І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мақсаты
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке не болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырған кезде немесе өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады: Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек. Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндеі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған. Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз, етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынас болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады. М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы — бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капитал пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» — деп жазады. С.А. Стуков осы ұғым бонынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық — бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек ауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесін және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз: Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мені өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық — меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады. Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық — бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». В.М. «Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы — қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
қаржылық жағдайға баға беру және оның есеі беру мерзіміндегі өзгерісі;
активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
айналым капиталының көлемін, оның өсуі (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның, ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік, және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорыннңң шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды жабдықтау, өңдіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі — бұл оның осы, қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы». В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық — бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады. Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойын-барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көз-қарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді. Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста. «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі» немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады». Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты — негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша — қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның шаруашылық қаржысын жүргізу қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашыльиъі, құрылыс, көлік, жабдықтау еткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардын, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімдлігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жоспары
Кәсіпорын кассасындағы қолма – қол ақша банктің белгілеуімен кәсіпорын жетекшісінің келісуі бойынша шекті болады. Қажетті жағдайда касса қалдықтарының шектелуі қаралады. Кәсіпорындар банкке барлық қолда бар ақшаларды тәртіп және уақыт бойынша қызмет көрсету банктің келісімімен өткізіледі. Қолма – қол ақша күндізгі немесе кешкі кассаларға банк инкассаторларына және біріккен кассаларға кәсіпорынның соңғы өткізулерін банке өткізіледі.
Кәсіпорынның банк шотынан аудару келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын кассасында шектеулі қолма – қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.
Қорыта келгенде, қолма – қол ақша және қолма – қол ақшасыз айналымында өзара байланыс және өзара тәуелділік болады. Ақша әрқашанда бір айналым сферасынан екіншіге ауысады. Қолма – қол ақша формасы несие мекемелерінің шотына ауысады және керісінше қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақшаны несие мекеменің шотына салғанда пайда болады. Ал қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақша арқылы бола алмайды. Осы уақытта тапсырыскерде несие мекеме шотынан қолма – қол ақшаны алу кезінде пайда болады. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технолргиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдагы активтерді басқару өнері — кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі — бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық калиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? деген қауіп туады. Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақьп қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал ке болуы — дамуға кедергі жасап, басы артық қорларме және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуп әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның банк шотынан аудару келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын кассасында шектеулі қолма – қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді. Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорының қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауьи әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділікі деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау: жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы бар табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті -мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңа зеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі-нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі йніңдегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жағылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмүнын анықтайды.
1.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Кәсіпорынның қаржысын басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оператиитік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Кәсіпорын қаржысын жалпы басқару кәсіпорындағы ақша қаражаты, ақша айналымы, алдағы жоспарды болжау, шағынды азайтып, қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Кәсіпорынның кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды салық қызметшісі орындайды. Салық қызметшісі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі. Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды. Салық заңнамасына сәйкес салық оргаңдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсіктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы араттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады. Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселіқ есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отаны қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байаланысты. ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқараста пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты — бухгалтерлік есепті №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептеген негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз болып табылады. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайларды қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақта ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларга экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектіңің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс — есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағығын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс — қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі, кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігіні меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді, 1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып хабылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік — бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы — яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімдшігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өнімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымда активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары. Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін. Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан баста бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысында жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларына пікірлері теориялық қөзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономика лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бухгалтерлік талдау деген оқулығында қелесідей анықтама берілген: «Баланс — бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға, тиісті мүлкі); пассивтер — бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай ие болады және де активтер сомасы әрқашан сомасына тең болуы тиіс. Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: «Актижер» — бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер — басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді. Капитал — пассивтердің арнайы түрі. Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады».
Әлемдік банк өңдеп шығарған «Қаржылық есеп, аудит,, есеп беру бойынша нұсқаулар» оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: «Баланстық есеп — бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымының тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, де меншікті ме». Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен элементтері келесідей анықталады: «Актив дегеніміз бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс. Пассив бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады. Капитал бұл пассивтерді активтерден тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты». Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс жән оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздці бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр «Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайың бағалаумен байланысқан негізгі элементтері — активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі» болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің элементтеріне келесідей сипаттама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |