Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.
Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.
Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.
Сперматогенездің жетілу кезеңінде — диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.
|
1. Ер адамда жыныс безінің 1 жасушасынан мейоз нәтижесінде толыққанды 4 сперматозоид түзіледі. Үдеріс аналық ағзаға қарағанда және сан жағынан да едәуір көп. 1 мл спермада (қалыпты жағдайда) 20 миллионнан көп сперматозоид болатынын еске түсірейік. Сперма көлемі орташа 5 мл құрайтынын ескерсек, сперматозоидтердің саны шамамен 100 миллион болады. Бұл мөлшер әйелдердегі сияқты 28 күнде бір рет емес, аз уақытта түзіледі. Әйелдерде мейоз кезінде жыныстық жетілу сәтінен бастап бір ізашар-жасушадан ай сайын бір функционалдық жұмыртқа жасуша түзіледі. Қалған үш жасуша полярлы немесе бағыттаушы денешік деп аталады. Оларда цитоплазма аз болады, ұрықтануға қабілетті емес және тез арада жойылады. Олардың рөлі – диплоидты аналық жасушадан «артық» хромосома алу.
2.Сперматозоидтерде цитоплазма аз және арнайы қабықшасы болмайды.
Жұмыртқа жасушасында қоректік заттар мөлшері мол көп цитоплазма жинақталады. Олардың бір бөлігі бауыр жасушаларында түзіледі де, кейін жұмыртқа жасушасына түседі. Көптеген жұмыртқа жасушасында қабықшасы болады. Құстар жұмыртқасының әкті қабықшасы мен ақуыз қабықшасын, жорғалаушылар жұмыртқасының пергаментті қабықшасын еске түсіріңдер. Адамда да арнайы жасушалардың қабықшасы болады және сәулелі тәж деп аталады. Ол жұмыртқа жасушасына бір мезгілде екі сперматозоидтің енуіне кедергі жасайды.
3. Қозғалғыштық тек аталық жыныс жасушаларына тән. Бұл барлық сүтқоректілерге және адамға қатысты. Бірақ кейбір төменгі сатыдағы ағзаларда (қарапайымдар, балдырлар және т.б.) көбінесе сырттай аталық гаметалардан айырмашылығы жоқ қозғалғыш аналық гаметалар кездеседі.
4. Жыныс бездері жасушаларының көбеюі ер адамдарда өмір бойы әсіресе жыныстық жетілу кезінде қарқынды жүреді.Әйелдерде бұл үдеріс жатырішілік дамудың тек төртінші айына дейін жүреді. Кейін аналық без жасушаларының едәуір бөлігі жойылады. Қалған мөлшері туғаннан бастап жыныстық жетілу басталғанша өзгеріссіз сақталады. Жыныстық жетілу сәтінен бастап әрбір 28 күн сайын қалыптасу аймағына 1 жасуша түседі де, кейін ол жұмыртқа жасушаға айналады.
|
1. Сперматогенез кезінде алғашқы бір жасушадан 4 сперматозоид, ал овогенез кезінде алғашқы бір жасушадан бір жұмыртқа жасушасы және хромосомалық материалдың артық мөлшері кететін үш редукциялы денешіктер пайда болып, ал жұмыртқа жасушасында хромосома жиынтығы гаплондты болады.
2. Сперматогенез кезінде өсу зонасы қысқа, ал овогенез кезінде-ұзақ болады. (болашақ ұрыққа қоректік қор заттары жинақталады) Сперматогенез кезінде қалыптасу зонасы жақсы айқындалған,ал овогенезде айқындалмаған.
Сперматогенез бірінші айырмашылық ovogenesis - түрлі старт уақыт процесс болып табылады. Қыздар gametogenesis процесі ұл ұрықтың даму кезінде басталады - 12-14 жыл.
|