Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


ТЕМА:  КАК ГРУППОВЫЕ ФОРМЫ РАБОТЫ ВЛИЯЮТ НА ПОВЫШЕНИЕ



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
ТЕМА:  КАК ГРУППОВЫЕ ФОРМЫ РАБОТЫ ВЛИЯЮТ НА ПОВЫШЕНИЕ
 МОТИВАЦИИ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ  УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ 
Кантарбаева Гульбарам Каженовна. учитель английского языка
высшей категории 1уровня, средней школы №132 пос.Атасу
Жанааркинского района Карагандинской области
Цель
Рассмотрение возможностей  внедрения групповой формы работы
с целью активизации познавательной деятельности учащихся
Ключевые идеи
Показать   учителям,   что  при   условии   активного   участия   в
обсуждениях,  диалогах повышается  эффективность  обучения    и
интеллектуальное развитие  учащихся.
Результаты обучения
Сделают выводы о необходимости формирования у школьников 
приёмов самостоятельного приобретения   знаний для повышения 
мотивации учебной деятельности.
время
Содержание   коуч-
сессии
Деятельность коуча (техника
ведения вопросов)
Деятельность слушателей
Организационный этап
Цель: создание коллаборативной среды для погружения в процесс обучения.
3 мин
-каждый   выбирает
стикер
соответствующий
настроению
 
и
пишет свое имя.
Приветствие участников
Какие чувства вызвало у Вас это
упражнение?
Распределение на группы 
-выбирают   картинки,   где   изображены:
цветок, солнце и улыбка
2
мин
Целеполагание 
 
«Что   Вы   хотите
вынести из нашей
встречи?»
Определение значения о влиянии
групповой
 
работы,
способствующей   повышению
качества
 
обучения
 
в
образовательном процессе.
Сопоставят   виды учебно-
познавательного мотива
.
Три кита учебной мотивации = 
Ощущение самостоятельности процесса 
поиска знаний + Ощущение свободы 
выбора + Ощущение успешности 
(компетентности).
10  мин
Введение
Какие виды групповой работы Вы
применяете на уроках?
-просмотр   мультфильма     «13   признаков
того, что вы учитель»- Физкультминут ка;
5
мин
Презентация
- применения групповой работы 
на урока
-что означает применение ГР на 
уроке
-просмотр презентации на тему  
«Повышение мотивации через групповую 
работу»
20
мин
Основная часть
-   рассказать   о   своем   опыте
работы
-создать макет:
«Повышение мотивации через 
групповую работу»
3
мин
REFL: Работа с анкетой - Что вы скажите о проведении коучинга?: ----«Информация по теме емкая и
полезная»,  « Мне очень понравилась групповая работа с коллегами.»  
            В рефлексии коучинг – сессии учителя выделили ряд своих действий, которые им особенно
понравились и запомнились, а это:
1) работа в группах;
2) высказывания и размышления над проблемой повышения мотиваций в образовательном процессе;
3) создание макетов.
2мин
  Оценивание-светофор, стикеры              
98

Батыс Қазақстан облысы. Жаңақала ауданы,
Жаңақала мектебінің тарих пәні мұғалімі А.К.Кабесова
Сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы.
Сабақтың мақсаты:                                                  
 1)Ұлы Жібек жолы,оның тарихи маңызы,елдегі басқыншылық жорықтар мен оның алғышарттарына,халық көтерілістеріне 
түсінік беру;
2)Оқушылардың рөлдік тапсырмаларды орындау қабілеттерін шыңдау,өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу;
3)Оқушыларды отансүйгіштік рухқа,өзге елдің де тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;                                                            
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, рөлдік тапсырма.
Көрнекілігі: Көрініске қажетті құрал-жабдықтар, интерактивті тақта,                  слайдтар.
Сабақтың барысы: I-ұйымдастыру бөлімі
                                 II-Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы». 
Сабағымыздың мақсаты- осынау кең байтақ шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін байланыстырып жатырған Ұлы Жібек 
жолы туралы, Қытай мемлекетіндегі басқыншылық жорықтар мен оның алғышарттары және елдегі халық көтерілістерімен 
танысатын боламыз. Біз өткен сабағымызда топқа бөлініп, әр топқа бүгінгі жаңа сабағымызға қатысты тақырыптарға 
тапсырмалар берілген болатын. Сол тапсырма бойынша әр топ өздерінің таңдаған бағыттары бойынша дайындалып 
келулері тиіс. Ендеше, кезекті 1-ші топқа берейік.
I-топ.Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы. (Көрініс көрсету арқылы түсіндіру)
I-топ басшысы Есболсын Жасмина. Бізге берілген тақырып «Ұлы Жібек жолы»деп аталады. Сондықтан ең алдымен 
сіздердің назарларыңызды мына видеороликке аударсақ дейміз. (Ұлы жібек жолы туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі)
   Біз өзімізге берілген тақырыпты көрініс көрсету үлгісін пайдалану арқылы толықтырмақпыз.
1-бала(жүгіріп шығады)-Уа, халайық қуанышты хабар. Сүйінші, сүйінші! Мұндайды көргенде арманда, көрмегенде 
арманда. Біздің ауылымызға тұңғыш рет сауда керуені келе жатыр. Ол жай ғана сауда керуені емес, Шығыс пен Батысты 
байланыстырған Ұлы Жібек жолымен атақты, әйгілі саудагерлер мен Шығыстың хас сұлулары келе жатыр. Қане, халайық, 
қалыс қалмаңыздар, келіңіздер, көріңіздер. Қызу саудаға араласыңыздар. Оған ешқашан өкінбейсіздер. (Шығыс музыкасы 
естіледі, бишілер, саудагерлер келе жатады)
Бас саудагер:-Уа, жарандар! Бүгін сіздердің ауылдарыңызда үлкен жәрмеңке өткелі тұр. Келіңіздер, көріңіздер, сұранысқа 
ие болған жібек матамызды, әшекей-бұйымдарымызды т.б.бағалы тауарларымызды саудаға саламыз. Бірақ, біздің бүгінгі 
жәрмеңкеміз ерекше болмақ. Егерде кімде-кім бұйымдарымызды халыққа жеткілікті түрде жарнамалап, нақты мәліметтер 
айтатын болса, оларға бұйымдарымызды тегін береміз. (Жібек маталар, әшекейлер, шәй т.б сатылады. )
  II, III топтан оқушылар бөлініп шығып,саттықтағы заттар туралы мәлімет айтып, заттарды сатып алады.
Бас саудагер: Мінеки халайық,бүгінгі біздің саудамыз сіздердің арқаларыңызда өте сәтті өтті. Біздің тауарларымыз туралы 
жақсы-жақсы мәліметтер алдық. Көп біледі екенсіздер. Бұған біз еш өкінбейміз. Өкінішке орай, біздің әлі де баратын 
жерлеріміз, аралайтын елдеріміз көп. Сондықтан да біздің сіздермен қоштасуымызға тура келеді. Ал, саудагерлер, 
жиналыңыздар, жолға аттанайық. Сау болыңыздар (керуен шығып кетеді).
Топ басшысы: Бүгінгі сіздерге дайындаған көрінісімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет. Біздің мақсатымыз - Ұлы 
Жібек жолы арқылы өткен сауда керуенін көз алдарыңызға келтіре отырып, түсіндіру. Назарларыңызға рахмет!
II-топ.Тақырыбы: «Басқыншылық жорықтар, көтерілістердің алғышарттары. (слайд көрсету, «Білгірлер отауы» 
сайыс.)
II-топ басшысы: Амангелдина Ғазиза. (слайдпен түсіндіру.)            Біздің тақырыбымыз- «Басқыншылық жорықтар, 
көтерілістің алғышарттары». Ең алдымен,слайд-шоуға назар аударайық.(топ басшысы слайдпен түсіндіріп өтеді)   
Тақырыбымызды толықтыру және қорытындылау үшін,біз «Білгірлер отауы» сайысы түрінде өткізуді ұсынамыз.
I-жүргізуші:(Қапсиқов Әділет)-Армысыздар, білімді тұмар қылған, көрермен!
Біздің сайысымыз 4-кезеңнен тұрады:
I кезең. Деректер.(әр топ сұрақтарға жауап береді)
II кезең. Дәлелдер.(Сұрақтарға ия, жоқ деп қысқа қайыру және дәлелдеу)
III кезең. Бедерлер.(1-2 топқа арналған жасырын суреттер, ұяшықты ашу арқылы, суретті табу)
IV кезең. Жеделдер.(жедел сұрақтар қойылады)
(Әр кезең бойынша 2 топтың жылдамдығы, білгірлігі анықталады.)
I кезең сұрақтары:
1.Чжан Цзянь бастаған керуен елег неше жылдан кейін қайтып оралды?(13 жыл)
2.Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол қалай аталады?(Ұлы Жібек жолы)
3.Батыстаға алыс елдерге баратын жолды өзіне қарату үшін әскери жорыққа дайындалған патша?(У Ди)
4.Шығыс Түркістан жеріне бірнеше жорық жасаған Қытай қолбасшысы кім?(Бань Чао)
5.Шандун аймағындағы ірі көтеріліс қашан басталды?(б.з 18жылы)
6.Цинь патшалығының орнына келген әулет?(Хань)
7.Фан Чун әскерінің саны қанша?(10мың)
8.Сары орамалдылар көтерілісінің қолбасшысы кім?(Чжан Цзяо)
II кезең сұрақтары:
1.Б.з.б. III мыңж.Қытайда Жібек маталар жасалынды ма? (ия)
2. Б.з.б. III ғ.с. құлаған Цинь патшалығының орнына Тонь әулетінің билеушілері келді ме? (жоқ)
3.Басқыншылық жорықты батыл жүргізген Қытай билеушісі У Ди болды ма?(ия)
4.Чжан Цзянь елдеріне баратын жолды барлап қайтуға жіберілген елші керуенін басқарды ма?(ия)
5.Қытайда еңбекші халықты және құлдарды қамау болған жоқ дегенге келісесіз бе?(жоқ)
6.Бан Чао-Қытай патшасы болды ма? (жоқ)
7.Қытай билеушілерінің басқыншылық жорықтары б.з. 1 ғ.с. күшейді ме?(ия)
99

8.Батысқа жасалған жорықтардың басты мақсаты-халқын бағындыру болды ма?(жоқ,жаңа жерлерді басып алу,сауда 
жолына ие болу)
III кезең.Жасырын суреттерді ұяшықтар таңдау арқылы табу.(1 топқа жасырылған сурет-мата,3топқа жасырылған 
сурет-теңге)
IV кезең сұрақтары:
I топ сұрақтары :
1.Өзін патша деп жариялаған кім?(Ван Ман)
2.Сары орамалдылар көтерілісі қашан болды?(Б.з. 2 ғ.с.)
3.Чжан Цзян басқарған көтеріліс қалай аталды?(сары орамалдылар)
II топ сұрақтары:
1.Қызыл қастылар көтерілісінің басшысы?(Фан Чун)
2.Қытайда көтерілістер неше жылға созылды?(20жылға)
3.Керуен басшысы?-(Чжан Цзян)
    Бұл сайыс бойынша 1 топ мүшелері жеңімпаз болды.
III топ.Тақырыбы: «Халық көтерілістері».(слайд көрсету, «Айтуға оңай» желісінде түсіндіру).   
III топ басшысы:Гайнуллин Алпамыс. Біздің тобымыздың тақырыбы: «Халық көтерілістері». Ең алдымен ,тақырыбымыз 
түсінікті болуы үшін назарларымызды слайдқа аударайық.(слайдпен таныстыру).Сабағымыздың келесі бөлімін «Айтуға 
оңай»желісімен жалғастырамыз.Біздер бүгінгі тақырыбымызға қатысты кейіпкерлерімізді «Айтуға оңай» бағдарламасына 
шақырған болатынбыз.Олай болса, «Айтуға оңай» бағдарламасын бізбен бірге тамашалаңыздар.
   Жүргізуші: Гайнуллин Алпамыс.
-Армысыздар!Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламамызға қош келдіңіздер!Біздің кешімізге келген алғашқы қонағымыз-өзін 
Қытай мемлекетінің патшасы деп жариялаған,билікті тартып алған Ван Ман патшаны ортаға шақырайық.
-Қош келдіңіз,Ван Ман мырза.Біздің шақыруымызды қош алып,ойыңызбен бөлісу үшін келгеніңіздің өзі біз үшін үлкен 
мәртебе.Олай болса,Ван Ман мырза сізге қояр алғашқы сұрағым:
-Сіздің билікті тартып алып,патша болуыңызға қандай жағдай әсер етті?
Ван Ман мырза:-Сұрағыңыз өте орынды.-Иә,әрине мен патша болып,билікті тартып алғаным рас.Бұлай етпеуге амалым 
болмады.Өйткені,өздерін ірі шонжарлар қатарына санайтын байлар,еңбекші халықты,құлдарды қанауды күшейте түсуі мені 
қатты ойландырды.Онымен қоймай,олардың мойнына алым-салықты көбейтті,халықтың халі күннен-күнге ауырлай 
түсті.Үкіметке қарсы наразылыққа шықты.Осы жағдай мені қатты алаңдатты.Осындай жағдайлар менің билікті тартып 
алуыма,өзімді патша деп жариялауыма себепкер болды.
Жүргізуші:-Патша болғаннан кейін алдыңызға қандай міндеттер қойдыңыз?
Ван Ман мырза:-Ең алдымен,,халықтың қолдауына ие болуым қажет болды,сол себепті бірнеше заңдар қабылдадым.Жер 
мен құлдарды сатуға тыйым салдым.Әр отбасының жері-2га-дан аспауына көңіл бөлдім.Бірақ,менің бұл ойларымның іске 
асуына ірі жер иелері мен шонжарлар мүмкіндік бермеді.Сол себепті осы уәделерім орындалмай,халық қолдауына ие бола 
алмадым.
 Жүргізуші:Ван Ман мырза,біздің бағдарламамызға келіп,ашық өз ойыңызды ортаға салып,ойыңызбен бөліскеніңіз 
үшін,сізге алғысымыз шексіз.Сау болыңыз.(патша залдан шығып кетеді)
Жүргізуші:-Міне,осы кезде Ван Манның да бастамаларының іске аспайтынына көздері жеткен еңбекші халыққа көтеріліске
шығудан басқа ештеңе қалмады.Неғұрлым ірі көтеріліс Хуанхэ өзенінің төменгі ағысындағы «Шандунь» аймағында б.з-ң 18
жылы басталған екен.Бұл көтерілістер тарихта «Қызыл қастылар» және «Сары орамалдылар» деген атпен белгілі 
болды.Ендеше,қарсы алайық,қара халықты соңдарынан ерітіп,көтеріліске бастап шыққан батырларымызды қошеметпен 
ортаға шақырайық.
   «Қызыл қастылар» көтерілісінің қолбасшысы-Фан Чун мырзаны, «Сары орамалдылар» көтерілісінің қолбасшысы-Чжан 
Цзяо мырзаны ортаға шақырайық.(батырлар келіп,ыстық орындыққа жайғасады) 
  Жүргізуші:-Алғашқы сұрағым,Фан Чун мырзаға:
-Фан Чун мырза сіздің көтеріліске шығуыңызға не себеп болды?
Фан Чун мырза:- Иә,бұл көтеріліс мені қатты алаңдатты.Билеушілер тарапынан,өзім секілді қара халыққа қысымшылық 
күшейді,бар ауыртпалық халыққа түсті,жағдайлары күрт ауырлады,соны көре тұра шыдай алмадым.Халқымды 
қысымшылықтан құтқарып,бастарына теңдік алып берейін деген бағытта көтеріліске шығуға бел будым.
Жүргізуші:-Бұл көтеріліс неге «Қызыл қастылар көтерілісі» деп аталды?
Фан Чун мырза:-Сұрағыңыз өте орынды.Себебі,соғыс алаңында жүріп,өз адамдарымды тез тануым қажет 
болды.Сондықтан оларды басқалардан тез ажырату үшін қастарын қызыл бояумен бояуды бұйырдым.
 Жүргізуші:-Бұл көтеріліс қалай аяқталды?
Фан Чун мырза:-Б.з.23ж. елдің астанасын басып алдық,және бізге көп уәде беріп,орындай алмаған патша Ван Манды 
өлтірдік.Билікке қайтадан бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайта келді.Олар құлдарға бостандық берілетінін,алым-салықтың
азайтылатынын мәлімдеген соң,оған сеніп,көтерілісті тоқтатуымызға тура келді.
Жүргізуші:-Әңгімеңізге көп рахмет.Келесі кейіпкеріміз Чжан Цзяо мырза,сұрағым өзіңізге арналады.-Жақсы,алғашқы 
көтеріліс аяқсыз қалды,сондықтан бұл көтеріліске шықпасқа болмас па еді?
Чжан Цзяо мырза:-Сіз айтқан,аяқсыз қалған көтерілістің басшысы Фан Чунның көтерілісі бізге үлкен рух,жігер берді.Әлі 
де болса,еңбекші  халықтың жағдайы жақсара қоймады.Сөйтіп,б.з.II ғ.с. бізде көтеріліске шықтық.Өзіммен бірге қасымда 
екі бауырым болды.Оларда халыққа теңдік орнатуды қалады,және халық та біздерді қолдады.Халқымыздың арман-тілегін 
орындағымыз келді.Көтерілісшілердің саны бірнеше жүз мыңға жетті.Көтерілісті күшейте түсуге солтүстіктегі 
көшпелілердің шабуылы бізге кедергі келтірді.
Жүргізуші:-Сіздердің бастарыңызға сары орамал тағып келгендеріңізге мен қатты таңғалып отырмын,оның да бір себебі 
бар шығар,сірә?
Чжан Цзяо мырза:-Фан Чун айтып өткендей,соғыс алаңында адам көп.Оларды тез айыру үшін бір белгі қажет болды.Фан 
Чун «қастарын қызылға боятса,мен адамдарымның бастарына сары орамал байлаттым.Бұл біздің белгіміз 
болғандықтан,сары орамал байлап келдік.
100

Жүргізуші:-Бүгінгі қонақ болып келген кейіпкерлерімізге алғысымызды айтамыз.Ортамызға келіп,өз ойларымен 
бөлісті.Бізде осы кісілерден бүгінгі сабағымызға қажетті көптеген мағлұматтар алдық.
-Мінекей,өздеріңіз көріп отырғандай,бұл көтеріліс 20 жыл уақытты қамтыпты.Бірде көтерілісшілер жеңсе,бірде үкімет 
әскерлері жеңіп отырған.Осы кезеңде солтүстіктен көшпелілер шабуылы да күшейе түсіпті.Ақыры,Ежелгі Қытай мемлекеті 
үш патшалыққа ыдырап кетіпті.Кім  білген,егер елде бұл көтерілістер болмаса,соғыс болмаса,осы күнге дейін «Ұлы 
держава» деген атқа лайық болар ма еді?Зұлымдық үстемдік құрған кезде әділдік үшін күрестің болатыны да 
ақиқат.Әрине,кейінгі ұрпақ,мына біздер үшін мұның бәрі-айтуға оңай.Сіздермен бірге болған мен-Алпамыс Гайнуллин.
  Мұғалім сөзі:-Мінеки, балалар бүгінгі сабағымызға үш топта өте жақсы дайындалған.Өздеріне берілген тапсырмаларын 
мүлтіксіз орындап шықты.Осы көріністерден кейін «Ұлы Жібек жолы» және Қытай мемлекетінің қалайша ыдырап 
кеткендігі туралы әр топ өз тапсырмалары арқылы жеткізе білді деп есептеймін.Барлығыңызға да рахмет.
Бағалау:(әр топ бір-біріне өз пікірлерін айтып,бағалайды!)
   Үйге тапсырма: 21.(Ван Ман,Чжан Цзяо,Фан Чун, туралы қосымша мәліметтер әкелу)
* * * * *
                                     Мухамбеталиева Гульайым Нагимовна Бастауыш сынып мұғалімі
БҚО Жаңақала ауданы. Жаңақала ауылы
Сабақтың тақырыбы: Есеп бойынша теңдеу құру. Математика
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды есепті шығарудың жаңа  тәсілімен-теңдеу құру арқылы
шешумен таныстыру; теңдеу құру дағдыларын арттыру: құрылымы күрделірек теңдеулерді
шешу біліктіліктерін арттыру; талдау және қорытындылау дағдыларын дамыту.
Ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: ұраны, төсбелгісі, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақтадан слайдтар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру б/і. Өлең оқылады.
−Бүгін бізге көп қонақтар келді. Сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Кеше 3 топқа бөліндік
I топ – желтоқсан
II топ – қаңтар
III топ – ақпан
 Топ басшыларын сайлау
Ұрандарын айтқызу: Білім ал да, еңбек ет,
                                    Дем ал, досқа бер көмек.
                                    Отанды  сүй, адал бол,
                                   Өнегелі адам бол.
II. Өткенді пысықтау.

Ауызша  жаттығулар

Көлемнің формуласын атаңдар?
Текшенің қанша қыры, төбесі, жағы бар?
Параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөзді тап.
III. Оқулықты жұмыс.
№1
Ауызша  (3 топқа бөліп беру)
I                                                           II                                                    III
 420:6=70                              630:90=7                                 810:9=90
220:2=110                            540:90=6                                 14·3=42
 90:2=45                                 34·2=68                                   29·2=58
23·3=69                                250·4=1000                             70:2=35
№2
Топ басшылар сайысы
х*30=1000-160                        880:у=535-491                а-45=389-254
   х*30=840                                  880:у=44                    а-45=135
    х=840:30                                   у=880:44                     а=135+45
       х=28                                           у=20                           а=180
28*30=1000-160                    880:20=535-491               180-45=389-254
    840=840                                      44=44                          135=135
IV.Жаңа тақ
Өрнекте санның біреуі белгісіз болса, оны әріппен белгілейміз, яғни оның мәнін табуымыз керек. Сонда бұл өрнек қалай 
аталады? Теңдеу. Теңдеу шешіп, есептің сұрағына жауап береміз.
1-тәсіл
Амалдар бойынша немесе өрнек арқылы
1-күні-100мм
2-күні-?мм
Ш: 300-100=200(мм)
2-тәсіл 
Теңдеудің көмегімен  х мм қар түсті дейік. Теңдеу құруға болады.
100+х=300
Х=300-100
Х=200(мм)
Ж: 200 мм қар түсті.
101

Қорытынды: есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады деген қорытындыға келу керек.
№3(ә) Ө.ж.
45-х=14
Х=45-14
Х=31
45-31=14
   31=31
  №4
 3 топқа бөліп жарыстыру
920:2=460     42·20=840 96:3=32
960:30=32 120·4=480     50:2=25
700:20=35 210:2=105 170·2=340
Сергіту сәті
№5
I-120
II-210
Тең бөлінді - 3 залға
Әр залға - ? фотосурет
Ш: 1) (120+210):3=110
      2) 120:3+210:3=40+70=110   Ж: 110 фотосурет
  №6 Ш.т.
1 күні-150 кг қызанақ  Түске дейін – 54 кг алма
2 күні – 60 кг қызанақ Түстен кейін – 22 кг алма
Тең бөлінеді – 3 асханаға Тең бөлінеді – 2 себетке
Әр асханаға - ? кгӘр себетке - ? кг
Ш: (150+60):3=70                      Ш: (54+22):2=38
Ж: 70 кг қызанақ                          Ж: 38 кг алма
                              №7
(60+24):6=14           (400+160):40=14        (500+70):30=19
(700+140):60=14     (300+60):4=90            (300+270):3=190
№8 Логикалық тапсырма.
Ораз Тимур, Болат, Марат, Саят
V. Қорытынды: ұпай сандарын анықтап, женімпаз топты анықтау.
а) бағалау
ә) үйге: №2(2б), 72 бет
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.
* * * * *
Жамбыл  облысы, Меркі  ауданы,  №1  орта мектебінің 
мұғалімі  Айбекова Жазира Үкібайқызы
Информатика  (7 сынып) 
Сабақтың тақырыбы:  Нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру.
Сабақтың  мақсаты
Білімділік:  оқушыларға    нысандарды    өшіру,  өшірілген  файылдар мен бумаларды     қайта  қалпына  келтіру   жолдарын
үйрету;
Дамытушылық:  өз бетінше     компьютерде практикалық жұмыстарды орындау   дағдысын   дамыту,  логикалық   ойлау
қабілетін арттыру, компьютерді қолдана  білу  іскерлігін  дамыту.
Тәрбиелік:  өз   бетімен     ізденуге     баулу,   жарыс   түрлері   арқылы   оқушыларды     тапқырлыққа,   ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа  баулу, өз ойын тиянақты  жеткізуін дамыту, еңбекке  тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың  көрнекілігі: компьютер,  тест тапсырмалары,кескін плакаттар.
Сабақтың  пәнаралық байланысы:   ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың  барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
а). Оқушылармен  сәлемдесіп, оларды  түгелдеу.
ә). Сабаққа  дайындықтарын  тексеріп, құрал саймандарын түгелдеу.
ІІ. Өткен сабақты  пысықтау.
а). Өткен сабақ бойынша  сұрақ жауап. Біз өткен сабақта  жаңа қапшық құру, және аттарын өзгерту тәсілдерін  үйрендік,
олай болса жаңа қапшық құру үшін не істейміз оқушылар ауызша тұрып жауап береді. Сонымен өткен сабақ бойынша екі
топқа   тест тапсырылады тест 10 сұрақтан тұрады. (5минут) уақыт беріледі. Тест тапсырып болған соң бір-біріне тест
парақтарын  ауыстырады   да,   өздері   тексеріп  шығады.   Тақтада   жауап   парағы   ілулі   тұрады.Өздері   тексеріп  алдарындағы
параққа балдарын есептеп жазады.
Сергіту сәті  бойынша    оқушыларға  Кім   жылдам?   Ойыны арқылы       тақтада ілулі   тұрған     кескін   плакаттағы
сөздерді  кері  кодттау  тәсілімен  жасырылған сөзді табу керек, табылған  сөзге  түсінік  беру крек. 
102

К - 8А - 1000  1010                                   И – 88 – 1000  1000
о-  АЕ – 1010  1110                                   н  - АD – 1010 1101
м- АС-  1010   1100                                   т  - Е2  - 1110  0010
п –АF-  1010  1111                                    е  - А5  - 1010  0101
ь – ЕС- 1110  1100                                    р  - ЕО  - 1110  000  
ю – ЕЕ -1110 1110                                     н – АD – 1010 1101
т- Е2 -   1110 0010                                     е  -  А5  - 1010  0101
е – А5-  1010 0101                                     т  - Е2  - 1110  0010
р –Е0 – 1110  0000
Компьютер                                                         Интернет
Екі сөз дұрыс табылған жағдайда  бірінші болып дұрыс тапқан  оқушы  сөзді айтады егер дұрыс болса, мен сол сөзді тақтаға
жапсырамын. Ал оқушы сол сөзге анықтама береді. Оқушыға қосымша сұрақ қойып бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет