Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


§ 12 Географиялық зоналылық   Өтілген материалға шолу  Тапсырма



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
§ 12 Географиялық зоналылық  
Өтілген материалға шолу
 Тапсырма: Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға  жауап беру
I топ:    1 Табиғат кешені дегеніміз не?
2 Географилық қабық дегеніміз не? 
18

3 Географиялық қабықтын аса маңызды заңдылықтарын ата?
4 Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кещені?
II топ:  1 Ендік зоналылық дегеніміз не?
2 Биіктік белдеулер дегеніміз не?
3 Зат алмасу дегеніміз не? 
4 Биологиялық айналым дегеніміз не?
III топ:  1 Табиғат кешені қандай топқа бөлінеді?
2 Антропогендік табиғат кешеніне мысал
3  Географиялық қабықтың тұтастығы дегеніміз не? 
4 Географиялық қабықтың ырғақылығы дегеніміз не?
Оқушыларды 3  топқа бөлемін
1.Тынық мұхиты       2.Атлант мұхиты      3.Үнді мұхиты
III. Жаңа білімді қалыптастыру 
Негізгі идеялар: Тынық мұхитының ауданы -178 млн.км. Оның айдынына жер шарындағы барлық материктерді сыйдыруға
болады.Мұхит суының көлемі 710 млн.км. 
Бұл дүниежүзілік мұхит суының 53 % құрайды.
Постер қорғау (5 мин беріледі)
I топ:    Зерттелуі, географиялық орны
II топ: Табиғаты
III топ: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Тапсырмалар:
1 Топтық жұмыс: Мәтінмен
1     5 минут ішінде жаңа тақырыпты оқу. Топ ішіндегі екі оқушы мәтінді бір- біріне түсіндіреді.Топ арасыныан бір оқушы
шығып, тақырыпты қорғайды.
2 Картамен жұмыс:  Әр топ жеке-жеке тапсырмалар орындайды.
 «Қызығушылықты ояту» 
I топ:   Тынық мұхит жағалауындағы ірі аралдарды, түбектерді картаға түсіріп, көрсету
II топ:  Тынық мұхит жағалауындағы ірі теңіздерді  түсіру
III топ: Тынық мұхит жағалауындағы ірі материктерді, мұхит табанындағы шұңғымаларды картаға түсіру
3. Тапсырма: Сәйкестендіру тесті
Мұхиттардың табиғат жағдайларын салыстыру. Венн диаграммасы
Топты   1 жұлдыз арқылы бағалайды. 
IV. Сергіту жаттығуы: 
Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей  Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ  Жаттығу оңай-ақ                              
V. Бекіту тапсырмалары:
 «Ой толғаныс» кезеңі: 3 топқа бүгінгі тақырыптан тапсырмалар беріледі
I топ:   Берілген карта қиындыларынан материкті құрастыру
II топ: Берілген карта қиындыларынан материкті құрастыру
III топ: Берілген карта қиындыларынан материкті құрастыру
Жеке жұмыс:Топ мүшелері жеке жұмыс ретінде орындайды
Проблемалық сұрақтар
1 Қай материкте тұрғың келеді?
2 Ол материк сені не үшін қызықтырады?
3 Өзімді дүниежүзілік мұхит арасында қалай сезінемін?
4 Болашақта мені не күтіп тұр?
VI. Қорытындылау
Тынық мұхит- дүние жүзіндегі ең ірі мұхит. Тынық мұхит үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте
күрделілігімен, жиі қозғалғыштығымен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
VII.Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды ұпай санына қарай бағалау.
VIII.Үйге тапсырма: §57 Тынық мұхиты
* * * * * * * 
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
    Б.Жұмалиев атындағы орта  мектептің география пәні мұғалімі
Сейлханова Доғдырхан Жұмаханқызы 
Сабақтың тақырыбы:  Қазақстанның пайдалы қазбалары.  Жанатын пайдалы  қазбалар     8- сынып
Сабақтың   мақсаты:а)   Оқушыларды   Қазақстанның   пайдалы   қазбалармен,   орналасу   заңдылықтарымен   таныстыру.
Қазақстанның қазба байлықтары жөнінен дүние жүзінде алатын   орнын көрсету, кен орындармен таныстырып, олардың
ерекшеліктерін түсіндіру.
ә)Физикалық және геологиялық жұмыс істеу  және әр түрлі қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушылардыңбілім
қабілеттерін дамытып, іздене білуге үйрету.
б)Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, оларды тиімді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін
әсері туралы экологиялық білім,тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас  сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлеп  оқыту әдісі
19

Сабақтың   көрнекілігі:Қазақстанның   физикалық   картасы,   атлас,     кескін   карта.Тау   жыныстары,мен   пайдалы   қазбалар
үлгілері    жиынтығы, суреттер,слайдтар,оқулық.
Номенклатура:  минералды-шикізат базалары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.   Сәлемдесу.   Оқушыларды түгендеу.
Пысықтау сұрақтары:
1.Жер бедерінің ірі пішіндері таулар қандай жолдармен пайда болады?
2.Биік тауларға биіктігі қанша метр болатын таулар жатады?
3.Биік таулар.  Қазақстанныңқай бөлігін алып жатыр?
ІІ Үй тапсырмасы.  Қазақстанның биік таулы аумағы.  
 «Ой шақыру»  әдісі
1.Батыс Алтайдың Қазақстанның бөлігін не себептен Кенді Алтай деп атайды?
2.Жетісу Алатауы құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
3.Тянь-Шань тауларының жер бедері қандай және қандай тау жүйелерінен тұрады?
4.Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмашылығы қандай?
5.Өздерің тұрған жердің жер бедері қандай?
                                  Сәйкестендіру тесті:
1 Оңтүстік Алтай
А) Мұзтау3816м
2  Қалба жотасы
ә)  Бесбақан 4622м
3 Сауыр жотасы
б) Сарышоқы 1606м
4 Тарбағатай
в) Мұзтау 4506м
5 Жоңғар Алатауының солтүстігі                                   
г) Хан-Тәңірі 6995м
6 Орталық Тянь-Шань             
д) Талғар шыңы 4979м
7 Іле алатауы                         
е) Тастау 2992м
Жауабы:1 В, 2Б, 3А, 4Е, 5Ә, 6Г, 7Д.
ІІІ.  Жаңа сабақ          «Ой қозғау»  әдісі
Жер қойнауынан алынатын  минералдар мен тау жыныстары не деп аталады?
Жұмбақтар:
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Берекет Жұмалиев атындағы орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі  Суйрбаева Айнагул Турганбаевна 
Сабағы  2 –бетте  
Пәні:  ағылшын тілі
Сынып: 7
Мерзімі:  
Тақырыбы: Living plants
Мақсаты
Тың ақпараттар жинауға дағдыландыру. 
Сыни ойлана отырып   дұрыс сөйлем құрастыруды үйрету
СТО технологиясын ықпалдастыра отырып жаңа тақырыптың 
мазмұнымен мағынасын ашу.
Күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша тың ақпараттар жинай алады.
Оқушылар ереже арқылы сөйлем жаза біледі.
Кезең
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
5 минут
«Ой қозғау» тәсілі арқылы өткен 
тақырып бойынша кері байланыс 
жасайды.
(стикерлерге қатысты)
Өткен тақырып бойынша 
сұрақтарға жауап береді  
және кері байланыста 
түсінбеген сұрақтарына 
жауап алады.
Өзара 
критериалды 
бағалау
Кіріспе бөлім
2 минут
Топқа бөлінуге нұсқау жасайды.
7оқушыдан 2 топқа 
бөлінеді. (tulip, rose)
Жаңа
сабақ 
5 минут
«Миға шабуыл» әдісі бойынша топтық
жұмыс орындатады.
Оқушылар интербелсенді 
тақтадан көрсетілген 
видеоматериалды көріп, 
жаңа сабақтың тақырыбын 
ашады 
Топтық бағалау
8  минут
Постер қорғау  арқылы жаңа сабақты 
меңгертеді.
Көрген видеоматериалдан 
постер қорғау арқылы жаңа
сабақты меңгереді.
Ауызша мақтау, 
мадақтау арқылы 
формативті 
бағалау.
3  минут
Сергіту сәтін өткізеді
Берілген  биді билейді
Жаңа сабақты 
қолдану
9 минут
Оқулық бойынша жаттығулар  береді. 
«Смайлик» білімдерін тексереді, 
- мен толық түсіндім.
- мен жартылай түсіндім.
Топтық құрамда оқушылар 
бірлесіп, 9-10 жаттығуды 
орындайды  және 
-смайлигіне 
 
Смайликтермен 
формативті 
бағалау.
20

- мен түсінбедім.
смайлигі көмек береді, 
түсіндіреді.
Қорытынды
5 минут
«Тест жұмысы».
Тест жауаптарына арналған парақша 
таратады.
Интербелсенді тақта  арқылы слайдты 
тесттер беріледі. Жауаптарын соңынан
слайдта көрсетеді. (2 тест)
Тестке жауап береді және 
жауаптарын топтастарына 
беріп, дұрыс жауаптарымен
салыстырады.
Өзара 
критериалды 
бағалау
Бағалау
4 минут
Бағалау кезеңін жариялайды.
-әр дұрыс шығарылған 1 жауап – 10
-кері байланыста өзінің пікірін 
дәлелдеу-10
-үй жұмысы үшін-10
-белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-10
-түйінді сұраққа жауап беру-10
-топ мүшесіне көмектесу, 
ынтымақтасып жұмыс жасауы-10
Баллды бағаға ауыстыру:
«5» - 70-80
«4» - 50-60
«3» - 30-40
«2» - 0-20
Үй тапсырмасын беру.
Критерий арқылы өздерінің
бағасын айтады. Табыс 
критерийлеріне назар 
аударады.
Рефлексия
4 минут
«Не білдім? Не білгім келеді?» кері 
байланыс стикерін таратады.
Үй тапсырмасын береді.
Тақырыпты қалай 
түсінгенін стикерге жазып, 
плакатқа жапсырады.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы 
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп география пәні мұғалімі
Оспанғалиева  Жаңылсын
 Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат
Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.
 Сабақтың мақсаты: 
1) Білімділік: Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу 
арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты 
ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. 
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
 Сабақтың міндеттері: 
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:  өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру. 
                 Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
                                                        Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
                                                        АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
                      Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
                          Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
                                                        Макензи, Миссисипи суым қандай!
                  Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
                                                        Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар, осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)
- Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға 
«өрмекшінің торын» құрайды)
 Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт   Ұзын тау – Кордильера          Ең биік ағаш – секвоя
Ең үлкен арал – Грнеландия                  Ең үлкен каньон – Колорадо     Ең үлкен тау мұздығы – Аляска
ІІІ. Материкке шолу.  - Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) 
шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне 
байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды)
1-тапсырма.   ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
21

3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі) 
4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)
2-тапсырма.  ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда  зерттеушінің суреті 
тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)
Жылдар және ғасырлар
Зерттеушілердің 
аты-жөні мен суреттері
Ашқан және зерттеген жерлері
1492 жылы
Хростофор Колумб
Материктің оңтүстік жағалауын ашты
ХV ғасырда
Джон Кабот
Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі 
жағалауын ашты
ХVІІ ғасырда
Генри Гудзон
Александр Макензи
Материктің солтүстік және шығыс 
жағалауында жаңа жерлерді ашты
1741 жылы
    Витус Беринг
  Алексей Чириков
Аляска жағалауын зерттеді
3-тапсырма.  ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру.
(1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)
 
1-топ мұнай
 
2- топ тас көмір
 
3-топ темір  
 
4-топ табиғи газ
№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)
№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)
№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)
№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)
4-тапсырма.  КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.
-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)
-Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)
Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру. 
№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 

)
№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +57

С)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000
мм)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен 
Алап 100 мм)
5-тапсырма.  ІШКІ СУЛАРЫ
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.
Өзендерінің ерекшеліктері
Себептері
Жауаптары
Миссисипидің күрделі режимін
а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары 
ағыстан басталады
1-ә
Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі 
ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады
ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы 
ағып өтеді 
2-а
Колораданың саласы жоққа тән
б) жауын-шашын көп болады
3-в
Колумбияның жыл бойына суы мол
в) жауын-шашын аз түседі
4-б
6-тапсырма.  ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ
Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету. 
№1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2
№2 топ. Тундра және тайга – 1,7
№3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт – 4, 5
№3топ. Орманды дала – 3, 8

Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.

Өсімдігі мүк пен қына.

Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.

Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.

Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді. 

Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.

Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.

Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.
7-тапсырма.  ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ
Солтүстік Америка материгінің  төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және 
картадан көрсету.
22

Мемлекеттер
Астанасы
АҚШ
Вашингтон
Канада
Оттава
Мексика
Мехико
Панама
Панама
Бекіту тапсырмалары.            
Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады. 
Қорытындылау
 -Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? 
Бағалау
Үйге тапсырма  «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы
Б.Жұмалиев атындағы мектептің еңбек пәні  мұғалімі Тумышева Гүлзия
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың  зергерлік бұйымдары    11- сынып
Сабақтың мақсаты:  металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру, сабақ 
барысында оқушылардың шеберлігін, дүниетанымдарын кеңейту,оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, сұлулыққа, 
адамгершілікке, халықтың қолөнерін қастерлеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас  сабақ
Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: слайдтар , оқулық, суреттер, қолөнер бұйымдары 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі       Сәлемдесу,түгелдеу, сабаққа назарын аудару. 
Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап :  Біздің технология пәнінен өтіліп жатқан бөліміміз қалай аталады? 
( Қазақтың ұлттық костюмі көркем ансмбль ретінде)
Ұлттық киім дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық киімдерін сипатта?
3. Ұлттық киім дайындау үшін дәстүрлі материал?
4. Қазақ халқының әйел киімінің жиынтығы ?
5. Ерлер киімінің жиынтығы?
6. Қазақ әйелінің бас киімдері?
7. Ерлердің бас киімдері?
Сонымен біз «Қазақтың ұлттық костюмі көркем ансамбль ретінде» бөлімі бойынша білімізді әрі қарай кеңейтеміз. 
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Қазақтың зергерлік бұйымдары»
Жаңа  сабақ  Зергер сөзін естігенде қандай ойда боласыз? ( оқушыны тыңдау, тізім жасау )
2 слайд    Жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулық пен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен 
тазалыққа тәрбиелейтін өнер . 
3 слайд   Зергер.   Зер – парсының «алтын» деген сөзінен шыққан;
Кең мағынада «Алтынмен жұмыс істейтін шебер»
Қолынан шыққан бұйымы «алтынмен апталып, күміспен күптелген» 
4 слайд   Қазақтың зергерлік өнері-өзінің сәнділігі мен әдемілігі бойынша ерекше өнер, ғасырлар бойы келе жаткан 
дәстүрлері мәдениетінің айрықша саласы.Бұл өнер  қасиетті,  игілікті іс болып саналған. Шебер зергер болу үшін 
табиғатынан  ерекше дарындылығы болуы керек. Зергерлік  өнердің  құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа, әкесінен баласына, 
ұстаз-тәлімгерден оқушысына жалғасып келеді.
5 слайд   Қазақтың зергерлік өнері-өзінің сәнділігі мен әдемілігі бойынша ерекше өнер, ғасырлар бойы келе жаткан 
дәстүрлері мәдениетінің айрықша саласы.Бұл өнер  қасиетті, игілікті іс болып саналған. Шебер зергер болу үшін 
табиғатынан  ерекше дарындылығы болуы керек. Зергерлік  өнердің  құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа, әкесінен баласына, 
ұстаз-тәлімгерден оқушысына жалғасып келеді.
6 слайд   Зергердің құрал-саймандары: көрік, қысқыш,төс, сымтартқыш
7- слайд   Әйелдерге арналған әшекейлер: кеуделеріне алқа,құлақтарына сырға, шаштарына шолпы,білектеріне білезік, 
саусақтарына жүзік таққан.
8- слайд  Төске тағатын әшекей түрлері:түйреуіштер,тұмарлар,ілгешектер,күміс түймелер, гауһар тастардан  тана  
моншақтар.
9- слайд   Шаштеңге, шолпы, шашбау: шынжырмен бірлескен және гауһар тастармен, күміс немесе шашақпен әшекейленеді
10- слайд   СЫРҒА:айсырға,тас көзді сырға,күмбез сырға,салпыншақты,шашақты сырға, т.б
11- слайд  Білезіктер:көне әшекей.Олар жеке және жұп болады.Білезіктер
дің атаулары олардың  түрлеріне сәйкес болады.Сом білезік,жұмыр білезік,қақпақ білезік,сағат білезік
12-слайд   Сақина:саусаққа киілетін әшекей жүзік.  Жас қыздар өте нәзік құс тұмсық жүзік таққан.жас жұбайлар отау жүзік, 
құдағи жүзік, жималы жүзік,тасбақа жүзік,тб
13- слайд  Белдік:ұлттық киімге ерекше әр беретін маңызды бұйымның бірі. Батырлар мен аңшылардың белдіктері құнды 
әшекейлермен ерекшеленеді.Екі қабат былғарыдан жасалған белдіктерге  құс, аңдар,күн,айдың бейнелері 
салынған.Сонымен берге,белдіктерде қару және басқа да заттарға арналған аспа қалталар болған.
14 -слайд.   Кесте: қазақ халқының бұрынғы және қазіргі кездегі қолданбалы өнерінің кең тараған және сүйікті өнері.   
Қазақтың ұлттық кестесінің негізгі үш түрі бар, олар: бізкесте,баспа кесте, кенебе кесте,айқас кесте.   Біз кесте өте 
күрделі,көп уақыт пен аса шеберлікті қажет етеді.  Тұскиізді кестелеуге қолданады. 
Сарамандық  жұмыс.  Сәнді түйреуіш жасау.   
23

Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз: 
1. Жұмыс кезінде құралды (аспапты) мұғалім көрсеткендей ұста.
2. Пышақты немесе қайшыны жұмыс істегенде 
сол қолды олардың жүзінен алшақ  ұста.
3. Пышақ немесе қайшының жүзін  жоғары қаратып  ұстама.
4. Жолдасыңа жабық қайшыны  шеңберше  жағымен , пышақты сап жағымен  ұсын.
5. Инені шашпа және кез келген жерге  тастама,матаға немесе киімге шанышпа. Ешқашан инені ауызға  салма.  
Керекті материалдар:   Кез келген түсті моншақтар,жібек бау,мата қиындысы,ине,жіп, түйреуіш.
Орындау тәртібі:   1.Жібек бауды алып, гүлдеп бүкетеймізде ине жіппен бекітіп тігіп аламыз. 
2.Матадан сопақ пішінді етіп қиып алып,жібек баудан дайындап алған күлтемізді бекітеміз.
3.Матаға бекітілген күлтемізге моншақтарды бір-бірден тігеміз.
4.Дайын болған сәнді  бұйымның түйреуіш қадаймыз артына. 
Бекіту: 
Тізімге оралу : Сіздер осы Жаңа сабақтың басында зергерлік туралы өз ойларыңызды жаздыңыздар. Жаңа тақырыптан кейін
қандай ойлар туындады. Тізімді толықтырайық. 
Сергіту сәті : Халықтық қолөнер туралы мақал – мәтелдер айту.
Қолөнерге, шеберлікке қатысты  уақыт артық қалса сұрақтар қою. 
Домбыраны қандай әдіспен жасайды. ( ағашты шабу әдісімен )
Қазақ халқының күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ағаштан жасалған бұйымдарын атаңдар: (сандық, асадал, ағаш төсек,
келі- келісап, тостаған, )
Ағашты бұйым жасауға таңдағанда оның қандай қасиеттерін ескеру керек?    (физикалық, химиялық, механикалық) 
Бағалау. 
Үй жұмысы: § 8 Қазақтың зергерлік бұйымдары.
Зергерлік бұйымдар туралы : хабарламалар дайындау. 
o
Сақина    Білезік  Алқа   Сырға  Шолпы.
* * * * * ** *
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы     
Б.Жұмалиев атындағы мектептің ағылшын тілі  пәні мұғалімі
Шынжырбекова Перизат
Theme:      “Polyglot”   Grade: 8
The aim:to develop pupils’ intellect, to practice hearing, speaking, to memorize and retain in memory the language material they 
have learnt.  
The type:  an intellectual show 
Visual aids:  slides, placards, markers, a computer,  an interactive board, pictures.  
Epigraph:  “I’m a part of the world,
 And the world is a part of me”
Teacher:  Good afternoon, dear pupils, teachers and guests! Welcome to our intellectual show! We are glad to see you and we hope 
that you’ll enjoy today’s game. 
Language is the main type of means of communication. There are nearly 3000 languages  in the world. English and Russian are the 
languages of an international communication, they are the languages of Pushkin, Shakespeare, Lermontov< Byron, whom we love 
and respect for their poems, sonnets and novels. And Kazakh is the state language of our country.
With the help of the knowledge of foreign languages we can communicate with each other, through the Internet or get necessary 
information from it. And with the help of Russian and Kazakh we can develop our skills in oral speech and reading and bring up as 
patriots of our motherland. 
2.2.1.
Well, we begin our game and let’s meet our participants. 
2.2.2.
( Participants tell some words about themselves, about hobbies, favourite subjects, motto, etc.)  
2.2.3.
A man who knows many languages has no barriers and difficulties, especially in the 1
st
 level “Baiga”

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет