САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: АРХИМЕД ЗАҢЫ
Андыбаева Жұпар Асқарқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Архимед заңы.
Мақсаты: а) білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу;
ә) дамытушылық: оқушыларға Архимед заңы ұғымын дамыту. Оны техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу:
Құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар, есептер жинағы, Цифрлы лаборатория бағдарламасы,
электронды динамометр, штатив, динамометр, суы бар ыдыс, Архимед шелегі, жүктер.
Сабақтың түрі: интерактивті кіріктірілген сабақ.
Пән аралық байланыс: математика, химия, информатика.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Өткен материалды пысықтау
Сорғылардың құрылысы қалай және ол қалай жұмыс істейді?
Манометр атмосфералық қысымды тура көрсете ала ма?
Шприцтің жұмысы қандай заңға негізделген?
Жаңа сабақ түсіндіру
Архимед Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда
өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген
жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы –
Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың
ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның
математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл
еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу
ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген
математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың
ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін
және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды.
Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның
құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған
гидростатика заңын (Архимед заңы) ашқан, жер суаратын
механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды,
тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап
шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын”
деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “Эратосфенге жолдаған” хаты 1906 жылы ғана
табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс
Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823 жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “Дөңгелекті өлшеу және леммалар” атты
екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Архимед ашқан жаңалығын түсіну үшін тәжірибе жасап көрейік:
Ол үшін динамометрге жүкті ілеміз нұсқаушы — бағдаршасы бар серіппе де жарайды. Бағдаршаның көрсетуін есте сақтап
жүкті суға түсіреміз (динамометрден ажыратпай). Біз бағдаршаның салмақтың азайғанын көрсеткенін көреміз (1-сурет).
а
б
1-сурет
F
А
= Р
0
— Р
с сұйық
.
Сондықтан сұйықтың ішіндегі қандай да бір денеге әсер ететін Архимед күшін анықтау үшін, бұл денені ауада және
сұйықта өлшеп, алынған мәндерінің өзгерісін анықтаймыз.
Осыны компьютер арқылы өлшеп көрейік. (цифлы динамометрмен)
Міне осы Архимед (кері итеруші) күші болып табылады.
Егер суға ауа толтырылған допты батырып, жіберіп қалсақ, онда ол доптың сол сәтте қалқып шығатынын көреміз.
Тығынмен де, ағаш бөлігімен де осы құбылыс байқалады. Олардың қалқып шығуына не әсер етіп отыр?
а
б
2-сурет
Суға батырылған денеге түсірілген барлық күшті бір (тең әсерлі) күшпен ауыстырамыз. Бұл күш жоғары бағытталған, оны
кері итеруші күш немесе Архимед күші деп атайды (Ең алғаш осы күштің бар екенін және оның неге тәуелді екенін
Архимед анықтады). 2, б-суретте осы күш F
А
деп белгіленеді.
Енді архимед күшінің сан мәні неге тең соған тоқталсақ.
Тәжірибе жасайық (3-сурет) 1 серіппеге кішкентай шелек (қаушақ) 2 және цилиндр формалы денені 3 ілейік. Штативтегі
көрсеткіш-тілшенің орнын белгілейміз (3, a-сурет) де, денені су құйылған ыдысқа төгілетін түтікке дейін батырамыз. Бұл
кезде суйықтың біраз бөлігін дене ығыстырып шығарады да ол стаканға төгіледі (3, б-сурет), оның көлемі дененің көлеміне
тең. Осы кезде сұйыққа батырылған дененің салмағының азайғандығын серіппенің көрсеткішінің жоғары көтерілуі
білдіреді.
189
A
б
в
3-сурет
Біз жоғарыда сұйыққа батырылған дененің салмағы, кері итеруші архимед күшіне тең шамаға азаятындығын білеміз. Бұл
шама дене ығыстырып шығарған сұйықтың мөлшеріне байланысты ма? Бұны анықтау үшін стакандағы сұйықты 2 шелекке
құяйық. Көрсеткіш-тілшенің алғашқы орнына қайтып келгенін көреміз (3, в-сурет). Бұл дене ығыстырып шығарған
сұйықтың салмағы, сұйыққа батырылған дененің қанша салмақ жоғалтқанына тең екендігін көрсетеді. Сұйықтағы
дененің салмағы сол дененің ауадағы салмағынан кері итеруші күш шамасына тең шамаға аз болады. Сондықтан біз
қорытындылай келе мынадай тұжырымға келеміз:
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең
болады.
Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.
Денеге әсер ететін Архимед күші F
А
төмен қарай әсер ететін салмақ күші m
с
g-мен теңеседі. (мұндағы m
с
— берілген дене
көлеміндегі сұйық масасы):
F
А
= m
с
g.
(1)
Бірақ салмақ күші m
c
g ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына Р
с
тең. Сонымен F
A
= Р
с
тең. Сонымен F
A
= Р
с
тең
екені дәлелденді.
(1) формуласын басқа түрде жазуға болады. Сұйықтың массасы m
с
оның тығыздығы ρ
с
мен V
с
көлемінің көбейтіндісіне тең
екенін ескеріп
F
А
= ρ
c
V
c
g.
(2)
V
c
— ығыстырылып шыққан сұйық көлемі.
Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің көлеміне тең болады. Егер дене сұйыққа толығынан батып тұрса, онда
сұйық көлемі дене көлемімен V бірдей болады, ал егер жарты бөлігі батып тұрса, онда дене көлемінен V аз болады (4-сурет).
А
б
4-сурет
(2) формула газдардағы архимед күші үшін де дұрыс орындалады, тек бұл жағдайда газ тығыздығы мен ығыстырылып
шыққан газдың көлемі, сұйық орнына алынады.
Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Архимед заңын былай тұжырымдайды:
Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші
күш әсер етеді, оның шамалы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен сұйыққа (немесе газға) батып
тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.
Сұйықтықтың барлығында, әр түрлі тереңдікте әр түрлі гидростатикалық қысым болғандықтан Архимед (кері итеруші) күші
тек суда емес, басқа да кез келген сұйықта әсер етеді. Одан басқа бұл күш газдарда да әсер етеді, осы себептен әуе шары,
дирижаблі ұшады.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.
Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________деп атайды.
Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________айырмасына тең.
Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________
Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________
Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар _______ .
Пысықтау тестері:
1. Архимед қай кезде өмір сүрген?
•
б.з.б. 277-212
•
б.з.б. 287-212
•
б.з. 212-287
•
б.з. 212-287
2. Сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді
A.
төмен басушы
B.
төмен тартушы
C.
кері итеруші
D.
кері тартушы
3. Архимед заңы дұрыс жазылған теңдеу
Ғ
А
=pVg
Ғ
А
=Vg
Ғ
А
=mVg
Ғ
А
=mgh
4. Көлемі 1 м
3
денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м
3
.
1.
1000Н
2.
100Н
3.
10000Н
4.
10Н
5. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?
190
-
Дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына
-
Дененің ұзындығы мен еніне
-
Дененің тығыздығы мен массасына
-
Ешқандай физикалық шамаға тәуелді емес.
Есеп шығару үлгілері: 29-жаттығу 1-есеп
Суға көлемі 100см
3
болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-
1000кг/м
3
.
Шешуі:
Берілгені
ХБЖ
формуласы
шешуі
V=100см
3
ρ=1000кг/м
3
.
=1*10
-4
м
3
F
А
= ρ
c
V
c
g.
Ғ
А
=1000*10
-4*
10=1H
т/к F
А
-?
Жауабы: Ғ
А
=1H
2-есеп. 3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ
ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?
Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге
ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы
судың тығыздығынан кем.
3 есеп. Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м
3
,
ал керосиннің тығыздығы -820кг/м
3
.
Жауабы:
Берілгені
ХБЖ
формуласы
шешуі
m=500г
ρ(т)=7900кг/м
3
.
ρ(к)=820кг/м
3
.
=0,5 кг
F
А
= ρ
(к)
V
c
g.
V=m/p
V=0.5/7900=6,3*10
-5
м
3
Ғ
А
=820*6,3*10
-5
*10=0,51H
т/к F
А
-?
Жауабы: Ғ
А
=0,51H
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: өткен §55. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29 -жаттығу 5-9 есеп.
* * * * *
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Манашова Жанаргүл Қалдымұратқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Пәні: қазақ тілі, Класы: 2 «А» класс
Сабақ тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс таба білуді меңгерту.
Міндеттері: б) Оқушылардың сөйлем және оның түрлері, тыныс белгілері жайында алған білімдерін тиянақтап, сөйлемдегі
сөздердің байланысын табуды ұғындыру.
д) Жаттығулар орындау барысында ауызша сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттерін дамыту.
т) Достыққа, ұқыптылыққа , сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың түрі: «Саяхат» сабақ.
Оқытудың әдістері: іздену, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер, мультимедиялық тақта,слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Кластың сабақ өтуге дайындығын анықтау.
Психологиялық даярлық: Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мына басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Жарайсыңдар, ендеше атқарған істерінді үй тапсырмасын қалай орындағандарыңнан көремін.
ІІ. Өткенге шолу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
-Қыстың белгілерін неде байқаймыз ? (боран, аяз, тұман, қар жауу т. б.)
-Қыс мезгілінің неше айы бар? Қалай аталады? (3 ай: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)
-Қыста қандай ойындарды ойнағанды ұнатасыңдар?(қар атысу, шанамен сырғанау, аққала жасау)
-Өте жақсы, Ендеше, бүгінгі сабақта «Қыс» мезгіліне тауға саяхатқа шығып, аққала жасайық. Алдымен автобусқа
мінеміз. Жолда бірнеше аялдамаларға тоқтап, тапсырмалар орындай отырып жетеміз.
-Балалар, аялдамаға жету үшін нені білу керек? (жол ережесін)
-Жолдан өтерде сақ болу керекпіз. Алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарай отырып,арнайы жолақ арқылы
аялдамаға да жеттік.
191
1-аялдама «Желтоқсан» Бұл аялдамада «Сиқырлы қар» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтар -Сөйлем дегеніміз не?
•
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
•
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді.?
•
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
•
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
•
Лепті сөйлем дегеніміз не?
•
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз?
Үй тапсырмасын тексеру. Сурет бойынша жазған сөйлемдерін оқып, сөздердің байланысын ауызша
анықтайды.(2-3 оқушы оқиды)
Ереже: Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табамыз.
2-аялдама «Қаңтар»
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: -Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта сөйлемдегі сөздердің байланысын табуды одан әрі меңгеріп,
жаттығулар орындаймыз.
Күннің жады жазу. –Балалар, қыста қандай құстар қыстап қалады?(қарға, сауысқан т.б.)
Көркем жазу мәнері: Ққ қарға (Қ- дауыссыз, қатаң дыбыс)
ІҮ.Жаңа сабаққа бет бұру. – Тағы қандай құстарды білеміз? (көгершін, торғай, суықторғай, тоқылдақ, шымшық,
көгершін, аққу .)
-Құстардың қандай пайдасы бар? Құстар туралы тыйым сөздер білеміз бе?
-Аққуды атпа, - Құстың ұясын бұзба. т.б.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 217 - жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемді
толықтырып айту. (ауызша)
Қарамен жазылған сөзді тақтаға жазып, байланысын көрсету.
Құстар адамдарға пайдалы.
Ережені пысықтау.
Шығармашылық жұмыс: 218 - жаттығу. Төмендегі екі сөзден тұратын сөйлемдерді сұрақ қою арқылы үш сөзді
сөйлем етіп жазу.
Мысалы. Асыл келді. Асыл мектептен келді.
Жұптық жұмыс. «Адасқан сөздер » 219- жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, байланысын анықтау.
Мысалы: Жылқы, бағады, ағам – Ағам жылқы бағады.
Сергіту сәті. «Би билейміз» қимылды ән
Қосымша материалдар.Төмендеу оқушыларға жекелей үлестірме қағаздар беріледі.
Өз бетінше, дәптермен жұмыс. Ойын: «Кім шапшаң ?» 220- жаттығу, берілген сөйлемдердің сызбасын түсіріп,
байланысын сызып көрсету.
ҮІ. Бекіту. 3-аялдама «Ақпан»
-Балалар, қыс мезгілінің үшінші айы, әрі қысқа айы- Ақпан деп аталады. Қыстан кейін көктем келеді. Көңіліміз
жадырайды. Сондықтан соңғы «Ақпан» аялдамасымен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. «Ұйқасын тап»
Сөйлемді аяқтап, байланысын сұрақ қою арқылы айту.
Ой қорыту. Тест жұмысы алынады, қорытындыланады.
-Міне, сіздер сияқты көңілді балалар, тау басында қызу ойын ойнап жатыр екен. Біздер де әдемі аққаланы жасауға
көмектесейік.
ҮІІ.Үй тапсырмасы: 221 – жаттығу. Қажетті сөздерді пайдалана отырып, «Қысқы ойын» тақырыбында әңгіме жазу
(түсіндіріліп беріледі) ( 79 – бет)
ҮІІІ Оқушыларды мадақтау. Оқушылар сабақ қатысымына қарай бағаланады.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘКАППАР (МЫСАЛ) Ш. СМАХАНҰЛЫ
Ашикбаева Биғайша Балағұлқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектептің
бастауыш класс мұғалімі
Ана тілі, 2 класс
Тақырыбы: Тәкаппар (мысал) Ш. Смаханұлы.
Мақсаты: 1.Білімділік: Мысалдың мазмұны мен идеясын ұғындыру.Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық: Мысал жөніндегі түсініктерін толықтыру. Кейіпкер бейнесін талдау арқылы қарапайым мінездеме беру
дағдыларын жетілдіру. Ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету.
3.Тәрбиелік: Адам бойындағы тәккапарлық, паңдық,менменшілдік қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, салыстыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
–
Бір-бірімізге қарап, жақсы көңіл-күй сыйлаймыз.
–
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Бурыл ат. (Ш. Мұртаза)
-
Шабандоз.
-
Ат жарысы.
-
Қарагер.
192
-
Бапкердің сенімі.
-
Бурыл ат мәреге жетті.
Кеспе қағазбен жұмыс.
№1 кеспе қағаз. А)Шабандоз Асқардың жарысу сәтін суреттейтін сөйлемдерді тауып оқу. Ә) Жылқы
малының бес жасқа дейінгі атауы. №2 кеспе қағаз. А)
Бурыл атқа жұрттың ризашылық білдірген жолдарын тауып оқу. Ә) Жылқы малына байланысты
ұлттық ойындарды ата. Үй тапсырмасын қорытындылау: Аттың
құлағында ойнау да, адам бойындағы жақсы қасиет екен. 3. Жаңа сабақ: Адам бойында тағы қандай жақсы қасиеттер
болу керек, қандай жаман қасиеттерден аулақ болуымыз керек, сол мақсатта бүгін біз Ш. Смаханұлы атамыздың «Тәккапар»
деген мысал өлеңімен танысамыз. Сабақтың мақсатын айту. 1. Мысал
деген не? Мысал- қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де беріледі. Мысал жазушы жануарды, құстар
мен өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді
күлкіге айналдырады. Жақсылықты,әдептілікті, адамгершілікті дәріптейді. Әр мысалда түйінді ой болады. Ол мысалдың
басында не аяғында болады. Мысал- дегеніміз өнеге айту сипатындағы шағын шығарма. 2.Автормен таныстыру. Ш.
Смаханұлы- қазақтың белгілі сықақшы ақыны. Өзі туралы былай дейді: Тілімді түйреуіштей сүйір етіп,
Қойды мені сықаққа үйір етіп. Жақсыға өзім
деген залалым жоқ, Кетемін жамандарды қиып
өтіп. Ұсындым кітабымды борышым
деп, Сықақ от қой кеселді өртейтұғын,
Пәле менен жаладан қорысын деп.
3. «Тәкаппар» деген сөзді қалай түсінеміз? Мағыналас
сөздері қандай? (тақырыпты ашу)
•
Тәкаппар, менменшіл, паң, мақтаншақ, өзімшіл.
•
Бұлар адам бойындағы қандай қасиеттер деп ойлайсыңдар?
4. Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы.
Оқушыларға тізбектей, мәнерлеп оқыту. Тақиядан қалаған
сұрақтарын алып, сандық ретімен сұрақтарға жауап беру.
•
Мысалда ненің басынан өткен жағдай суреттелген?
•
Балық не днп мақтаныпты?
•
Ол құрлыққа қалай тап болды?
•
Құрлықта балық қандай күйге ұшырады?
•
Балық неліктен зарлады?
•
Ол қателігін қай кезде түсінді?
5.Тауып оқу.
-Балықтың мақтануы.
-Балықтың құрлықтағы күйі.
-Балықтың құрлықтағы зарлануы.
(Әр түрлі көңіл-күйде оқу)
-Автордың қорытынды ойын табу.
6. Бөлімге бөліп, ат қою.
1.Мақтаншақ балық.
2.Балықтың құрлыққа тап болуы.
3. Құрлықтағы балықтың жағдайы.
4. Балықтың зарлауы.
7. а) Балыққа мінездеме беру.
ә) Мысал идеясын ашу.
Балық- тәкаппар, өзімшіл, ешкімнің айтқанын тыңдамайтын, мақтаншақ.
•
Ал оның осы қасиеті оны жақсылыққа апарады ма?
•
Балыққа қандай баға берер едіңдер?
•
Балық қандай адамның бейнесінде суреттелген?
Автор мақтаншақтықты, тәкаппарлықты, өзімшілдікті мазақ етіп, ондай қасиеттерден аулақ болуға шақырған.
8.Вен диаграммасы: Өтілген «Кімнің мекені жақсы?» әңгімесімен салыстыру.
9. Шығармашылық жұмыс.
... даттапты,
... мақтапты.
... болмады,
... қалмады.
10. Қосымша білім «Кімнің мекені не?» Мұны дәл біліп ал.
Тышқандікі – ін, Иттікі - үйшік,
Қасқырдікі – апан. Құмырсқанікі – илеу.
Сиірдікі – қора, Өрмекшінікі – тор,
Аранікі – ұя. Киттікі – мұхит.
Түлкінікі- жым, Тиіндікі – қуыс,
Қойдікі – қотан, Ұлудікі – қабыршақ,
Тауықтікі – қүрке, Бақанікі – көл,
Аюдікі –үңгір. Айтпағаның бар ма,
Оны өзің жалға.
193
11. Сабақты қорытындылау: -Мекенін жамандаған балыққа сендер не айтар едіңдер?
- Сендердің туған жерлерің несімен ұнайды?
12.Бағалау.
13. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
2. Мақтаншақтық жаман қасиеттер екенін дәлелдейтін мақалдар жазып келу.
* * * * *
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ САНДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Альжанова Жансауле Серикбаевна
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық мәліметтердің сандық сипаттамалары.
Сабақтың мақсаты : Статистикалық мәліметтер туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті : 1. Статистикалық мәліметтерді кескіндеу туралы алған білімдерін бекіту , сандық сипаттамалары
есептеуге үйрету.
2. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру , математикалық сауаттылыққа баулу.
3. Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұкыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтын типі : жаңа сабақ түсіндіру. Оқыту әдістері: сөздік практикалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер диаграммалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу , оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сабақтың мақсатын хабарлау.
1. Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар.
2. Өткен сабақты бекіту.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4.Бекіту есептері.
5. Сергіту сәтін ұйымдастыру.
6. Оқулықпен жұмыс.
7. Жаттығу жұмыстары.
III. Үй тапсырмасын тексеру №420
0-9 жас 21 тұрғын 50-59 жас 7 тұрғын
20 -29 жас 13 тұрғын 60-69 жас 3 тұрғын
30-39 жас 15 тұрғын 70 -79 жас 4 тұрғын
40-49 жас 7 тұрғын 80-89 жас 1 тұрғын
IV. Жаңа сабақ түсіндіру . Статистикалық кызмет
Арифметикалық орта Санның модасы Санның медианасы
1 Арифметикалық орта деп-таңдау мәліметтерінің барлық сан мәндерінің қосындысын осы мәліметтердің санына
бөлгенде шығатын х саны
2 Санның модасы дегеніміз ең көп жиелігі бар бір мән
3 Медиана деп-мәліметтер жиынтығы тең 2 бөлікке бөлінетін санды атаймыз
1.Мысалы: 5 окушы 1 жылда 2,18,19,20,21 кітап оқиды.Осы оқылған кітаптар санының арифметикалық ортасын табамыз.
Х==16 19 медиана
2. 14.15,18,21,27 сандарының модасы 21 саны.
Бекіту есептері шахмат ойыны жарысында 6-сынып оқушылары 10,10,12,12,13,13,13,13 ұпай алды. осы ұпайлардың
арифметикалық ортасын модасын және медианасын тап.
Жауабы:ортасы 12. Модасы 13.Медианасы 12,5.
Оқулықпен жұмыс. №421. Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алган заттарының саны
тіркелді.5,4,3,7,4,8,6,3,3,12,1,1,3,1.модасын,медианасын және арифметикалық ортасын есепте.
Жауабы:Ариф.о. -4,62. Мода-3. Мед.-4.
№422.(Ауызша)
№423.
Ер балалардың 14-інің бойын өлшеген кезде келесі нәтежелер
алынды:135,137,138,139,139,139,139,140,140,140,141,141,142(см). Ер балардың осы тобындағы жиі кездесетін бойдың
ұзындығы қандай?
Жауабы:139,140,141.
№424(Ауызша)
Сергіту сәті.
-
Піл к3 ті,піл к3ті емес, тілк3ті.
-
6н балдақ қол сәні,әшекей кесте т10 сәні.
-
Әкесіз 7м – жарты 7м
Шешесіз 7м –анық 7м
-
Өнерлінің қолы алтын
-
40-ына шыдаған, 41-іне шыдайды.
Жаттығулармен жұмыс.
№425.
Таңдаудың 1,3; 1,5;1,5;1,6; 2;2,7;2,7;2,7;2,7; арифметикалық ортасын модасын медианасын тап.
194
№426. Сыныптағы оқушылар аяқ киім өлшемінің арифметикалық ортасын модасын,медианасын анықта.
Қай өлшемге сұраныс коп?
Сабақты бекіту.
18.
Статистикалық қызмет неше топқа бөлінеді?
19.
Арифметикалық орта дегеніміз не?
20.
Санның модасы дегеніміз не?
21.
Санның медианасы дегеніміз не?
Үйге тапсырма: №428,№429 есептер
Оқушыларды бағалау.
* * * * *
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Бозой орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Андақұлова Жанат Демесінқызы
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби
туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу
өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен
күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап
шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған.
Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін
атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен,
эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-
әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра,
сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын
танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын
сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Бастауыш класс оқушыларын ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу ұстаздардың
міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша
қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ
жаңылтпаштар
–
бәрі
де
балалар
бақшасында
кең
пайдаланылатын
дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді
саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз
күні
бүгінге
дейін
ұрпақтан
–
ұрпаққа
ауызша
жеткізіп
келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына
байланысты
туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар
әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас жеткіншектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке,
тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің бастауыш класс балаларын тәрбиелеудегі бағыттары:
-
Денсаулық
-
Еңбек пен мамандық
-
Өнер
-
Имандылық пен адамгершілік
-
Патриоттық
-
Эстетикалық
-
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Педагог міндеті:
22.
Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту..
23.
Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
24.
Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
30)
Ертегілер
31)
Жұмбақтар
32)
Жаңылтпаштар
33)
Аңыз-әңгімелер
34)
Мақал-мәтелдер
35)
Тыйым сөздер
Бастауыш класс балаларының ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін
ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген
сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
халқымыздың ауыз әдебиеті – бастауыш класс балаларының ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын
молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын
білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
195
Балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ,
жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды
таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны
балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның
желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам
өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз
кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала
санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Мектепте ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай
жоспарланады., ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады, оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:
К
езеңдері:
8)
Қызығушылықты ояту
9)
Мағынаны ашу (ажырату)
10)
Ой толғаныс
Әдістері:
17.
Топтастыру
18.
Ассоциация
19.
Ой қозғау
20.
Джик-Со
21.
Инсерт
22.
Венн диаграммасы
23.
Кубизм
24.
Бес жолды өлең
25.
Ой толғау
Ой қозғау әдісі:
6)
дамытушы;
7)
сұрақтар арқылы ой салу;
8)
жауап талап ету.
Топтастыру әдісі:
19.
тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтастыру.
Ассоциация әдісі:
III.
зат жайлы жалпы мәлімет жинау.
Инсерт әдісі:
сөздің көп мағынасын ашу;
синонимдер;
антонимдік сөздік қорларын кеңейту;
сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.
Венн диаграммасы әдісі:
10.
екі затты салыстыру;
11.
ортақ белгісін табу;
12.
берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.
Кубизм әдісі:
7.
балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;
8.
ерекшелік;
9.
мен үйрендім;
10.
суреттер;
11.
қолдан сұрақтар арқылы айқындау.
Бес жол өлең:
3.
балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;
4.
Не? Қандай? Не істейді?
5.
Түйінді сөз.
Күтілетін нәтиже:
Сын тұрғысынан ойлау
•
Белсенділіктері артады
•
Тәжірибелік іс-әрекетте болады
•
Қарым-қатынас жасауға үйренеді
•
Құрбыларын тыңдай біледі
•
Ортаға шығып өз ойын айтуға үйренеді
•
Өз ойын тұжырымдай біледі
* * * * *
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Махамбетияр Жайнагүл Данағұлқызы
Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті
бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі
«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны Абай
Құнанбаев. Біз қадам басқан 21-ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті,
отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және
алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың
жаңарған технологияларына көшу талабы орындалып, мектептерде барлық ұстаздар оқытудың түрлі технологияларын
пайдаланып, сабақтарын пәрменді өткізіп келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге
кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Жаңа педагогикалық технологияларды
қолданудың негізінде үйренушінің дербес белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету;
Қазіргі таңдағы қоғам алдындағы ең басты міндет-оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игілікті сақтай отырып, оқушылардың
зияткерлік ойын, дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасау.
196
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл
процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл
міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта
құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да
қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-
оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Жалпы білім беретін мектептердегі ұстаздардың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу,
оқушылардың білімге деген қызығуын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін
немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Осындай жолмен
педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер
жүйесі ретінде ұстанымдар мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады. Қазіргі кез келген педагогикалық технологиялар
педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибе деп құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің
жетістіктерін, қоғамдағы ізгілендіру мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Бір технологияның өзі әр орындаушыда
әртүрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық құзыреттілігі оқушылар контингенті. Сыныптағы психологиялық
ахуал, көңіл күй әртүрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әртүрлі болғанымен, бір-
бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады. Педагогикалық технология М Клариннің анықтауында:
«Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдарын
қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді». Ғалым-академик В. Монахов оқыту технологияларының тәжірибедегі
қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы мен
ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Ал В. Беспалько «Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын,
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп көрсетеді». Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы
ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығын айтып отыр.Сонымен технология деп
белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру үрдістері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін,
кешенді бірлігін айтуға болады.
Инновациялық технологияның мақсаты: Технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмек көрсету.
Инновациялық технологиялардың міндеттері:
білім беру мазмұнын жаңарту мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
ғылымның рөліне мән беру, оқытудық озық технологиясын меңгеру;
оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу, баланың жеке қасиеттерін аша білу, білімді тереңдетуге жағдай туғызу,
шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Оқушы – өз ойын ашық айтады, тұлға ретінде қалыптасады, өзін-өзі бағалай біледі, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды,
ортақ шешімге келеді, еңбекке араласады, бірін-бірі сыйлайды, санасады.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп,
ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін
бақылау жатады. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы
формасы, оның мақсаты-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін
сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.
Қазіргі күнгі педагогикадағы жаңа технологияның оқытудың дәстүрлі әдістердің тиімділігі:
Қызығушылығы жоғары, мәлімет көздерін оқушылар өздері іздейді.
Оқушы мен мұғалім тең құқылы. Оқушы – басты тұлға. Мұғалім – бағыт беруші. Оқушы ойына еркіндік беріледі. Ой
мен айтылған пікірге дәлел мен факт тауып қорғайды.
Мұғалім бағыттаушы, бақылаушы, қорғаушы.
Бір-бірімен ақылдасып, мәдениетті сөйлеуге үйренеді.
Өзі үшін көп мәселені шеше алады. Білімін ары қарай жетілдіруге дайын. Кез-келген нәрсеге жан-жақты қарай алады.
Топтық жұмыс ұнайды. Сыныпта белсенділік пен ұйымшылдық пайда бола бастайды. Топтық жұмыстарда топтастыру
ойды жинақтайды.
Ойлауға үйрету, жеке тұлға болып қалыптастыруға көмектесу, тілін, айтылған ойды дәлелдеу қабілетін дамыту.
Басқалардың ойымен санасуға үйретеді.
Бақылау арқылы ой-өрісінің өсу деңгейіне, жеткен жетістіктеріне қарай бағаланады. Бағалау бірнеше критерийлер
арқылы жүргізіледі.
Заман талабына сай кез-келген ақпарат.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларын меңгермейінше,
сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену,
ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Ғылыми негізделген технология
197
педагог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теориясы мен әдістерінің проекциясы болып табылады. Жалпы алғанда, оқу-
тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын дұрыс қолдана білсе, инновациялық
технологияның берері мол. Оқытудың инновациялық технологиялары оқыту үрдісін жандандырып, әрбір оқушының білімге,
ғылымға деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, қоршаған ортаға
байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын
болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше
жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл
педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалануы керек, өйткені сабақ сапасының
жақсаратыны байқалады.
Елімізде қозғалып отырған өзекті мәселе - білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруде
ақпараттық технологияларды қолдану, жеке тұлғаны қалыптастыру және қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті
жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне
енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, ұстаздар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Жаңа технологияларды пайдалана білген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді:
уақытты үнемдейді;
оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай алады;
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады;
сабақты ақпараттық техникамен жұмыс істеуді үйренеді;
Сонымен оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа
өнімді әдістермен байытуды, білім алуды оқушының өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды талап етеді.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін
дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Ұстаз
еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. 2004. -№2.
Монахов В.М. Оқытудың педагогикалық технологиясы.
Қобдинова Ж. Оқыту процесін технологияландыру.
Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ТАҢБАЛАРЫ ӘРТҮРЛІ ЕКІ САНДЫ ҚОСУ
Ақтөбе облысы. Ырғыз ауданы. Жайсаңбай ауылы
Ө.Қанахин атындағы орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі Тоғжанова Ләйлаш Тұхметқызы
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу
Мақсаты: Оқушыларға таңбалары әртүрлі екі санды қосу туралы түсіндіру,оны есептер шығаруда қолдана білуге
үйрету.
Міндеттері: А) білімділік: Таңбалары әртүрлі екі санды қосудың ережесін есеп шығаруда қолдана білуге
дағдыландыру;
Тәрбиелік:Оқушыларға алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеттерін,есептеу дағдыларын қалыптастыру,ой-өрістерін кеңейту,белсенділіктерін
арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын стратегиялар: ассоциация,галерияға саяхат,топтастыру,семантикалық карта,электрондық
оқулық,плакат.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,СТО стратегиясы,АКТ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
•
Оқушылармен амандасу,түгендеу
•
Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
25.
Қызығушылықты ояту
«Ассоциация» стратегиясы. (карточкамен жұмыс)
№1. Координаталық түзу деген не?
№2.Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
№3.Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?
№4.Теріс санның модулі қққандай сан болады?
№5.Қандай санның модулі 0-ге тең?
№6.Қандай сандар 0-ден үлкен?
198
№7.Теріс сандардың ережесін айтып бер.
№8.нөл санының модулі неге тең?
№9.Қосу амалының қандай касиеттерін білесің?
№10.Оң санының модулі қандай сан болады?
«Галерияға саяхат» стратегиясы.топқа бөлу. «Санамақ» тренингі 5-ке дейінгі сандарды қарама-қарсы сандарды айтып,оң
және теріс сандар тобы болып бөлінеді.
Екі топқа топтық тапсырма беріледі.
№1 топқа. : Координаталық түзу бойына -3 және 2 санын кескінде.
№2 топқа: Координаталық түзу бойына 5 және (-4) санын кескінде.
ІІ.Мағынаны ажырату.
Жаңа сабақты хабарлап, түсіндіру.
Таңбалары әртүрлі ,модульдері тең емес екі санды қосу үшін:
26.
үлкен модульден кіші модульді азайту керек;
27.
шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.
Мысалы: 9+(-4) =4 -10+3=-7
Қарама-қарсы екі санның қосындысы 0-ге тең.
Мысалы: -14,9+14,9=0
ІІІ. «Топтастыру» стратегиясы. (оқулықпен жұмыс)
№447 ауызша
№448
18+(-9)=9
32+(-21)=11
(-81)+81=0
(-25)+30=5
(-21)+14=-7
45+(-45)=0
(-17)+20=3
(-70)+10=-60
(-31)+53=22
0+(-31)=-31
(-99)+0=-99
(-31)+16=-15
/№449
(-1.3)+2.5=1.2 5.1+(10)=4.9 (-4.3)+7=2.7 5.8+(-8)=2.2
(-4.6)+1.9=-2.7 3.7+(-6)=-2.3 (-7.2)+4.5=-2.7 4.5+(-2.8)=1.7
(-8.4)+10=1.6 2.1+(-5)=-2.9 (-8)+5.6=-2.4 2.9+(-4.6)=-1.7
№452
а
0,35
-3
96
-81,7
-46,8
в
-0,35
3
-18
6
51
а +в
0
0
78
-75,7
4,2
Ой толғаныс.
Семантикалық картамен жұмыс
8,8
-8
-130,5
-12,284
-21+13
А
Р
Д
Б
12,03-(-3,23)
Е
К
Ф
Ш
-132,5+2
Г
О
Н
И
-0,034+(-12,25)
Л
Э
У
Е
-24
9,4
6,29
-0,11
-41,5
788
-3,1+7
Д
Ю
Қ
Ш
Д
Ю
6,5+(-0,21)
А
Б
Е
И
Ф
Ш
-13+23
Е
К
Д
Е
Н
И
0,09+(-0,2)
Г
В
Ф
А
У
Е
-54+12,5
Л
Ы
Н
Г
Р
Ж
800+(-12)
Ж
С
У
Ө
Ұ
Т
Қорытынды. Логикалық есептер.
1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып тастады.Нешеуі қалды?(түйеқұс ұшпайды)
2. 5жұмыртқа 7 минутта піседі,10 жұмыртқа неше минутта піседі?(7 минутта)
Бағалау. Үйге тапсырма. П3,2 №450 №451
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:ТІРШІЛІК ҮШІН КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі Таирова Алтынгүл Хамитқызы, бірінші санаты ұстаз
Сабақтың тақырыбы:Тіршілік үшін күрес және оның түрлері. 9-сынып
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың сұрыптау түрлерін және тіршілік үшін күрес туралы алған білімдерін
жетілдіру; күрестің рөлі мен оның себептерін анықтау арқылы талдап түсіндіру;
дамытушылық: шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;өзінің және
жолдастарының білімін бағалай алу.
тәрбиелік: түсініктер бойынша жергілікті жануарларды мысалға ала отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық
өнерін насихаттау,Отанын сүюге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сызба-кестелер,суреттер,Флипчарт,сұрақтар жазылған парақтар
Түрі: аралас сабақ
199
Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлықтарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Шығармашылық тапсырма
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрыптау түрлерін сипаттап салыстыру
«Табиғи сұрыпталу» «Қолдан сұрыптау»
2.Ізденген жетер мұратқа.
Топ мүшелеріне сызба – кестелер таратылады.Онда тақырыпқа сәйкес суреттер мен сөздер берілген. Топпен ойлана
отырып, белгілі бір қорытындыға келіп мәтін құрастырып баяндайды. Ұнаған топтың жауаптарын өзара бағалайды.
1-топ-«Тіршілік үшін күрес» 2 топ- «Табиғи сұрыпталу 3-топ- «Қолдан сұрыптау»
Балалар айтып болған соң мұғалім өзі қорытындылайды.
1- кестеге қарасақ шегіртке саны артса ел экономикасының проблемасы болады. Күрт артуы қолайлы жағдайлардың
туындауы:қоректің молдығы және жауынның аздығы.Шегірткені құрту үшін көптеген шаралар жүргізіледі.Көктем
айларында қоймақалтаны бұзу,күзде жер аудару сөйтіп шегірткенінің санын азайту.
2- Ақбөкен жүйріктігінің арқасында жауынан қашып құтылады,алыс суатқа да әлділер жетеді,әлсіздері жыртқыштарға жем
болады.Сөйтіп табиғаттың өзі сұрыптау жүргізеді. Бұл жерде сұрыптаушылар –жыртқыштар.Бұл қолайсыз табиғат
жағдайлары болып табылса,ал сұлулық жыршысы Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін байқап отырсақ тіршілік
иелеріне деген аяушылықтың белгісі,яғни адамның табиғаттың сұлу еркесіне жасаған жауыздығы бейнеленген.
3- Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Қазақ халқының саятшылық өнерін
насихаттай отырып,көшпелі өмір салтын басынан кешкен халқымыз табиғатпен мейілінше жақын болған.Табиғатты өз
өмірінің бөлінбес сыңырына балап,табиғат тылысымын тереңірек таныса,өмірдің соғұрлым мәнді де, қызықты болатынын
түсінген.Қолтұқымдарды алуға тазы итті,иттің басқа қолтұқым дарымен будандастырмаған.Тек таза тазы ит шығарып
отырған.Бұл адамның жүргізген қолдан сұрыптауына байланысты.
ІІІ.Жаңа сабақ -«Тіршілік үшін күрес» - тірек сызбасымен жұмыс
Тіршілік үшін күрес Түраралық Түрішілік Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынмен
(Мысалдар келтіру)
2. «Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс.Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.
ІV. Сабақты пысықтау. А) Блиц турнир
Сұрақтарға тез жауап алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.
Қызыл түс:
1.Топтағы біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.
2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.
4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі.
Көк түс
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.
Жасыл түс
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.
1-топ 1-Түрішілік 2-Ламарк 3-Түраралық 4-Өзгергіштік
2-топ 1-Линней 2-Сұрыптау 3-Түрішілік 4-Биологиялық өркендеу
3-топ 1-Абиоздық 2-Дарвин 3-Эволюция 4- Биологиялық кері кету
VІ. Үйге тапсырма 11,12 параграфтарды оқып келу. «Тіршілік үшін күрес» тақырыбына өз ортаңмен,өмірмен тығыз
байланыстыра шығарма жазып келіңдер.
VІІ. Бағалау.Әр топ жетекшісі балалардың жауап парақтарына белгілегендері бойынша баға береді.
№
Оқушының АЖ
Шығармашылық
жұмыс
Сызба-кестемен
жұмыс
Суреттермен
жұмыс
Блиц турнир
қорытынды
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР. АҢДАР. БУЫН
Шығыс Қазақстан облысы. Үржар ауданы. Көлденең ауылы
«Көлденең орта мектебі және балабақша» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Икласова Ляйля Мергазыевна
Сауат ашу 1 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану, бейнелеу өнері.
Көрнекі құралдар: жануарлар суреті, асықтар, қоржын, сурет дәптері, түрлі-тісті бояулар.
Сабақтың жоспары:
200
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
ІІІ. Жаңа сабақ. Жабайы жануарлар.
А) Жануарлар түрлері көп. Жануарлар екі топқа бөлінеді. Біз жануарларды қорғауымыз қажет. Жануарлардың пайдасы.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бөліседі.
Ә) Кіріспе бөлім. Оқушыларды жаңа сөздермен сурет арқылы таныстырып, сөз тіркестерін құрастырту, сөйлемдер құрау.
Әр бала сөйлем құрап айтады: мысалы, сөз тіркесі: жабайы аң, үлкен піл, әдемі керік, жыртқыш аң. Сөйлем: Мен
хайуанаттар бағынан үлкен піл көрдім.
Б) Ойын: «Сиқырлы асықтар» Ойынның шарты: Сыныпты үш топқа бөлу: «Дарын», «Талап», «Зерде». Әр топтың
басшысын сайлау. Топтардың басшылары қоржыннан асық алады, асық номеріне сәйкес сұраққа топ мүшелері ақылдаса
отырып, жауап береді. Жауаптары кестеге тіркеледі.
«Дарын»
«Талап»
«Зерде»
ІҮ. Сабақты қорытындылау. А) Венн диаграммасын толтыру тапсырмасы беріледі:
«Жыртқыш аңдар» «Үй жануарлары»
Ұқсастықтары:
Ә) Әр топтың басшысы асықты таңдап, асықтағы нөмері бойынша топпен бірлесіп берілген тапсырманың суретін салып
қорғайды.
Б) Әр топ берілген сөздерді буынға бөледі: 1. Үй жануарлары 2. Жабайы аңдар. 3. Жыртқыш аңдар
Ү. Бағалау. Сабақтың барысы бойынша мұғалім топ мүшелерінің белсенділігін байқап, жұлдызшамен бағалап отырады.
Сабақтың соңында қай топ көп жұлдыз жинады, сол топ жеңіске жетеді.
ҮІ. Үйге тапсырма: жабайы жануарлар туралы мәлімет жинақтау.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ӨЗГЕШЕЛІГІ
ОҚО, Мақтарал ауданы, «Жаңа жол» жалпы орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абубакирова Сауле Нурбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен өзгешелігі
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесінен көрініс
тапқан мақал-мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі екені, сонымен бірге олардың ұқсастығы мен
өзгешелігі туралы түсінік беру
ІІ. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан- жақта
дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік: Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға,сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды
пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің қадірін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ауыз әдебиеті, тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сынып тазалығына көңіл бөлу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Психологиялық дайындық:
«Жақсы сөз – жарым ырыс» (тренинг). Оқушылар қол ұстасып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін бір-біріне
жақсы сөздермен тілектер тілейді.
4. Топтастыру. «Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру» мәтелдер тобы.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» мақалдар тобы. (Оқушылар қима қағаздардағы мақал-мәтелдерді құрастыра
отырып, топтасады).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 1. Үйге берілген 129- жаттығудың орындалу барысын тексеру.
2. «Зымыран сұрақтар» арқылы лексика саласы бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау.
3. «Қызықты сұрақтар» ойыны арқылы мақал-мәтелдер тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.
«Мақалдар» тобы
1. Қорқақ неден қорқады?
2. Ердің атын не шығарады?
3. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?
4. Ашу не? Ақыл не?
5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
«Мәтелдер» тобы
1. Тауық түс көре ме?
2. Көп түкірсе не болар?
3. Оқу түбі не?
4. Жері байдың несі бай?
5. Ел құлағы нешеу?
201
ІІІ. Жаңа сабақтың барысы:
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді. (Оқушыларға мақалдың мағынасын ашып айтқыза отырып, бүгінгі сабағымызда біріге, ынтымақта
жұмыс жасайтын болсақ, мақсатымызға жететінімізді айтамын).
ІІ. «Мағынаны тану» сатысы
1. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары (нәтижесі) қатар айтылады.
Мысалы: «Қорқақты көп қусаң, батыр болады».
2. Мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
Мысалы: «Кәрі түлкі қақпанға түспес» мәтелде ойдың нәтижесі ғана айтылып, себебі айтылмаған.
«Артық білім – кітапта» Оқулықпен жұмыс.
130- жаттығу. Достық, туыстық сезімдер туралы үш мақал тауып жазу. Олардың ішінен омоним, синоним, антоним
болатын сөздердің астын сызу.
1. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
2. Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты.
3. Жақыныңды жаттай сыйла, Жат жанынан түңілсін.
132- жаттығу. Ең қысқа мақал- мәтелдерді тауып жазу.
«Мақалдар» тобы үш мақал жазу керек.
Адам деген ардақты ат.
Жалғыздың ісі бітпес.
Халық қартаймайды.
«Мәтелдер» тобы үш мәтел жазу керек.
Адамның күні адаммен Көппен көрген ұлы той. Көп түкірсе көл.
«Сергіту сәті» «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көрсе солар
орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?…
Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? ... Кім анасын
жақсы көреді?...
Кім күн сәулесін жақсы көреді?... Кім мектепті жақсы көреді?... Кім мені жақсы көреді?...
133-жаттығу. Берілген мәтелдің мазмұны бойынша ребус құрастыру немесе сурет салу.
«Мақалдар» тобы «Кәрі түлкі қақпанға түспес»
Мәтелдер» тобы «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»
«Сыңарын тап» ойыны. (Топтарға мақал-мәтелдер беріліп, қай топтың бірінші орындап болатыны бақыланады)
1. Білікті бірді жығады, жалқаудың жаны тәтті.
2. Отан үшін отқа түс, сөзі өлмейді.
3. Көп біл, білімді мыңды жығады.
4. Жеті рет өлшеп, күймейсің.
5. Ғалымның өзі өлсе де, аз сөйле.
6. Еңбектің наны тәтті, біліммен жүгір.
7. Тіліңмен жүгірме, бір рет кес.
«Ой толғаныс» сатысы
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
(Әр топ мақал мағынасын ашып, алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне байланыстыра отырып, өз ойын
дәптерлеріне жазады)
ІV. Сабақты қорытындылау: «Венн диаграммасы» (әр топ өз тобының атын ұқсастығы мен өзгешелігін мысалдар
арқылы дәлелдеп айту керек)
МАҚАЛ
ҰҚСАСТЫҒЫ
МӘТЕЛ
Ой тиянақты, дәлелді.Аяқталған сөйлем,
екі бөлімді болады.
Халық ауыз әдебиеті
Сөйлем немесе сөз тіркесі, мағына тұспалды,
қорытынды пікір болмайды.
V. Үйге тапсырма: 135- жаттығу. (Нұсқау беру)
VI.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |