Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012. 3



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

2.
Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3.
ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
4.
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
5.
ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.
6.
«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.
236

«ЕСТІ ЕСІРТКІГЕ ЕЛТІМЕС»
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебі
5 сынып оқушысы Тұрсынбай Аршын Арматұлы
Жетекшісі Утегулова Карлыгаш Қымызбаевна
Есенсіздер ме, есірткіге еліткен еңгезердей ерлеріміз, еліктей еркелеріміз? Есепсіз елді еңкілдетіп, есірткімен егіліп
ерекшеленесіздер ме? Есірген ессіздікке еліріп, ертеңімізді елемей есіріп, еңсеміз еңкейсе, елімізді езгілеп, еркінсідіңіздер
ме? Елімнің ертеңіне елжірей егіліп, елеңдемейсіздер ме?
Ел ертеңі еріккендердің ермегі емес. Ендеше егеменді елімізді есірткіден екшелейік. «Есті есірткіге елтімес»... Есірткіге
елірген ермекқұмарлар есеңгіреп, ертегідегідей елес елестетеді. Ертеңіне елеңдеген ел еңбегін елеген емес. Еңселі елімізде
есірткіге   есіргендерді   емдеп,   еңбектеріне   еш   елеңдетпейтін   есепсіз   емханалар   еңбектенуде.   Ендеше   есуастанбай   есіңді
есірткіге ездірмей, есіңді есірткіден ерікті ет!  «Ессіздің еншісі – есірткі».
Есірткіге   еліріп,   ессіздене   егілген   ерлер!  Елін   еріткен   естияр   ересектер   емессіздер   ме,   еншілеріңдегі   ел   ертеңіне
елеңдеуліміз.   Ертеректегі   есіл   ерлеріміз   еншімізге   еркіндік   елін,   еркіндік   ертеңін   ерттеді   емес   пе?     Ендеше   елірмей,
есеңгіремей, ешкімге, ешнәрсеге еріктіленбей, еліңнің ертеңінің еселенуіне есті ердей ерінбей, ептілікпен еңбек ет!
Есірткіге елегізіген еліктей еркелеріміз!  Етектеріңізді елпеңдетіп, ебелең еттіңдер, есірткіге естеріңді ессіздендіріп,
еңселеріңді еңкейттіңдер. Ертеңіміздегі есті, екпінді, еңбексүйгіш, еркелігімен еліткен, емізік емізген еркетотайларды емін-
еркін емес, еміс-еміс елестетеміз...
Ертеде ел мен елді елдестірген, елін еншілегендермен егесіп, ерлердей ереуілдеп, ерен еңбектерімен еленген, елеулі
еркелеріміз   ел   есінде   ме   екен?...   Ендігі   еліктеріміз   еркекшораланып,   еріксізден-еріксіз   есірткіге   есіріп,   есеңгіреп,
ессізденген. Есірткіден есі еркін, еркелігімен еліткен еліктеріміз ертегідегідей ерекше.
Ерлеріміз елірмей, еркелеріміз елбеңдемей, езгендерге езілмей, есірткіқұмарларға ермей, есірткімен егілмей, егеменді 
елімізде еркінсейік. Енді-енді еңселенген еліміздің ертеңін еңкейтпейік ...!
Ерікті, еңбекқор, екпінді, есті ерлеріміз бен ерке еліктеріміз еселенсін! Ертеңімде елімді есірткісіз елестетемін...
* * * * * * *
«АРМАНЫ БОЛҒАН БАБАМНЫҢ, ЕРКІНДІК БҮГІН ТӨРІМДЕ»
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі
Габбасов Нұрлыхан Асылбекұлы, 6-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бектенова Лаззат Базарбаевна 
Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде
"Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   тәуелсіздігі   туралы"   Конституциялық   Заңының   1991   жылы   16   желтоқсанда
қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар - ел қорғау
соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістер және қазақ деген халықтың  қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ
жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш,  патриоттық
дәстүр 1991 жылдың желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты.  Бұл тәуелсіздіктің   оңайлықпен келмегені анық.
... Біздің қазақ не көрмеді десеңші?! Моңғолдың да, жоңғардың да, қалмақтың   да, орыстың   да тепкісіне ұшырады.
Қанша ауыртпалылық көрсе   де біздің қазақ мыңына шыдай білді. Бірақ тәуелсіздігімізден айырылуға   мәжбүр болдық.
Қазір ойлап қарасақ,  Кеңес одағына 70 жылдың үстінде  бодан болыппыз. Әрине,  аз уақыт емес.  Сол кезде  тіліміз - ғаріп,
дініміз   -   тәрік,   халіміз   мүшкіл,   өзіміз   міскін   халге   ұшырадық.   Толықтай   орыстануға   сәл-ақ   қалғанда,   1991   жылы   16
желтоқсанда Алматы қаласындағы жас студенттеріміз үлкен көтеріліске шыққан еді. Олардың арасында өзімізге танымал,
ауыр жазаға кесілген Қайрат, Ербол сияқты батырларымыз,  Сәбира, Ләззат сынды  қаракөз қыздарымыз болды. 
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – деп Мұхтар Шаханов   жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991
жылы   16     желтоқсанда   тәуелсіздік   таңын   тудырды.   Бұл   күнді   тарихи   бір   сәт   десек   те   болады.   Ал,   мұны   дүниенің
жаратылысы   мен   тарих   дөңгелегінің   заманалар   белесіндегі   қасиетімен   даралап   айтсақ,     Қазақстан   тарихында   бұл   күн
ешқашанда ұмытылмайтын, құнды  бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. 
Тәуелсіздік   – халықтың   тойы,   елдің  тойы.   Қаз   тұрып,   қадам   басқан  тәуелсіздік  сәбилік  тұсауын     өміршең  уақытқа
кестірген   кезден бастап, осынау   жылдардың бедерінде айшылық жерді алты рет аттатқан алып секілді, дәуір жалынын
мығым ұстап, тізгінің бекем қаға білді"- деп елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына түсті. 
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі   табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің
жүргізіп   отырған   парасатты   көреген     саясатының   нәтижесі   –   Еліміздің   тыныштығы     мен   қауіпсіздігінің,   көп   ұлтты
Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. 
"Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа
мемлекет пен қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ,
бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі
биіктей беретініне сенемін." – деген көшбасшымыз сенім білдірсе, тәуелсіз елдің еркіндік сүйер ұрпағы ретінде мен де
болашағымызға үлкен үміт артамын.  
  Ендігі жеңіс те,   ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын
биіктетіп   байытатын,   абыройын   асырып,   өз   бақытының   иесі     болуына   қол   жеткізіп   отыратын,   білім   мен   білік   жолын
таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын.  
237

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10 «А» сынып оқушысы Сұлтан Арман
Ғылыми жетекші: география пәнінің Жұмадилова Зулфия
Кіріспе
      Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, 
өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа 
соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс 
ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына 
ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам 
санасының эрозиясының нәтижесі.
        Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы 
"экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың 
өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем 
алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми 
прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың 
жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық 
зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.                                                 
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі 
экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар 
ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, 
жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом 
құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық 
өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам 
денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін 
немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын 
сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына 
бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан 
тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.медицинада алатын орны 
үшан-теңіз. Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.
Экология
Экология – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм 
деңгейінен, биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер 
қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын 
зерттейтін ғылым.
Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда 
болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық 
факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас 
құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады.
ХХ ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 
40-жылдары популяциялар мен  қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі 
ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік 
сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы 
оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына 
анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты 
кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі 
айқынкөрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, 
қоршаған физикалық ортамен зат және энергияалмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе
және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді.Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы 
әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент 
барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары 
қалыптаса бастады. ХХ ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып 
келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат 
пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның 
ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі 
салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын 
табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық 
ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. 
Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады.
Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі.  Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: 
Ж.Б.Ламарк (1744-1825), Л.И.Лепехин (1770-1802), Р.Ф. Рульс(1814-1858), И.А.Северцов (1827-1885), Ч.Дарвин (1807-
1882), В.В.Докучаев (1846-1903) т.б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде 
238

ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген 
Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т.б.еңбектері экология 
ғылымының негізін қалаған еді
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс 
ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап 
айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б. В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» 
т.б.ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық 
жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам 
экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.
Экологияның зерттеу әдістері
Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері:

Жүйелік тұрғыдан қарастыру

Ортаның жағдайын бақылау

Эксперимент және модельдеу
Жүйелік тұрғыдан қарастыру –тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің
бөлігі болып табылғандықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады. Әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды 
талап етеді.
Ортаның жағдайын бақылау –бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, 
тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және 
бактериалдық ластануын анықтау т.б. жатады. Қазіргі кезде осылардың ішінде практикалық маңыздылығы 
жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінуде. Мониторингінің мақсаты –бақылау, баға беру және болжам жасау.
Эксперимент және модельдеу –Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен бірлестіктер мен экожүйелерде 
жүргізіледі. Экологияда статистикалық математика,математикалық логика, сандар теориясы, матрицалық алгебрамен 
байланысты ақпараттар мен кибернетика теориясының әдістері қолданылады. Соңғы кезде биологиялық жүйелерді 
модельдеу кеңінен қолдануда. Зерттеулердің міндеттеріне байланысты әр түрлі модельдер қолданылады (шынайы нақты 
модельдер, таңбалы модель, концептуалды және математикалық модельдер
Қазақстанның экологиясы. Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары 
экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест 
Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін 
айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз
үлесіңді қос. 
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын
қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен
Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге
бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5
млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды
заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар
түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын,
улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының
ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының
көп шоғырлануы. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп
кетті.   Соңғы   жылдары   республикамызда   экология   және   табиғатты   пайдалану   жөніндегі   министрлік   құрылды.   Ол
экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту
ісін қолға алуда.
 Семей ядролық полигоны. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының 
өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық 
полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі 
нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек 
Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс 
Қазақстан, Жезқазған облыстары және 
Ресей 
 
 Федерациясының
 Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның 
нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас 
Сүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге 
толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. 
Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық 
сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан 
астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып
есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ 
және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы 
экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей 
ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде. КСРО заманында 
Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны 
ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын 
оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық
әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған 
сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият 
239

жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, 
өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор 
қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен 
салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың
жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық 
объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар 
мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік 
беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. 
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы.  Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл 
зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал 
әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің
өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды 
экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. 
Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар 
туындауда:

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт 
бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық 
шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы 
ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш 
өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл 
жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл 
жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан 
сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан 
жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды 
балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған 
сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге 
қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде 
құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы 
аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын 
болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, 
Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты 
колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді
мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра 
алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді 
малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық 
зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, 
кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін 
жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі 
желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев,
Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі 
суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, 
малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының 
көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі 
кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі 
жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан 
экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет 
аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. 
Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру 
таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға 
қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, 
қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, 
жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді.
Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, 
күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-
жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып 
ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына 
мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай 
ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белужий», «Ленкоса», «Трешкин» аралдарында жиырмашақты мұнай 
ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары 
біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Мұнай 
ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын 
одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады. Аудан халқы үшін кәсіптік 
және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық 
240

игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз: 1. Аудан жеріндегі каналдары 
қалпына келтіру, бітелген жерін аршып, қазып, Қиғаштын мол тұшы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз ету керек. Ол 
үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін
Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев 
каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге 
құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-
кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы 
каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық 
аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-
ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі кезде Жайық өзенінің теңізге құяр тамағы тайыздалған. Жылдар 
бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі 
арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да 
асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек. 
Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең 
адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз,
ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады. Төртіншіден, су келсе каналдар 
бойындағы көлдер жағасы мен жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі, ауа райы жақсарады, табиғат 
түзіледі. 2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан
қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап 
жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар 
тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті 
аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра
алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет