9
2. Практикалық бөлім
2.1 Жылжымайтын мүлік объектісін кадастрлық есепке алу құжаттары
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлык
есепке алу-уәкілетті
мемлекеттік органнын жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді
Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрына енгізу женіндегі,
осындай мүліктін бар екенін немесе оның жұмыс істеуін тоқтатқанын
растайтын ic-әрекеті.
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік кадастрлык есепке алу
осы жылжымайтын мүлік объектілерін құруға немесе құруға (жылжымайтын
мүлік объектісін есепке кою), жұмыс істеуін тоқтатуға (жылжымайтын мүлік
объектісін есептен шығару) не жылжымайтын мүлік
объектісінің бірегей
сипаттамаларын өзгертуге байланысты жер учаскелеріне, ғимараттарға,
құрылыстарға,үй-жайларға, аяқталмаған құрылыс
объектілеріне қатысты
жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы осы
заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басым мүдделер - осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге
сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын және
мемлекеттік тіркеусіз жарамды деп танылатын жылжымайтын мүлікке
құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары);
2) бұрын туындаған құқық (құқықтар ауыртпалығы) - 1996 жылғы 1
наурызға дейін туындаған және ол тиісті құқық туындаған сәтте
қолданыстағы заңнамаға сәйкес келген жағдайда жарамды болатын
жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы);
3) есептік тіркеу - құқықтық кадастрда
мемлекеттік тіркеусіз
жарамды болатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар
ауыртпалықтарын), оның ішінде бұрын туындаған құқықтарды есепке алу
мақсатында
жылжымайтын
мүлікке
құқықтарды
(құқықтар
ауыртпалықтарын) тіркеу;
4) жеке сервитут - үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісін
иеленуіне байланысты емес белгілі бір адамның пайдасына сервитут;
5) жылжымайтын мүлік
- жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар
және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс
зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
6) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан
әрі - мемлекеттік тіркеу) - осы Заң мен өзге де
заңдарда белгіленген
тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар
ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және
10
құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің
өзге де объектілерін
мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;
7) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - әр түрлі
функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше
реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;
Достарыңызбен бөлісу: