Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
 
4-сабақ 
 
Шеміршекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылыстары. 
 
Систематикасы. 
Хордалылар типі – Сhordata 
Шеміршекті балықтар класы - Chondrichthyes 
Тақ желбезектілер кластармағы – Еlasmobranch 
Өкілі: тікенекті акула – Squalus acanthias 
 
Сабақтың 
мақсаты
Тікенекті 
акуланың 
систематикалық 
жағдайымен 
танысып, 
сыртқы 
 
және 
ішкі 
құрылыстарындағы 
ерекшеліктерін анықтау. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Спирт  немесе  формалин 
ерітіндісінде  сақталған  тікенекті  акула,  қол  лупалары,  микро  және  түрлі  - 
түсті кестелер. 
 
Жалпы түсінік 
Тікенекті акуланың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Денесі бас, 
тұлға  және  құйрық  бөлімдеріне  шартты  ғана  бөлінген.  Бас  бөлімінің 
алдыңғы  ұшында  рострум  деп  аталатын  шеміршекті  тұмсығы  бар.  Бастың 
екі жанына орналасқан жұп көздерінің артқы жағында орналасқан бүріккіші 
(брызгальцелер)  бар.  Ол  бір  жұп  желбезек  саңылауларының  қалдығы  деп 
есептелінеді.  Бастың  астыңғы,  доға  пішіндес,  қатты  жақ  шеміршектерімен 


 
көмкерілген  ауыз  орналасқан.  Ал  оның  алдыңғы  жағында  жұп  танау  тесігі 
бар.  Шамамен  бас  және  тұлға  бөлімдерінің  арасында  бес  жұп  желбезек 
саңылаулары айқын көрінеді. 
 
 
 
10-Сурет.  Акуланың  А-сыртқы  және  Б-ішкі  құрылысы.  А-сыртқы 
құрылысы:  1-екінші  арқа  қанаты,    2-бірінші  арқа  қанаты,  3-бүрікпе,  4-
танау  тесігі,  5-рострум,  6-сыртқы  желзебезек  саңылауы,  7-кеуде 
қанаттары, 8-құрсақ қанаттары, 9-құйрық қанаттары, Б-ішкі құрлысы: 1-
құйрық венасы, 2-құйрық артериясы, 3-көкбауыр, 4-бүйрек, 5-қарын, 6-ұрық 
безі,  7-арқа  аортасы,  8-қанды  желбезекке  алып  келуші  артерия,  9-артқы 
ми,  10-ортанғы  ми,  11-алдынғы  ми,  12-рострум,  13-шығарушы  желбезек 
артериясы, 14-құрсақ аортасы, 15-жүрек, 16-бауыр, 17-ұйқы безі, 18-ішек, 
19-спиральды қақпақша, 20-ректальды без, 21-клоака. 
 
Тұлғасының арқа жағында екі дара арқа, ал құрсақ жағында жұп кеуде 
және  жұп  құрсақ  қанаттары  орналасқан.  Құрсақ  жұп  жүзу  қанатының 
алдыңғы  жағында  клоака  тесігі  бар.  Құйрық  қанатының  жапырақшалары 
біркелкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы - одан 
кіші. Сондықтан оны гетероцеркальдық құйрық қанаты деп атайды. Дененің 
екі  жақ  жағында  және  бас  бөлімінде  бүйір  сызықтары  жақсы  байқалады. 
Акула  терісінің сырты,  тек  шеміршекті  балықтарға  ғана  тән,  яғни көптеген 
кішкентай сүйекті пластинкаларында тісшелері бар плакоидты қабыршақтар 
қаптап тұрады. 
Ас қорыту жүйесі. Акуланың ас қорыту жүйесі бас бөлімінің астыңғы 
жағына  орналасқан  ауыз  тесігінен  басталады.  Акуланың  жұтқыншағы  өте 
кең  оның  қабырғасында  ішкі  желбезек  саңылаулары  орналасқан. 
Жұтқыншақтың  артқы  жағы  тарыла  келіп,  созымтал  өңешке  айналады. 
Өңеш  көлемді  қарынмен  жалғасқан.  Қарынның  түп  жағынан  ішек 


 
басталады.  Оның  алдыңғы  бөлігі онша  ұзын  емес  12  елі  ішек  деп  аталады, 
ол ұзын тоқ ішекке жалғасқан. Тоқ ішектің ішкі қуысында спиральді клапан 
деп аталатын көптеген қалташықтары болады. Тік ішек онша ұзын емес. Тік 
ішектің  бір  жақ  қабырғасында  ректаль  безі  деп  аталатын  тұйық  өсінді  бар. 
Оның қызметі организмнің ішкі ортасындағы тұз мөлшерін реттеп отыру. 
 
 
 
 
11-Сурет. Акуланың  және химераның ішкі құрылысы. 
 
Ас  қорытуға  қатысатын  бездердің  бірі  ретінде,  акулада  бауыр  жақсы 
жетілген.  Бауырда  өт  қапшығы  орналасқан,  оның  жолдары  12  елі  ішекке 
ашылады. Осы ішектің иіріміндегі шажырқай арасына орналасқан ұйқы безі 
де ас қорытуға қатысады. Оның жолдары да 12 елі ішекке ашылады. 
Тыныс  алу  жүйесі.  Акула  желбезек  аппараты  арқылы  судағы  еріген 
оттегімен тыныс алады. Желбезек саңылауларының әрқайсысының аралары 
желбезек перделермен бөлініп, бір ұшы жұтқыншаққа, екінші ұшы денесінің 
сыртына  ашылады.  Шеміршекті  балықтарда  желбезек  қақпақтары 
болмайды. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына 
желбезек  жапырақшаларының  орналасу  нәтижесінде  желбезектер  пайда 
болады. Желбезек перделерінің алдыңғы және артқы қабырғаларында жұқа 
желбезек жапырақшалары орналасқан. Сонда өте көп қантамырлары болып, 
газ  алмасуды  тездетеді.  Акулаларда  5-7  желбезек  саңылауларынан  басқа, 
көзінің  арт  жағында  жұтқыншақпен  жалғасатын  екі  тесікті  көруге  болады. 
Оларды  брызгальцелер  деп  атайды.  Желбезектерге  су  осы  брызгальцелер 
арқылы  кіреді.  Акуланың  тыныс  алуы,  суды  ауыз  арқылы  жұтып,  оны 
желбезек саңылаулары арқылы тысқа шығару кезінде желбезектердің ұдайы 
жуылып тұруы арқылы жүзеге асады. 
Қан  айналу  жүйесі.  Акуланың  жүрегі  екі  камерадан:  жүрекше  мен 
қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны бір бөлімі 
болып  саналады.  Артериялық  конус  сырт  жағынан  құрсақ  қолқасының 
түбіріне ұқсайды. 


 
Артериялық  конустан  құрсақ  қолқасы  басталады.  Құрсақ  қолқасынан 
желбезекке бес жұп желбезек артериялық доға кетеді. 
Желбезек  жапырақшаларына  дейін  қан  толып  келген  артерияларды 
қан  алып  келуші,  ал  желбезектен  тотыққан  қанды  денеге  алып  кетуге 
бағытталғанқан  артериялары  алып  кетуші  артериялар  деп  аталады.  Бұл 
желбезек  артериялары  қолқа  түбіріне  келіп  қосылады.  Екі  жағындағы  оң 
және  сол  қолқа  түбірлері қосылып  -  жалпы  арқа  қолқасын  құрайды.  Қолқа 
түбірінің алдыңғы бөлімінен, бас бөліміне ұйқы артериялары тарайды. Арқа 
қолқасы  денесінің  артқы  бөліміне  қарай  бағытталып,  одан  ішкі  мүшелерге 
қан тамырлары таралады. 
 
 
 
12-Сурет.  Акуланың  қантасымалдау  жүйесінің  үлгісі:1-жүрек;  2-
құрсақ  аортасы;  3-алып  келуші  желбезек  артериясы;  4-алып  кетуші 
желбезек  артериясы;  5-аортаның  сол  түбірі;  6-сол  ұйқы  артериясы;  7-
арқа  аортасы;  8-құйрық  венасы;  9-сол  артқы  кардинальды  венасы;  10-сол 
алдынғы кардинальды венасы; 11-сол Кювье ағысы; 12-бауыр қақпа венасы; 
13-бауыр  венасы;  14-сол  бүйір  вена;  15-бүйрек  қақпа  венасы;  16-
бұғанаасты вена. 
 
Құйрық  венасы  дененің  алдыңғы  бөліміне  қарай  созылып  келіп,  қос 
кардинал  веналарына  тарамдалады.  Бұл  веналардың    бүйрекке  келіп 
торлануының  нәтижесінде  бүйректе  қан  айналу  жүйесінің  қақпасы  пайда 
болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде 
оң  жактағылары  өзара  қосылады.  Осының  нәтижесінде  веноздық  қуысқа 
келіп  құйылатын    қос  кювьеров  өзектері  пайда  болады.  Бауырдың  қақпа 
венасы  ішектерден  басталады.  Ол  бауырдың  ішіне  енген  соң  ұсақ  қан 
тамырларына  тарамдалып  барып,  қайтадан  бауыр  венасына  айналады. 
Келешекте  бұл  вена  тамыры  веноздық  қуысқа  келіп  жалғасады  да  жүрек 
арқылы құрсақ ортасына өтеді, одан әрі желбезекке тотығуға барады. 
Жүйке жүйесі. Акуланың орталық жүйке жүйесі бас миы мен жұлынға 
жақсы  жіктелген.  Акуланың  бас  миы  дөңгелек  ауыздылардікімен 
салыстырғанда  жақсы  жіктелген.  Ол  басқа  омыртқалылардағыдай  миының 
үстінен  қарағанда  онша  көрінбейді,  тек  қана  оның  екі  көру  аймағы  жақсы 
жетілген.  Акуланың  мишығы  жақсы  жетілген,  дөңгелек  пішіндес,  көлемі 
үлкен  және  беткі  қабығында  бірнеше  иірімдері  бар.  Сопақша  ми  пішіні 
ұзынша  келген,  бас  миының  соңғы  бөлімі.  Сопақша  мидың  ауытқу  шеті 


 
жіңішкере  барып  жұлынға  айналады.  Жұлын  омыртқа  жотасының  ішіндегі 
каналмен дененің артына қарай созылып жатыр.  Акула бас миынан 10 жұп 
жүйкелер таралады. 
Сезім  мүшелері.  Шеміршекті  балықтардың  тұйық  бітетін  қос  иіс 
қапшықтары  болады.  Көздері  сыртқы  жалпақ  мөлдір  қабық  пен  көз 
алмасынан  тұрады,  қабағы  болмайды.  Алыстан  көру  нашар,  шеміршекті 
балықтар  заттың  түсін  айыра  алмайды.  Есту  мүшесі  ішкі  құлақтан  ғана 
тұрады.  Оның  үш  жарты  шеңберлі  каналдары  болады.  Бүйір  сызықтары 
айқын  байқалады.  Бүйір  сызықтар  балықтар  жүзген  кезде,  оның  жолында 
кездесетін заттардан пайда болатын судың болмашы тербелісін қабылдауға 
мүмкіндік береді. Осы бүйір сызықтарының арқасында балық су ағысының 
бағытын сезеді, жолында кездескен кедергілерді көрмей-ақ айналып өтеді. 
Зәр-жыныс  мүшелері.  Акуланың  зәр  шығару  мүшесі  жұп  денелік 
немесе мезонефроздық бүйрек. Олар омыртқа жотасының екі жанын қуалай 
орналасқан,  шамамен  кеуде  жұп  жүзу  қанатынан  басталып  клоакаға  дейін 
созылып  жатыр.  Әрбір бүйрек  екі бөлімнен  тұрады.  Оның артқы  бөлімінің 
астыңғы қабырғасында, нашарлау байқалатын жұқа қабырғалы несеп түтігі 
бар.  Аталығында  бүйректің  алдыңғы  бөлімінің  жыныстық  әрекеттерге 
қатысуына  байланысты,  вольфов  каналының  түп  жағымен  қосылып  зәр-
жыныс  синусын  түзеді.  Оның  тесігі  зәр-жыныс  өсіндісінің  қуысына 
ашылады.  Аналықтарында  бүйрек  жыныс  әрекеттеріне  қатыспайды, 
сондықтан  вольвоф  каналы  тек  несеп  ағардың  қызметін  атқарады.  Оның 
тесігі  зәр  шығару  өсіндісінің  қуысына  ашылады.    Аналық  жыныс  бездері 
жұп  болады.  Бұл  бездер  құрсақ  қуысында  бүйректен  сәл  төменірек, 
шажырқай арасында орналасқан түйіршікті дене. Бүйректің құрсақ жағында 
жұмыртқа жолы бар. Оның бойындағы  кеңейген жердің  жоғарғысын  қауыз 
безі,  ал  төменгісін жатын  деп  атайды.  Жатынның  тесігі  клоака  қуысына  өз 
алдына  ашылады.  Оң  және  сол  жұмыртқа  жолдарының  жоғары  ұштары 
бірігіп  жұмыртқа  жолының  шұңқырын  түзеді.  Көбею  кезінде,  аналықтың 
жыныс  безінде  жетілген  жұмыртқа  (аналық  жыныс  жасушасы),  без 
қабырғасының  жыртылуы  нәтижесінде  дене  қуысына  шығады  да,  кейін 
жұмыртқа жолының шұңқырына воронкаға түседі. Одан әрі канал бойымен 
жүре  отырып  клоака  қуысына  шығады.  Жұмыртқа  мюллеров  каналының 
жоғарғы ұшына жақын жерлерінде ұрықтанады. Акуланың аталығының жұп 
безі бар. Тұқым безі бүйректің алдыңғы бөлімінен кішкене каналдар жүйесі 
арқылы  жалғасады.  Сондықтан  бүйректің  алдыңғы  бөлімі  жыныс 
қосалқысының қызметін атқарады. Бүйрек ішіне енген ұсақ каналдар бірігіп 
вольфов  каналын  түзеді.  Оның  төменгі  жағындағы  кеңейген  жерін  тұқым 
қапшығы  деп  атайды.  Ол  зәр-жыныс  синусына  ұласады,  ал  синус  клоака 
ішіндегі  зәр-жыныс  өсіндісінің  қуысына  ашылады.  Аталықтарында  құрсақ 
жұп  жүзу  қанаттарының  ішкі  жақ  базальды  шеміршегі  шағылыс  мүшесіне 
айналған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет