Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет28/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Мектептегі тәлім-
тәрбиелік 
жұмыстардың 
бағыттары
Мектептен 
тыс тәрбие 
жұмыстары
Ата-
аналармен 
жұмыс
Тәлім-тәрбие 
сағаттары
Қоғамдық 
қауымдастық 
жұмыстары
Сыныптан 
тыс тәрбие 
жұмысы
Оқыту 
процесіндегі 
тәрбие


39
Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, 
функционалдылық, интегративтілік 
Мектептің педагогикалық жүйесі – өсіп келе жатқан ұрпақтың қоғам 
өміріне қосылуы, қоғам мәдениетін меңгеріп жатқан олардың шығармашыл, 
белсенді тұлғалар ретінде дамуы, негізгі мақсат болып табылатын мақсатқа 
бағытталған, өз бетінше ұйымдасатын жүйе.
Тәрбие жүйесі – тәрбие компоненттері жағдайында әрекет ететін 
(субъектілер, мақсат, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері, қарым-қатынас) және 
ұжым өмірінің салты, оның психологиялық ахуал сияқты интегративті 
сипаттамаларына ие біртұтас әлеуметтік ағза (Н.И.Новикова). 
Тәрбиелік жүйенің даму кезеңдері оның өзегі болып табылатын ұжымның 
даму кезеңдерімен бірге пайда болады. Мәселен, жүйенің қалыптасу кезеңінде 
ұжымның қалыптасуы жүріп отырады. Жүйе қызметінің мазмұны мен 
құрылымын
реттеу процесінде ұжым көпшілік тәрбиесінің құралы болып 
қалыптасады, ал берілген режимде оның 
функционалдық
кезеңінде – тұлға 
тәрбиесінің субъектісі. Мектепте ұжымды құру – бұл тәрбие жүйесінің 
біртұтастығын көрсететін 
интегративтік
қасиеттің пайда болуы (13-сурет). 
 
Сурет-13. Тәрбиелік жүйенің қағидалары 
 
Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау 
өлшемдері 
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбиелік жүйелерінің мақсаты:
-
жеке тұлғаның бойында біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген 
көзқарас қалыптастыру;
-
тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға 
сәйкес мінез-құлық қалыптастыру. 
Жалпы мектептің тәрбиелік жүйесі өз дамуында төрт кезеңнен өтетінін 
тәжірибе көрсетеді.
Бірінші кезең –
жүйенің қалыптасуы. Осы кезеңнің маңызды құраушы 
сатысы ретінде прогностикалық (болжам) сатысы болуы керек. Дәл осында 
болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасының құрастырылуы 
жүзеге асырылады, оның құрылымы мен бөлшектері арасындағы байланыстары 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет