Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-37. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет88/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-37. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
 
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеруі 
қажет: 

талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын; 

тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерін; 

тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің 
сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын; 

әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін; 

ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін; 

кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуатын; 

оқу жылының дәстүрлі мерекелерін; 

ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; 

ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды; 

мектептің дәстүрін; 

педагогтар, оқушылар, ата-аналардың ұсыныстарын. 
Бұл міндеттерді шешу оқушылар іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық ұжымның
ерекшеліктері
Өзін-өзі басқара
алуы
Уақыт шегінің
болмауы
Ұжымдық
жауапкершілігі
Кәсіптік қызметінің 
көп қырлылығы 


116
Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы 
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының 
қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, 
тілден, діннен безген, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз 
жағдайлардың кездесуі – ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің 
кемшіл тұстарының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған 
өзекті мәселелердің бірі – білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, 
парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, 
мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер жеке тұлғаның бейнесін 
қалыптастыру.
Бұл орайда ата-аналардың рөлі айрықша. Мектеп жанынан құрылған
ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің 
бастамасы болуда. Орта мектеп пен отбасының тәрбие берудегі біріккен
іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: 
біріншісіне – оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру 
арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері: 
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар 
етіп отыру; 
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға 
үйрету; 
- ата-аналарды топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға 
қатыстыру; 
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу; 
- ата-аналарды мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру; 
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу. 
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңесі:
1. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай, 
жай түсіндіру. 
2. Балалардың бойында саламатты өмір салтының дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған, саламатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. 
Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 
3. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, 
ем-шара қабылдау, түзету жаттығулары, таза ауада болып, қимыл-қозғалыс 
ойындарын ойнау. 
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен
жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып 
табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық процестің 
белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу оңай емес. Ол асқан шеберлік пен зор 
жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшісінің 
тәрбие жұмысының жоспарында төмендегілер қамтылуы қажет: 
- сынып оқушыларының отбасын зерттеу; 
- ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру; 


117
- ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру; 
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу; 

ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие процесінің нәтижелері 
барысымен жүйелі таныстыру. 
Сондай-ақ, ата-аналармен «Ал, енді танысайық!» атты сауалнама, тренинг, 
бірлескен істерді жоспарлау үшін «Ортақ істеріміз...» ата-аналар жиналысы, 
«Біз – шығармашыл жандармыз» атты ата-аналар мен оқушыларға арналған 
көрме және отбасындағы ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі туралы тақырыптық 
кеңестер өткізіледі. 
Осындай маңызды істерді жүзеге асыруда сынып жетекшісі тәрбие 
жұмысының мақсаты, міндеттері, мектептің ерекшелігі, ата-аналар құрамы, ата-
ана мен пән мұғалімдерінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп, 
есепке алады (10-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет