Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


 – сабақ  Құстардың Орталық жүйке жүйесі және қаңқасы



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
13 – сабақ 
Құстардың Орталық жүйке жүйесі және қаңқасы. 
 
Сабақтың  мақсаты:  Көгершінді  мысалға  ала  отырып,  құстардың 
орталық жүйке жүйесі мен қаңқасының ерекшеліктерімен танысу. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Құстардың  арнаулы  ерітіндіге 
салынған  бас  миы,  көгершіннің  немесе  жергілікті  жердегі  құстардың 
қаңқалары. 
 
Жалпы түсінік. 
Құстардың  орталық  жүйке  жүйесі  бауырымен  жорғалаушылармен 
салыстырғанда  тіршілік  еткен  ортасымен  қарым-қатынасының  күрделігіне 
байланысты  біршама  күрделі.  Миы  үлкен,  әсіресе  алдыңғы  ми  сыңары 
біршама  күрделі.  Миы  үлкен,  әсіресе  алдыңғы  ми  сыңары  басқа  ми 
бөлімдерінен  айрықша  үлкен.  Бас  миының  көру  бөлімі  және  мишығы 
соншалықты  үлкен,  керісінше  иіс  сезі  бөлімі  өте  кішкене  болады.  Аралық 
миы  эпифиз  нашар  дамыған,  гипофиздің  жігі  жақсы  көрініп  тұрады. 
Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір 
бүйіріне  таман  ауысып  орналасқан.  Мишық үстіңгі  жағынан  сопақша 
миды бүркеп жауып жатады. Сопақша ми жұлынмен жалғасады. 
Сезім  мүшелері.  Құстардың  көрі  мүшесі  жақсы  дамыған.  Көзі  кірпік 
еттерінің  әсерімен  көз  хрусталигінің  пішінін  өзгерту  арқылы  және  көз 
алмасымен  оны  қоршап  тұрған  белокты  қабығының  пішінін  өзгертетін 
сақиналы  бұлшық  еттердің  әрекетінен  көретін  болады.  Құстарда  төменгі 
және  жоғарғы  қабақтардың  болуымен  бірге,  көздерінің  алдыңғы  ішкі 
бетінде бекіген, бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабығы болады. 
Құстардың  есту  мүшелері  ішкі  және  ортаңғы  құлақтан  тұрады.  Есту 
сүйегі  біреу  болады.  Құстар  жақсы  естиді.  Олардың  құлағы  көзімен  бірге 
негізгі сезім мүшелері болып есептеледі. Құстар өздеріне төнген қауіпті ең 
алдымен  құлақтары  арқылы  сезеді.  Иіс  мүшелері  басқа  омыртқалы 
жануарлармен  салыстырғанда  нашар  дамыған.  Дәм  сезу  ауыз  қуысында 
және  тілде  орналасқан  дәм  тітіркендіргіштерін  сезінетін  арнайы 
жинақталған жасушалар қабылдайды. 
Қаңқасы.  Құстардың  бас  сүйегінің  желке  бөлімі  төрт  сүйектен 
құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры 
бауырымен  жорғалаушылардікі  секілді  біреу  ғана  болады.  Есіту  капсуласы 
үш  құлақ  сүйегінен  қалаптасады.  Ересек  құстарда  бұл  сүйектер  бірігіп 
кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, таңдай 
және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан  – 
қос  танау,  төбе,  маңдай  және  кеуілжір  сүйектер  қаптап  тұрады.  Жоғарғы 
жағы  –  жақ  аралық  және  жоғарғы  жақ  сүйектерінен  тұрады.  Жоғарғы  жақ 


 
сүйегіне  арт  жағынан  –  бет  және  шаршы  бет  сүйектері  жалғасады.  Бұл 
соңғы  екі  сүйек  шаршы  сүйектермен  қосылады.  Соның  нәтижесәнде 
құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай 
ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы бауырымен жорғалаушылардағы меккел 
шеміршегі  сияқты  –  буынды  сүйектен  және  тері  тектес  –  тіс  пластинкасы, 
бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады. 
 
 
 
46-Сурет. Кептердің қаңқасы 1-мойын омыртқалары; 2-кеуде 
омыртқалары; 3-құйрық омыртқалары; 4-құймышақ сүйек; 5-қабырғаның 
ілмек тәрізді өсіндісі бар арқа бөлігі; 6-қабырғаның құрсақ бөлігі; 7-төс; 8-
төс қыры; 9-жауырын; 10-коракоид; 11-бұғана; 12-тоқпан жілік; 13-
шыбық сүйек; 14-шынтақ сүйек; 15-алақан; 16-II саусақ; 17-III саусақ; 18-
IVсаусақ; 19-мықын сүйек; 20-шонданай сүйек; 21-қасаға(шат)сүйек; 22-
сан(ортан жілік); 23-сирақ(асықты жілік); 24-жіліншік; 25- башпай; 26-IV 
башпай. 
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек 
доғасының бірінші жұбына сәйкес келеді. Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, 
жеңіл  және  қуыс  сүйектерінің  іші  ауаға  толып  тұрады.  Мұндай  жағдай 
құстардың  салмағын  едәуір  жеңілдетіп,  ауада  тез  тауларына  мүмкіндік 
туғызады.  Ал  ұшпай  тек  қана,  жерде  жүретін  құстардың  жіліктерінде 
әруақытта май болады. 
Омыртқа  жотасы-мойын,  кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ-құйрық 
бөлімдерінен  қалыптасады.  Мойын  омыртқалары  көп  және  бірімен  бірі 
қозғалмалы  жалғасқан.  Құстардың  мойын  омыртқаларын  гетероцельдік 
омыртқалар  деп  атайды.  Себебі,  мойын  омыртқалары  бір-біріне  ер  сияқты 


 
жалғасады.  Мұның  өзі  олардың  тез  қимыл  жасауын  да  қамтамасыз  етеді. 
Құстардың  мойын  омыртқаларының  саны  11-ден  25-ке  дейін  болады.  Бас 
сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасын атлант және эпистрофей деп 
атайды. 
Кеуде  омыртқалары  13-тен  10-ға  дейіні  бір-бірімен  сегізкөз  және 
құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс 
сүйегіне  қозғалмалы  болып  бекіген.  Қабырға  көкірек  және  арқа  бөлімдері 
болып  екі  бөліктен  тұрады.Олардың  қосылған  жері,  қозғалмалы  бекініп, 
денесінің  артына  қарай  сүйір  бұрыш  жасайды.  Қабырғалардың  мұндай 
құрылыста  болуы  арнаулы  бұлшық  еттерінің  жиырылуының  нәтижесінде 
төс  сүйегін  омыртқа  жотасына  бірде  жақындатып  немесе  қашықтатып 
отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс 
алуының орындалуында маңызы зор. 
Бел  омыртқалары  өзара  бір-бірімен,  мықын  сүйектерімен  және 
сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының 
да  бірқатары  сегізкөз-құйымшақ  омыртқаларымен  қосылып  кеткен.  Соның 
нәтижесінде тек қана құстарға тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, 
жая  омыртқалары  құстарда  екеу  болады.  Құстар  жер  бетімен  жүргенде 
денесінің  салмағы  артқы  екі  аяғына  түседі,  сондықтан  күрделі  сегізкөз 
организмге  тірек  қызметін  атқарады.  Құстарда  бос  қозғалмалы  құйрық 
омыртқалар  6-9  болады.  Құйрық  омыртқалары  бірден  құйыршық  сүйегіне 
айналады-мұны  құйрық  сүйек  немесе  пигостиль  деп  атайды.  Пигостиль 
біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері 
құйрық  қанаттары  бекитін  тірегі  болып  есептеледі.  Құйрық  сүйектері, 
құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді. 
Құстардың  қанаттары  мен  иық  белдеуінде  ұшуға  бейімделуіне 
байланысты  ерекшеліктері болады.  Иық  белдеуі жауырыннан,  коракоидтан 
және  бұғанадан  құралады.  Бұлардың  жоғарғы  жақ  бастары  түйісіп  келіп 
тоқпан  жілік  бекитін  шұңқырды  қалыптастырады.  Жауырынының  тұрқы 
ұзын,  түрі  қылыш  тәрізді  иіліп келеді.  Ол  қабырғалардың  үстінде  жылжып 
қозғала  алатындай  болып  орналасқан.  Коракоид  өте  жақсы  дамыған,  оның 
бір  ұшы  төспен  ұштасады  да,  екінші  ұшы  буын  арқылы  тоқпан  жілікпен 
жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді-мұны 
«айыр» сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді. 
Қанат  қаңқасы  бас  саусақты  жануарлардікі  сияқты  бірнеше 
сүйектерден  құралады.  Әйткенмен  иық  және  бұғана  сүйектері  өзгермеген, 
керісінше нашар дамыған. 
Артқы  аяқтар  және  оның  белдеуі.  Жүргенде  құстардың  барлық 
салмағы,  артқы  екі  аяғына  түсетін  болғандықтан,  олардың  құрылысында 
бірқатар  өзгешеліктердің  бар  екенін  көреміз.  Жамбас  белдеуіне  күрделі 
сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша  сүйектерінің ұзына бойына  тұтасып 
барып  орналасқандығы  үлкен  тірек  болып  саналады.  Мықын  сүйектерімен 
өте  ірі  шонданай  сүйегі  бірігіп  кеткен.  Шап  сүйегі  өте  жіңішке  шыбық 
тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас 
сүйектерінің  құрсақ  жағына  қараған  ұштары  бір-біріне  қосылмай  сыртына 


 
қарай  алшақтап  тұрады.  Мұндай  жамбасты  ашық  жамбас  деп  атайды. 
Мұның  өзі,  сырты  қатты  қабықпен  қапталған  ірі  жұмыртқа  тууына 
байланысты болған. 
Артқы  аяқтары-ортан  жілік,  асықты  жілік  және  сирақ  пен 
саусақтардан  тұрады.  Бұл  үш  бөлімнің  бірінші  бөлімі-асықты  жілік  және 
оның  шыбығынан;  үшіншісі-сирақ  және  саусақтардан  тұрады.  Асықты 
жіліктің  төменгі  басына  сирақтың  бас  жағы  келіп  жалғасады.  Ересек 
құстардың  сирақтары  бір  ғана  сүйектен  тұрады.  Эмбриональдық  даму 
кезінде  осы  жоғарыда  көрсетілген  сүйек-табан  сүйектердің  және  толарсақ 
сүйектердің бірқатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет