Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі



бет1/6
Дата15.04.2023
өлшемі38,46 Kb.
#82821
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Үндестік заңы»
Мамандығы: 6B01709 «Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған:Қаныбек Арайлым
Қадир Ақерке
Жүзбай Ақжарқын
Кеттебекова Гүлдана
Қарабек Раушан
Ғылыми жетекшісі: Жукенова Сұлушаш Какеновна

Көкшетау, 2023


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ_________________________________________________________4


I. Үндестік заңына жалпы сипаттама_________________________________7
1.1Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды зерттеу, сипаттау______7
1.2Буын үндестігі жайлы теориялық көзқарастарды өзара салыстыру_______________________________________________________9
ІІ Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды оқытуға қатысты пікірлерді талдау __________________________________________________________11
2.1 Осы тақырыпты оқытуда қолданылатын әдістерді атап көрсету_________________________________________________________11
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________________________________13
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________________________ 14

Кіріспе

Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:


1) басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, муғалім, кадір, анекдот т.б.);
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз, зкогары-төмен т.б.) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, баспасөз-де).
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1) Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.
2) -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.
3) -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4) -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5) Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
Дыбыс үндестігі
Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысын тіл алды дыбысын тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады
Дыбыс үндестігін «ықпал» деп атайды. Ықпалдың қазақ тілінде үш түрі бар.
1) Ілгерінді ықпал-қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз
2) Кейінді ықпал – қатар келаган екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.
3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір – біріне ілгерінді – кейінді ықпал етіп өзгеріске ұшырауы. Масалы:
Жазылуы Айтылуы 
Досжан Дошшан 
Есжан Ешшан 
Есен келді Есенгелді
Жиенқул Жиенғұл
1. Көп нүктенің орнына тұсындағы қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
1. Ауыл... маңы, бала... ойыншығы, көкек... дауысы -ның, -нің, -дың, -дің, -тың
2. Қырман ... бару, мектеп ... келу, қуыршақ... кигізу, кеме...міну -ға, -ге, -қа, -ке
3. Жұмыс... келу, үлкен... үйрену, жүн... тоқу, -нан, -нен, -дан, -ден
2. Түбірге әр буында дұрыс қою арқылы нақыл сөз шығар. 
1) Отан/ы/ сүю/ды/ -- от/та/бас/нан бас/ла/ды
2) Біл/қан/ді шық/ден сөз талап/ім/ға бол/ты/сын кез.
3) Бас бол/та/мақ оң/мақ/ бас/ай/ қиын.
4) Біл/ды/ді мың/ім жық/ек/ар 
Біл/ар/ті бір/ жық/ді/
3. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық нормасы бойынша жаз
Башшы, Сараарқа, Дошжан, теңізші,жасса, түңі, ашша, сөссіз, сөмбеді, жамбады, жамбыр, Бейсембай, тайақ, тұссыз, Сарөзек, сөшшең, қашша, үшүн, бұрұн, азық – түлүк, сегізғанат.

I. Үндестік заңына жалпы сипаттама


1.1Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды зерттеу, сипаттау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет