Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-70. Саламатты өмір салтын құрайтын компоненттер



Pdf көрінісі
бет164/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-70. Саламатты өмір салтын құрайтын компоненттер 
 
Әр тәрбиеленуші жеке тұлға ретінде дамып, өркендеп өсуі үшін, әрбір ата-
ана өз баласының денсаулығын қадағалап, күн тәртібін саралап, уақтылы 
тамақтанып, дұрыс демалуын ұйымдастыруы қажет. 
Адам адам болғалы жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, өтірік пен 
шындық жарыса өмір сүріп келеді. Адамның құндылығы – ең сирек кездесетін 
жаратылысы арқылы анықталады, яғни өлшемсіз өмір. Ал, өмір – кез келген 
рахаттың аса қымбат бағасы. Олай болса, өмірдің босқа өтпеуі үшін адамның 
сапалы, саламатты түрде өмір сүруі қажет. 
Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық
іс-әрекеттің бағыттары: білім беру процесінде балалар мен ересектердің 
бірлескен іс-әрекеті мен қатынасы арқылы қолайлы сыртқы орта 
жағдайын – микроәлеуметтік ортаны құру (ізгілікті қатынас, қолайлы 
психологиялық ахуал, белсенді шығармашылық жағдай); өзін-өзі тану, 
рефлексия, мақсаттылық арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен 
Саламатты
өмір салтын 
құрайтын
компоненттер
Дұрыс 
тамақтану
Жүйелі дене 
жаттығулары
Жеке бастың 
гигиенасы
Ағзаны 
шынықтыру
Ұнамды 
эмоциялар
Зиянды 
әдеттерден бас 
тарту 


215
өзін-өзі тәрбиелеуі үшін ішкі жағдайларын (мақсатын, қажеттіліктерін, 
қабілеттерін) қамтамасыз ету 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаевтың
«Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында: «Жеткілікті құралдар 
болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту 
жөніндегі біздің стратегиямыз – азаматтарымызды саламатты өмір салтына 
әзірлеуден басталады» – деп атап көрсеткендей, саламатты өмір салтын 
қалыптастыруды кеңінен насихаттау болып отыр.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ процесс, бірақ бұл нағыз 
денсаулықты 
сақтайтын 
және 
нығайтатын 
жолдардың 
бірі. 
Ол 
тәрбиеленушілердің өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде 
арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай, денсаулығың мықты болуы
үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.
Мұны Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиялық 
бағдарламасында: «...саламатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың 
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен 
санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін 
жастарды саламатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар 
жүргізілуі керек» деген жолдарынан байқауымызға болады. 
Саламатты өмір салты еңбекті, отбасын, тұрмысты, демалысты және 
қоғамдық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруды қарастырады. Саламатты өмір 
салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет.
Тәрбиеленушілердің саламатты өмір сүру дағдылары: 
1. Ар-ұятты сақтау. «Жаным – арымның садағасы» дегендей, ар, сезім, ұят, 
тәртіп сақтау ережесін санасына қалыптастыру. 
2. Өзін-өзі құрметтей білу. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан 
түңілсін» дегендей, өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі құрметтеу, өз өміріне, 
денсаулығына жаңаша көзқарас қалыптастыру. 
3. Өз құқығы мен тәртібін сақтау. Тәрбиеленуші өмірдегі өзінің орнын 
мектептегі, қоғамдағы өз құқығын қорғай білу, қоғамдық тәртіпті сақтай біліп, 
жақсылыққа, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелену, жауапкершілікке, шешім 
қабылдауға үйрену. 
4. Әлеуметтік жағдайын өзгертуіне көңіл бөліп, тұрмысын түзеу. Өмір 
сүруге ұмтылу, өмір сүру әдіс-тәсілін, санасы мен дағдысын қалыптастыру. 
5. Мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, жат қылықтар мен жағымсыз 
қасиеттерден бойын аулақ салу. 
6. Рухани ойлау дәрежесін өсіру, тәрбиеленуші өз бойына игі қасиеттерді 
қалыптастырып, әлемдік, ұлттық мәдениетке жалпыадамзаттық құндылықтар 
арқылы жетуге талпыну. 
7. Шығармашылық деңгейі өсіп, қабілетін арттыру үшін рухани қазына 
құндылығының деңгейін бағалау. 
Тәрбиеленушілердің саламатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар 
негізінде қалыптастыру жүйесі 71-суретте ашылды. 


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет