Қазақстан Республикасы Білім жане Ғылым Министрлігі



бет8/9
Дата11.05.2022
өлшемі92,14 Kb.
#34061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арыстан курс

Қорытынды

Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін -жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкерлік шешімдердің қажетті шарттары болып табылады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі - бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлік белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы тұрақтылғы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелстік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:



  • қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;

  • өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;

  • бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);

  • кәсіпорын құнын барынша арттыру.

«ФудМастер» ЖШС-тің тәжірибеден өту барысында келесі қорытындылар жасалды. Кәсіпорын кез келген елдің ұлттық шаруашылық комплексінде орталық орында тұр. Бұл қоғамдық еңбек бөлінуінің алғашқы звеносы. Дәл осында ұлттық табыс қалыптасады. Нарықтық экономикаға бұрылу көптеген ұйымдастырушылық құқықтық кәсіпорындардың көбін бұған дайын еместігін көрсетті.

Басшылардың квалификациясы олардың міндеттеріне сәйкес. Директор мен директордың орынбасарының жоғарғы экономикалық білімі бар кассирдің орта арнайы білімі бар. Экономикалық қызмет жұмысы нақты деңгейде, бірақ бір кемшілігі бар: бұл бас бухгалтердің жұмысының көптігі және оның көмекшісі жоқ ол есепті өзі жазады,еңбек ақыны өзі есептейді, экономисттің функциясын өзі атқарады. Директордың функциясына сонымен қатар, көптеген міндеттер кіреді, олар өндірістік қызметті басқару, шикізатпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әсіресе көмірге қатысты мәселелерді шешеді.

Басқарушы персонал қызметті директормен бірлесе өндірістік көрсеткіштерді орындауға бақылау жасайды. Соныменқатар, директордың орынбасары қаржылық сұрақтарды, шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесін талдайды және қаржылық жоспрады орындайды да болашаққа өндірістік қаржылық көрсеткіштер болжамын құрады.

Осы курстық жұмыста кәсіпорында қаржынылық жағдайын талдау мен болжамдаудың мәні, талдау мен болжамдау әдістемелігі қарастырылған. Ол қаржылық болжамдаудың барлық негізгі кезеңдерін қамтып, кәсіпорында табыстың құрылымын, қалыптасуын және бағалауын, болжамдау әдісін көрсетеді.

Екінші тарауда, өздік жүйелі талдау жүргізілді, ол негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтап, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін талдау мен болжамдауын көрсетті.

Соңғы тарауында, көсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланған, жене жоспар бойынша алынбаған табыстың себептері қарастырылған. Осы табысты болжамдау бар проблемалар бойынша, тиісті шешу жолдары берілген және сонымен қатар табысты болжамдау үшін жетілдіру жолдары берілген.



Курстық жұмыстың алдынан қойылған мақсаттары мен міндеттері орындалған, өйткені осы жұмыстың теориялық негіздері қарастырылып, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауы, оны жетілдіру жолдары жүргізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет