген сөздердің мәнісі 
не ?
5)Той жасағанда мал 
Интербелсе
нді тақта, 
доп, 
смайлик
33

5)Сырымның 
жауабы.
6) Шешен сөзінің 
мағынасы 
қандай?
сойын бас тартып,қазы- 
қарта, жал- жая тартамыз. 
Сусынға қымыз береміз 
мұны – «ас» дейміз. Шөп 
шаламды, сусынға берген 
қара шайды «мас» дейміз. 
Бәйгеден озған жүйрікті 
«ат» дейміз, артында 
қалғанды «мат» дейміз. 
Күреске түсіп, алып 
ұрғанды «жігіт» дейміз, 
жығылғанды «мігіт» 
дейміз. 
6) Тілді, тапқыр 
сөйлейтін адамды шешен 
дейміз.
2 минут
Сергіту сәті
«Ұл мен қыз»
Оқушылар көріп тұрған 
қимыл қозғалыстарын 
қайталап билейді.
Жарайсыңдар
!
Итантербел
-сенді 
тақта
Негізгі бөлім
10 минут
«Миға 
шабуыл»
стратегиясы
«Қарыз» сөзінің 
мағынасын ашу
үшін әр топқа 
кластермен 
жұмыс 
Ментальді картамен 
жұмыс
Кластер қорғау
                   Ата- анаға        
Aлл
банкке
мұғалімге 
 ата – әжеме
Стикерлердің қорғауына 
2 минут
Флипчарт, 
маркер,
5 минут
«Болжау» 
стратегия-
сы
«Суреттер 
сөйлейді»
Слайдпен 
«Қарыз» сөзінің 
мағынасын 
айтып бердіңдер, 
рахмет. Сонымен 
бүгінгі өтетін 
тақырыбымыз не 
болды?
Қазақтың үш 
биін ата.
«Кімге қарыздармыз?»
Әйтеке би,Төле би, 
Қазыбек би
Өте жақсы!
Интербелсе
нді тақта
3 минут
Оқулықпен 
жұмыс
«Кімге 
қарыздармыз?» 
мәтінін ызыңдап 
оқу.
Оқушылардың мәтінді 
қатесіз оқуы
Әдебиеттік 
оқу 
оқулығы
с5 минут 
Білімді бекіту
«Ойлан, 
Бірік,Бөліс»
 Әр топ топпен 
оқу, жұппен 
талдау.
Әр топ рөлге 
бөліп оқу
Әр топ осы мәтін 
аясында 
Ментальді 
картамен жұмыс 
жасау. 
Топпен оқып жұппен 
талдау
Автор, Әнет баба
Қазыбек би
 Ментальді картамен 
жұмыс. (Әекге 
мінездеме беру)
Әнет баба     Қазыбек би
Анаға Аллаға Атама       
халқымы  Әнет бабаға  
Әдебиеттік 
оқу 
оқулығы, 
Флипчарт, 
маркер, 
Әдебиеттік 
оқу,
Қорытын-ды
3 минут
Рефлексия 
«Екі 
жұлдыз, бір 
тілек»
Әр оқушыға 
таратып беру
Сабақтың екі сәтті 
шыққан жері, келесі 
сабаққа бір тілек жазу.
стикер
2 минут
Үйге 
тапсырма
«Кімге 
қарыздармыз?» 
рөлге бөліп оқу.
Қазыбек бидің 
Күнделікке жазып алды
күнделік
34

айтқан шешендік 
сөздер жинау.
Бағалау 
2 минут
Фармативті 
бағалау, өзін 
– өзі 
смайликтері
н санау 
арқылы 
бағалау
Жинаған 
смайликтерін 
санау лы 
бағалаурқыа
«5» -  7- 6 смайлик
 «4» - 5-4 смайлик
 «3» -  3-2 смайлик
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ
 САБАҒЫНДА ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Атырау облысы  Мақат ауданы №2 бастауыш мектебінің
ІІ санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Жайкина Райгул Жанабиловна
   Ағылшын тілі- ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал,  
әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай 
түседі. Балалалардың ағылшын тілін білуі- уақыт талабы. Осы мақсатта ағылшын тілін жетік меңгерудегі басты  
әрекет-  бастауыш  мектепте  ағылшын  тілін  1  сыныптан   бастап  оқыту. Бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілінен 
оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауыз-екі сөйлеу тілі тікелей байланысты.
 Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз 
ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы 
оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007).
Мұғалімдік   тәжірибемді   бастағаннан   бері   мені   «Үлгерімі   төмен   оқушылардың   қызығушылығын   қалай 
арттырсам?» деген ой үнемі мазалайтын. Үшінші негізгі деңгейлік   курсынан өткеннен кейін мен көкейімде  
жүрген көптеген сұрақтарға жауап тапқандай болдым. Әсіресе, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер мені 
толғандырмай қоймады. Соның бірі сыныпта диалог арқылы оқыту.  Л. Выготский оқыту моделі оқушы диалог 
құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік 
қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39 бет) 
     Бағдарламаның  жеті модулін  ықпалдастыра отырып сабақта қолдану оқушылардың пәнді терең түсінуіне  
көп көмегін тигізеді. Бағдарламаның жеті модулін   меңгеріп отырған кезімде - ақ мен мектептегі тәжірибе 
жұмысымды ойша жоспарлай бастадым. Соның ішінде  диалог арқылы оқыту  оқушылар үшін қолайлы және 
олардың   сөздік   қорының   дамып,   бір-   бірімен   ағылшын   тілінде   сөйлесуіне   мүмкіншілік   туындайды.  Себебі 
сыныптағы   оқушылардың   бірлескен   сұхбаты   үлкен   пайда   келтіретіндігін   көрсететін   бірнеше   дәлелдер   бар.  
Олар:
-Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
-Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
- Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
-   Мұғалімдерге   оқушыларды   оқыту   барысында   олардың   оқушылары   қандай   деңгейде   екендігін   білуге 
көмектеседі. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39 бет)
   Осы уақытқа дейін өткізген және басқа мұғалімдердің дәстүрлі сабақтарына қатысып жүрген кезімде мен, 
сыныпта   оқушылардың   аз   сөйлеп,   көбінесе   мұғалімнің   сөзін   берілген   тапсырмаларды   үн   -   түнсіз   тыңдап, 
орындау  үдерісі қалыптасқанын түсіндім.Ондай сәттерде үлгерімі жақсы оқушылар зерігіп, ал үлгерімі төмен 
оқушылар өзінің тілдік қорын дамыта алмай немесе түсінбегендерін сұрауға дәті бармай, сабақты түсінбестен 
үйіне қайтады.  
   Бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі сабағында диалогті оқытудың (бір- бірімен ой бөлісуге, бірін- бірі  
үйретуге, тақырыпты талдап, ағылшынша сөйлемдер құрауға) тиімді екенін болжадым. Себебі диалог – бүкіл 
сыныптың әңгімесін дамыту. (бірінші бетпе- бет кезеңнің материалы)
Мерсердің   зерттеуіне   сәйкес,   әңгімелесу   оқушылардың   оқуының   ажырамас   бөлшегі   болып   табылады   және 
әңгімелесудің үш түрі бар. Олар: әңгіме – дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. Мерсердің айтуынша, 
ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік 
түрі басымдыққа ие болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 40 бет)
Сол   себептен   мен   өз   сабақтарымда   зерттеушілік   әңгімені   көбірек   қолдануға   жұмыстанамын.   Әр   топқа 
тақырыпқа сәйкес суреттер таратып, суретке қарап отырып, топтасып кейіпкердің эмоциясына сәйкес зерттеп, 
әңгімелеуге дағдыландырдым. Зерттеушілік әңгіме кезінде оқушылар бірге ойланады, өз  ойларын  дауыстап 
айтып, өз болжамдарын ұсынып, топтық талқыға салады. Ең ұтымды деген ойды, жан- жақты сұрақтар қоя 
отырып, өздері қорытынды шығарады да, сөздіктерден қарап өз ойларын ағылшын тілінде  жеткізуге тырысады. 
    Сабақтан   тыс   тақырыпта  оқушылар  бір  -  біріне  ашық   сұрақтар  қойып  және  жауап  береді.  Егер  мұғалім 
оқушыларға түрткі болатын тапсырмалар берсе, оқушылардың әңгімелесетіні және бір - біріне ашық сұрақтар 
қоя білетіні, оған жауап беру барысында ойланатыны, бір- бірін тыңдап отырып, өз ойларын жинақтайтыны 
35

байқалады. Барнс пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту 
кезінде   дамыту   қажет   болып   табылатын   әңгіменің   бір   түрі.   Зерттеушілік   әңгіме   барысында   оқушылар   өз 
сыныптарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір - бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық 
білім мен түсінікті қалыптастырады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 40 бет)
   Топтық әңгімеге оқушыларды ұйымдастыру барысында көбінесе топтағы талантты және дарынды оқушылар 
сөйлеп, өз ұсыныс- пікірлерін ортаға салады. Бұл жағдайда үлгерімі төмен және орташа оқушылар достарының 
әңгімесін тыңдай отырып, біліммен бөліседі, сөздік қорын молайтады және де өз сыныптартарынан сөздердің 
дыбысталуы мен қазақша баламасын үйренеді.
  Сыныптағы диалогті әңгімені дамыту мақсатында Александердің  тұжырымдауынша  « Оқытудағы әңгімелесу 
қарым - қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының 
негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 40 бет).
   Сабақтарымда алдымен психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылармен амандасып, олардың хал - 
жағдайын сұрап, ортаға жинап   тренингтер   өткіземін. Әр оқушы өзі туралы көршісі жақсы сөздер айтқанда, 
көңілдері көтеріліп, өздеріне деген сенімділіктері арта түседі.Әр сабағымда  тақырып бойынша жаңа сөздермен 
танысқаннан   кейін   диск   тыңдау   арқылы   әңгімені   рөльдік   ойын   ретінде   сахналауға   дайындық   кезінде   ,   әр  
топтағы оқушылар алдымен өзара рөльдерді бөліп алады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар сөздердің 
дұрыс оқылуын басқа оқушыларға үйретіп, қайталатып, жаттатқызып   және өзара ақылдасып, кейіпкерлерді 
мінезіне қарай өзара бөліседі. Кей жағдайда,   өздерінде жетіспейтін кейіпкерді басқа топтардан іздеп, өзара 
келісім жүргізеді. Ынтымақтасқан оқу нәтижесінде барлық топ  мәтінді сәтті сахналап бере алады. 
        Оқушыларда   бірлескен   түсінік   қалыптастыру   мақсатында   суреті   және   мәтіні   бар   парақшалар   таратып, 
олардың   тек   қана   ауызекі   сөйлеуіне   ғана   мән   бермей,   жазба   жұмыстарын   сауатты   орындауына   да   көңіл 
аударамын. Тапсырма бойынша мәтінде тасталып кеткен етістіктерді, предлогтарды немесе көмекші етістіктерді 
т.б.дұрыс тауып, орнына қою. Әр топ мүшелері суретке қарап және мәтінді оқып, барынша зерттейді. Онан соң 
барып, ортақ бір шешімге келіп, керекті етістіктерді жазады. Жазып болып та тексеріп, қайтадан қарап барып, 
ортаға шығып оқиды. Ал басқа топтағылар тыңдап, дұрыс бұрыстығын  тексеріп, бірін- бірі әділ бағалауға 
дағдыланады. Сондай- ақ суретке байланысты сұрақтар қойып, жауаптарын талқылайды. Оқушылардың жаңа 
сабақ   тақырыбының   тұжырымдамасын   және   үдерісті   түсінуді   дамытатын   ақпарат   алуға   арналған 
құрылымдалған стратегиялар өте көп: «Тыңдап отырған үштік», «Тыңдайтын үшбұрыштар», «Өкіл», «Ойлан, 
Бірік, Жұптас» және т.б . Бұл жаттығуларды бастамас бұрын, оқушыларды сергіту және жұптастырып бөлу 
мақсатында «Молекула және атом» тренингі өткізіледі. Оқушылар алдымен музыканың сүйемелдеуімен жеке 
молекула болып жүреді, сонан соң атом болып бір біріне жақындап, тығыздалып, белгі бойынша жұптасады. 
Тапсырмаларды орындау барасында бір- бірімен диалог құрып, әңгімелеседі.
   Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің 
тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
(Мұғалімдерге   арналған   нұсқаулық   41   бет).   Осыған   орай   сабақтарымда   оқушыларға   түрткі   сұрақтар   беру 
арқылы олардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін білдім. Сондай- ақ оқушылар бір- біріне сұрақтар қойып және 
сол сұрақтарға жауап іздеуде оқушылар өздерінің танымдық қабілеттерін көрсетуге дағдыланады.
        «Сыныпта  диалогті  оқыту»   модулін   сабақтарымда   пайдалана   отырып   жеткен   жетістіктерім:  Оқушылар  
сабаққа еркін, өзінің ойын ашып ортаға сала алады, өз пікірі мен көзқарастарын дәлелдеуге машықтанды.
Үлгерімі   төмен   оқушылар   үлгерімі   жақсы   оқушылардан   білмегенін   сұрап,   өз   жұмыстарын   тексертіп   және 
солармен отырғанда сенімділік бойларына ұялады. Бұның өзі сабақтың белсенді өтуіне, сабақтың мақсатын 
өздері   анықтауға   көмектесті.   Балалар   бір-   бірімен   тақырып   бойынша   пікірлерімен   бөлісіп,   мен   қойған 
сұрақтарға   жауап   беріп,  тапсырмаларды  орындауда  жұптасып,  топтасып   талқылап  ортақ   шешімге  келіп,  өз 
пікірлерін білдіреді.Оқушылардың барлығы рефлексиядағы қалдырған ұсыныс пікірлеріне жұптасып, топтасып 
жұмыс   жасағанның   тиімді   екенін   және   тапсырманы   орындау   барысында   кездескен   қиындықтарды   шешуге 
топтың үлкен көмегі болғанын жазып және сабақ соңында өздерін сенімді сезінетіндіктерін білдірді. Алдағы 
уақытта барлық сабақтың осылай өткенін, және әрқашан топтасып отырғанды қалайтындарын айтты. 
         Тіл - тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де,  
оқушылардың     сыныптық   жұмыстағы   өзара   байланыс   пен   келіспеушілікті   қабылдау   деңгейін   білдіретін 
қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 29 бет) 
Ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытуда диалогтің оқушылардың сөздік қорын дамытуда маңыздылығына 
көзім жетті. Алдағы уақытта да сабақтарымда диалог арқылы оқыту модулін тиімді пайдаланып, оқушылардың  
сөздік қорын дамытып, еркін сөйлесуге дағдыландыруға жұмыстанамын.
         Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей)
2.
Курс ресурстары
3.
45 минут сайты
* * * * *
36

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕНДЕГІ 
ӨЗГЕРІС ЖАЙЛЫ РЕФЛЕКСИВТІ  ЕСЕП
Атырау қаласы, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектептің 
мұғалімі   Елешова Айнагуль Тлегеновна  Санатты: ІІ
Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.  Сіз 
өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам 
өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз 
жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. Неліктен өзгеру қажет ? Себебі мұғалім болу 
қажет ақшадан, мәртебеден және танымдылықтан да артық екендiгiн ұғынып, ұғынып мұғалім болу туралы 
шешім қабылдаңыз. [С Бич, 2012].(1)
Өзгеріс   арқылы өзгеру , ма   әлде өзгерту дейміз бе?. Қазіргі өз заманымыздың  оқыту жүйесінде оқушыларға 
дәріс беру арқылы білімді ұрпақ  тәрбиелеуде , осы ұлағатты ұстаздардың  кәсіби шеберлігі  мен ерең  еңбегі 
зор. Ал  ендеше дамыған өркениетті елдердегі  сияқты білім беру  саласындағы өзгерістер мен әдіс – тәсілдердің 
жаңа қыр – сырын меңгеру, жаңашылдыққа ұмтылу, ақпараттық технологияны пайдалану 
 Әріптестеріммен тәжірибе алмасу қазіргі заманымыздың талабы. Әйтсе де осы білім беру саласында 
оқушыға білім беруде түбегейлі  бір өзгеріс болары хақ. Жалпы өзіміздің менталитетіміздеөзгеріс пен 
жаңалықты бірден қабылдай қоюымыз үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет сияқты. Ал уақыт бізді күтпейді. 
Сондықтанда әлем өзгереді- бізде өзгереміз дегендей, соның ішінде білім беру саласында өзгерістер енгізу  
қажет екені айдай анық.
Мен алдымен неден бастауым керектігімді білмей жүргеніме. Мектеп басшысының сөздерін басшылыққа ала 
отырып    жұмысымды еш қиындықсыз бастауға тура келді деп есептедім.Өзімнің оқып жатқан бағдарламалық 
курстың негізінде басшылыққа алу керек  жайлармен сөйлестім, жұмысымның нәтижелі болуына байланысты 
жүйелеуді ұсынып көргем. Маған өзіндік пікірі: Бағдарлама жақсы екенін атап айтты да, себебі менен де бұрын 
оқып келген мұғалімдер болғандықтан жұмысымның бастауына өзіндік ойын айтты. Онда бұл негізгі 
жұмыстарды жүйелеп оқыту мен бағалауда, оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуына жақсы ықпалы 
болатынын баса назарда болуын айтқан еді. Курстық практикаңды бастауыма өз ықпалын осылай білдірді.
      Мен өзімнің әріптесім әрі бір пәннен сабақ беретін және 3-деңгейлік курстан өткен Сапарова Лаураға 
жолығып, өзімнің нендей бағдарламаны қандай   пәнге енгізу керектігін қысқаша айтқанымда ол әріптесім бұл 
жақсы болатынын баса айтып кетті де, маған жұмыс барысында өз көмегін, идеяларын айтудан бастап кетті. 
Сабақта мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынып көрсей деп бастаған ол тәжірибеден өтіп жүрген мені жақсы 
қабылдап, өзіндік идеяларын ортаға алып отырды. Сабақты жоспарлау да да маған үлкен көмегін берді. 
Бағдарламаның негізінде сабақ құрыуды олда үнемі сабақтарына пайдаланатынын айтып ашық сабағын сол 
әдістерде яғни Блум токсономиясымен құрғанын көрсетіпте үлгерді. Екеу ара пікірлесу жақсы болды деп 
есептеймін.
Сабақтарды жоспарлауда  өте жақсы ықпалын тигізе алды. Әріптесім өзіндік ойын айтқанда меніңде күнделікті 
сыныпқа кіріп өткізіп жүрген әрбір идеяма өзіндік идеясын қосып отырды. Менің ертеңгі өткізетін әрбір ісіме 
оң баға беріп, ойымды толықтыруына ықпалын тигізді.
Алдымен 4-сыныпқа келдім.Оқушылар жақсы көңіл-күймен қарсы алды.Мен оқушылардың амандығын ,хал-
жағдайларын, сабаққа келуін сұрадым. Онда  курстың бағдарламасын таныстыра отырып, жалғастырдым, 
сынып өте жақсы көзқараспен мені жылы шырайларымен қабылдағанынын аңғардым, алдымен оқушылар үнсіз 
болып қалды да, кейін менімен бірігіп жұмыс жасауға өз ойларын атап айтты. Сынып оқушыларының ынталы-
белсенділік танытуы таң қалдырды.  Сынып оқушылары көптеген жұмыстарды орындағанда. Алдағы менің осы 
бағдарламаның желісі мектептің барлық жүйесіне енгізілсе екен деп ойларын стикерге жазу арқылы айту, 
арқылы білдіріп жатқандығы маған ықпал ете алды деп сезіндім. Жұмыстың оңтайлы жүргізлуіне де 
оқушылардың өзіндік ойлары қатты әсер қалдырғандай болды. 
4-сынып оқушысы Габдуллина Дильназдың ата-анасымен жолықтым. Өзімнің қандай курста оқып 
жатқаныммен ой бөлісу арқылы ата-ананың ойын білуді жөн санадым. Ата-анам қуана қабылдады расында 
бағдарламаң оқушыларға шынайы бағыт бере алса мен де қолдау жасайтынымды білдіремін деді. Оқушым 
Дильназ талантылығы мен дарындылығын анықтауға бақылау жасауыма да  келісетіндігін білдірді. Сабақ 
үрдісінде ол оқушы өлең шығарып , «Наурыз» тақырыбына шағын әңгіме жазды , бұл бұрыннан да жазба 
жұмыстарында ойын жүйелі жазатын. Дильназ өзіндік қабілетті, өзгеше көрінетінін айтқанымда ол ата-ана таң 
қалды да, ойын айтты . Маған сенің бағдарламаң жақсы нәтиже береріне сенемін деді. 
Ата-анамның ықпалы өте жоғары болғаны маған қатты әсер қалдырғандай болды. Үнемі сабақтарға қатысып 
өзге пәндерде осы бағдарлама неге енгізілмеске деген ұсынысында атап айтқаны мені көп ойландырды.  Ата-
ана баласын тек мектепке оқу мен тәрбиеленуге беретіндігі айқынғой. Бағдарлама бір ізділікпен емес жаңаша 
бағыттарға сай болуын қалайтын, ата-анамда маған жұмыс жасауыма ықпалын тигізді. Сабақтарыма қатынасып 
отыра өз ойын оқушыларға да жеткізіп отырды. 
Тиімді ізденістер нәтижеге жеткізеді. «Әлемдік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагогикалық жүйе 
қалыптастыру» басты міндетіміз. 
37

Жаңа технологияның басты мақсаты-өздігінен дамуға ұмытылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа 
тақырыпты оқушылар шығармашылық үстінде өздігінен меңгеруі қажет. 
Мен өзім сабақ беретін сыныбыма сыни тұрғыдан ойлануға және сұрақтар қоя білуге үйретемін. 
Шығармашылық белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады Оқушы жауап беріп қана қоймай сұрақтар 
құрастыра алуға үйретемін. Ал бұл рефлексияны дамытады. Алған білімді тереңдетіп бекіту үшін кейбір 
жаттығулар жүйесін орындауды жеке оқушыларға тапсырамын. Олар өздігінен оқытудың тиімділігін қолдану 
барысында біршама нәтижеге жеттім. 
Оқу білім жүйесінде сапа ұғымы оқушылардың нешеуі 4 пен 5-ке үлгеретіндігіне ғана емес, барлық оқушының 
алған білімінің нәтижесін айқындайды. Білімнің сапасын арттыру жолдарының бірі ана тілі пәнінен әр оқушыға 
қабілетіне  қарай тереңдетіп топқа бөліп оқытуүлкенжауапкершілікті қажет ететінін түсіндім. Сыни тұрғыдан 
ойлау «Ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен 
өткізуді қамтиды. Сыныптағы балалар сын тұрғыдан ойлануы талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты 
дағдыларды дамытуды қарастырады. 
Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары сипатталады: 

бақылау

талдау

қорытынды 

интерпретация 
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері зерттеушілік 
әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке 
тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына 
ықпал тигізетіндігін көрсетті. (Александедің 2001,2008)[2] Диалогтік оқытуына сәйкес, сыныптың қолданбалы 
зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері 
назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. 
Қолданылуы мүмкін әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және «диалогтік оқыту» мен 
қолдау көрсетілген. Тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтады 

механикалық есте сақтау 

декламация 

нұсқаулық

талқылау

диалог
 (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқарту және түсініктер ме қағидаттарды «жеткізу» 
тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу)
(Александер 2001, 2008) [3] әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін маңызды болып табылады. 
 Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. 
         Диалогтік педагогика-балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы. 
Сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады. Олар 

пікірталастық әңгіме 

кумулятивтік әңгіме 

зерттеушілік әңгіме, 
ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы 
жалғасады (Мерсер  2000) [4]
Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырмаларды орындайды) және өзара білім алмасуға 
жағдай туғызатын (мұғалімдермен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды 
қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-
біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады. 
Өз сыныбымда ана тілі пәні бойынша өткізілген сөйлем тақырыбын өткізгенде іс-тәжірибемде төмендегідей 
бағалау критерийін қолдандым. 
   Бағалау критерийі бойынша оқушыны қалай бағалау керек екенін білу үшін әр тұлғаны жеке дара ретінде 
жақсы тану қажет. Ол оқушы нені біледі? Қандай іс-әрекет жасай алады және не істегісі келетінін С.Т.О. дамыту 
жобасындағы баға берудің стратегиясын пайдалана отырып баға берудің жаңа түрлі өз іс-тәжірибемде қалай 
іске асырудамын, сол туралы оқушыларыммен бөліскім келіп отыр. 
   Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, ары қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою 
бағалаудан туады және де бала келесі балаға қоймайды, тек бағалайды. Жоғарыда көрсетілген бағалаудың бір 
түрі – эссе. 
 Мен оқушыларыма эссе жазу деген белгілі бір тақырып жайында өз пікіріңді, ой қорытынды дұрыс жеткізіп, 
сол дүниеден алған әсеріңді, сезіміңді түйіндеу деп түсіндірдім де. Жазғанда мына нәрселерді ескерулерін 
айттым. Берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, оқылған туындыдағы кейіпкері жайында өз пікірін 
көркемдеп жеткізу және сол кейіпкер арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіні жайында ойын ашық білдіру. 
Осы талаптарды ескеріп, эссені тіл дамыту сабақтарында жаздырып, бағыт беріп отырдым. 
 Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге қысқаша жаза білуді 
38

үйрене бастады. Оқушылардың эсселерін бағалау критерийімен бағалайтын болсам, алғашқы жазған эссенің 
қорытындысы бойынша 15 оқушының: 
    ойын толық жеткізгені 33%  - 5 оқушы
   ойын толық жеткізбесе де белгілі бір аргументтері бар 34% - 5 оқушы
   ойын жеткізе алмаған 33% - 5 оқушы
Ал кейіннен алынған эссенің қорытындысы бойынша 
барлық талапқа сай 56%-  8 оқушы ойын толық жеткізбесе де жеткізуге тырысқаны, яғни қандай бір 
аргументтері бар 
44% - 7 оқушы 
(алғашқы эссе, соңғы эссе)
Әр оқушыда ынта, жігер, ой бөлісу болу шарт. 
Ана тіл сабақтарында мен өз тәжірибемде төмендегідей өзін-өзі бағалау критерийін
қолдандым. 
Баға 
Оқушылардың іс-әрекеті 
«3»
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым 
«4»
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім 
«5»
Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім, сабақты 
қорытындылап, автордың негізгі ойын айту. Жанрдың қандай түрі екенін айта білсе. 
Бала бойында кез келген жаста ар, намыс болады. Ол шындыққа ұмтылады. Ол ойлауға, еркін талдау жасауға 
қабілетті, қателік жіберуі де мүмкін, бірақ жақсыға өрлей отырып, оны түсінеді, сезінеді. 
   Мен сабақ беру барысында Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын падаланатынмын. Оқыту мен оқудағы 
жаңа тәсілдердің оқу үрдісіндегі маңызы жеке және топтық болып бөлінуі, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету 
және оның оқушылардың шығармашылығын арттырудағы қызметі көптеген тұлғалық қабілеттеріне қарай 
бағаланады. (Ойдың дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, ынталылығы, жауапкершілігі т.б) Әрбір оқушының дамуы 
басқа оқушымен емес өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. 
    Қалай оқу керектігін үйрету түрлері жеке және топтық болып бөлінеді. Мен іс-тәжірибемде оқыту мен 
оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлануға үйретуде сабақта топтық түрін қолданып 
келемін. Топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда бір-бірінен көмек сұрай алады. Ортақ 
пікірлерді, міндеттерді шешеді. Бұл топтық жұмыста оқушы тек өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсініп 
қана қоймайды. Ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ете алатынын көре алады.  
Оқыту мен оқу тәжірибесінде бағдарламаның  жеті модульінің идеялары тиімді екенін мектептегі тәжірибеде 
оқу үрдісі оқушыларының танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет 
екенін түсіндім. Сол себептен менің негізгі бағытталған бірлескен идеялардың шешулеріне көмектесу арқылы 
бір-бірімен ынтымақтастық орнату. Бір сабақ бойынша толық рефлексия бағдарламаның идеяларына сәйкес 
оқуды бағалауды көрсетеді. 
Мерсердің «бірлескен ойлау» туралы идеясымен сабақтастырып оқушыларымды білім, икемділік, дағды тек 
өзіндік жұмыстың нәтижесінде қалыптасады. 
Әр сабағымда проблемалық сұрақтарды қолданамын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып 
оқуды бағлауға өздігінен жұмыс істегенде оқушы өз қабілетін, мүмкіндігін біліп еңбегіне қанағаттанады. 
Топтық, жұптық жұмыстарда өзара пікірлесу ойлану барысында ой-өрістері, сезімдері тереңдейді. Шыдамды 
еңбек сүйгіш болуға қалыптастырамын. Психологтардың пікірінше бұл құбылыс ойлау ерекшелігіне 
байланысты пайда болады делінген. 
Мектептегі тәжірибем кезінде өткізген ана тілі сабағымда оқушыларды үш топқа бөлдім, оқушылар бір-біріне 
сәттілік тіледі.Жылқы мәтінін оқытуда оқушыларды үш топқа бөліп, отырғыздым. Жылқының  қандай түрлері 
болады деген сұраққа ,оқушылар өздерінің бұрынғы білетіндерін жеткізді. Өздері бейнефильм бойынша ауызша 
қызықты әсерлі мазмұнын айтты. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша тірек сөздер арқылы өлең құрастырды. 
Үш топтың щығарған өлеңдері үш түрлі болып шықты.
Диалогтан үзінді. Бұл мәтінде ой қозғау, қызығушылықты ояту, мағынаны тану мақсатында топтық жұмыстар 
арқылы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып сыни ойлау тұрғысынан ойлануға үйрететін 
тәсілдердің бірі – салыстыру. Салыстыру арқылы қиялдары дамып байқампаздықтары артты. Оқушылардың 
таным, ақыл ой қабілеттері дамиды. Бағдарламаның негізгі міндеті – тәжірибелерді жетілдіру мақсатында осы 
жеті модульде қарастырылған идеяларды өзімнің ана тілі сабақтарымда қолдандым. Стратегиялар мен тәсілдер 
сияқты өзара байланыста болатынын түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді оқушыларыма мектептегі 
тәжірибеде сабақ беру кезімде қолдандым. «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген 
сабақтарымның үрдісіндегі өзгерістер мен нәтижесі болды. 
Ана тілі сабағымды өткізгенде «Жылқы» мысал мәтінінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдандым. 
Өзімнің іс-әрекетіммен оқушыларымның іс-әрекеттері арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда жүзеге 
асатынын түсіндім. Оқушыларымды топқа бөліп, ой қозғаттым. Жылқы  мәтінінде сыныптағы диалогтік 
әңгімені дамытуды сабағыма қолдандым. Оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі 
емес керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүрді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға 
39

жылжиды деп тұжырымдайды (Александер 2004) Мәтінді бөліп оқыту арқылы тақырыпты қызықтыруға 
бағыттадым. 
Шығармадағы ең құнды мәселелерді 3 топқа бөлініп анықтадық, зерттедік. 
1 топ Жылқының аналық мейрімі
2 топ Жылқының пайдасы 
3 топ Батырлар жырындағы жылқының қасиеті
Әр топ өз ойларын жазды, постер қорғады. Қорытынды жасауға түсінді. Топтарда пікірлесу арқылы жұмыс 
жасады. Мәтінмен өздері танысты,талдады. 
Әртүрлі әдістер арқылы оқушылар шығарманы өздері талдады. 
Жылқының еті, қымызы ,терісі туралы зерттеді,дәлелдеді. Ойларын жинақтап, қорытып, оқушыларым оны 
қағаз бетіне түсірді, тұжырымдама жасады. Ыталандыру мақсатында кәмпит ,жұлдызша беру,щапалақтаумен 
құрмет көрсету. Бағалау критерийі бойынша оқушылар топ бойынша өзін-өзі бағалады, бірін-бірі бағалады.Оқу 
мен жазу арқылы өз білімдеріне сүйене отырып негізгі түйінді ойды дұрыс тауып әр оқушым өз ойларын еркін 
жеткізе білді. Осы өткізген сабағымның нәтижесінде Бағалау реформасының тобы 
(2002 а) [5]
оқыту үшін бағалауға мынандай анықтама берді. 
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылардың өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта 
даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың 
мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 
Талпынғандар ғана білім алады. 
Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген ана тілі сабақтарымда оқушыларым өз білімін арттыруға белсенділігін 
танытты. Өз ойларын сыни  ойлау арқылы қабілеттерін жетілдіріп отырды.
       Тәжірибемнің соңғы аптасында психолог келіп есте сақтау қабілетіне тапсырма берілді сол кезде 
оқушыларымның жұмысына оң баға берді. Сыни нәтижесінде сабағымда үндемейтін оқушыларым сабаққа 
ынталанып, қызығушылықтарын танытты. Қабілетті оқушыларым алған білімдерін тереңдете түсуге, білімдерін 
жетілдіруге ойын түйіндеуге қалыптасты.      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет