Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
САПАСЫН ДАМЫТУ (ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ)
ТОПТАМА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Редактор: Нағиев Ізгілік 
Байдрахманұлы
Алматы, 2016
1

УДК 37.0(075)
ББК 74.00 - 7
Ж 68 
ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ 
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ) /Редактор  І. Б. Нағиев. – Алматы, 2016. – 260 б.
Ж 68 
ISBN 978-601-7579-20-3
«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,
жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —
дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату,
оқытудың   әдістерімен   тәсілдерінің   пәнді   игерудің   тың   технологиясын   іздестіру,
оқушылардың   білім   деңгейін,   оқу   ынтасын,   белсенділігін   арттыруды   тәжірибеде   іске
асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс
жасайтын,   білім   беру   жүйесін   дамытуға   ықпал   ететін   дарынды   ұстаздарды   анықтау
мақсатында   өткізілген   іс-шараларға   қатысушы   ұстаздар   еңбектерін   (материалдарын)
жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.
ТОПТАМА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 
УДК 37.0(075)
ББК 74.00 - 7
ISBN 978-601-7579-20-3
© ред. Нагиев И.Б., 2016
2

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы     
 Б.Жұмалиев атындағы мектептің  қазақ тілі  мен  әдебиеті пәні 
мұғалімі Құрашова  Набат
                                                                                                                  
Сабақтыңтың тақырыбы:  Зат есімнің түрленуі.  Көптік жалғау.
Сабақтың мақсаты:білімділік–зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой-өрісін
кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,  есім тақырыбы бойынша білімін
жетілдіру;
Дамытушылық–жеке   тұлғаның  ой-қабілетіне  әсер  ету арқылы  оқушылардың   өздігінен  жұмысқа
баулу,   сөйлеу   шеберліктерін,тіл   байлықтарын   дамыту;   тәрбиелік–оқушыны   білімділікке,
ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
 Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру, талдау, сұрақ-жауап , СКТ.
Сабақтың көрнекілігі :интербелсенді тақта, бейнеролик
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті     
Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту. 
Топқа бөлу: -лар, -лер; - дар, - дер; - тар, - тер жалғауларын  оқушыларға   тарату арқылы топқа бөлу.
Дұрыс, ендеше, бүгінгі тақырып «Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау»
«Мағынаны тану»   кезеңі.
Жаңа сабақ.  Жаксы оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әрбір адам өмір бойы білім алуды
жеке кредосына айналдыру керек. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын» деген дәйексөзі
арқылы бастайық.
         Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар өздері жалғанған сөзге белгілі бір
мағына үстейді, екіншіден, бір сөз бен екінші бір сөзді байланыстырады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: көптік
жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау,  жіктік жалғау.
     Оқушыларға көптік жалғауын керек етпей , өздері көптік мағынада қолданылатын сөздер туралы айтып, бұл атауларды
интербелсенді тақтадан көрсету.
1.Жекелеп атауға келмейтін атаулар: су, сүт, тұз, ұн, құм.
2.Ру,халық, ел  аттары : найман, қазақ, қырғыз, керей...
3.Әрқилы жанды  жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, қой, түлкі... 
4.Өсімдік аттары: шөп, арпа, бидай, жусан, тары...
5.Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек,ақыл, достық, түс, білгірлік.
           Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол – морфологиялық, лексикалық және синтаксистік
тәсілдер.
1.Тиісті қосымшалар арқылы сөздерге көптік ұғымның берілуі морфологиялық тәсіл деп аталады.
2.Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
3.Көптік ұғымды сөз тіркестері арқылы білдіру синтаксистік тәсіл деп аталады.
   Көптік жалғауы бірыңғай мүшелердің бәріне емес, ең соңғысына жалғанады. Мысалы: Ол кітап, дәптер, қаламдарын алып
мектепке кетті.     
Дәлелдеме ретінде сурет ұсыну.
Оқушы== оқушылар
Үй  === үйлер
Гүл ==== гүлдер
Ескерту:мұнай,газ деген сөздерге 
көптік жалғауы жалғанбайды.
 Жаңа сабақты бекіту.   
Оқушыларға тапсырмалар беріліп ,
жауабы  сұралады.
1-тапсырма «Ұйқасын тап» 
ойыны
Берілген өлең жолдарына көп 
нүктенің орнына тиісті сөздерді 
тауып қою.
І топқа  
Қалағандай қиюлап үй тастарын,
Балталап бұза алмайсың....
(ұйқастарын)
Тіліңнің білгің келсе құдіретін,
Жұртыңның оқы өлең... 
(дастандарын).
Ана тілім, қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көкжиегім ,жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым.... 
(сырларын)
Сен арқылы биіктерден таныдым.
ІІ топқа
Сағындық біз өнердің тарландарын
Көп оқыдық Мұкағали.... (армандарын)
Абай ақын, Әміре, Иса, Біржан
Ән-жырынан жақсы ұқтық... (арнауларын)
Ардагер, ақсақалды ....(ағаларым)
Күн өтсе арта түсер бағаларың,
Атамыз біздің сондай болыпты деп ,
Көтерер төбесіне....(балаларың).
2-тапсырма .Кітаппен жұмыс.
«-лар, -лер» тобы                                                         «-дар,-дер»  тобы
23 -жаттығу.                                                                23 -жаттығу.                                                           
Көптелмейтін  зат есімді теріп жазу                       Көптелетін   зат есімді теріп жазу                                                    
                                                 3-тапсырма 
І топ
Асты сызылған қандай қосымша?
Ер елміз туған батыр алыпты мың,
Жырлаудан елін, жерін жалықты кім?
3

Сырты бүтін болғанмен, сипаты жоқ,
Тіл жоғалтқан жоғалтар халықтығын.
Ана тілім –ар, намысым, ардақтым,
Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың.
Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,
Қиялымды қияларға самғаттым.
ІІ топ
Қазақ тілі! Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Беретінім, қанша екен?Шүбәсіз хақ,
Қарыздар боп, әйтеуір, қалатыным.
Шаңырағын қазақтың биіктеткен алғаш боп,
Керей менен Әз-Жәнібек хандар еді талас жоқ.
Орынына ,қағынып, шылбыр үзген...
Орданың
Ұрпақтары Жошының хандық құрды Алаш боп.
4-тапсырма (  екі топқа ортақ тапсырма)
Видео ролик көрсету.   
Тамашалаған роликтен зат атауларын пайдалана отырып ,көптік жалғаулы сөз қатыстырып , мәтін құрау.
5-тапсырма . Семантикалық карта . Берілген сөздерді көптік жалғауымен сәйкестендіріп орналастыру.
 Сабақты қорытындылау.  «Топтастыру» стратегиясы.
 Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:  «Ана тілім-асыл қазынам» деген тақырыпқа ойтолғау жазу
******
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы 
Б.Жұмалиев атындағы мектептің  қазақ тілі  мен  
әдебиеті пәні мұғалімі  Қалиева Әлия
  
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
1.Ғ.Мүсірепов   шығармаларынан   алған   білімдерін   шыңдай   отырып,   ана   бейнесін   ашу,   сатылай   кешенді,   әдебиет
теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы композициялық талдау.
2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндай қабілеттерін арттыру.
3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, үлкенге, анаға құрмет көрсету, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, әдиби пікірталас, зерттеу, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем шығарма, электрондық оқулық, жазушы суреттері,слайд,интерактивті тақта, постер.
Сабақ түрі: бекіту сабағы
Күтілетін нәтиже: Шығарма туралы өз ойларын еркін жеткізе отырып, құрылымын талдай алады. Білімдерін өз өміріндегі
ананың алатын орнына нықтап байланыстыра алады;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: (Музыка әуенімен сыныпқа кіреді, гүлдерді таңдау алады, шеңбер құрады. Психологиялық даярлық
(3минут) «Шаттық шеңбері»
Мұғалім:  Бүгінгі   сабақ-әрқайсыңа   үйренетін,  ұғып,   ұлағат алатын   сабақ  болуына  тілектеспін!  Қолдарыңдағы  гүлдердің
үстіне қарап, топқа бөлу.(Гүлдердің көмегімен).Бағалау критерийлерімен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау: (1минут)
Оқушы: 1. Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімені оқу, жоспар құру, іздені, зерттеу жұмыстары.
Мұғалім: Онда ендеше іске кірісейік!
III. «Топтастыру»  әдісі.   Әңгіме кейіпкерлерін топтастыру.
Басты кейіпкерлер мен эпизодтық   кейіпкерлерді атаңыз.
«Ой қозғау» әдісі.   Зымыран сұрақтар.
1.
Аңыз дегеніміз не? Аңыз дегеніміз-эпостың көне түрлерінің бірі,
аңыз негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.
Ғ.Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылауының бір себебі-Әйтілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткенін
әңгімелеуі.
Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?
Әйтілес кім?
Бала би Жалпақ балуанға не деді?
Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?
Сауға деген не? Сауға сұрау:
а ) жорықтан не бәйгеден олжаслы болып келе жатқандардан сауға сұрағанда түскен олжасының бірер мөлшерін сұраушыға
беруге тиіс болған;
ә ) кейде қылмысты адамды жазалап, өлтіргелі жатқанда сауға сұрап , араша түскен. Мұндай жәйтте  «басына сауға бер» деп
арашалаған.
Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет? 
Сөзден жеңілген Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық бердіме, әнгіме қалай аяқталады?
III.  Жаңа сабақ: Шығармашылық  жұмыстар:  Топ басшылары  шығып,  тақырыпты  таңдату;Таңдалған тақырып  бойынша
постер жасауға кіреседі. (3 минут)
1-топ: Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы. (3 минут)
4

2-топ:Шығармаға сатылай кешенді талдау; (3минут)
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Әдеби шығарманың атаауы: «Ананың анасы»
Шығарма авторы: Ғ.Мүсірепов. жазушы, драматург, академик, қоғам қайраткері.
Түрі: Проза/әңгіме/
Тақырыбы: Ананың баласына деген ұлы махаббаты.
Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатының шексіз екенін паш ету, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген Ананы
құрметтеу, сыйлау.
Кейіпкерлер бейнесі:   Жағымды,   жағымсыз.
Портрет деген не? Бейшараның боз көйлегі жырым-жырым, қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара. Ерні жырық-жырық.
Монолог:   Менің   атым   –әйел.   Мен   мына   қыздың   анасымын.   Анамен   атыспайды   да,   алыспайды   да.Нең   бар   менің
жалғызымда. Кел балам.
Диалог: Ана мен Жалпақ батыр.
Сергіту сәті: Кішкене демалып, ана туралы ән айталық! (3минут)
Жұмысымызды жалғастырамыз!
3-топ: Шығармаға композициялық талдау; (3минут)
Композиция/латынша.   Құрастыру,   шығарма/-сюжеттік   дамудың   кезең-кезеңдерін   тәртіпке   салып,   реттеп,   қиыннан
қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады оны композиция дейді.
Шығарма экспозициясы-дайындығы-молданың оқуы;

Оқиғаның басталуы: Әйтілес қарттаың әңгімесі.

Оқиғаның байланысы: Ергенекті елін шабу.

Оқиғаның шиеленесуі:Жылқышының мерт болуы, қуып келген қыз анасы.

Оқиғаның шарықтау шегі:Ана сөзі.

Оқиғаның шешімі: Ана мен қызына берілген бостандық.
4-топ: Шығарма кездесетін әдебиет теориясы ұғымдары туралы; (3минут)
Постер, жасаған жұмыстарын қорғайды;
Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу: (Теңеу-заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді)
етектей сақал, күмістен құйғандай ақ сақал, құйған пештей, ұршықтай ойнап, бөкендей бүктетіліп;
Эпитет:( Эпитет-заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суреті сөз) шалқыған шаңқай түс, жалба-
жұлба тері тон, сағал-сағал тері шұбырған, надан молдадан, төрт бұрышы жемірілген ескі тоқым сияқты.
Тұрақты сөз тіркесі: көзді ашып-жұмғанша, терімізге сыймай, қабағымыздан қар жауып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай.
Дисфемизм   (зат,құбылыс   атауларын   неғұрлым   дөрекі,   тұрпайы   сөздермен   ауыстырып   айту):   қызы   қатынға,   қазақтың
қатыны
V.Ой өрбіту:
Мұғалім:Ана деген-құдіретті ұғым, құдіретті күш бар сөз.Кім де болса ана деген киелі сөздің алдын ала да кішірейеді.Небір
мықтылығы мен әлемді ауызына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында тізе бүккен. Ананың  аяулы алақаны мен
мейрлі жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ демекші, ана біздің өмірімізде қандай орын алады?   Оқушыларға өз ойларын
айтқызу;   (3минут) Мен үшін ана,  Ана қымбат жан.
Семантикалық карта
Шығармадан үзінді
Ана
Әйтілес қарт
Жалпақ
палуан
Жанай
палуан
Қыз
әкесі
Шіркін, әйелдің де әйелі екен.
+
Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған,
батыр...
+
О кісі сөйлегенде іргеде ғана отырып, ойымызға
тоқи берер едік...
+
Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске,
не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар...
+
Батыр, рұқсат етсең, екеуін де тайға тең деп алып
жүрейік...
Біз даланың ессіз серлеріміз.
+
«Әдебиет үйірмесі»
I топ     Ана туралы мақал-мәтелдер жазу.     II топ   «Бес жолды өлең»   стратегиясы.
ІII топ   «Әлемдегі асылжан»   (ой толғау)  IV топ    Әр оқушы өз анансының есімінің бірінші әрпінен басталатын эпитет 
                сөз тауып жазу. Мыс: Талшын төзімді. 
               Ананы қызметіне, туыстық қатынасына, қасиетіне қарай жіктеу
IV топ: Ана туралы мақал-мәтел, өлең шумақтары
VI. Сабақты қорытындылау:
1.Топ басшылары бағалау парақшасы арқылы оқушылар жауабын бағалайды; (3минут)
2.Рефлекция: Болашақта аналарыңа қандай өмір сыйлар едің
3.Интербелсенді тақтаға үй тапсырмасы жазылып тұрады: (1минут)
4.Эссе «Ана-мөлдір бұлақ»
VIІ. Үйге  тапсырма: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
                                     Ғ.Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін оқу.
*****
5

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы 
Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің орыс тілі мен 
 әдебиеті  пәні мұғалімі Султанова Жанат Алуадинқызы
Тема урока: Изъявительное наклонение глагола.  Лексическая тема: Эрмитаж.
Цели урока:
Ознакомить учащихся с наклонениями глагола;
Формировать умение различать наклонения;
Правильно употреблять в речи глагола разные наклонений;
Привитие любви к прекрасному, воспитание коллективизма.
Тип урока: Урок-экскурсия.
Работа в группах: 3 группы.
Оборудование: Слайды ,опорные схемы, видеоролики на тему «Эрмитаж».
Межпредметные связи: Изобразительное искусство, история.
Девиз урока: «Лучше один раз увидеть, чем сто раз услышать»
Ход  урока:
Организационный момент (психологический настрой на урок) 
Проверка домашнего задания : Блиц-опрос.
 
Объяснение нового материала. 
Учитель: Вы уже немного знакомы с глаголами, то есть получили понятие о глаголе как части речи, на какие вопросы 
отвечает, чем является в предложении, как изменяются, по родам,числам и временам. А сегодня познакомитесь  что глаголы
изменяются по наклонениям. (показ слайдов) 
   Изъявительное наклонение показывает, что говорящий считает  действие реальным фактом в прошедшем (писал), 
настоящем (пишу) или будущем ( буду писать). По родам изменяются только формы прошедшего времени: Говорил, 
говорила, говорило.  Вот и мы познакомились с изъявительным наклонением. Прежде чем поработать с учебникам я хочу 
вам дать эти картины и их помощью хочу разделить на 3 группы. Значить мы работаем с группами. 
Составление кластера.
-Дети что у вас в руках ?
-Где хранятся  картины? ( В музеях)
-Правильно.
- Какие ассоциации  вызывает  у вас слово «Музей»? 
 Экспонаты, картинки, оружие, книги, одежда.
Новая тема.
Хотите ребята ,поглубже узнать о музее.(Ответы детей)
Тогда , мы совершим  заочную экскурсию в Эрмитаж  вместе с Машей и Таней.
Но сначала проведём  словарную работу.
   Работа с учебникам. Русская речь 7 класс .Страница  174,№ 6.
1.Чтение текста « Эрмитаж».( Дети  прочитали текст по частям.)
2.Работа по содержанию текста.

Понравился вам текст?

О чём рассказывается в тексте?

Что вас больше всего удивило в тексте?
3.Закрепление.  Работа по группам:
Какие ассоциации вызывает у вас слово « Эрмитаж» теперь, после ознакомления с текстом?
Для этого запишите по одному  слову на карточке и озвучьте. Работа в группе, поэтому слова не должны повторяться. 
Учитель:  - А в нашем посёлке  есть  музей? Назовите их.
-Что в каждой школе есть музей?  (Просмотр слайдов  с комментариями учителя.)
4. Физкультминутка.  
5.Закрепление теоретического  материала.
Задание №1.   Упражнение 10. Страница 175. У каждой группы разные задания.       
Задание №2  Упражнение 13 страница 175. Из текста «Эрмитаж» выпишите слова, которые можно отнести к общему 
понятию.
Сокровище -…  Эрмитаж -…  Зимний - …
    Ответы: Во дворце– 2000 окон; 1800 дверей; 120 лестниц; Эрмитаж был основан в Зимнем дворце в 1764 году; были 
закуплены первые 225 картин знаменитых  художников; В 1988 году Эрмитаж  попал  в «Книгу рекордов  Гиннесса» как 
самая большая картинная  галерея мира.
Комментирование оценок.
*****
6

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің орыс тілі мен 
 әдебиеті пәні  мұғалімі   Ерболова   Раушан   Ерболқызы
Тема урока: Зима. 
Цель   урока:  Ознакомление   учащихся   о   описанием     приходы   зимы,   развитие   логического   мышления,   навыков
выразительного чтения, воспитание любви к природе, научить видеть красоту, окружающую человека, научить составлять
предложение с глаголами и отвечать на вопросы.
Оборудование: учебники, тетради, аудиозаписи музыки, картины, компьютер, слайды.
Тип урока: урок изучения нового материала 
Вид урока: урок – презентация.
Методы урока: частично – поисковый, наглядный, словесный, практический.
Ход урока. I. Организационный момент.  Создать психологический настрой в классе.
-Ребята, поприветствуйте ,пожалуйста, друг друга. Улыбнитесь  друг другу и давайте вспомним первые четыре строчки из 
песни «Улыбка».
От улыбки хмурый день светлей,
От улыбки в небе радуга проснётся.
Поделись улыбкою своей,  
И она к тебе не раз ещё вернётся.
II. Опрос домашнего задания.
Упр. 11Чтение стихотворения «Зарядка» наизусть.
 III. Побуждение интереса.
Ребята, тему нашего сегодняшнего  урока мы узнаем ,отгадав  загадку, которого дана на слайде.
Снег на полях.  Лед на реках,  Вьюга гуляет.    Когда это бывает? (зимой)
 Правильно, тема нашего урока- пришла зима. Давайте, ребята , посмотрим  слайд, и по ним составим текст из нескольких 
предложений.(звучит музыка) 
IV. Объяснение новой темы.
1. Чтение текста «Зима». После чтения текста ребята также заметили, что автор тоже замечает, как меняется природа зимой.
2. Словарная работа.
Зима-қыс    Зимой-қыстыгүні  Снег-қар  Замёрзла( замёрзнуть) - қатып қалды ( қатып қалу)
Пошли (пойти) - кетті (кету)  Горка- төбешік
3. Работа по содержанию текста.
 -Какое время года наступило?  -Какая погода зимой?
-Какой снег?  -Что надели дети?  -Как дети играли?
4. Правильно произносите слова:
Зима, зимой, снег, снежный, река, реки, коньки, санки, на коньках, на санках.
5.Чтение текста учащимся.
6. Минутка  чистописания. Запишите в тетрадь слова- шуба, шапка ,зима, зимой, варежки.
7. На слайде видео ролик о зиме. 
 Игра «Хлопки»
Хлопните в ладоши, если услышите зимние явления природы.
Листопад, гроза, снегопад, дождь, метель, прилёт птиц, изморозь, оттепель, радуга, мороз.
V. Физкультминутка. Весёлая зарядка. 
Что лишнее? 
Санки, лыжи, книга, коньки.
Снег, мороз, дом, лёд.
Книга,  кукла, ручка , тетрадь. 
VI. Практическая часть урока.(слайд)
Ребята! Давайте найдём в предложении слово, которое отвечает на вопрос кто? Или что?
Коля надел тёплую рубашку, куртку. У Яны шарф. Марат купил санки.                      Морозснегзимашапкасанки
VII. Работа по таблице. 
Объясняю ученикам, каждый  предмет выполняет какое- либо действие и отвечает на вопросы что делать? Что сделать? Это 
– глагол. 
Упражнение:5,6 Прочитайте и  поговорите друг с другом по образцу.
VIII. Игра «Угадай-ка ». Ребята решают кроссворд.
IХ. Подведение итогов урока.
-О каком времени года мы с вами вели речь?
- Какие признаки зимы вы знаете?
-С какими зимними месяцами мы с вами познакомились?
Х. Домашнее задание
1.Задание «Зима» пересказ.
2.Нарисуйте рисунок «Зима на земле».
3.Напишите небольшое сочинение на тему «зима».
ХI. Выставление оценок.
*****
7

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б. Жұмалиев орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті 
пәнінің мұғалімі  Сугирбаева Айсулу Туйежаевна 
                                                                               
 Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»  повесінен  үзінді
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  мәтін мазмұнын өздіктерімен жете түсіне білуге жетелеу, логикалық және сыни 
тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі 
1. Карта бойынша жұмыс жасау 
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3. ООМ ( орынға отырғызу матрица) бойынша жұмыс:    А  В         С  Д      Е  F
II. Үй тапсырмасы 
III. Жаңа сабақ
2. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер: Тарбағатай сілемдері, тағдыр, Күргейтас, қоржын, аманат, кәсіп.
1.Есте сақтау 7 сөз – 30 сек.
2.Тірек сөздер жабылады. ( Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
3.Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу , сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады ( уақыт есте сақтау уақытына тең 
30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.
4.Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
5.Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға                                                                                         
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
6.  Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу , сұраққа жауап алынатыны ескертіледі.
Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. (8-сынып үшін мәтіннің бір парағына 4 мин)
7. Қарама-қарсы сұрақтар қою:ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

Оқиға қай мезгілде болды?  (күз мезгілі)

Басынан бұлт кетпейтін шың? (Етікші шыңы)

Қарт  нені талшық қып келе жатты? (бір уыс малта)

Өзенге түсе беріс алаңқайда нені көрді? (адамның қу басын)

Қарт Алладан неше күндік ғұмыр сұрады?  (2 күндік)

Сөмкені неден жасады?  (ешкінің терісінен)

Малта неден жасалады?  (сүттен)

Қарт қайда бет алды?  (туған жеріне)

Қарт малтаны неге құйып алды?  (торсыққа)

Осы сапарға неше жыл дайындалды?  (40 жыл)

Қарт немересін қалай бақты?  (арқасына көтеріп жүріп)

Немересі мектепке барғанда не істеді? (той жасады)

Қартты осындай қиын шешімге жетелеген қандай күш?  (туған жеріне деген      сағыныш)

Түс кезінде қартқа не кездесті?  (көкжал қасқыр)

Қарт қандай жерді паналады?  (құз жартасты)

Қандай әрекет жасады?  (бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды)

Өзеннің ағысы қандай?  ( өте қатты)

Өзен қалай ағып жатты?  (долдана ағып жатты)

Таулы өлкеде күн қалай батады?  (ерте)

Төлеутай кім?  (немересі)

Туыстары қалай қайтыс болды?  (қалың сүзектен)

Қарт немен айналысты ?( аңшылықпен)

Түздегі қарттың ермегі?  (қара мылтық)

Үйдегі ермегі?  (қара домбыра, немересі)

Қарттың бойындағы ең асыл қасиет?  (шыдамдылық)

Неге қатты өкінуші еді?  (немересін сақтай алмағанына)

Қарттың соңғы арманы?  (туған жерге жету)

Немересі қалай өсті?  (зерек болып)
      8. Сын тұрғысынан сұрау «Иә» немесе «жоқ» және толық жауап алу
      
   ООМ ұяшығына үшінщі плюс белгісі қойылады.
Оқиға жаз мезгілінде болды? (жоқ, күз)
Бұл Алтай сілемдерінің тұсы (жоқ, Тарбағатай)
Қарт Ұсташы асуының биігіне көтерілді. (жоқ, Етікші)
Қалың жынысты қойнауға жеткенде күн жылынайын деді. (иә, келісемін)
Қарт сусынын шыны ыдысқа құйып алды. ( жоқ, торсыққа)
Құйып алып шыққан шайы екі күн бұрын таусылған (жоқ, айраны)
Малта сүттен жасалады. (иә, келісемін)
Қарт шаршамай, тез-тез жүріп келеді. ( жоқ, тізесі дірілдеп, зорға жүріп келеді)
Қарт осы сапарға 40 жыл дайындалды (иә)
Түс кезінде бұған бір ит кездесті.(жоқ, қасқыр)
8

Қасқырды көрген соң қарт құз жартасты паналады. (иә)
Шөл маңайда жатқан тастарды жинап алды. (иә)
Көкжал шалды аңдып жатып алды. (иә)
Қарт көкжалға келідей тасты домалатып жіберді.( иә)
Өзенге түсе беріс алаңқайда отырып ол қойдың қу басын көрді. (жоқ, адамның басын)
Таулы өлкеде күн ерте батады. (иә)
Төлеутай қарттың баласы.( жоқ, немересі)
Шалдың туыстары жол апатынан қаза болды(жоқ, сүзектен)
Қарт егіншілікпен айналысты (жоқ, аңшылықпен)
Қарттың үйдегі ермегі домбырасы мен немересі болды. ( иә)
Немересі мектепке барғанда той жасады.( иә)
Қаздар мекеніне қайтады. (иә)
Қарт Қытай жаққа жол тартып барады. (жоқ, туған еліне)
Немересіне сөмке сатып әперді (жоқ, ешкінің терісінен тігіп берді)
Қарттың алдынан малшы ауылдар кездесті( жоқ, көшіп кеткен)
Өзен ағысы қартты ағызып әкетті (жоқ, тастан ұстап қалды.)
Қарттың бойындағы ерекше қасиет – шыдамдылық(иә)
Қашан үйреніскенінше мектепке немересін өзі апарып жүрді.(иә)
Бекіту     «Қасиетті туған жер» деген тақырыпқа эссе жаз. 
Бағалау
Үйге тапсырма: Қабдеш Жұмаділов туралы толық мәлімет жинап келу, атамекенге қашан оралғаны туралы 
мәлімет қарау.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Молдаева Гүлзия
Сабақтың  тақырыбы: Астана – бас қала
Сабақты  мақсаты: а) Астана қаласы туралы терең түсінік беру, еліміздің  пайдалы қазбаларымен таныстыру.
ә) Ой өрістерін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б) Елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, бейнефильм көру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың суреттері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі.  2. Психологиялық дайындық.
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім – өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім – өз тілім,- дей келе, ардақты ана тілімізден сабағымызды бастайық.
3. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар біз үлкен тарауды аяқтадық. Соған байланысты мен сендерге сұрақтар қоямын. (сұраққа жауап берген барлық 
оқушылардың қолдарына билет беріледі)
4. Жаңа сабақ
- Балалар мен сендердің қолдарыңа билетті неге бердім, өйткені бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз. Саяхатқа біз 
поезбен шығамыз.
Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды бәйтеректі Астанаға.
Астана қаласына жеткенше мен сендерге Астана туралы айтып берейін.
Астана болған қалалар:
1925 жылы Қызылорда (Ақмешіт)    1929 жылы Алматы(Верный)
1997 жылы Астана (Ақмола)    1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
Қала атауларының өзгеруі:
1961жылы - Ақмола қаласы   1961 - 92жылы - Целиноград
1993 — 98  жылдары — Ақмола  1998жылы 6 - мамырда Астана
Міне балалар Астана қаласына да жеттік. (Астана қаласының көрнекті жерлері интерактивті тақтадан көрсету және 
әрқайсысына жеке - жеке тоқталу) Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Президенттік мәдени орталық, Конгресс - 
холл, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Пирамида, тағы басқа ғажап құрылыстар бой түзеген. Ертегі гүліне 
ұқсайтын биік Бәйтерек мұнарасы бар биіктігі 105м. Астанаға әлемнің көптеген елдерінен Президенттері, өзге де мәртебелі 
қонақтар жиі келеді. Сол себепті ЮНЕСКО «Әлем қаласы» деген атақ беріпті.
Біздің жеріміз өте бай. Оны бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Қазақстан күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден 
бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізат өндіруден екінші орын, ал алтын өндіру жағынан үшінші 
орында тұр.
5. Сергіту сәті.
Поездің дыбысын дыбыстап аяқ - қолымызбен қимыл жасап тоқтау.
Арманның асқарындай Астанамыз.
Елорда, алтын орда – бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу,
9

Ерен ерлік үлгісі – дастан - аңыз!- деп, әсем қаламыз Астананы жырға  қосады.
Астана туралы шағын бейнефильм көру
6. Дәптермен жұмыс.
Қазақ жерінің табиғатын, кен орындарын, атақты адамдарды жазу.
Таулары
Көлдері
Ағаштары
Кен байлықтары
Атақты адамдары
7. Сөздікпен жұмыс
ЮНЕСКО - Білім беру ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйым. 46 - жылы Париж қаласында құрылған.
Конгресс хол - ағылшын тілінен аударғанда жиналыс бөлмесі.
Пирамида - ертегі тастан салынған Мысыр перғауындарының мазары.
Руда - кен орны.
8. Ойын: «Қазақстанның пайдалы қазбалары»
Сендер геологсыңдар Қазақстан картасынан қазба байлықтары бар кен орындарын табу керек. (картадан газ, мұнай, мал 
шаруашылығы орындарын т. б. табу)
9. Сабақты қорытындылау
- Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
- ЮНЕСКО сөзін қалай түсінесің?
- Конгресс хол аударғанда қандай мағынада?
- Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
- Астана көшелерін араладық, Бәйтеректі көрдік, картадан өзен - көл,, пайдалы қазбалар бар жерлерді көріп таныстық.
Заман жаңа ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам - өз Ордам
Сүйенерім сен ғана!- дей келе «Астана» әнін тыңдай отырып өз жерімізге оралайық.
10. Үйге тапсырма
Ойпат, өзек, ылғал, алып, қойнау сөздерінің мәнін түсініп, оларға мағынасы жақын сөздер тауып көр.
11.
Бағалау
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі   Исаева Гүлмира
Сабақтың  тақырыбы:  Лепті  сөйлем  Қазақ  тілі   2 – сынып
а) Білімділік мақсаты:  Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретінін оның өзіне тән айтылу мәнері бар екенін, 
лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылатынын түсіндіру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мақсаты: Адалдыққа, ізеттілікке, білімді болуға тәрбиелеу, жаттығуларды орындау арқылы каллиграфиялық 
жазуға, сөйлемдерді оқыту арқылы тіл  мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық мақсаты: Графикалық, вербалдық (тілдік) түрде модульдеу арқылы лепті сөйлем туралы 
топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау. Оқытушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау, үйрету.
Сабақтың түрі:   аралас   сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, интерактивті тақта, түсіндіру, топтастыру, талдау, жинақтау, 
салыстыру, ойын, көркем әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жеке суреттер, сызба, сандар кестесі, интерактивті тақта, тыныс белгілері.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 238-жаттығу. Қарамен берілген сөздердің мағынасы мен жазылуына мән беру сұраулық 
шылаулар арқылы жасалады.
Үй тапсырмасын қорытындылау:
Енді балалар тақтадағы нелер?
Тақтада берілген сандарда жасырулы тапсырмалар бар?
Қәне кім қай санды таңдайды?
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нелерден тұрады?
3. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Жарайсыңдар балалар, енді тақтаға назар аударайық.
   Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары
Дауыс кідірісі
Сұраулық шылау   (ма, ме, ба, бе,па,пе)  Сұрау  есімдігі(кім,не,қайда)
ІІІ. Жаңа сабақ   Ал, балалар енді сөзжұмбақты шешіп көрейік
1. Төрт түліктің төлі (лақ)
2. Төрт түлік (ешкі)
3. Ең ірі жануар (піл)
4. Үй құсы (тауық)
5. Аңның үйі (ін)
10

6. Білім нәрімен сусындататын кім? (ұстаз)
7. дүниетанудан қандай тарау өтіп жатырмыз (өсімдік)
8. Нан атасы (бидай)
9. Әнші құс (бұлбұл)
10. Кіші сөзінің қарсы мағынасы (үлкен)
11. Білім ордасы (мектеп)
Ал балалар,
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Лепті сөйлем» тақтаға жазу.
Көркем жазу минуты. Й й, ай.
Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен
соң леп белгісі (!) қойылады.   (оқушыларға тақтадан хормен оқыту)
240-жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді табу. Сөйлем соңындағы тыныс 
белгілеріне назар аудару. Өлең шығаратын адамды кім дейміз? Олай болса осы өлеңді шығарған ақын Қадыр Мырза Әлидің 
сурет тақтадан көрсетіледі.
241-жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жазу.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?
Сыныпта өнерлі оқушылардың көбін-ай!
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.
Мектеп ауласын әдемі гүлдер егілген бе?
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілгенін-ай!
Тақтаға жазбаша орыгндалады.
242-жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.
1. Алақай, мен Астанаға баратын болдым!
2. Тұр орынңнан.
3. Ел намысын қорғаған чемпиондар жасасын!Ура!
4. Тәуелсіздік күні жасасын!
5. Алақай, атам келді!
6. Біз жеңіске жеттік, Ура!
Сергіту сәті:
Адамның көңіл-күйін, сезімін күй арқылы да береді. Олай болса Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін тыңдату.
Тақтамен жұмыс    
243 – жаттығу.    Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелде. Лепті сөйлем мен хабарлы сөйлемнің бір-бірінен 
айырмашылығын ұғындыру.
5. 244-жаттығу      (Сурет бойынша әңгіме құрау, әңгімеге ат қою).
ІV. Оқушыларға тыныс белгілеріне арналған тақпақтарын айтқызу.
1-оқушы. Нүкте. Баян
Ей, кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ-ау түкке,
Керек болсаң, айта қойшы,
Сырыңды меннен бүкпе.
2-оқушы. Нүкте. Назгүл.
Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Сөйлемдердің жігін ажыратып.
Кідіріс белгісі орыныда тұрам,
Тиянақты ойдың біткенін білдірем.
Сөйлем соңындамын
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Маған кідіріп дем аласың
Мен емес пе бөліп тұрғай ой арасын?
3-оқушы. Сұраған Динара
Ауызыңды ашып сұрайсыңда тұрасың
Саған оыс не керек?
4-оқушы. Сұрақ белгісі Зарина
Киноға барасың ба?
Газет сатып аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде қойып сен секілді
Тыныс белгісін қоймай кетеді.
Өзің айтшы білсең
Осылардың соңынан
Қандай белгі келеді?
5-оқушы. Аида.
Осы сен неге айғайлай бересің?
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші
Жазуда қандай жерге келесің?
6-оқушы. Леп белгісі. Асылмұрат
Мен ылғи айқайлай беремін,
Қуана да, күледе білмеймін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбәнесе – ақ көтеріңкі, көңілді жүремін.
«Тыныс белгісін тап!» ойыны.
Өздігінен жұмыс жасау.
Оқушылар леп, сұрақ, нүкте белгісі қойылған карточкалар таратып, өзім әр түрлі сөйлемдер айтамын. Оқушылар оған 
сәйкес тыныс белгісі бар карточкаларды көрсетеді.

Мейіржан жылы киінді.

Маржан нешінші сыныпта оқиды?

Алақай апам келе жатыр!
Бекіту. Тест жұмысы.

Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2 
Ә)1
Б)3
11

2. Сөйлем дегеніміз нені білдіреді?
А) Сөйлем хабарды білдіреді.
Ә) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді
Б) Сөйлем ауа-райын білдіреді.
3. Сөйлемнің дұрысын тап.
А) Оқиды. Асқат сыныпта бесінші.
Ә) Асқат бесінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта бесінші оқиды Асқат
4. Лепті сөйлемнің соңынан не қойылады?
А)Нүкте           
Ә)Сұрақ белгі
      Б)Леп белгі
V. Қорытындылау. «Жұмбақ шешу»
Сөйлем түрлеріне сәйкес жұмбақтар айттым. Оқушылар жұмбақ мазмұнына қарай шешуін тапты.
1.
Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.
(Сөйлем)
2.
Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
(Хабарлы сөйлем)
3.
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(Сұраулы сөйлем)
4.
Ұранда шаттықты,
Өкініш аптықты.
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын. 
(Лепті белгі)
IV. Бағалау.
Үйге тапсырма: Лепті  сөйлем   245-жаттығу. Ереже (83-бет) Лепті сөйлемді көшіру.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің
арнаулы  сынып мұғалімі  Тоқашова Дидар 
Тақырыбы: Отан – ұлттың қара шаңырағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Отан – ұлттың қара шаңырағы  туралы түсінік беру
Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мәнерлеп  оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, ізденіс, СТО технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сергіту сәті
V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII.
Үйге тапсырма
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу,   түгендеу,   сынып  тазалығын   тексеру,   оқушылар  назарын  сабаққа   аудару.
II.
Үй тапсырмасын тексеру 
Ұстаз  мейірлі,  шәкірт пейілді    өз ойларын әңгімелеу, шығарма жазу. 
III.
Жаңа сабақ
Ой қозғау
Бүгінгі жаңа сабағымызды білу үшін сөз жұмбақ шешейік. 
О
Т
А
У
Ы
Қ
А
Т
А
Н
А
Н
    1.
    2. Үй құсы?
    3. Әкеңнің әкесі кім?
    4. Киелі ас не?
Мағынаны ашу:
Олай болса жаңа сабағымызды бастаймыз.  Бүгінгі сабағымыз Отан – ұлттың қара шаңырағы. Ал, балалар Отан деген сөзді 
қалай түсінесіңдер? 
- Отан  деген адамдардың туып-өскен жері
- Сендер қай мемлекетте туып өстіңдер?
- Қазақстанда
- Сонда, сендердің Отандарың қай мемлекет?
12

- Біздің Отанымыз – Қазақстан
Сонымен балалар, Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата 
мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 25 жыл 
болды.
Балалар, Отан отбасынан басталады.
Ал, отбасы кімдерден құралады?
Сергіту сәті.
Ортақ мекен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлтың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Енді балалар «Менің туған жерім» атты тақырыбына алдарыңда берілген қағазға сурет саламыз. 
Ойланып, орнына қой! Мақал – мәтелдер шешу.
1.
Отан оттанда ... (ыстық)   Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде... бол. (ұлтан)
Қорытынды:  Сонымен  бүгін оқушылар қандай тақырыпта ой қозғадық?
Қазақстан  қандай ел?  Қазақстан Республикасының Президенті кім?  Қазақстан Республикасының бас қаласы кандай?
Осымен сабағымыз аяқталады. Балалар, Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері, қайда жүрсек де, жүрегімізде осы әннін 
сөздерің алып жүрейік. Сабақтарыңды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор   азаматы болыңдар.
IV.
Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді алдарыңдағы стикерге фигуралар салу 
арқылы жазыңдар. Мысалы: жұлдызша – сабақты өте жақсы түсіндім. Төртбұрыш – жақсы түсіндім. Үшбұрыш – 
орташа түсіндім. 
V.
Бағалау.
VI.
Үйге тапсырма.
Отан – ұлттың қара шаңырағы тақырыбына шағын шығарма жазу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы     
Б.Жұмалиев атындағы мектептің  информатика 
пәні мұғалімі Қаниева Жаңыл
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы.  Редактор интерфейсі.  5- сынып 
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен 
редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға 
үйрету.
2. Дамытушылық:Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, 
дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта,Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, үлестірмелі 
материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» ой қозғау, ой толғау, ой қорыту. Көрсете түсіндіру,
 сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, венн диаграммасы.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
13
Халқымыз
Отбасымыз
Туған жер
Отан
Табиғатымыз
Әкеміз
Әжеміз
Атамыз
Отбасы 
Анамыз

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.   1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.            
                                                                                2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:   І. «Ой қозғау» әдісі. 
1. Paint қандай редактор?
2. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата 
3. Салынған суретті қалай сақтаймыз? 
4. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері 
5. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
6. Сурет салу кезеңдері 
7. Салынған суретті бір командамен қалай өшіреміз? 
8. Мәтін енгізу құралы
Информатикалық диктант
Paint редакторында ........ құрал бар. Суретке мәтін енгізу үшін .......... құралын қолданамыз. Суреттің ізі бар көшірмесін алу 
үшін ......... пернесін басамыз. Суреттің жеке көшірмесін алу үшін .......... пернесін қолданамыз. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
«Ой толғау» әдісі.   Нені білгіміз келеді?
Жаңа түсініктер.     «Білгенге маржан»  
Компьютер көмегімен мәтіндер мен құжаттарды және басқа да материалдарды шығарып алу үшін мәтіндік редакторлар 
пайдаланылады., оның ішінде кең пайдаланып жүрген редактордың бірі- WordPad. 
WordPad редакторы :
• мәтіндік құжаттарды құруға;
• оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен 
алмастыру жүргізуге;
• мәтінді пішімдеуге- әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
• құжаттарды басып шығаруға арналған.
WordPad редакторын іске қосу
WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау керек:
Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WordPad 
Редактор терезесі мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір жолы, құрал- жабдықтар тақтасы, пішімдеу 
тақтасы, терезенің жұмыс аймағы, қалып- күй қатары. 
WordPad – та құжат құру.
WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:
1. Әріп және оның өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу, оны түзету.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. Құжатты сақтау және ашу.
5. Баспаға беру.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
1. Редакторды іске қосыңдар.
2. Оқулықтағы 1- тәжірибені орындау. 
3. Сақтау.
2. Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қой. Сол сөздерді орысша, ағылшынша аудармаларны тауып, 
компьютерде тер.
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ..... жоқ. (күн,день, day)
2. ....- асқар тауың, ....- шалқар көлің.(әке, отец,father, ана, мать, mother )
3. Гүл- жер көркі, ...... ел көркі. (қыз, девочка, qirl)
4. Дұшпан күлдіріп айтады, ...... жылатып айтады. (дос- друг- friend )
5. Балалы..... – базар. (үй- дом- house)
ІV. Ой қорыту. Нені білдік? Тест.
1. Латынның түсіндіру, баяндау мағыналарын білдіретін сөз

Компьютер

Информатика

Сурет

Кітап

Ақпарат
2.Мәтіндік редактор деген не?
5.
Сурет салуға
6.
Мәтін теруге
7.
Қарындашпен жұмыс
8.
Пішімдеуге
9.
Құжат құруға,  редакциялауға, пішімдеуге
3. Мәтіндік редакторды іске қосу үшін
-
Бастау-Стандартты- WordPad 
-
Бастау-WordPad 
-
Бастау-Программалар-WordPad 
-
Программалар-Стандартты- WordPad
-
Бастау-Программалар-Стандартты- WordPad 
14

4. Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтап тұратын тік сызықша
1.
Сызықша
2.
Абзац
3.
Дефис
4.
Мәтін
5.
курсор
V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы.
Paint графиктік және WordPad мәтіндік редакторын салыстыра отырып, ортақ белгілерін табу.
VI. Үйге тапсырма беру. 19- тақырыпты оқу, түйін жазу. «Менің досым» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе  селосы     
Б.Жұмалиев атындағы мектептің   қазақ тілі  мен  әдебиеті пәні мұғалімі
Жусупова Бибигул Талапбаевна   
Сабақтың  тақырыбы: Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасы. 
Сабақтың  мақсаты: білімділігі-поэманың  мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен   идеясын ашу;
дамытушылығы-оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру, сөздік  қорын,  дүниетанымын
байыту,  түйін жасай  білу дағдысын дамыту; 
тәрбиелігі-оқушыларды   қатыгездік   пен   мансапқорлықтан   жирену,   ізгілікке,   имандылыққа   тәрбиелеу,   ғылым,   білімді
насихаттау;
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, Шығыс ақындарының, Аристотельдің, Ескендірдің, кино  режиссері Оливер Стоунның,
Александр рөлін сомдаған Джаред Летоның  суреттері,  кітаптар т.б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, география, кино өнері;
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, СКТ, сараптамалық технология т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың барысы:   І.Ұйымдастыру кезеңі:  а)сәлемдесу;
                                     ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу;
  б) оқушыларды Абайдың нақыл сөзі бойынша екі топқа бөлінеді.
І топ   Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
ІІ топ  Білімдіден  шыққан сөз, Талаптыға болсын кез.       
ІІІ. Жаңа сабақ.    «Ескендір» поэмасы- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманисттік ой-пікірлерін тереңірек
танытатын   шығармасы.   Поэма   Шығыс   елдерінде   Ескендір   Зұлқарнайын   деген   атпен   тараған,   Еуропада   Александр
Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.  
І. «Білу» сатысы          Поэмаға сатылай кешенді талдау жүргізу.
   І топ     Авторы: Абай Құнанбаев 
Тақырыбы: Шығыста Ескендір, Еуропада Александр Македонский туралы аңызды   өмір шындығына жақындатып өзінше
толғаған. Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.
Жанр түрі: поэма
Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық немесе лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттелетін
көлемді шығарма.
Идеясы:  Ізгілік   пен   бейбітшілікті,   ғылым   мен   білімді,   яғни   рухани   биіктікті   дәріптеу.   Зұлымдық   пен   қатыгездікті,
мансапқорлықты әшкерлеу. 
   ІІ топ      Шығарма кейіпкерлері:   Ескендір, Аристотель,   Мифологиялық образдар табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа,
күзетші, орамалға түйілген сүйек.
 Интерактивті   тақта  арқылы  “Александр Македонский” киносынан   үзінді   көрсетілді.                  
ІІ. «Түсіну» сатысы    Сараптамалық технологиясы   «Зерделеу» бөлімі
І топ      Тарихи деректер бойынша түсінік  беру.
    Александр Македонский Грецияның солтүстігіндегі Балқан түбегінде орналасқан Македония мемлекетінде б.з.б. 356-323
жылдарыөмір сүрген. Дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болған. Әкесі ІІ Филип Македониядағы бірінші
ірі мемлекет қайраткері. Әкесі дүниеден өткен соң 20 жасында таққа отырады. Ежелгі мемлекеттерді бағындырып, сақ
тайпаларын бағындыру үшін жасаған жарығы сәтсіз аяқталып, Үндістанға кетіп қалған. Б.з.б. 323 жылы Азия патшасы
атанған Александр Македонский дүниеден өткен.
    Аристотель б.з.б. 384-322 жылдары өмір сүрген грек философы. Көптеген ғалымдардың, оның ішінде логика ғылымының
негізін қалаушы. Ол кейбір деректерде төрт жүзге, екінші деректерде мыңға тарта ғылыми еңбек жазғандығы көрсетілген.
Аристотель барлық ғылымнан философияны ең жоғары орынға қойған.
   ІІ топ      Әдеби дәйектер деректер бойынша түсінік  беру.
           Ескендірді Еурапа ақындарымен қоса, Шығыс ақындарының көбі жырлаған.Фирдоуси «Шығыснамасында», Низами
«Ескендірнама» дастанында, Жәми «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, оның бейнесін данышпан, ақылды, батыр деп
15

ардақтап көрсеткен. Абай Ескендір дастанын өзінше жырлайды. Оның бейнесін озбыр, соғысқұмар, даңққұмар, дүниеқоңыз,
менмен,   қатал,   ақылсыз   етіп   суреттейді.   Абай   Аристотельдің   философиялық   тұжырымдарымен   жақсы   таныс   болған.
«Ескендір» дастанында оның есімін ерекше құрметпен атайды.  Әлемді жаулап алмақ болған тойымсыз патшаға берілген
құпия сүйектің сырын да, «Бұл адамның көз сүйегі. Тоя ма адам көзі мың мен санға?» дегізіп, Аристотельге шештіреді.
Абайдың суреттеуінше, Аристотель ғұлама ғалым, байсалды ақыл иесі.
  ІІІ. «Қолдану» сатысы         І топ    Әдеби- теориялық ұғымдар:
Теңеу:  Дарияның суындай қандар ақты;
             Таспадай бейне арықтан шыққан құлап;
Эпитет:  сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, жеміт көз, кәпір көз.
Синоним – қол, әскер;    ел, халық;     патша, хан.
ІІ топ         Поэманың тәрбиелік мәні:   Жауыздыққа жетелейтін нәрсе кұншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық, жаман
әдеттерден аулақ болып, иманды қанағатшыл болуға үндеу. 
 IV. «Талдау» сатысы
         I топ       Шығарманың композициялық құрылысына талдау

Басталуы: Филип  патша қайтыс болған соң,   Ескендірдің таққа отыруы.

Байланысуы: Әскер  жиып, көрші елдерді жаулап алуы.

Дамуы: Елсіз шөлде қалып, жұмбақ бұлаққа кездесуі.

Шиеленісуі: Патшаның бұйрығы. Алтын қақпаға келуі.

Шарықтау шегі: Қақпаның ар жағынан алынған сый. Қу сүйектің таразыға түсуі.

Шешімі: Хакім Аристотельдің ақылы, жұмбақты шешуі.

Қорытынды: Өсиет сөз.
Өсиет - көпшілікке айтылатын уағыз,  келелі кеңес түріндегі өлең. Адамдық парызбен міндетті, ерлікті-елдікті тұжырымдап
айту.
          ІІ топ  Өлең құрлысына талдау.
Ақылсыз  // өзін мақтап // балжылайды,             11     -а
Бойыңа  өлшеп // сөйлесең, // нең құлайды?       11      -а
Жақсы болсаң, // жарықты // кім көрмейді.        11      -б
Өз бағаңды  // өзіңнен // кім  сұрайды?!              11      -а
42 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасы.
 V. «Жинақтау» сатысы   Сараптамалық технологиясы    «Түйіндеу» бөлімі
 І топ. Ескендірдің әрекетіне қатысты мақал-мәтелдер айту. 
ІІ топ. Аристотель әрекетіне қатысты мақал-мәтелдер айту.
   VІ. «Бағалау» сатысы    
І топ  Топтастыру  әдісі  арықылы  Ескендірге,   Аристотельге  мінездеме  беру.
 ІІ топ      Семантикалық кесте   толтыру
 Ү. Үйге тапсырма:  Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасы
“Рухани биіктік – ең жоғары қасиет” тақырыбында эссе жазу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы 
Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің  математика
 пәні мұғалімі  Құлмаханова Мөлдір
Сыныбы: 7 
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту.
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
 Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс – саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.
Балалар   бүгін   сабағымызды   біз   «Сиқырлы   бұрыштар»   әлеміне   саяхат   жасаймыз.   Саяхат   барысында   аялдамаларға
тоқталамыз.
І. «Сиқырлы бұрыштар әлемі» Мұнда сызба бойынша есептер берілген, оқушылар жауап береді. Барлық жауаптарды алған
соң мынадай нақыл сөз шығады:
«Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын»
Оқушылар, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып
жетілулерің қажет. Міне келесі аялдамаға да келіп жеттік.
  ІІ."Үшбұрыштар" аялдамасы. 
Берілгендерді   пайдалана   отырып,   үшбұрыштардың   тиісті   элементтерін   және   қандай
үшбұрыш екенін анықтау

АВС үшбұрышында
А
В
С
1
45
о
 
 45
о
16

2
 90
о
30
о
 
3
 
 60
о
 60
о
Оқушылар сәйкес ұяшықтарға дұрыс жауаптарын жазу керек. 
ІІІ. «Білімділер қалашығы» аялдамасы. Бұл аялдамада жаңа тақырып түсіндіріледі. 
∆EFD = ∆MKS
Тең үшбұрыштардың сәйкес элементтері де тең болады
Тең үшбұрыштардың сәйкес элементтері де тең болады
І. Проблемалық сұрақ:
 1. «Үш элементі (екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш) бойынша үшбұрышты толықтырып салуға бола ма?
2. Екі үшбұрыштың элементтерін салыстыр
3.  Үшбұрыштарды беттестірмей салыстыруға бола ма?
ІІ. Жаңа сабақ:
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі (І белгі)
Теорема: Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі
қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Бер: 
∆ABC, ∆A
1
B
1
C
1
  
AB=A
1
B
1
AC=A
1
C
1
Д/к: ∆ABC = ∆A
1
B
1
C
1
Дәлелдеу:
А және А
1
бұрыштары және оған іргелес қабырғалары сәйкес
келетіндей,   үшбұрыш   АВС-ны   A
1
B
1
C
1
,үшбұрышына
беттестіреміз.
AB=A
1
B
1
,  АС=А
1
С
1
болғандықтан   АВ   және   А
1
В
1
,   АС   және
А
1
С
1
 қабырғалары
 беттеседі =>В және В
1
, С және С
1
 төбелері де сәйкес келеді.
=>BC = B
1
C
1
 және  ∆ABC = ∆A
1
B
1
C
1
.
Теорема дәлелденді
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Үшбұрыштар І белгі бойынша тең болу үшін қандай шарт орындалу қажет?
MP = ES     MK = ST    M =   S
IV. «Дұрыс жауапты анықта» қалашығы аялдамасы. 
V. Келесі аялдама «Қабілеттілер» аялдамасы       Оқулықпен жұмыс №4,5,6,
VІ. Үйге тапсырма   Үшбұрыш жайлы сөзжұмбақ құрастыру.
№7, №8   Теорема жаттау
VІІ. Қорытындылау.   «Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп ежелгі грек философы Платон өзінің
мектебінің кіре берісіне жазып қойған дейді. 2000 жылдан астам бұрын айтылған бұл сөздер қазірде де өз күшінде деп
айтуға болады. Себебі айналамыздан геометрия сұлулығын, геометрия кереметтерін көреміз. Ал геометрия математиканың
бір бөлігі десек, онда біздің өмірімізге өте қажет. Сондықтан оған қызығушылықпен қарайық.
VІІІ. Бағалау
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Б. Жұмалиев атындағы
 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
Ибескиева Нурила  Насировна 
Әдебиет      6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сабит   Дөнентаевтың «Заман кімдікі», «Бозторғай»  өлеңдері
Сабақтың мақсаты:  а) Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, 
тақырыбын, идеясын ұғындыру;
ә) Өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;
б) оқушыларды  ізденіп оқуға   ынталандыру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:, интерактив тақта, слайдтар: «Сәбит- қазақ ақыны», «С.Дөнентаев туындылары», «С.Дөнентаевтың 
өмірдеректерінен фото-суреттер»
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. 
Пәнаралық байланыс. тарих, география.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
1 – топ     М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2 — топ. «Казақ тілі» өлеңі
3 — топ. «Мен кім?» өлеңі
Шығармашылық жұмыс
 «Ана тілім – айбыным»,   «Мен кіммін?» эссе (көркемсөз) жазу
«Еркін жауап» әдісі   ( Үй тапсырмасын қорытындылау)
Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
17

І.«Қызығушылықты ояту» кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы: « Сәбит –мысал жанырыныңшебер ақыны. «Бозторғай»- патша үкіметінің әкімдерін келістіріп
сынаған өлең».   Бейсенбай Кенжебаев
«Түсіну» стратегиясы.
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығарма шылығы
«Топтастыру» стратегиясы
 Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау
1-4-слайд «Сәбит – сан қырлы талант иесі».
Сатирик    ақын    аудармашы
 Топпен жұмыс    1 — топқа     «Мағынаны тану»   кезеңі
«Заман кімдікі?» Әділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай? Риторикалық сұрақ дегеніміз 
не? Сұрақ-жауап 1.Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау»және«Еркін жазу» стратегиясы. Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің 
өлең туралы пікірім» 5-слайд
Сәбит заманы
Бүгінгі заман бейнесі
Мұғ. сөзі: «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып 
қалмайық..
2 — топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы «Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі 
кейіпкер бейнесін сипатта… Мысал өлең дегеніміз не? Қандай мысалшы ақынды білесің? А.Байтұрсыновтың қай мысалына 
ұқсас? Қандай мақал есіңе түседі?
6-слайд. (Кестені толтыру)
өлеңдегі 
кейіпкер-
лер
бозторғай
қырғи
бөдене
қаршығ
а
лашын
қаз
шүре-
гей
бүркіт
Өлеңнен 
тауып, 
сипаттап 
жаз
сорлы, 
кедей 
кемтар 
құс (халі 
нашар)
төре, 
опа 
бермес 
кәпір, 
құстар-
дың 
жауы
өз 
басын 
қорғай 
алмай 
жүрген 
сорлы
жыртқы
ш құс, 
шүре-
гейдің 
қас 
жауы
хан, қаз-
дың қас 
жауы
момын 
кедей
жалқау 
кедей
құс 
патша-
сы
«С. Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков 
3 — топқа: 2.«Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). 
Екеуі де а, а, б, а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шу-мақты өлең. Эпитетті тауып жаз.
Проблемалық сүрақ:
Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.
 Қорытынды  Сәбит — қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман 
Сұлтанмахмуттан кейінгі сатирик ақын. Олөмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
Бағалау 
Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға 
даярлану, өмірі мен шығармашылығы. 
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп география пәні мұғалімі
Оспанғалиева  Жаңылсын
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Тынық мұхиты
Сабақтың мақсаты:Тынық мұхит туралы түсінік беру, сабаққа қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже: Тынық мұхиты  туралы ойларын жеткізеді, мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін біледі, мұхит
жағалауындағы ірі аралдар, түбектер, ірі қазаншұңкырларды анықтап, кескін картаға түсіруге қабілетті болады.
  Жоспары: 
1.Зерттелуі, географиялық орны
2.Табиғаты
3.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Сабақтың түрі:аралас  (ашық сабақ)
Әдіс-тәсілі:Сұрақтар,  тапсырмалар, постер қорғау, Венн диаграммасы
Көрнекілігі:Интерактивті тақта (слайд), плакат, физикалық карта
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Сәлемдесу, сыныпты түгендеп, оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын тексеру: § 11 Табиғат кешені   


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет