Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Академик


Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіруде көптеген



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата07.01.2022
өлшемі225,02 Kb.
#16951
1   2   3   4   5   6   7   8
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіруде көптеген 

түйінді мәселелердің шешімін табу қажет. 

 

Өкінішке қарай, біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы 



лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы да. Мәселен, 

балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, 

еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және 

оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау 

сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға 

бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт. 

 

Балалардың жазғы демалысын өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін мынандай шаралар жүзеге 



асырылуы тиіс. Атап айтқанда, ең әуелі, балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі 

демалысын өткізу, денсаулығын түзеу, еңбекпен қамту мәселелерін үйлестіріп және қадағалап 

отыратын мемлекеттік органды анықтау; балалардың демалысын ұйымдастыруға әртүрлі діни 

конфессия өкілдерінің араласу жағдайлары да кезігіп жүргендіктен, қала сыртындағы лагерьлерді 

міндетті түрде лицензиялау мәселесін назарға алу; білікті кадрлар, оның ішінде психолог-

педагогтық, физкультуралық-спорттық, медициналық мамандарды дайындау тәжірибесін 

жаңғырту, лагерь жағдайында балалармен жұмыс істейтін аға және топ жетекшілері жүйесін 



қалпына келтіру, ішкі туризм бойынша балалардың тарихи орындарға экскурсиялық жорықтарын, 

саяхаттарын ұйымдастыру шараларын реттеу. Осы жайттарды басшылыққа ала отырып, 

оқушылардың емдеу-сауықтыру тұрғысындағы демалысы мен жасөспірімдерді жазғы еңбек 

тоқсанына тарту жүйесін дамыту  арқылы өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту. 

 

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыруды жетілдіру, жазғы кезеңде 



оқушыларды сауықтыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тұрғыларын дайындау, 

балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтылуын дайындау 

және ұйымдастыру бойынша барлық деңгейде комиссиялар құру, сондай-ақ балалар лагерьлерін 

пайдалануға қабылдау дайындығы, барлық қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс аймақтарын 

есепке алу, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялармен қамту, ата-

аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мемлекеттік қолдауға мұқтаж көп балалы, 

толық емес, аз қамтылған отбасының балаларын, өмірдің қиын жағдайында қалған “тәуекел” 

топтың балаларын, экологиялық жайсыз аудандарда тұратын балаларды, мүгедек балаларды 

және дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазғы кезеңде жергілікті бюджет қаражаты 

есебінен тегін жолдамамен қамтамасыз ету, еңбек заңдарына сәйкес жазғы каникул кезінде 

уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жасөспірімдерді жұмыспен қамту қажет; 

 

Сауықтыру лагерьлеріне аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылары балаларының 



қолжетімділігі проблемалық мәселе болып отыр – республика бойынша жазғы балалар 

лагерьлеріне жолдаманың қымбаттығы салдарынан, балалардың санаулы тобы ғана болмаса, 

көпшілігі лагерьлерде демалу мүмкіндігіне ие бола алмай отырғандығын басып айтуға болады. 

 

 Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары. 



 

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу 

мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру 

жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, 

баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады. 

 

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі 



уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын 

ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген 

жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды 

жіберу. Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар 

мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ 

комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер 

мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық 

жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен 

балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге 

жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру 

мектептерінің жанынан еңбек – сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт 

мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл 

лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай 



дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің 

жұмыстары туралы мағлұматтар береміз. Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды 

ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға 

тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, 

дәрігер және медбике. 

 

Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті 



басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар 

және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді. 

Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық 

жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық 

өмірлерін басқарады. Ұстаз – тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие 

жұмыстарын жақсы білуге тиісті. 

 

Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі 



кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен 

ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына 

байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт 

жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында 

бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. 

Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін 

жұмыстар: 

 

- сауыктыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, 



дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары. 

 

- лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау. 



 

- отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру. 

 

- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен 



керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың 

маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер 

өткізу. 

 

- лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу. 



 

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, 

облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) 

ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт 




мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт 

түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету. 

 

Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен 



кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының 

намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді 

оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, 

спортты насихаттау. 

 

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. 



Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері 

мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт 

мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген 

мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді. Спорт мектептері «Спорт 

мектептерінде оқу, жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже – регламент» бойынша 

жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен 

балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі

дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған. Қазақстан 

мемлекетінің Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айында № 06-2-2 

бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ережесі – регламенті бойынша оқу топтары мен 

оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген: 

 

Спорт мектебін, оның директоры басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен 



қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, оку, тәрбиелеу 

жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы 

басшылык етеді. Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі

әдіскер-нұ-сқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі 

жатады. Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу 

құжаттарына, жаттықтыру кестелерійе, күнтізбелік жарыс жоспарына, оның орындалуына, 

жаттықтыру сабактарының сапасына, бапкерлердің білім жоғарылату курстерін уақытында өтуіне 

жауап береді. Әдіскер-нұсқаушы оқу, тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, 

әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді. 

 

Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жатгықтыруларға, жоспарлау, есепке алу 



құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға катысып, 

спорттық дәрежелерінің тұрақты, жоғарғы өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктерге 

жетуіне жауап береді. 

 

Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттықтыру сабақтарына денсаулықтары мықты, 



дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды 

іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабактарында, жарыстарда, мектептің жатгықтыру 

секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт 

түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұхынып 

отырулары керек. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.  Интернет серверлері 



 

  

 



  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет