Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Академик
А.Бөкетов атындағы университеті
Баяндама
Тақырыбы:
''Балалар лагерін ұйымдастыру
жолдары''
Орындаған: Елтайқызы Г.
Группа:ПМНО-21.
Қабылдаған: Әукен Айнаш.
Қарағанды 2021ж.
1.Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.
Жыл бойы сабақ
барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей
демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы
физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалар0ы үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен
ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін,
көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы
артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап,
өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге
оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және
ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе
де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі
бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі