Қазақстан Республикасы Білім жане Ғылым Министрлігі


«ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары



бет7/9
Дата11.05.2022
өлшемі92,14 Kb.
#34061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арыстан курс

2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары

«ФудМастер» ЖШС-нің жалпы шаруашылық қызметін, соның ішінде қаржылық, өндірістік және маркетингтік қызметтеріне тоқтала отырып, бірнеше ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын ұсынуға болады.

«ФудМастер» ЖШС-нің даму жолындағы негізгі мақсаты қызметінің жалпы табыстылық деңгейі мен тиімділігін арттыру. Бұл мақсаттарға жету үшін Компанияда келесідей даму бағыттары қарастырылуы қажет:

а) қазіргі кезде өндіріліп отырған өнім көлемін арттыру мақсатында өндірістік кешеннің максималды сауаттылығын іске қосу. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндіріс сауаттылығы толығымен жұмылдырылмаған, яғни кәсіпорын өнімді тапсырыс бойынша ғана шығарып, өз тұтынушыларын жоғалтып алуда;

б) сақтау мерзімін ұзартып, профильді қораптағы өнімдерді өндірудің жаңа әдісін ұйымдастыру;

в) шығындарды төмендету;

г) негізгі өндіріс пен коммерциялық және көтерме сауда департаментінің мүмкіндіктерін қосымша табыс табу мақсатында максималды пайдалану;

д) өндірілген өнім көлемін арттыру, сондай-ақ франчайзингтен қосымша пайда табу мақсатында «Жамбыл-нан » сауда белгісін жандандыру (ең алдымен сақтау мерзімі ұзақ қораптағы өнімдер үшін).

Кәсіпорын мүмкіндіктеріне келер болсақ, соңғы кездері ірі әмбебап дүкендер мен кішігірім азық-түлік дүкендерінің саны айтарлықтай көбейді. Осы негізде тұтыну көлемі ұлғая қойған жоқ, яғни сауда ұйымдары арасында бәсеке қатая түскенін көруге болады. Сондықтан да жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыру үшін келесідей іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет.


  1. Ең бастысы Компания клиенттерге бағытталуы керек. «ФудМастер» ЖШС-мен келісім-шартпен жұмыс істейтін әр бір дүкен, әр бір сауда кәсіпорындарының басқа нан зауыттарымен жұмыс істейтін әмбебап және кішігірім азық-түлік дүкендеріне қарағанда нарықтық артықшылықтарға ие болуы қажет. Осы тұрғыда кәсіпорын жүргізетін саясат клиенттермен дұрыс қарым-қатынаста ұстау болып табылады.

  2. Бағасы тиімді, ал сапасы ұзақ мерзімге жарамды әрі кең ассортиментті өнім өндіру арқылы. Бұл саясат арқылы кәсіпорынға деген тұтынушы қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ сату көлемі мен олардың географиясын кеңейту арқылы пайданы көбейту.

  3. Шығарылған өнім сапасын тұрақты түрде және қатал тексеріп отыру қажет. Шикізат сапасынан бастап, дайын өнім сапасына дейінгі кезекңдегі сапаны тұрақты бақылап отыру.

  4. Шығындарды төмендету арқылы өндіріс тиімділігін арттыру. Шығындарды төмендету жұмыстар тұрақты сипатта болып, өндіріс процесінің барлық бөлімшелерін қамтуы қажет және де мұнда үнемділікті де ұмытпауымыз қажет.

  5. Коммерциялық департаментінің (маркетинг білімімен қоса) коммерциялық департаментінің ұйымдық құрылымын өзгерту қажет. Бұл тұрғыда жылжыту логикасына көп көңіл бөлу қажет.

  6. Өз сауда белгісін жетілдіру және өз уақытылы қораптама. Тек осы әдістеме ғана «ФудМастер» ЖШС-і өздігінен жарнама бюджетін көтере алмауынан тиімді жарнама компаниясын жүргізуге мүмкіндік мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс арқылы франчайззингтен қосымша табыс алуға болады.

  7. Жоғары класты инфрақұрылым. Тиімді құрылымнан тасымалдау автокөліктері, жіктеу технологиясының бір сарындалағы мен ақпарат құрылымдарының қазіргі заманға сай компьютерленуі. Дұрыс, әрі тиімді құрылған инфрақұрылымсыз болашақта тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес.

  8. Нарық жағдайының өзгермелілеріне тұрақты бейімделу.

  9. коммерциялық департаментінің барлық тиімді мүмкіндіктерін толық пайдалануға және де негативті факторлар жеңіп шығуға әрдайым дайын болуы керек.

  10. Кез-келген шешімдердің кешенді тәсілмен шешілуі

Жоғарыда көрсетілген тезистер арқылы Компания табыстылығын арттыруға мүмкіндік бар.

Біз тоқталып өткеніміздей 2010 жылы кәсіпорын табыстылығы болмай, залалға ұшыраған. Осы негізде төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қарастырылуы қажет.

Негізгі мақсат биылғы жылы кәсіпорын табысын көтеру. Оған жетуге, біріншіден, өнімді өткізу көлемін арқылы, екіншіден шығындарды төмендету арқылы табысты көбейту. Осы негізде өнімді өткізуді қолда бар тауар ассортиментін, өндіріс қуаттылығын толықтай іске қосу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда айналмалы шығындар өседі, ал осының есебінен өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді, сәйкесінше өнім қабілеттілігі де өседі. Сүт және сүт өнімдері нарығындағы бәсекеқабілеттілілікті арттыру үшін келесідей параметрлерді қарастыруы-мыз қажет:


  • өнім сапасы мен тұтынушылық қасиеті. «ФудМастер» ЖШС-і бұл параметрлер бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие. Бүгінгі күні «ФудМастер» ЖШС-і Алматы облысы бойынша ең сапалы сүт және сүт өнімдерін шығарады. Алайда өнім әрдайым жоғарғы сапаға ие болуы үшін оны үнемі бақылап отыру қажет;

  • қолайлы бағалар. Компания шығындарды төмендетумен үнімі жұмыс істейтіндіктен баға-сапа қатынастарын ұстап тұрады. Бірақта сүт күнделікті қажетті тауар болғандықтан, ол тұрғындардың басты бөлігі орташа және төмен табысты болғандықтан, сүт өнімдерінің бағасын төмендету керек;

  • жеткізудің қолайлы уақыты. Дүкендерге сүтті жеткізудің қолайлы, әрі ең тиімді уақыты таңғы сағат 7 мен 10-ның арасы. Ал компания Есік қаласы және Алматы облысы бойынша нарықтың үлкен бөлігін қамтитындықтан 100-ден аса автокөліктер екі бөліммен жұмыс істейді. Сүт өнімдерін түнгі кезеңмен апару тиімсіз болғандықтан Компания көптеген клиенттерін жоғалтып алды. Осы келеңсіздіктерді жеңу үшін екі кезеңнің уақытын тиімді уақыт кезеңіне жақындату.

«ФудМастер» ЖШС-тің қаржылай қызметінің нәтижесін жақсарту үшін бірнеше жетілдіру шаралары ұсынылды:

  • Компания табыстылығы мен менеджмент қызметін арттыру үшін ең бастысы дұрыс құрылған менеджмент бөлімі болуы керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей «Жамбыл-нан» ЖШС-де менеджмент бөлімі толық қанды жұмыс істемейді. Ал, жалпы кәсіпорын табыстылығын, нарықтағы бәсекеқабілеттілігін арттыру менеджмент бөліміне келіп тірелетіндіктен, бөлім қызметінің тиімділігін арттыру басты мәселе болып табылады.

  • Кәсіпорын үшін аса өзекті мәселе тауардың бағасын төмендету оның сыртқы тартымдылығын (дизайн) жоғарылату, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтап алып, кәсіпорынның күшті жақтарына сүйене отырып, маркетингтік стратегия дайындау. Бұл стратегия кәсіпорынның әлсіз жақтарын жоюға бағытталады.

  • Алға қойған мақсатқа жету үшін фирмада нақты құрылған басқару жоспары болуы керек. Басқару жоспарынсыз кәсіпорын нарықта алға жылжи алмайды.

Әрбір өндіруші кәсіпорынның алдына қойған мақсаты өнімнің, атқарған қызметтің жемісін көру, яғни бір көзделген нәтижеге жету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет