145
Ұжымдық іс-әрекетте
әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз
байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл
қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне
көмектесу, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты
әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады.
Оқушылардың
ұжымдық қарым-қатынасы
– тұрақты көңіл-күйді,
бір-біріне сенім мен сыйластықты қалыптастырады. В.А.Сухомлинскийдің
қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімнің идеяларымен ұштасып
жатыр.
Ұжым
–
тәрбиеге
ықпал
етуші
құрал.
Ал,
тәртіп
ұжым
арқылы қалыптасады. Оқушыларды тәрбиелеу бүкіл оқу-тәрбие процесінде
жүреді. Тәрбие ұжымда яғни, еңбекте, қоғамдық жағдайда, ойында, дене
тәрбиесінде және т.б. оқушының іс-әрекетінің, қарым-қатынасының барысында
атқарылады, іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: