Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


-сабақ  Құстардың жұмыртқа жолы мен жұмыртқа құрылыстары



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
14-сабақ 
Құстардың жұмыртқа жолы мен жұмыртқа құрылыстары. 
 


 
Сабақтың 
мақсаты: 
Құстардың 
жұмыртқа 
жолының 
ерекшеліктерімен және тауықтың жұмыртқа құрылысымен танысу. 
Сабаққа  қажетті  құрал  –  жабдықтар:  тауық  жұмыртқасы, 
табақшалар, қол лупалары, жұмырқа макеті. 
 
Жалпы түсінік 
Құстардың  жұмыртқа  жолының  құрылысын  тауықтың  жұмыртқа 
жолының құрылысынан танысамыз. Тауықтың жұмыртқа жолының бір ұшы 
клоакаға  келіп  ашылыды  да,  екінші  ұшы  кеңейіп  воронка  тәрізденіп  дене 
қуысына  келіп  ашылады.  Жетілген  жұмыртқа  дене  құысынан  түседі  де, 
оның  бойымен  қозғалады.  Нағыз  жұмыртқа  жолы  бірнеше  бөлімдерден 
тұрады.  Бірінші  бөлім  –  ең  ұзыны.  Ішкі қабырғасында  белокты  шығаратын 
бездер  болады,  осы  бөлімінде  тауықтың  жұмыртқалары  3  –  6  сағат  болады 
және  оның  сырты  қалың  белокты  қабатпен  қапталады.  Екінші  жіңішке 
бөлімінде  жұмыртқа  –  екі  пергамент  тәрізді  белокты  қабатпен  қауыз 
скорлупа  астындағы  қабықпен  қапталады.  Үшінші  бөлімі  –  кеңірек  жұқа 
қабаты  –  жатын  деп  атайды.  Мұның  ішінде  бездері  көп  болады.  Ол 
бездердің  шығарған  заттарынан  жұмыртқаның  сырты  известі,  қатты 
қабықпен  қапталады  да  онда  пигментті  заттар  болады.  Жұмырқаның  түсі 
пигментке  байланысты  болады.  Жатын  ішінде  жұмыртқа  12  –  20  сағат 
болады.  Жұмыртқа  жолының  соңғы  бөлімін  –  қынап  деп  атайды.  Бұл 
бқлімнің  бұлшықеттері  жақсы  жетілген.  Осы  бұлшықеттердің  жиырылуы 
салдарынан  жұмыртқа  арқылы  сыртқа  шығарылады.  Тұқым  жолымен 
жұмыртқаның  қозғалу  мерзімі  тауықтарда  бір  тәулік  болса,көгершіндерде 
41 сағатқа дейін созылады. 
Қалыптасқан  жұмыртқа  күрделі  дене  болып  саналады.  Әдетте  нағыз 
жұмыртқа  деп  оның  ішіндегі  сары  уызын  айтады.  Жұмыртқаның  басқа 
қосымша  бөлімдері  (мысалы  белок)  жұмыртқа  безінде  емес,  жұмыртқа 
жолында пайда болған қабатттары деуге болады. 
Құс жұмыртқасының сары  уызы  көп болады. Сары  уыз бөлімінің бет 
жағында  протоплазма  және  ядродан  тұратын  түйір  заты  болады,  ол 
ұрықтанған  жұмыртқада  кішірек  ұрық  дискісіне  айналады.  Сары  уыздың 
басқа  бөлімі  ұсақ  көпіршіктерден  тұрады.  Егерде  көз  тоқтатып  қарасақ, 
олардың  қабатттары  сары  немесе  мөлдір  түсті  уыздың  кезектесуінен 
құралады. Жұмыртқаның сару уызды қадығын сындырсақ, сары уызы дөп – 
дөңгелек  болып  түседі.  Сары  уызда  балапанның  организміне  кереті  зат 
қоректік  зат  және  денесін  құрауға  қажетті  заттар  болады.  Сары  заттың 
ішінде  май  және  суы  көп  болады.  Дамитын  ұрық,  өзіне  керекті  суды, 
жұмыртқанын  осы  сары  уызынан  алады.  Оған  қосымша  жұмыртқаның 
құрамындағы  май  да,  тотыққанда  өзінен  су  тамырларын  бөліп  шығарады, 
мысалы, тауық жүмыртқасының, сары уызының құрамында: су  – 50 пайыз, 
май – 28 пайыз, протеиндер – 16 пайыз, липоидтер – 11 пайыз болады. 
Жұмыртқаның  сары  уызының  сыртында  мөлдір  жартылай  сұйық 
белок деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа 
пергаментті  қабатпен  қапталады.  Жұмырқаның моқал  ұшында  температура 


 
өзгерген  кезде  оның  көлемі  өзгеруіне  мүмкіндік  беретін  айтылған  екі 
қабатттың арасында ауа толы болады. 
Жұмыртқаның  сары  уызына  қарай  қабыршақ  қабығынан  "белоктың" 
ортасында белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. 
Халаза сары уызды шайқаудан сақтайды. 
Жұмыртқа  "белогының"  негізгі  маңызы  нағыз  жұмыртқаны  (сары 
уызды)  механикалық  әсерлерден  қорғайды  және  ұрыктың  дамуы  кезінде 
сумен қамтамасыз етеді. Мысалы, жұмыртқасы белогінің құрамы: 87 пайыз 
су, 12 пайыз протеин, 1 пайыз басқа заттар. 
Қатты  қабық  негізінен  көмір  қышқыл  кальцийден  189  –  97  пайыз, 
аздап  та  болса  басқа  тұздар  мен  органикалық  заттан  түрады.  Қатты  қабық 
негізінен жұмыртқаны сыртқы әсерлерден қорғайды және жұмыртқаның газ 
алмасуын  қамтамасыз  етеді,  әр  түрлі  бактериялардың  енуіне  бөгет  болады. 
Ірі  жүмыртқа  және  жұмыртқасын  ашық  жерде  салатын  кұстардың 
жұмыртқасының  қатты  қабығы  мықтырақ  болады.  Ұрық  дамыған  кезде, 
қатты  қабықтың  біразы  ұрықтың  қаңқасын  қалыптастыруға  жұмсалады.  
Қатты  қабықтың  сыртында  майда  тесіктері  болады.  Бұл  тесікшелер 
жұмыртқаның  моқал  ұшында  көп  болады.  Ұрықтың  дамуы  кезінде 
тесікшеледің газ  алмасуының  маңызы  зор.  Жұмыртқаның басылуы  ұзарған 
сайын  және  газ  алмасуының  күшеюіне  сәйкес  тесікшелердің  диаметрі 
үлкейе түседі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет