Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25» қазандағы №545 бұйрығына


-тарау. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/7
Дата28.04.2023
өлшемі183,22 Kb.
#88027
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2-тарау. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


4. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
5. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
6. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:

  1. әлеуметтік қатынастардың дамуы;

  2. мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі;

  3. саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі;

  4. экономикалық қатынастардың дамуы.

7. «Әлеуметтік қатынастардың дамуы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

    1. әлеуметтік құрылымдар;

    2. әлеуметтік өзара әрекеттестік.

8. «Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. дін;

  2. өнер;

  3. философиялық жүйелер;

  4. ғылым.

9. «Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

    1. мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі;

    2. империялар, соғыстар, көтерілістер мен революциялар.

10. «Экономикалық қатынастардың дамуы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

    1. шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттестік;

    2. экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері.

11. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
12. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктер) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
13. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
1) «өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
2) «себеп және салдар» бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
3) «дәлел» бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды,
4) «ұқсастық пен айырмашылық» бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
5) «маңыздылық» бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
6) «интерпретация» бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет