Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
 
Сабақтың 
мақсаты: 
Өзен 
миногасының 
систематикалық 
жағдайымен  танысып,  морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктерін 
білу. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  микроскоптар,  лупалар, 
миноганың ылғалды препараттары, ұзынынан және көлденең кесінділерінің 
микропрепараттары, микрокестелер. 
 
Жалпы түсінік. 
Миногалар  -  теңіздерде  тіршілік  етеді,  кейбіреулерін  тұщы  сулардан 
да кездестіруге болады. Олардың денесі шығыңқы, ұзын құрт тәрізді болып, 
бас, тұлға, және құйрық бөлімдеріне көмескі бөлінген, аяқтары болмайды. 
 
 


 
 
 
8- Сурет. Миноганың сыртқы құрылысы. 
 
Құйрық  қанаттары  сыртқы  және  ішкі  құрылысына  сәйкес 
симметриялы  орналасқан,  оларды  протоцеркальды  деп  атайды.  Басының 
алдыңғы  жағында  жиектерінде  өсінділері  бар  сорғыш  воронкасы  бар. 
Мүйізді  тістері  воронканың  ішіндегі  етті  тілдің  ұш  жағына  орналасқан. 
Эпидермисті  жалаңаш  терісінде  безді  жасушалары  көп  болады  және  олар 
тері  тесігі  көп  шырыш  шығарып  тұрады.  Дара  танау  тесігі  екі  көзінің 
аралығына,  басының  үстіне  таман  орналасады.  Аналь  және  зәр-жыныстық 
тесіктер  кеуде  мен  құйрық  бөлімінің  шекарасында  орналасады  да  сыртқа 
ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады. 
Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері қарапайым құрылысты 
болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомерлерден  (9-сурет) құралады, 
ал  миомерлер  өз  ара  жабын  дәнекер  миосепталар  арқылы  жіктеліп  тұрады. 
Желбезек  қапшықтары,  ауыз  воронкасымен  тіл  сақиналы  еттерден 
құралады. Ет  жүйесінің көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың 
құрылысының аса күрделі емес екендігін дәлелдейді. 
Тұлға  мен  құйрық  бөлімдерінің  қаңқасы  негізінен  хордадан  тұрады. 
Қандауыршалардыкіндей, хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан 
жүйке  түтігін  дәнекер  ұлпадан  тұратын  қабық  қаптап  тұрады.  Хорданың 
жоғарғы  жиектерінде  екі  жұптан  әрбір  сегментінде  омыртқаның  алғашқы 
нұсқасы болатын шеміршек доғалары орналасқан. 
Миногалардың  ми  сауытының  құрылысы  қарапайым  болып  келеді. 
Ми  сауыты  мидың  астыңғы  жағында  төселіп  жатқан  шеміршек 
пластинкасынан  ғана  тұрады.  Бұл  пластинканың  екі  бүйірінде  шеміршекті 
есту капсуласы, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы орналасқан. 
Демек,  бұлардың  ми  сауыты  әлі  жоқ,  мидың  үстіңгі  беті  жұқа  жарғақ  пен 
ғана  қапталып  тұрады.  Бұлардың  жұтқыншақ  маңайы  қаңқасы  шеміршекті 
тор тәрізді болып келген. 
Ас  қорыту  жүйесі  -  воронкадан,  тілден,  жұтқыншақтан,  ішектен 
құралады. Ауыздың алдыңға жағында ішінде мүйізді тістері бар кең көлемді 
воронка орналасқан. Етті тілінде тістері болады. Бұлардың аузы екі тарамға 
бөлінген жұтқыншаққа жалғасады, жоғарғы тарамы өңешпен жалғасады да, 


 
қоректік  заттар  ішке  қарай  кетеді  де,  ал  төменгі  тарамы  тұйықталып, 
желбезек  қапшықтарымен  байланысады.  Қарыны  дамымағандықтан  өңеш 
бірден ішекке келіп жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. 
Ішектер  бөлімдерге  бөлінбейтіндіктен  құрышталмайды.  Ішектердің  ішінде 
винт  тәрізді  қатпарларының  болуы  және  спираль  тәрізді  клапандарының 
болуы  ішектің  сіңіру  бетін  ұлғайтады  да,  тамақтың  ішек  қуысынан  өтуін 
баяулатып,  оның  толық  қорытылуына  себепші  болады.  Ішектің  алдыңғы 
бөлімінен  бауыр  дамиды,  ал  ұйқы  безі  жетілмеген.  Миногалар  балықтарға 
жабысып алады да, олардың қанымен, етімен қоректенеді. 
 
 
9-Сурет. Миксин (А) мен тілтістің (Б) желбезек қапшықтарының 
орналасуы: 1-қармалауыш; 2-жұтқыншақ; 3-тыныс түтігі; 4-желбезек 
қапшығы; 5-желбезек маңы синус; 6-желбезек аралық перде; 7-желбезек 
қапшықтарының сыртқы саңылаулары; 8-жалпы желбезек каналы; 9-
өңеш; 10-терілі желбіршек; 11-бүйір тістері; 12-үстінгі жақ 
тақтайшасы; 13-астынғы жақ тіс тақтайшасы; 14-тілдің тісті 
тақтайшасы. 
 
Желбезек  аппараты.  Денесінің  ұзына  бойына  бас  бөлімінің  екі 
жағынан 7 жұп желбезек саңылаулары ашылады. Осы саңылауларды қуалай 
желбезекті  ішіне  қарай  жарып  қарағанда,  онда  көптеген  желбезек 
пластинкаларының  болатынын  байқауға  болады.  Осы  пластинкаларда  қан 
тамырының торы құралады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі 
желбезек  жолдары  жұтқыншаққа  барып  жалғасады.  Дөңгелек  ауыздыларда 
ғана  желбезек  аппараты  энтодерма  қабатынан  пайда  болады,  ал  басқа 


 
желбезекпен  тыныс  алатын  омыртқалылардың  желбезек  аппараты 
эктодермадан дамиды. 
Тыныс алғанда су желбезек саңылауларынан желбезек  қапшықтарына 
еніп,  ал  тыныс  шығарғанда  осы  жолмен  қайта  шығарылады.  Желбезек 
қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады. 
Қан  айналу  жүйесі.  Миногалардың  екі  камерадан  жүрекше, 
қарыншадан  тұратын  жүрегі  болады.  Жүрегінде  вена  қаны  болады  және  де 
қан айналым шеңбері біреу болады. 
Жүйке  жүйесі.  Миногалардың  миы  бес  бөлімнен:  алдыңғы,  аралық, 
ортаңғы,  мишық,  сопақша  мидан  тұрады.  Алдыңғы  ми  және  мишық  басқа 
омыртқалылардың миынан кішірек. Ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, 
ал  жоғарға  дамыған  омыртқалылардікі  ұқсас  олардың  иректері  болмайды. 
Ми қақпағында жүйкелік заттар болмайды, ол түгел эпителийден тұрады. 
Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның 
төменгі жағында гипофиз орналасқан. Мидың 10 жұп жүйке тарайды. 
Сезім  мүшелері  –  өте  қарапайым.  Есту  мүшесі  іші  құлақтан  ғана 
тұрады.  Көздері  де  нашар  жетілген,  қасаң  қабығы  дамымаған.  Тері 
жамылғысында  бүйір  сызығы  болады.  Бұл  бүйір  сызықтың  терең  емес 
шұңқырлау  тәрізді  жерінің  түбінде  жүйке  ұштары,  яғни  рецепторлары 
орналасқан. 
Зәр  шығару  жүйесі  –  мезонефрикалық  бүйректерден  тұрады.  Зәр 
заттарын  шығару  түтігінің  қызметін  вольфов  каналдары  атқарады.  Бұл 
каналдар зәр – жыныс қуысына барып ұштасады. 
Жыныс  бездері  –  дара,  олардың  арнаулы  түтіктері  болмайды. 
Жыныстық  жасушалар  –  гонаданың  қабырғасын  жарып,  денесінің  ішіне 
құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы сыртқа шығарылады. 
Ұрықтанған  жұмыртқалардан  ересек  миногаларға  ұқсамайтын 
құмқазғыш  деп  аталатын  дернәсіл  дамып  шығады.  Дернәсілінің  тұтасып 
жатқан  жүзгіш  қанаттары  болады.  Олардың  арқасынан  құрсақ  бөліміне 
қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек 
қапшықтары  жұтқыншақ  ішіне  ашылады.  Жұтқыншағының  құрсақ 
жағындағы  бөлімінде  безді  түктерімен  қапталған  ойысы  бар,  бұл 
ленцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі 
терісінің  астына  жасырынған.  Миы  басқа  мүшелермен  салыстырғанда 
үлкенірек  деуге  болады.  Құмқазғышта  кейбір  белгілерінің  болуына 
қарағанда  (эндостильдің  болуы),  тіршілік  ету  тәсілдері  жағынан  да  жалпы 
алғанда  қандауыршаға  ұқсайды.  Құмқазғыштар  көпшілік  уақытта 
топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 
жылдың ішінде айналады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет