Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі


ІІ Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды оқытуға қатысты пікірлерді талдау



бет4/6
Дата15.04.2023
өлшемі38,46 Kb.
#82821
1   2   3   4   5   6
ІІ Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды оқытуға қатысты пікірлерді талдау
2.1 Осы тақырыпты оқытуда қолданылатын әдістерді атап көрсету


Ғалым Ә.Жүнісбеков осыған байланысты ең дұрыс шешім, қорытындыға келеді . Ол былай дейді: «Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түркі) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұл жердегі тембр сөзі француз тілінен аударғанда , «дыбыстың сапасы, бояуы» дегенді білдіреді. Сөз тембрі бұзып айтылса, сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындататынын айтады. [3, 144]
Жоғарыда ғалым Х. Досмұхамедұлы айтқандай , қазақта түбір сөз де, туынды сөз де үндестік заңына бағынған күйінде келеді. Түбірі жуан дауыстыдан басталса, жуан қосымша жалғанады да, түбір сөз жіңішкеден басталса, жіңішке дауысты қосымшадан жалғанады.
Мысалы, А) Жуан түрінде былай келеді: бақыт-ты-мыз, бар-ың-дар-шы, қайда-сың-дар, т.б.
Ә) Жіңішке түрінде былай келеді: әже-лер-і-міз, күн-діз-гі, неше-де-сің, т.б.
Осы тұрғыдан келгенде, І.Кеңесбаевтың зерттеулеріне назар аударсақ та, ғалым тіліміздегі байырғы сөздердің біркелкі жуан немесе біркелкі жіңішке келетінін өз еңбектерінде дәлелдей түседі.
Қосымшаның кейде түбір сөзге бағынбай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын кездері бар. Ондай қосымшаларды буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар деп атаймыз.
-бан: мейір-бан;
- дар: білім-дар;
-еке: Жұм-еке, ат(а)-еке,;
-кер, -гер: қалам-гер, айла-кер, қызмет-кер, саз-гер, жауын-гер;

-жан: көке-жан, Әлия-жан;

-қор: әзіл-қой, сән-қой;

-паз: әсем-паз, білім-паз, өнер-паз, т.б.

Бұдан бөлек , -кент, -қар, -кеш, -көй, -гөй, -күнем, -қор, -мар, -маш, -нікі, -дікі, -тікі, -пен, -бен, -мен, -стан, -тал, -уар, -хана,-ов, -ова, т.б.

Осы қосымшалар жайында академик С.Мырзабеков еңбегінде былай дейді: «Сөздің соңғы буынына бағынбай тұрған бұл қосымшалар көбінесе басқа тілдерден енген немесе әлі қосымша түріне айналып болмағандығын, бұларды тілдік элементтер деп атауға болатынын»,- айтады.

Сонымен қатар қосымшалар орыс тілінен енген кірме сөздердің соңғы буынына байланысты жуан не жіңішке болып жалғанады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет