Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-69. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет163/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Сурет-69. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар 
 
Саламатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау – режимнің дұрыс 
сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбауы, жағымсыз 
жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болуы қоғамдағы келеңсіз 
жағдайлардың таралуының басты факторы. 
Олай болса, білім беру саласындағы мамандардың барлығының 
жұмыстары денсаулықты сақтау ұстанымына негізделіп, жүргізілгенде ғана 
нәтижелі болмақ: 

ағартушылық (тәрбиеленушілердің арасында никотин, ішімдік,
қара-сораның зияндығын айту); 

тәрбиелік (тәрбиеленушілерді саламатты өмірге жетелеу); 

денсаулықты сақтау (улы заттардан адамның ағзасын сақтау). 
Ауырып
жазылуы
Еңбектің, тұрмыстың 
жайсыз 
жағдайларының 
созылмалы әсері
Көңіл-күйдің жылдам 
ауытқуы, еңбек пен 
ретсіз демалыстың,
ауаның, судың бұзылуы 
Дұрыс
тамақтанбауы 
Никотин мен 
ішімдікке құмарлық
Дәрі-дәрмекті және 
тұрмыстық, химиялық 
заттарды орынсыз 
пайдалануы


212
Оқушының саламатты өмір сүру стилінің негізгі компоненттері: аса 
жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, 
жеке бастың гигиенасы, дағдылы тамақтану, травматизмнің болмауы, 
саламатты дағдылар, дене белсенділігі 
Саламатты өмір салты – жеке тұлғаның тіршілік жағдайын денсаулығына 
сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары 
гигиеналық мәдениеті. 
Ағзаның қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әртүрлі іс-әрекеттер мен 
демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс 
белсенділігі, дене шынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің 
денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай әсер 
етеді. Бұл жағдайда, тәрбиеленушілердің өзіне қажетті тіршілік ортасын 
қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан мұндай жағдайларды 
қалыптастыру негізінен, ата-аналар мен тәрбиешілерге байланысты. Яғни, 
тәрбиеленушінің болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік 
ортасына байланысты болады. 
Денсаулық – әрбір жеке тұлға бақытының негізгі компоненті. Бүгінгі таңда 
тамақтану мәдениеті дегеніміз – бірқалыпты тамақтану, тағамдардың әртүрлі 
болуы, қай кезде және қандай мөлшерде тамақтану қажеттігін білу. 
Тәрбиеленуші тағамнан өзіне бір тәулікке жұмсайтын энергиясының мөлшеріне 
сай қуат алуға тиіс. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ақуыз, көмірсу, 
май, дәрумендер, тұз және т.б. белгілі мөлшерде болуы қажеттігін ескеруіміз 
керек. Осыған орай, мектепте тамақтануды ұйымдастыру кезінде дұрыс 
тамақтану қағидасына бейімделу қажет. Ас үлесі тек жалпыға белгілі ақуыз, 
көмірсулармен үйлестіріліп қоймай, сонымен қатар дәрумен құрамдарымен
7-10 жастағыларға күндік ақуыз қажеттілігі – 80 г., 11-13 жастағыларға – 90 г., 
14-17 жастағыларға – 100 г., 7-10 жастағылар үшін күніне көмірсулар 
қажеттілігі – 300 г., 11-13 жастағыларға – 350 г., 14-17 жастағыларға – 400 г. 
болуы тиіс. Мектепте тәрбиеленушілерге таңғы ас міндетті түрде болуы керек. 
Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін, жеткілікті 
мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт 
ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет. Түскі ас біріншіден ыстық 
тағамнан, ет немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек.
Тәрбиеленушілер тағамын ұйымдастыруға ғылыми тұрғыдан қарап, 
әлеуметтік-саяси мән беру – бүкіл халықтық іс. Дұрыс тамақтану – деннің сау 
және әдемі болып өсуіне көмектеседі. 
Қазіргі таңда жасөспірімдердің 
физикалық белсенділігінің
де төмен болуы 
толғандыратын мәселелердің бірі. Тәрбиеленушінің дұрыс тамақтанбай, 
физикалық белсенділігінің төмен болуының бір себебі – отбасындағы 
әлеуметтік жағдайдың төмен болуы. Сондықтан осындай тәрбиеленушілерге 
тәрбиешілердің көмегі аса қажет. Олардың өмірге деген құлшынысын арттыра 
отырып, бойларына күш-жігер қалыптастыру – олардың міндеті. 
Тәрбие процесін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын 


213
жетілдірудің негізгі шарты – тәрбиеленушілерге даралап ықпал ету тәсілі болып 
саналады. Оқудан бос уақытында тәрбиеленуші ортақ істің ұйымдастырушысы, 
белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол 
алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, 
ақпарат алады, яғни тәрбиеленушінің дамуы, ержетуі және әлеуметтік 
бағытталуы іске асады. 
Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру,
мәдени құнды 
мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы 
түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді 
шешуге көмектеседі. Тәрбиеленушінің демалуы, сауығуы мен бос уақытын 
өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік 
тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту 
мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған.
Сондай-ақ, тәрбиеленушінің бос уақытын тиімді өткізу үшін, дебаттық, 
спорттық, өнертапқыштық клубтар және әртүрлі конкурс ұйымдастырған жөн.
Ең бастысы, жеке тұлға өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына 
келтіре алады деген қағидаға сену керек. Тәрбиеленуші өзі жеке тұлға ретінде 
өзінің денсаулығы үшін, жауап бере алуы керек. Бұл тұста ата-ананың және 
тәрбиешінің қолдауы болуы шарт.
Тәрбиеленушінің өзін-өзі жетілдіруі: тәрбиеленуші өзінің дұрыс отырған, 
отырмағанын біліп, отырысын алмастырып отыруы. Оны бір рет үйренген ол 
өзінің отырысын ұдайы қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін 
сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет 
атқарады, Көптеген аурулар оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды.
Сыныптан тыс уақыттағы сауықтыру іс-шаралары:

Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасау. 

Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі-құралдардың 
болуы.
Оны жасауға ата-аналар да қатысуы керек. 

Валеологиялық паспорт иемдену. 
Онда тәрбиеленушінің:
-
ауырып қалған күндері; 
-
денсаулық тобы мен дене шынықтыру тобы туралы мәліметтері; 
-
дене сымбаты мен көру қабілетінің көрсеткіштері; 
-
спорт түрлерімен айналысуы, ондағы жетістіктері мен жеңістері туралы 
мәліметтері міндетті түрде болуы тиіс. 

Әр тәрбиеленушінің денсаулық күнделігін жүргізуі. 
Онда денсаулық 
тақырыбындағы ақпарат, кеңес, өзіндік сауығу жоспары болуы керек. 

Түрлі 
мейрамдар, 
спорт 
ойындары, 
эстафета, 
байқаулар, 
викториналар, сынып сағаты, әңгімелер ұйымдастыру және белсенді қатысу. 
Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегі жетістіктерге қол 
жеткізуге болады: 

тәрбиеленушілердің оқу бағдарламасын игерудің деңгейі артады; 

тәрбиеленушілердің көру қабілеті мен дене сымбаты сақталады; 

тәрбиеленушілердің жұмысқа деген қабілеті артып, мінездері 
жақсарады; 

тәрбиеленушілерде денсаулықты ең басты құндылық ретінде 


214
қарастыратын көзқарас қалыптасады; 

тәрбиеленушінің санасында өмірсүйгіштік, өзгені сыйлау сияқты жақсы 
қасиеттер оянады; 

ең бастысы, тәрбиеленуші адам денсаулығының қандай болмағы – оның 
өз қолында екендігін түсінеді.
Сонымен, саламатты өмір салтын төмендегідей негізгі компоненттер 
құрайды (70-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет