101
Сурет-35. Жоспарлаудың қызметтері
Барлық жағдайда жоспарға әкімшілік үшін емес, сынып жетекшісі өзіне
қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты ретсіз жүргізбей, өз ойлары мен
мақсаты, мүмкіндіктері мен талаптарына сәйкес жүргізуі керек. Жоспар егер
талапқа сай жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге көмек болады.
Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері
Жоспардың мақсаттылығы жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің
нақты мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады. Жоспар
оқушының қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына
бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары
зерделенеді. Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған
білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі
оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Сынып
жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында тәрбиелік іс-
шаралардың түрі (формасы), әдіс-тәсілдері бағыттары қарастырылады.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың
жан-жақтылығы,
тәрбиенің
барлық
салаларының
қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жас және тәрбиелік
деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Достарыңызбен бөлісу: