Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ


Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;
         Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім.
                                                                           Strong. Ward & Grant. 2011
Әлемдік деңгейдегі мектептер:
-Оқушының ілгерілеуіне көмектесетін ахуалда қамтамасыз етеді;
-ақпаратты ашық және ақылмен қолданады;
-ксперименталдық жолмен алынған деректерді қолданады;
-оқуды жақсарту үшін ынтымақтасады;
-білікті педагогтарды даярлайды;
121

Жоғары педагогтарды даярлау-Джон Хэтти, Окленд университеті,2003
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. 
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. 
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға 
екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
 Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Негізгі   әдістемелік   инновациялар   бүгінгі   таңда   оқытудың   интерктивті   әдістерін   қолданумен   байланысты. 
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету 
дегенді білдіреді.
Интерактивті   сөзі  -   өзара   әрекет   ету  бейімділігін   білдіреді   немесе   әңгімелесу,  әлде   кіммен   (адаммен)  не 
болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқытунемесе 
интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара 
әрекет етуі жүзеге асырылады.  
            Интерактивті   оқытудың   мәні   мынада,   оқу   процесі   іс   жүзінде   барлық   оқушы   таным   үрдісіне 
тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды   түсінуге 
және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің 
жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін 
алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана 
жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестіктің әлде 
қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
             Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер: 
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі ережесі қандай?
Бірінші ереже.  Жұмысқа сол немесе басқа межедегі қатысушылардың толық тартылуы тиіс. Осы мақсатта 
талқылау процесінде семинардың барлық қатысушыларын енгізуге мүмкіндік беретін технологияны пайдалану 
пайдалы. 
Екінші   ереже.  Қатысушылардың   психологиялық  дайындығына  қамқорлық  жасау.   Бұл  жерде  сөз,  барлық 
өткен сабақтар жұмыстың сол не басқа мысалын тікелей  енгізуге психологиялық дайын екендігі туралы болып 
отыр.   Осыған   байланысты   шарықтап,   шыңдау   пайдалы,   оқушыға   өзін-өзі   жүзеге   асыруға   мүмкіндік   беріп, 
жұмысқа белсенді ат салысқан қатысушыларды үнемі көтермелеп отыру керек. 
Үшінші ереже.  Интерактивті технологияда оқушылар көп болмауы тиіс. Қатысушылардың саны мен оқу 
сапасы тікелей байланыста болуы мүмкін. Қатысушылардың қолайлы саны – 25 адам. Тек осындай жағдайда 
ғана шағын топтардың жұмысы жемісті болады. 
Төртінші   ереже.  Жұмыс   істеу   үшін   ғимаратты 
дайындауға көңіл бөліңіздер. Ғимарат үлкен және шағын 
топтарда   жұмыс   істеу   үшін   қатысушылар   оған   жеңіл 
жайғасатындай   есеппен   дайындалуы   тиіс.   Оқушылар 
үшін физикалық қолайлылық құрылуы тиіс. 
Бесінші ереже.  Регламент мәселесіне назар аударып 
отырыңыздар.   Мысалы:   кез-келген   көзқараста   барлық 
қатысушылар,   әркімнің   сөз   бостандығы   құқығын 
сыйлауға,   оның   намысын   сыйлауға   төзімділік 
көрсетіңіз.
Алтыншы   ереже.  Қатысушыларды   топқа   бөлуге 
ерекше   көңіл   бөліңіз.   Ең   алдымен   оны   еріктілік 
негізінде жасаған дұрыс. Содан кейін кездейсоқ таңдау 
қағидатын пайдаланған жөн.
Оқушылардың оқуына әсер ету:
122

7.
Сындарлы оқыту теориясы-оқушылардың ойлауын дамыту, олардың  бұрынғы алған 
білімдерімен астарластыра жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
8.
            Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған 
білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
       Интерактивті оқыту яғни, интербелсенді оқыту-оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын тікелей 
жүзеге асыратын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивті оқытуда мұғалім сабақты алдымен 
жоспарлайды, қандай түрде оқыту, қалай оқыту керектігін жоспарлайды.
Қызығушылықты ояту:
-үй тапсырмасын тексеру; 
-бұрынғы білімді еске түсіру; 
-белсенді іс-әрекетке жұмылдыру;
-ойлау жұмысын ынталандыру; 
Мағынаны тану:

Джигсо

әңгіме-дебат;

топтық талқылау;

зерттеушілік әңгіме;

кемпірқосақ топтары;

жұптық әңгіме;

Құндылықтар спектрі;

Cтоп-кадр;

ТВ шоу;

Қар кесегі;

Ыстық орындық;

Аквариум;

Ақылдың алты қалпағы;

Радиоға қоңырау шалу;

Сұрақтар шеңбері;

Айнымалы бекет;

 Үш қадамдық сұхбат;

Ойлан-Жұптас-Бөліс;

“Инцидент” әдісі


Ой толғау:

Конверт-сұрақ;

Тоғыз ромб;

Венн диаграммасы;

Т кестесі;

Талқылау кестесі;

Өздік жұмыс;

Неге? Неліктен?

Сөйлемді толықтыр;

Факт;

Әліпби желісі;

Сұрақты тап;

Серіппелі сауал;

Маған көрсет!

Детальдарды қосу;

Он сұрақ;

Негізгі сөздер;

Ойлан. Бірік.Бөліс.

Көршіңе әңгімелеп бер;

Кезбе тілші;

Реттілікті сақта;

Бағдаршам;

Эссе;

Суретті жауап;
Егер, біз белгілі  бір мақсатқа жұмыс істесек, ол мақсат біз үшін жұмыс істейтін болады. Джим Ром
 Интербелсенді сабақтардың нәтижесінде:
-Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділіктері жоғарлады
-Оқушылардың сенімділігі мен жауапкершілігі жоғарлады
-Оқушыларға сөйлесу,талқылау және бір-бірін бағалауға мүмкіндік берді
Алдағы уақыттқа болжам:
     Бағдарламаның 7 модулін сабақтарға жүйелі кіріктіру оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол арқылы өз 
беттерінше еңбектеніп оқуға ықпал етеді, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыруды жүзеге асырады
Оқушы:
-Алған білімін өмірде қолдана алуға үйренеді
-Адамгершілік қасиеттері қалыптасады
-Өзіндік баға бере білуге үйренеді
-Бала бойына тұлғалық қасиеттері қалыптасады
Біз неліктен интербелсенді әдістерге «иә» деуіміз керек? Олар мыналарды: 
* Жоғары уәжділікті.
* Тиянақты білімді.
* Қиялдау мен шығармашылықты.
* Тез тіл табысуды.
* Белсенді өмірлік көзқарасты.
* Командалық рухты.
* Жеке,  дербестіктің құндылығын.
* Өз пікірін білдіру еркіндігін.
* Іс-әрекетке ерекше назар аударуды.
* Өзара сыйластықты.
* Демократиялықты қамтамасыз етеді. 
123

  Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс 
қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-
жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, 
жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, 
тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -
деп,   Сәбит   Мұқанов   айтқандай,   үнемі   сыйлы,   қадірлі,   сүйікті   болып,   шәкірттерімізді   білім   нәрімен 
сусындатып, белестерге жете  беріңіздер!
* * * * *
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА  ОҚУ ПРОЦЕСІН ТЬЮТОРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектептің 
информатика пәні мұғалімі Джангалиева Махаббат Джолдыбайқызы
Ел   Президентінің   пайымды   саясатының   арқасында   білім   қызметкерлерінің   кешегіден   бүгіні   көш   ілгері. 
Алдағы   2020   жылы   еліміздің   барлық   мектептері   толығымен   12   жылдық   білім   беру   жүйесіне   көшіп,   жаңа 
технологиямен   жүргізілетін   жұмыс   сапасы   жоғарылайды.   Еліміздің   алдағы   онжылдықтағы   экономикалық 
өрлеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Президент Жолдауында да білім беру мен білікті маман даярлау жүйесін 
дамытуға байланысты сөз болды. Сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және 
тиімді   әрекетке   дайын   өзінің   пікірін   білдіруге   және   өзінің   іс-әрекетін   өмір   сүріп   отырған   қоғам   үшін 
жауапкершілігін   түсінуге   қабілетті   отбасындағы,   қоғамдағы,   ұжымдағы   әлеуметтік   ролін   сезінетін   құзырлы 
тұлғаны   қалыптастыру.   Оқушылардың   бойында   шығармашылық   іс-әрекетті,   іздемпаздықты   қалыптастыру, 
жүйелі   қортынды   жасай   білу,   дәлелді   пікір   айту   іскерлігін   арттыру,   оқу   материалдарын   сараптау,   талдап  
салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Мектептегі   білім   мазмұнын   ізгілендіру   негізінде   қайта   құру,   оның   ішінде   мектептің   оқу   үрдісіне 
компьютерлік технологияны енгізу болып отыр. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын 
субъект дәрежесіне көтерілуін, сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік танымдық іс- 
әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептердің 7 сыныбынан бастап  
информатиканы   пән   ретінде   енгізудің   орны   ерекше.  Жаппай   компьютерлендіру   кезеңінде   компьютерлік 
технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда 
үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр. 
Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім 
деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі міндеті. 
Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И.Щукинаның 
пікірінше,   танымдық   қызығушылық   оқудың   ең   негізгі   мотивтерінің   бірі   бола   отырып,   оның   белгілі   бір 
жағдайларға байланысты «жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне 
айналады».  Сонымен, бұл жағдайлардан  оқушы өздігінен  жорамалдауына,  бақылауына, ізденуіне  мүмкіндік 
беруге мұғалім тарапынан жағдай жасалуы қажет. Әрине мұғалім оқу процесінде тьюторлық  қамтамсыз етуі 
керек.
Тьютор деген кім? Тьютор  - (ағылш.tutor) оқушылар мен студенттердің жеке оқу бағдарламаларын жасауын 
қамтамасыз ететін және қосымша және үздіксіз білім беру жүйесінде мектепте және жоғары оқу орнында жеке 
оқыту үрдісін қоса алып жүретін тарихи пайда болған ерекше педагогикалық позиция. Бұл белгілі бір пән 
бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізу, оқу процесін жетілдіріп, оны оңтайлы ұйымдастыру мен 
орындау   бойынша   кеңес   беретін,   семестрлік   және   курстық   жұмысқа   басшылық   ететін,   практиканы 
ұйымдастыратын   пән   оқытушысы   болып   табылады.   Тьютор   бойында   оқытушының,   кеңес   берушінің   және 
менеджердің қасиеттері болуы керек.
Тьютордың мақсаты: оқушының жеке білім алу жолын құруына көмек көрсету, мектеп оқушыларына білім 
алу мақсатында жеке ресурстарын, мектеп және басқа да мекемелердің ресурстарын пайдалану 
мүмкіншіліктерін түсінуге, оқыту нәтижелерін пайдалануда көмек көрсету. Яғни тьютор өзіне жетілген, қазіргі 
өмірде іске жарауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға көмек көрсетуді мақсат етеді, сол үшін тьютор адамға 
өзін терең танитындай жағдай жасайды.
Тьютордың міндеттері:
 – білім алушыға мейлінше көбірек көмек беру;
 – білім алушының үлгерімін жүйелі түрде бақылап отыру;
 – орындалған тапсырмалар бойынша қайта дайындық сабақтарын ұйымдастыру;
124

 – топқа немесе жеке студентке кеңес беру;
 – ынталы оқушылардың және студенттердің белсенділігін арттырып, оларға қолдау 
көрсету.
Тьюторлық феномені еуропалық университеттермен тығыз байланысты және Ұлыбританиядан бастау алған. 
Ол  XIV ғасырда Оксфорд ағылшын классикалық университетінде және кейін Кембридж университетінде 
рәсімделді. Осы уақыттан бастап тьюторлық қалыптасқан университеттік тәлімгерлік формасы деп 
түсіндірілген.
Қазіргі кезде ғалымдар келесі процестерді: дербес педагогикалық процесс ретінде шамалай отырып 
оқыту,білім беру және дайындау деп ерекшелейді.  Білім берудің дәстүрлі кеңістігінде оқытуға акцент 
жасалады, ал білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика процестері қарастырылмайды.  Тьюторлық 
үлгіде дәстүрліге қарағанда білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика міндетті түрде қарастырылады.
Тьютор жұмысының кезеңдері:
1.
Болашақ бейнемен жұмыс (білім беру – кәсіби ұқсастықтың үлгі пішінін сызу)
2.
Білім беру кеңістігі қорының ұсынысы.
3.
Болашақ оқушы бейнесі мен білім беру кеңістігі қорының қатыстылығы.
4.
Жеке білім беру кеңістігін құру.
5.
Сынақ жүргізуді және нәтижелілік пен сынақ ісінің тиімділігі бойынша кері байланысты ұйымдастыру.
6.
Шынайы жетістіктерді болашақ бейнесімен салыстыру, жеке білім берукеңістігін түзету жұмыстары
келесі қадамды құру.
Тьюторлық сүйемелдеу– бұл оқушы қызметін сүйемелдеу. Оқушы мен тьютор бірлескен тақырыбы 
анықталған, мақсат, міндеттері қойылған жеке білім алу бағдарламасы жасалады. Тьюторлық сүйемелдеу 
оқушының тьютормен өзара әрекетінің негізгі формасының білім беру технологиясы ретінде жиі жеке 
кездесулері ретіндегі ұзақ жеке жұмысын қарастырады.
Тьюторлық қамтамасыз етудің  жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық  
мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады. 
Қорыта   келе   айтарымыз,   тьюторлық   оқыту   жүйесінің   рөлі   білім   саласы   үшін   өте   жоғары,   себебі 
тьюторлық   қызметтің   нәтижесі:   білім   беру   кезеңдерін   зерттеуге   көмектесетін,   өзін   -   өзі   бағалау 
инструменті болып  табылатын  қалыптастырылған «Портфолио» папкасы. Оқушыларымыз өздерінің 
білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ. ИНТЕРНЕТ
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы 
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жубауова Алтынгул Кожагелдиевна
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желі. Интернет. Сыныбы:Пәні: Информатика
Жалпы мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен жұмыс жасауды үйренеді, топтық жұмыста сыни ойлау 
қабілеттері артады.
Сілтеме: Оқулық; Дербес компьютер, Интерактивті тақта; Электронды оқулық; Слайдтағы тапсырмалар; 
Интернет.
Оқыту нәтижелері:
- Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.
- Өз ойын еркін жеткізе біледі.
- Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.
- Интернетпен жұмыс жасауды үйренеді.
- Теория мен практиканы ұтастыра алады.
Негізгі идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2.
1,2 сандарымен топқа бөлу. Бір –бірімізге жақсы тілек тілеп сабақты бастаймыз.
ІІ. «Ой шебері» кубикте жасырылған сұрақтар.

Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

Фонограф - бұл 

CD-ROM диаметрі қандай? 

CD-ROM-да не сақталады? 
ІІІ. «Анаграмма» шешу.
TNERE,   ATL,   CLTR,  DETELE,  BCKAPSACE 
125

TBA, SIFHT, INESRT, DEN, CPALSOCK 
ІҮ. Бас қатырып, шешіп көр
Ү. Жаңа тақырып. Компьютерлік желі-бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды және 
құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.
ҮІ. Тапсырмалар.
1-тапсырма. Интернеттің пайдасы мен зияның постер арқылы  екі топ қорғау.
2-тапсырма. Оқушылар интернет арқылы хат алмасу және бейнекамера арқылы сөйлесу.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылар фишкалар  арқылы бағаланады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАР МЕН ҚОРЫҚШАЛАР 
Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы. Мұнайшы селосы 
№ 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі 
Кенжебаева Қаламқас 
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық саябақтар мен қорықшалар 
Сабақтың мақсаты:             
1. Білімділігі:  Қазақстан Республикасынның ұлттық саябақтары  мен қорықшалары туралы  жалпы мағлұмат 
бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
2. Дамытушылығы:  Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық 
қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен   жануарларын қорғауға, өз ойларын 
ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелер, бағалау 
парақшалары, слайдтар.          
Сабақтың түрі:     Аралас сабақ  Сабақтың әдісі:    сұрақ – жауап, топтастыру, ойын.
Сабақтың  технологиясы:  сатылай кешенді талдау, СТО, СТН,рефлекция,сәйкестендіру.
Пәнаралық байланыс:  биология, жаратылыстану, экология;
Сабақтың барысы:       
 І.  Ұйымдастыру.     ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
 IV. Жаңа сабақты бекіту.   V. Үйге тапсырма.   VI. Бағалау.   VІІ. Қорытындылау.
  І.  Ұйымдастыру.
        а) Сәлемдесу.
        б) Сыныпты түгендеу. 
(Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін және 3-мамыр д\ж «Күн»күні екенін атап өту.)
ІІ. Үй жұмысын сұрау.(Үй тапсырмасын сұрар алдында оқушыларға сұрақ қою арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі 
туралы айтып өту. Осыған байланысты бағалау парақшалары таныстырылады.)
        1-тапсырма   1топ (тест)
        2-тапсырма   2топ (сәйкестендіру)
        3-тапсырма   3топ (тақтамен жұмыс)
1.Тест
21.
«Малиус боката» қай қорықта кездеседі?
а. Алматы
в. Наурызым
с. Үстірт
д. Алакөл
 
          2.     Қорғалжың   қорығы   қай   жылы 
ұйымдастырылған?
а. 1968ж
в. 1984ж
с. 1926ж
д. 1934ж
     3. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдігі?
а. дермене
в. жолжелкен
с. аралий
д. жалбыз
       4. Ең соңғы ұйымдастырылған қорық?
а. Алакөл
в. Қаратау
с. Үстірт
д. Марқакөл 
       5. Үстірт қорығының эндемик жануары?
а. қоқиқаз
в. ақбөкен
с. муфлон
д. дуадақ
       6. Аққұм – Қалқан «әнші тауы»қай қорықта?
а. Алакөл
в. Алматы
с. Ақсу - Жабағылы
          д. Алтай
               7. «Аққу, реликт шағала, тырна» қай қорықтың 
құстары?
а. Алтай
в. Қорғалжың
126

с. Алакөл
д. Барсакелмес
2-топқа.   Сәйкестендіру
 
 
 
 
Қорықтар 
ерекшелігі
1.Қорғалжың
а.аралий, «алтын тамыр»
2.Наурызым
в.бадам бұтасы, ақ тырнақты аю
3.Алматы
с.қоқиқаз, сусар
4.Үстірт
5.Ақсу-Жабағылы
6.Марқакөл
7.Батыс Алтай
Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау) 
3. Суреттер сөйлейді.(Слайдта суреттер беріледі, кайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді.)
     
р\с
Сенесің бе? Сенбейсіңбе?
Иә
 Жоқ
 1.
Қорғалжың қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-
шөлді ландшафт ретінде алынғанына
    +
 2.
Батыс Алтай қорығының 1995ж құрылғанына 
     ---
 3.
Ақсу –Жабағылы қорығында қабан, ақ тырнақты аю бар екендігіне
   +
4.
Республика аймағында ұйымдастырылған 11қорық бар екендігіне
---
5.
Марқакөл қорығы Алтай тауында орналасқандығына
   +
ІІ. Жаңа сабақ. Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс 
алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне 
рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ 
ұйымдастырылған. 
1.
Баянауыл ұлттық саябағы
2.
Іле Алатауы саябағы
3.
Қарқаралы саябағы
4.
Алтынемел табиғи саябағы
5.
Көкшетау саябағы
Баянауыл ұлттық саябағы. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының 
негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша 
табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл 
таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, 
балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы 
жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ 
жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік 
базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар 
сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т.б. деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет