94
Н.Е.Щуркованың
тәрбие
жұмысын
жоспарлау
тұжырымдамасы
мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді.
Тәрбиелеу мақсаты – саламатты өмір құра алатын жеке тұлғаны
қалыптастырып тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтың тұлғамен біріккен
қарым-қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Н.Е.Щуркова тұлға іс-әрекетінің көптеген түрлері мен формасын ұсынады:
танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалы құндылықтар, көркемөнер, спорттық
сауықтыру, қарым-қатынас және т.б.
Тәрбие жұмысын жоспарлау тек қана жоспар құрумен шектелмеуі қажет.
Жоспарлау – оқушылармен жүргізілетін барлық жұмыстың өн бойында жүретін
шығармашылық процесс.
Достарыңызбен бөлісу: