63
Педагогикалық талдауды мектеп әкімшілігі мен білім беру органдары
басшылары жүргізеді және ол педагогикалық ұжым мен жеке тәрбиешінің
іс-әрекетін зерттеуге бағытталады.
Өзіндік талдау педагогтың өзінің педагогикалық іс-әрекетінің әртүрлі
бағыттарын зерттеуге арналады және өз іс-әрекетіне өзінің баға беруі. Талдау
мен өзіндік талдаудың мақсаты – оқу-тәрбие процесін жетілдіру.
Педагогикалық өзіндік талдауға тәрбиеші іс-әрекетінің төмендегідей
негізгі түрлерін жатқызуға болады:
сабақтан тыс тәрбиелік жұмыс;
ата-анамен жұмыс;
педагогикалық ұжыммен, қауымдастықпен жұмыс;
педагогтың өз білімін өзі жетілдіруі.
Ғалым Л.Е.Плескачтың жіктеуі бойынша өзіндік талдауды мақсат, объект,
субъект, мағынасы, жиілігі бойынша топтастыруға болады.
Ғалым В.П.Беспалько өзіндік рефлексия, өзін-өзі талдау және өзін-өзі
бағалауды жеке тұлға дамуы көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылатын
кәсіби өзіндік санамен анықтайды. Автор кәсіби өзіндік сананың негізгі 4
компонентін бөліп көрсетеді:
а) «Белсенді Мен» – қазіргі кезеңдегі тұлғаның өзін қарастыруы;
ә) «Ретроспективті Мен» – тұлғаның өзінің жұмысын алғашқы кезеңіне
қатысты көре алуы мен бағалауы (өзінің кәсіби тәжірибесі мен жетістіктерін
бағалау критерийлерінің жүйесі);
б) «Мен идеалы» – тұлғаның кім болғысы келетіндігі (тұлғаның болашағы
мен кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі дамытуы);
в)
«Рефлексивті
Мен»
–
тұлғаның
көзқарасында
педагогтар,
тәрбиеленушілер мен ата-аналардың оның жұмысын қалай бағалайтындығын
қабылдауы.
Ғалым Н.В.Кузьминаның пікірінше, педагогтың өзін-өзі өзектендіруі
төмендегідей факторларды анықтайды:
өзінің жеке тұлғасы мен іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді
сапалы жетілдіру мақсатында зерттеу (гностикалық іс-әрекет);
педагогтың білім мазмұнына сәйкес өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыру
(ұйымдастырушылық іс-әрекет).
Педагогтың инновациялық іс-әрекет құрылымындағы рефлексияны
В.А.Сластенин,
Л.С.Подымова
қарастырады.
Олар
инновациялық
іс-әрекеттегі рефлексияның мазмұнын төмендегідей ашады: тікелей талдау –
педагогикалық жүйенің өзекті күйінен соңғы жоспарланған мақсатқа жүгінуі;
кері талдау – соңғы күйден өзектіге қарай мақсаткерлік; тікелей талдау мен кері
талдаудың көмегімен аралық мақсатқа қарай бағытталуы. Педагогикалық
рефлексия мен өзіндік рефлексияны педагогтың кәсіби шеберлігін арттыруда,
шығармашылығын қалыптастыруда пайдалану маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: